4.3.31. Биіктігі бойынша құдықты ұзарту

Жұмыстың мазмұны: Подеъзде жұмыс жасау орнына ескерту белгілерін орналастыру. Сигналдық лентамен жұмыс өткiзу орнын қоршалау. Бригада мүшелерінің арасындағы мiндеттi бөлiп беру. Құдықтың қақпағын қардан, мұздан қоқыстан және бөтен заттардан тазалау. Құдықты газдылыққа тексеру және желдету. Беттік қабатты бұзу және құрылыс қоқысын алу. Құдық қалауынан есікті алу. Құдық аузы айналасындағы топырақты қазу. Құдық аузын бұзу, құдық бекіткішін алу және құрылыс қоқысын алу. Цемент ерітіндісін дайындау. Кірпіш қалауын қажет биіктікке дейін толтыру. Жаңа кірпіш қалауын тегістеу. Құдық аузын және бекіткішін орнату.Құдық аузындағы цемент ерітіндісіне есікті орнату, оны қақпақпен жабу. Құдық есігінің айналасындағы беттік қабатты қалпына келтіру. Беттік қабат кепкеннен кейін ескерту белгілерін алып тастау. Сигналдық лентаны орау.

Кесте 4.98 – 0,5 метрге ұзартуға кететін материалдар шығыны нормасы

Материалдар атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Құм

кг

540,0

Кесек

дана

70

Цемент

кг

190,0

Тас қиыршық

кг

40,0

Битум

кг

15,0

Гидроизол

кг

7,50

4.3.32. Құдықты қайта қалау

Жұмыстың мазмұны: Подеъзде жұмыс жасау орнына ескерту белгілерін орналастыру. Сигналдық лентамен жұмыс өткiзу орнын қоршалау. Бригада мүшелерінің арасындағы мiндеттi бөлiп беру. Құдықтың қақпағын қардан, мұздан қоқыстан және бөтен заттардан тазалау. Құдықты газдылыққа тексеру және желдету. Құдыққа түсу кезіндегі қауіпсіздік шараларын орындау. Құдыққа түсу. Қалған ескі қалауын түсіру. Құдықты ластанудан және құрылыстық қоқыстан тазарту. Цемент ерітіндісін дайындау және құдықты қайта қалау. Құдықтан шығу. Құдық қақпағын жабу. Ескерту белгілерін алып тастау. Сигналдық лентаны орау.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Кесте 4.99 - 2 құдыққа кететін материалдар шығыны нормасы

Материалдар атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Құм

кг

45,0

Цемент

кг

15,0

4.3.33. Құдық тоғынын және сатысын ауыстыру

Жұмыстың мазмұны: Подеъзде жұмыс жасау орнына ескерту белгілерін орналастыру. Сигналдық лентамен жұмыс өткiзу орнын қоршалау. Бригада мүшелерінің арасындағы мiндеттi бөлiп беру. Құдықтың қақпағын қардан, мұздан қоқыстан және бөтен заттардан тазалау. Құдықты газдылыққа тексеру және желдету. Құдыққа түсу кезіндегі қауіпсіздік шараларын орындау. Құдыққа түсу. Сынған сатыны жоғары шығару немесе ескірген тоғынды алып тастау. Құдыққа жаңа саты мен тоғынды түсіру. Жаңа саты мен тоғынды орнату үшін саңлау орнын белгілеу. Жаңа саты мен тоғынды орнату үшін саңлауды бұрғылау. Цемент ерітіндісін дайындау және құдыққа түсу. Бұрғыланған саңылауға кронштейн саты немесе тоғынды қою және цементтеу. Құдықтан шығу. Уақытша сатыны жоғарыға алу. Құдық қақпағын жабу. Ескерту белгілерін алып тастау. Сигналдық лентаны орау.

Кесте 4.100 - Материалдар шығыны нормасы

Материалдар атауы

Өлшем бірлігі

Материалдар шығыны нормасы

тоғынға

сатыға

Тоғын

дана

1

-

Құм

кг

6,0

6,0

Цемент

кг

2,0

2,0

Саты

дана

-

1

Кронштейн

дана

-

2

Жер беті газ құбыры аймағын ауыстыру

4.3.34. Ғимарат қабырғасы бойымен салынған газ құбыры аймағын ауыстыру

Жұмыстың мазмұны: Тұтынушыларға газ беру тоқтатылуы туралы хабарлау. Бекіткішті жабу. Газды 40-100 мм су. ст. дейін жасау. Газ құбырының ауыстыру аймағын белгілеу. Аймақты пісіру арқылы кесу. Кронштейннен ауыстыру аймағын алу. Газ құбыры шеттерін дәнекерлеуге дайындау. Жаңа құбырдан аймақ өлшемін дайындау. Кронштейн күйін тексеру, қажет жағдайда жөндеу. Жаңа құбыр аймағын кронштейнге орнату, газ құбырының екі жағынан дәнекерлеу. Тоғысу сапасын беріктік әдіспен тексеру. Газ құбырын беріктігін тексеру. және жаңа аймақты топырақтау, бояу. Газдың жiберуi туралы тұтынушыларға хабарлау. Бекіткішті ашу.

