14. Тұтынушы тауарларының қауіпсіздігі жөніндегі комиссия
Адам өміріне қауіп төндіретін тауарлардың таратылмауын қадағалайды. Мұндай тауарлар сауда айналымына түссе, барлық ақпарат құралдары арқылы оның қауіптілігін жұртшылыққа жария етеді. Тұтынушылар тарапынан ‑ сатып алған заттары берілген жарнамаға сай еместігі туралы мәлімет алса, соны тексеріп Әділет министрлігі арқылы шара қолдануын талап етуге өкілеттігі бар.
Міне, АҚШ-тағы жарнаманы реттейтін осы органдар жалған жарнамалардың жолына тосқауыл қойып, тамырына балта шабады. Ал, біздегі жарнамалар, тек шындықты насихаттайтындығын кімдер дәлелдемек, кімдер бақылау жүргізбек. Көбіне-көп телерадио арналары жарнаманы өздері әзірлеп, көрермендер назарына ұсынады. Және жарнама берушіге ерекше жеңілдіктер жасалынады. Өйткені кез-келген БАҚ қожайындары қоятын талап – жарнаманы ұлғайтып, шығынды азайту. Мұндай ақша табу жарысында ақиқат болмасы анық. “Алтын көрсе – періште де жолынан таяды” демекші БАҚ-ы өздері тарататын жарнамаға кепілдік бермейтіндіктерін міндетті түрде ескертіп отырады. Оған көрермен де үйренген. телеарнада жарнама басталса, көрермен басқа арнаға ауысады. Сондықтан да бай мекемелер ауа-райы, спорт бағдарламаларына демеуші болып жатады. Кейінгі жылы арақ-шарап пен темекі өнімдеріне жарнама беруге тоқтам салынғаннан бері, жарнама берушілерге талас тіптен көбейді. Жарнама құны да күрт құлап, кейбір арналар үшін ол тиімсіз болып қалды. Бірақ қоғам дамыған сайын бизнес те қалыспауға тырысуда. Мұндай бәсекелестікке жарнамасыз алға басу жоқ. Жарнама көбейген сайын ол елдегі тұрмыстық деңгейдің өскенін хабар береді. Әрі, ел тұрғындарының жағдайы жақсарғанын байқатпақ.
Республикамызда бұқаралық ақпарат құралдарының қатары ұлғайған сайын, сірә жарнама бағасы да әркелкі болмақ. Бірте-бірте ол бірқатар ақпарат құралдарының жабылуына себеп те болатын шығар.
Жарнама – бүгінде жер бетінде тиімді құралға айналды. Елдің саяси бейнесі, идеясы мен ұстанымы да жарнама арқылы бейнеленуде. Демек, озық елдердегідей бізде де жарнаманы бақылап, қадағалайтын органдар қажет.
Тәуелсіз кино-бейнестудияларын құру және оның қызметін үйлестіру
1983 жылы КССР Министрлер Кеңесінің “Кеңестік кинематографияның шығармашылық, ұйымдық және экономикалық қызметін қайта құру туралы” № 000 Қаулысы негізінде үлкен Одақта жүздеген студиялар өмірге келді. Біздегі бір “Қазақфильмнің” 20 студияға бөлінген тұсы сол жылдары болған. Мықты режиссерлер, фильм директорлары, билігі барлар бір-бір студияны меншіктеді. Тәуелсіз телерадиоарналар да сол кезде ашыла бастады. Киномен салыстырып қарасақ, телерадиоарналардың ғұмыры баянды жалғасты. Ал, кино-бейнестудиялар шашырап, жабылып жатты. Ақырында “Қазақфильмге” қайтадан қосылуға мәжбүр болды. Мұндағы мәселе, киностудиялардың өнімі бәсекелестікке шыдас бере алмағандығында.