Кесте 4.101 - Материалдар шығыны нормасы

Материалдар атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Бір тоғысуға кететін

Электродтар

кг

0,32

Оттегі

м3

1,39

Пропан

л

10,0

Тегістегіш шеңбер

дана

0,10

Сабын эмулсиясы

л

0,04

Бір метрге кететін

Құбыр

м

1,0

Отводы

дана

қажетінше

Топырақ

л

0,04

Бояу

кг

0,12

Еріткіш

л

0,10

Темір қырғыш

кг

0,20

Ескерту – уақыт нормасында газ беруді тоқтату шығыны қаралмаған. Газ беруді тоқтату бойынша уақыт нормасын 4.2.23. (п.4.2.24) пунктен қарау.

4.3.35. Тірекке орнатылған газ құбыры аймағын ауыстыру

Жұмыстың мазмұны: Тұтынушыларға газ беру тоқтатылуы туралы хабарлау. Тұтынушыларға газ беруді тоқтату. Газ құбырын үрлеу үшін газ құбырына штуцерді жалғау, «тарақшаны» жөндеу. Компрессор көмегімен газ құбырын инертті газбен немесе ауамен үрлеу. Ауалық ортада газ мөлшерін газ индикаторымен тексеру. Газ құбырының кесу аймағын белгілеу. Аймақты пісіру арқылы кесу. Тіректен ауыстырылатын аймақты алу. Газ құбыры шеттерін дәнекерлеуге дайындау. Жаңа құбырдан қажет аймақты белгілеу және кесу. Газ құбырының тірек күйін қарап тексеру. Жаңа құбыр аймағын көтеру, тірекке орнату және газ құбырының екі жағынан дәнекерлеу. Тоғысу сапасын беріктік әдіспен тексеру. Газ құбырын үрлеу. Газ құбырындағы қысымның төмендеуін анықтау. «Тарақшаны» жинау, штуцерді кесу, саңлауды балқытып бекіту. Көршілес және жаңа аймақты бояу. Тұтынушыларға газ жіберілгендігі туралы хабарлау. Газ құбырының ажыратылған аймағындағы алдын ала бекіткішті, соңыра газ құбырының тұтынушыға енгізілген кранын ашып, тұтынушыға газ беруді қалпына келтіру. Жұмыс өңдіру орнын жинау.

Кесте 4.102 - Материалдар шығыны нормасы

Материалдар атауы

Өлшем бірлігі

Шығын нормасы

Бір тоғысуға кететін

Электродтар

кг

0,32

Оттегі

м3

1,39

Пропан

л

10,0

Круг шлифовально-обдирочный

дана

0,10

Сабын эмулсиясы

л

0,04

Бір метрге кететін

Құбыр

м

1,0

Отводы

дана

қажетінше

Топырақ

л

0,04

Бояу

кг

0,23

Еріткіш

л

0,10

Темір қырғыш

кг

0,20

4.3.36. Газ енгізу қорабын ауыстыру

Жұмыстың мазмұны: Газдың ажыратуы туралы тұтынушыларды хабарландыру. Тұтынушыға енгiзуiндегi кранды жабу. 0, 001 МПа дейiн газ шығару. Ғимарат iшiнде кранды жабу. Қораппен қабырғаның арасындағы кеңістікті цемент ерітіндісінен босату. Қораптың толтырмасын алып тастау. Газды енгiзудi бөлiмшенi дайындау. Газ құбырының дайын тұрған бөлiмшесiн бояу. Дәнекерлеуге газды енгiзудiң шеттерi тазалау. Газ енгізу және ғимарат ішінде ажырату құрылғысы аралығында газ құбырының аймағын кесу. Газ құбырының кесілген аумағын алып тастау. Қорапты қабырға сыртына алып тастау. Жаңа қорап дайындау және бояу. Қорапты ескі қорап орнына орнату. Газ енгізу аймағын дайындау. Дайындалған газ құбыры аймағын бояу. Газ енгізу шеттерін балқытып біріктіру үшін тазарту. Дайындалған газ құбырының аймағын қорап арқылы ажырату құрылғысы аралығында орнату және жазу. Қорапты толтырып қалпына келтіру. Қорап шеттерін жасау. Балқытып біріктірілген түйісін тығыз бекiтiлгенiн тексеру. Газ құбырының боялмаған аймағын бояу. Тұтынушыларға газ жіберілгені туралы хабарлау. Енгізудегі және ғимарат ішіндегі шүмекті ашу.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120