Телеарналар арзан бағалы бейнеаппаратураларды пайдаланып, жарнамадан пайда тауып, демеушілердің қаржылай қолдауы арқасында біртіндеп, қаз-қаз тұрып кетті. Ал “Қазақфильмнен” шыққан студиялар киноаппаратуралардың және кинотеатрлардың қымбаттылығына төтеп бермеді. Олардың өнімдеріне де сұраныс болмады. Еуропадағы бірқатар жүлделерді елімізде жасалған кейбір кинофильмдер иеленгенмен, олардың Қазақстан үшін экономикалық шығыны ойсырай көрініп, пайда әкелмеді. Ал идеологиялық тұрғыда бұл фильмдерден өз қотырымызды өзгеге қасытумен бірдей жағдайда қалдық. Міне, осындай жылауық фильмдер қайғы-мұңға толы, трашкомедияны, ажарсыз өмір-өткеліндегі сәттерді бейнелеп, тіршілік салмағы еңселерін жаншып жіберген кейіпкерлердің образын сомдаумен аяқталып бітетін.
Ақырында ондай фильмдер тек тақырыптық фестивальге арналып, ғұмырына сол фестивальдегі арзан марапаттаумен нүкте қойылып жатты.
Асылы кино мен деректі фильмнің әлеуметтік, қоғамдық парызы өз халқының арман-мүддесіне, ой-сезімін тереңдетуге, мәдениетін көтеруге қызмет етуі – міндет. Бұл таласқа түспес тақырып.
Міне, 90-шы жылдардың басында құрылған қазақстандық тәуелсіз киностудиялар ғұмырының қысқа болуы - ұлттық мәдениетті өгейсітіп, жалпы адам баласын өзінің дәстүрі алдында бейшара жағдайда көрсету қателігінен туындады. Ары кетсе мың адам көрген ондай фильмдер ұлттық өнерге, мәдениетке қажетсіз болып қалды. Сол себептен де жаңарған заман талабына сай келетін фильмдер түсіргенде ғана сүбелі жетістіктерге үміт артуға негіз бар. Егер қазақстандықтардың “Голливуд” туындыларын, “Discovery” мен “Animal Planet” бағдарламаларын сүйіп тамашалайтындығын біле тұра, көркем фильмдеріміз кешегісімен кері тартқан дүниелерге көңіл аудара берсе кинематографиямыз кенжелеп қала бермек. Бұл тұрғыда енді-енді құрылып, біртіндеп қанат жая бастаған кинобейнестудияларға мемлекеттік қамқорлық - қаржылай көмекпен қатар, телеарналардан көрсетілу жағын қамтамасыз етуге ресми түрде тікелей қолғабыс жасалынуы қажет деп есептеймін.
Сонымен қызметін енді ғана бастамақ продюсер, кинобейнестудиясын қалай құруы керек? Алдымен еліміздегі орта және шағын кәсіпкерлікті тіркейтін заңға сүйене отырып, жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашқан жөн. Оның атауын өз қалауыңызша қоясыз. Бұрындары мұндай студиялар: қоғамдық бірлестік, мәдениетке қолдау көрсету, қайырымдылық қоры айдарымен тіркелетін. Ондағы мақсат қосымша құн салығынан құтылу мәселесі болатын. Қазіргі Жеке шаруашылық серіктестіктер 10 миллион теңгеге дейінгі айналым қызметіне ҚҚ салық төлемейді. Дегенмен де кинобейнестудияларды да республикамыздағы бұқаралық ақпарат құралдарына жаппай қолданылатын қосымша құн салығынан толықтай босату мәселесін күн тәртібіне қоятын кез келді.
Сонымен кинобейнестудиялар жарғысы жазылғанда жеке шаруашылық серіктестіктерде қолданылатын өндірістік-шаруашылық қызметіне оның кәсіби мақсаттағы қызмет түрлерін енгізуі керек.
- кинобейне өнімдерін шығару, дайындау;
- кинобейне мұрағатын құру;
- еліміздегі және шетелдік әріптестермен бірлесе отырып фильмдер жасау;
- заңда көрсетілгендей шығармашылық қызметтің басқа түрлерімен де шұғылдану;
- студия дайындаған кинобейнефильмдерді елімізде және шет елдерде көрсетіп, көбейтіп, тарату;
- аудио,- бейне,- кино және басқа өнімдерді сату, көбейту, көрсету құқықтары;
- жарнама саласында қызмет көрсету;
Қосымша басқа да қызмет түрлерімен айналысқыңыз келсе, оны да айшықтап атап өткен артықтық ептейді.
Жалпы, кинобейнестудиялар үшін басты мәселе түсіру мен монтажға қажетті аппаратуралардың болуы. Оған 30 мың доллардан 100 мың долларға дейін қаражат керек. Әрине, бұдан арзан қаржыға да тәп-тәуір аппаратура алып, көрікті фильм жасауға болады. Бірақ республикалық телеарналар дайындаған фильмдердің идеясы мен көркемдік талғамы талапқа сай келіп жатса да, туындыны түсірген камера мен монтаж қондырғысының сапасы эфир стандартына сай келмейтіндігін көлденең тартып, дайын дүниелеріңді қабылдамай қоюы әбден мүмкін. Өйткені әр телеарна рейтінгісі экрандағы суреттің сапалылығымен бағаланатындығын ұмытпағанымыз жөн.
Сөз соңында айтпағымыз, тәуелсіз кинобейнестудиялар үшін қаптаған қызметкерлер де қажет емес. Оның төмендегідей құрамын мысалға келтірейік:
1. Құрылтайшы, ол демеуші де болуы ықтимал
2. Бас директор немесе продюсер
3. Режиссер немесе көркемдік жетекші,
4. Бас бухгалтер, есеп-қисапты бір өзі атқарады
5. Сценарист немесе редактор
6. Камерагер
7. Монтаждаушы
8. Дыбыс режиссері
Міне, осы топ студияның күнделікті қызметінің тоқтаусыз жүруіне - мұрындық, кепіл. Егер де қомақты қаржы тауып, үлкен дүние жасауға мүмкіндік алсаңыз, онда шығармашыл мамандарды уақытша қызметке шақыруға әбден болады.
Кинобейнестудияны ашқан кезде ең мықтап ойланып алар жәйт – дайындаған өнімдеріңді қандай телеарналардың қабылдайтындығы. Мүмкіндік болса, ол телеарналармен шартқа отырсаңыз, тапсырыс беруші не демеушімен тезірек түсінісіп кедергісіз тіл табысуға зор мүмкіндік туады.
“Діл” телекомпаниясының тұжырымдамасы немесе телеарналардың жұмыс барысына, құрылымына шолу
“ДІЛ” телекомпаниясының мақсаты – қазақтың ұлттық интелектуалдық құндылықтарын баршаға насихаттау, ұлттық идеологияның негізін қалыптастыру. Мемлекет саясатының негізі болып табылатын саяси, экономикалық, әлеуметтік, нарықтық, демократиялық реформалардың бағыт-бағдарын көрерменге түсіндіру.
Компанияның басқару құрылымы
Компанияға негізінен Басқару Кеңесі басшылық жасайды. Басқару Кеңесіне Басқарма төрағасы басшылық етеді. Кеңес құрамын Төраға белгілейді. Олар телеарна құрылтайшылары да болуы мүмкін. Ал телеарна жұмысын атқаратындар белгіленген уақытқа шарт арқылы қызметке тағайындалады. Оған төмендегі қызметкерлер жатады.
- Бас директор
- Бас директордың орынбасарлары (іс жүргізу жөніндегі, шығармашылық ұйымдастыру жөніндегі)
- Ақпараттар бөлімінің Бас редакторы
- Бас продюсер
- Бас режиссер
- Техникамен жабдықтау, маман, жарнама, шаруашылық бөлімдерінің басшылары
Бас директор Басқарма Төрағасымен ақылдаса отырып, соның келісімімен әрбір қызметкердің қызмет аясын, міндеттері мен құқықтарын белгілейді, орындалуын талап етеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау немесе шығару туралы шешім қабылдайды, қаржылық, шығармашылық ұйымдастыру жұмыстарын қадағалайды, шешімдер мен бұйрықтар шығарады. Бас директордан орынбасарлары, бөлім жетекшілері Бас директормен келісе отырып, өз қызметі құзырында шешімдер мен бұйрықтар шығаруға құқылы.
Қаржымен қамтамасыз ету құрылымы
- жарнама және бухгалтерлік есеп бөлімі,
- жарнама бөлімі.
Телекомпания жұмысын үйлестіру
- техникамен жабдықтау бөлімі,
- шаруашылық бөлімі.
Телекомпанияның шығармашылық ұжымын жасақтау
- ақпараттар бөлімі,
- продюсерлік орталық,
- аудиторияны зерттеу орталығы,
- мамандар бөлімі.
АҚПАРАТТАР Б¤ЛІМІ – күнделікті елімізде және әлемде болып жатқан жаңалықтар мен оқиғаларды көрерменге жеткізу, Келелі оқиғаларға сараптама жасап, талдау жұмыстарын атқарады. Ішкі құрылымы төмендегідей болуы мүмкін:
- “¦йқыашар” – таңертеңгілік ақпараттық, сауық-сазды бағдарламасы.
- Жаңалықтар редакциясы таңертеңгілік, түскілік, кешкі және сол күннің қорытынды жаңалықтары болып бөлінеді.
- “Апта айшықтары” – бір аптада болған оқиғаларға шолу, сараптау бағдарламасы.
- “Спорт” жаңалықтары
ПРОДЮСЕРЛІК ОРТАЛЫҚ эфирді ақпараттық емес бағдарламалармен қамтамасыз ету жұмысымен айналысады. Ақпараттық емес бағдарламалар редакцияларына басшылық жасайды. Кез-келген журналистің жаңа жобасымен танысып, үздік жобаларды Бас директормен келісе отырып Басқарма Кеңесіне ұсынады. Орталыққа қарасты редакциялар мен олардың бағдарламалары шамамен төмендегідей болуы мүмкін:
1. “Жәдігер” – ұлттық танымдық бағдарламалар редакциясы.
- “¦лылардан қалған із” – қазақ даласында өмір сүрген ¦лы ойшылдардың, хандар мен билердің, батырлар мен шешендердің өмірі мен мұралары туралы.
- “Асыл мұра” – салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық нақыштар мен қазақ өнерінің озық үлгілерін насихаттау жөнінде.
- “Саяхат” – Қазақстандағы тарихи ескерткіштер мен ғимараттарды таныстыру, сол жәдігерлердің тарихына саяхат жасау.
- “Перне” – ежелгі қазақ музыкасының мол мұрасын, күй, терме, жыр-дастандар, аңыздар, толғаулар тарихына үңілу. Қазақ елінің ¦лы музыканттарының өмірінен сыр тарту т. б.
2. “Зерде” – ғылыми–көпшілік, оқу-ағарту бағдарламалар редакциясы.
- “Тапқырлар клубы” – ғылыми жаңалықтарға арналған бағдарлама.
- “Қазақ тілін үйренеміз” – мемлекеттік тілді үйрену‑үйрету сабағы т. б.
3. “Жігер” – жастар мен балаларға арналған бағдарламалары редакциясы.
- “Интеллект” – жас тұлғалар, танымал жастар сөз алады. Әртүрлі саладағы болып жатқан оқиғалар, реформалар туралы сарапшыл ойларын білдіреді.
- “20 минут” – ток шоу. Жастар саясатына, жастар мәселесіне байланысты жарыссөз. Барлық тақырып қамтылуы мүмкін.
- Музыкалық-сауықтық бағдарламалар. Жас әншілер, шоу бизнес өкілдері қарастырылады.
- “Айналайын”, “Бал-балақан” тағы басқа балаларға арналған бағдарламалар болады.
4. “Саяси, экономикалық, әлеуметтік бағдарламалар редакциясы” – аталған салалардың мәселелерін қозғайды.
- “Демократия” – еркін ойлау мүйісі. Әртүрлі партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшылары, қарапайым көрермендер еліміздегі барлық оқиғалар мен құбылыстарға қатысты ойларын ортаға салады.
- “Дат” – билік тұтқасындағы адамдармен тікелей эфир. Көрермендердің сауал‑сұрақтарына жауап береді.
- “Теңге” – экономикалық жаңалықтар топтастырылады.
5. “Танымдық және музыкалық бағдарламалар редакциясы” – әртүрлі танымдық, музыкалық бағдарламалар топтастырылады.
- “Біз және мен” – отбасының мәселелеріне арналады. ‡лгілі отбасылар, күнделікті болып жатқан құбылыстар мен тұрмыс-тіршілігі бейнеленеді.
- “Ақжол” – діни танымдық бағдарлама. Қажылар, мүфтилер сөз алады.
- “Әділет” – заңдық-құқықтық бағдарламасы. Көрерменге өз құқығын қорғауды үйрету және қылмыстарды әшкерелеуге арналады.
- “Сарбаз” – әскери-патриоттық бағдарлама. Солдаттар өмірінен, әскери іс-қимылдар театры туралы.
- “Табиғат терезесі”, “Хайуанаттар әлемінде” – жан-жануарлар, өсімдіктер әлемінің қызықты оқиғалары.
- “Күлкі керуені”, “Шымшыма” – әзіл-оспақ, сатиралық бағдарламалар легі. Саяси немесе әлеуметтік тақырыптар қамтылуы мүмкін.
6. “Әдеби-шығармашылық хабарлар редакциясы” – әдеби-мәдени бағдарламалар топтастырылады.
- “Жас тұлпар”, “Мүшайра”, “Жаңа кітап” тағы басқа бағдарламалар болуы мүмкін. Ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық, жеке отбасылық өмірінен сыр шертеді.
- “Тек қана кино”, “Сахна” тағы басқа бағдарламаларда кино, театр жұлдыздары сөз алады.
Цифрлық бейнетехнология ғасыры
Телевизия мен кинематография өткен 100 жыл ішінде көптеген техникалық жаңалықтардың жаршысы болды. Алғашында ақ пен қара суретіндегі кино, түрлі-түсті бейнелерді көрсете бастағанда бұл ерекше жетістік ретінде қабылданған.
Сондықтан да телевизия мен кинематография өткен жолдың сансыз баспалдақтарына тоқталмай-ақ, бүгінгі қолданыстағы технологияны тілге тиек етейік.
Қазіргі телевизия саласында пайдаланылатын озық технология Жапон елінен бастау алуда. Ол – Sony мен Panasonic компанияларының өнімдері. Қазақстан телевизиясының 90 пайызы осы екі компанияның құрал-жабдықтарын пайдаланады.
SONY: Betacam SP
Digital Betacam
DVCAM
DV
PANASONIC: DVCPRO
DVCPRO-50
Digital Betacam санаулы ғана. Бұл аппаратурамен өте жоғары сапалы бағдарламалар, деректі фильмдер түсіріледі. Ал басқа аппаратуралар телеарналардың күнделікті қызметінде тұрақты қолданыста.
Қазір дүниежүзілік телевизиялық аппаратуралар цифрлық жүйеге ауыса бастады. Цифрлық технология арқылы телебағдарламалардан бастап, кино түсіруге де мүмкіндік туды. 1995 жылы алғаш рет кинотаспамен бәсекелесе алатын цифрлық камералар мен бейнемагнитофондарды шығару қолға алынды. Кейінгі жылдары қаптап кеткен телесериалдардың дені осындай телевизиялық аппаратуралар көмегімен өмірге келуде. Ал 1999 жылы кинокамераны толық алмастыра алатын HDCAM 24P форматындағы қондырғыны SONY компаниясы шығарғанын ресми түрде жария етті. 24Р – бұл өте жоғары жүйедегі электронды формат. 24Р – кинодағыдай әр секундына 24 бейнекадр түсіре алатын камера. Оның сапасы 35 мм кинокамерамен бірдей.
ТМД елдерінің студиялары мұндай камералармен телесериалдар мен жарнама түсіреді. Әзірге Қазақстанда HDCAM-24P біреу ғана, ол жеке меншік студияда. HDCAM-24P кинематографиядағы атауы CineALTA, яғни («синеальта»-камера, бейнемагнитофон, микшер, тізбексіз монтаж кешені) технологиясымен жұмыс істей білу де үлкен өнер. Дүниежүзі бойынша HDCAM-24P CineALTA кешенінің мыңнан астам данасы сатылған екен. Оны әзірге киностудиялар, қаражаты көп телевизиялық арналар алуда.
Мысалы, әйгілі кинорежиссер Джордж Лукас “Жұлдыздар сағаты” көркем фильмін осы CineALTA арқылы түсірген. Бұл жүйенің кинокамерадан ерекшелігі – қаражатты көп үнемдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, HDCAM-24P камераны іске қосқан соң үзіліссіз бір кассетаға 50 минуттық дүниені түсіре аласыз. Ал, KODAK таспасын пайдаланатын кинокамераға осы мөлшердегі материалды жинақтауға кететін шығын бұдан он есе көп. Сондықтан да елімізде кинематографияның беталысын цифрлық технологияға қарай бағыштаған жөн секілді. Осындай аппаратурамен жұмыс жасайтын студияға, оны жасақтайтын топқа кинодағыдай үлкен шығармашылық бірлестік қажет емес. Әрі өнімді жылдарға созбай, бір-екі маусымда аяқтауға болады.
Және де атап өтерлігі, мұндай жағдайда бір киноны ғана түсіруге жұмсалатын қаржыны бірнеше фильмге бөлуге мүмкіндік тумақ. Жат жұртты таңдай қақтырып, таң қалдырамыз деп жалғыз туындыға барлық қаржыны шашқанша, талантты азаматтардың бағын байламай бірнеше фильм түсірсек, соның бір-екеуінен татымды дүние шығар еді.
Телевизиялық аппаратуралардың форматы
Бүгінде еліміздегі телевизия бірте-бірте цифрлық форматқа толықтай көшу қарсаңында тұр. Аналогтық (бір-біріне сәйкес) форматтағы бейнежазба камералары VHS, S-VHS, HI8 тұрмыстық деңгейде пайдаланылуда. Олар телевизиялық қолданыстан шығып қалды. Енді цифрлық формат оларды тұрмыстық пайдаланудан да бірте-бірте ығыстырып шығаратын уақыт алыс емес. Осы аналогтық сипаттағы кәсіби BETACAM SP форматындағы аппаратураны SONY компаниясы жасауды тоқтатты. 2004 жылдың мамырынан бастап Digital BETACAM форматын шығару да қажетсіз деп табылды. ¤йткені оның сапасы өте жоғары болғанымен бағасы да өте қымбат.
Қазақстандағы телекомпаниялар мен студиялар пайдаланатын телевизиялық құрал-жабдықтардың кестесіне назар аударайық.
№ | Қолданыс түрі | DV | DV CAM | DVC PRO | DVC PRO50 | Betacam SP Betacam SX | Digital Betacam MPEG IMX |
1 | Тұрмыстық | ||||||
2 | Қысқа хабарлар эфирі | ||||||
3 | Эфирлік, деректі фильм түсіруге болатын | ||||||
4 | ¤те жоғары сапалы телефильм түсіруге болатын |
Бұл қарапайым кесте телевизиялық құрал-жабдықтардың сапасына және бағасына байланысты тізілді. Әрине, аппаратура жоғары сапалы болған сайын, онымен жұмыс жасайтын топтың кәсіби шеберлігі де жоғары дәрежеде болғаны міндетті.
Енді осы телевизиялық аппаратуралардың магнитофондарының бірін‑бірі оқуы, бейнетаспа әр түрлері болса да технологияларының бір-біріне сәйкестігіне тоқталайық.
№ | Түрі | Сәйкестігі |
1 | DV | DVCAM |
2 | DVCAM | DV, DVCPRO |
3 | DVCPRO | DV, DVCAM |
4 | DVCPRO 50 | DV, DVCAM |
5 | Betacam SX | Betacam SP |
6 | Betacam SP | Жоқ |
7 | Digital Betacam | Betacam SP |
8 | MPEG IMX | Betacam SX Betacam SP Digital Betacam |
Байқағанымыздай, өзіңізге қажетті телевизиялық құрал-жабдықтарды сатып алу туралы шешім қабылдамастан бұрын, оның басқа аппаратураларға сәйкестігін жіті зерттеп алған жөн. Себебі, егер алған аппаратураңыз істен шығып, жөндеуді қажет еткен жағдайда, оған біршама уақыт кетуі әбден мүмкін. Камера не бейнемагнитофонның бірі бұзылса, оны сервистік орталыққа тапсырасыз. Бізде әзірге күрделі жөндеу орындары жоқ. Демек, оны Мәскеуге апарып, әкелуге 2-3 ай мерзім кетеді. Осы кезеңде жұмыс істеп тұрған камера не бейнемагнотофоныңызды пайдалануға, жалға беруге болады.
Бұл жерде өзіңіз сатып алған телеаппаратураның еліміздегі қолданыста жиі кездесетін, телевизиялық құрал-жабдықтардың қайсысына сәйкес келеді деген мәселе туады. Және де телевизиялық аппаратураларды қызғыштай қорғап, жиі пайдаланбасам ұзақ қызмет көрсетеді деген пікір қате. Қазір жыл жылжыған сайын телевизиялық жаңа форматтар көптеп өмірге келуде. Ал осы құрал-жабдықтарды әзірлейтін компаниялар кәсіби камера немесе бейнемагнитофонды 5-6 жыл ғана пайдалану қажеттілігіне кеңес береді. Одан әрі оны қанша жөндесеңіз де, бұрынғыдай сапаға қол жеткізе алмайсыз.
Шағын студия ережелері
Деректі фильмдер, жарнама, әншілердің бейнеролигін түсіруге тапсырыс жыл сайын көбейе түсуде. Егер режиссер, камерагер және монтаждаушыдан тұратын үш адамдық топ таланты мен іскерлігін тиімді пайдала білсе, үлкен жетістікке жетулеріне жол ашық.
Қазіргі техникалық прогресс оған мүмкіндік туғызады. Ертеректе бейнеөнімдерді жасауға: камера, екі-үш бейнемагнитофон, бейнеэффект қондырғысы, титр теретін машина, дыбыс микшері мен дыбыс процессоры қажет еді. Енді камера, бейнемагнитофон және тізбексіз монтаждайтын арнайы компьютеріңіз болса - іске сәт. Және мұндай кешеннің құны сапасына қарай 20 мың доллардан ‑ 70 мың доллар аралығында тұрады. Егер өзіңізді бейнеөнім жасауға дайынмын деп есептесеңіз, Алматыда Сізге қол ұшын созып, көмектесуге дайын фирмалар жетерлік. Республикамызда кино-бейнеаппаратуралар жүйесін әзірлеп, кепілдік бере отырып, телевизиялық құрал-жабдықтар сататын фирмалармен таныстыра кетуді біз өз тарапымыздан қажет деп есептедік.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 |


