Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

5.1.  Туындының тікелей авторларымен (сценарий авторы, режиссер, сазгер және т. б.) Туындыға тұтастай, сондай-ақ оның құрамдас бөлігі болып кірген жеке туындыларға құқықтарды беру жөніндегі қатынастарды Продюсер осы шарттың тараптары атынан немесе өз атынан осы шарттың орындауына кедергі келтірмейтін талаптар негізінде авторлармен тікелей шарт жасасу арқылы белгілейді. Бұл шарттар Туындыны эфир арқылы немесе кабель бойынша тарату кезінде жарнамалық қыстырмалармен бөліп отыру туралы мәселені реттейді. Туындыға жарнамалық қыстырмаларды орналастыру жөніндегі авторлардың барлық талаптарын Продюсер өз бетінше, ТА-ны қатыстырмай шешеді.

5.2.  Туындыға авторлық құқықтар тараптарға бердей тиесілі, бұл жөнінде ҚР қолданыстағы авторлық заңнамасына сәйкес Туындының әрбір данасында қорғау жөніндегі белгіден кейін авторлық құқық иелерінің атаулары келесі түрде қойылады:

Продюсер, ТА, жарыққа алғашқы шығарылған жылы.

5.3.  Продюсер Туындыны кинотеатрларда, киноқондырғыларда және басқаларда көпшілікке көрсету үшін пайдалануға, Туындының даналарын бейнетасымалдаушылармен таратуға құқылы.

ТА Туындыны жалпы жұрт назары үшін эфирге беру арқылы немесе кабель бойынша хабарлауға құқылы

(1-нұсқа. Пайдаланудың әрбір жағдайы жөнінде басқа тарапқа ескерте отырып және осы шарттың 6-тармағына сәйкес өзара есеп айырысуды жүзеге асырып, тараптардың әрбірі Туындыға құқықтарды дербес іске асыруға құқылы.

2-нұсқа. Тараптар Туындыны пайдалану құқықтарын әр жолы пайдаланушымен үшжақты шарт жасасу немесе әр жолы шарт жасасуға тараптардың бірінің өкілеттігін рәсімдеу арқылы бірлескен түрде жүзеге асырады).

5.4.  Тараптардың әрбірі екінші тараптардың келісімінсіз Туындыны немесе оның бөліктерін коммерциялық емес мақсаттарда, Продюсерді немесе ТА-ны жарнамалайтын хабарларда, кино және телефестивальдардың немесе кино және телебазарлардың және т. б. қойылымдарында пайдалануға құқылы.

5.5.  Туындыны жалға беру куәлігін алуды қажет ететін тәсілдермен пайдаланған кезде кино және бейнефильмдерді мемлекеттік тіркеушімен қатынастар Туындыға авторлық құқықтар иелерінің атынан рәсімделеді.

5.6.  Бастапқы материалдарға меншіктік құқықтар__________________

_____________________________________________тиесілі.

5.7.  Бастапқы материалдар ____________________________________

сақталады.

6.  Есеп айырысулар, бірлескен қызметтің

кірістері мен залалдарын бөлу

6.1.  Бірлескен қызметті жүзеге асыруға қажетті барлық сомаларды

тараптар Продюсердің есепшотына аударады.

6.2.  Бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу Продюсерге жүктеледі.

6.3.  Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасында белгіленген барлық салықтар мен аударымдар төленгеннен кейін, Туындыны пайдаланудан түскен барлық кірістер тараптар арасында тиісті үлестерін тараптардың әрбірінің есепшотына келесі ара қатынаста аудару жолымен бөлінеді:

-  Продюсерге________%

-  ТА-ға_________%; (4.3 және 4.4-тармақтарға сәйкес үлестерді бөлуге байланысты)

6.4.  Тараптар бірлескен қызметтің нәтижесінде келген залалдарды келесі тәртіпке сәйкес көтереді.

6.4.1. Егер залалдар тараптардың бірінің кінәсінен болса, онда бұл тарап оларды толығымен өтейді;

6.4.2. Егер залалдар шарттың барлық тараптарының кінәсінен

болса, онда залалдарды өтеу тараптар арасында келесі арақатынаспен бөлінеді:

- Продюсерге _________%

- ТА-ға_________%; (4.3 және 4.4-тармақтарға сәйкес үлестерді бөлуге байланысты)

7.  Жауапкершілік

7.1.  Продюсер 4.4.1., 4.4.4. және 4.4.5.-тармақтарда белгіленген міндеттемелерді, 4.4.6.-тармаққа сәйкес ақауларды жөндеуге берілген мерзімді бұзса, оның осы шарттың 6.3.-тармағында көзделген үлесінен ТА-ның пайдасына әрбір асырып алған күн үшін сметаның 0,_____% мөлшерінде айып ақша аударылады.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

7.2.  ТА 4.3.2., 4.3.3. және 4.3.5.-тармақтарда белгіленген міндеттемелерді бұзса, оның осы шарттың 6.3.-тармағында көзделген үлесінен Продюсердің пайдасына әрбір асырып алған күн үшін сметаның 0,______% мөлшерінде айып ақша аударылады.

7.3.  Осы шартта немесе Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделгеннен басқа барлық жағдайларда, осы шарт бойынша өзіне алған міндеттерді орындамаған немесе ойдағыдай орындамаған тарап екінші тарапқа келтірген барлық залалдарын, оның ішінде жоғалтқан пайдасын өтеуге міндетті.

8.  Шартты өзгертулер мен бұзудың жағдайлары

8.1.  Осы шартта төменде көрсетілген жағдайларда кез-келген өзгерістер енгізу немесе оны мерзімінен бұрын бұзу тек тараптардың ортақ келісімімен, сондай-ақ соттың шешімі бойынша немесе қолданыстағы заңнамада тікелей көзделген реттерде жүзеге асырылады. Барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде ресімделіп, екі тараптың қолы қойылады және олар осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

8.2.  Егер:

8.2.1.  ТА 4.3.6.-тармақты, сондай-ақ осы шарттың 4.1.4.-тармағында көрсетілген ескертулерді бұзса;

(Осы шарттың 4.3.1.-тармағына сәйкес аударылған барлық сомалар Продюсерде қалады).

8.2.2.  Продюсер осы шарттың 5.1.-тармағында көзделген шарттарды жасасатын авторлардың бірі Туындыны толығымен немесе оның құрамдас бөлігі болып кірген Туындыны кері қайтарып алу құқығын жүзеге асырса, Продюсер бұл жөнінде ТА-ны хабардар етіп, шартты біржақты түрде бұзуға құқылы.

8.3.  Егер:

8.3.1.  Продюсер осы шарттың 4.4.6.-тармағында көзделген өзгерістерді енгізуден бас тартса;

(Бұл жағдайда Продюсер ТА-ға 4.3.1.-тармаққа сәйкес төленген барлық сомаларды қайтарып беруге міндетті).

8.3.2.  Сот бір немесе бірнеше автордың Туындыны немесе оған құрамдас бөлік болып кірген жеке туындыларды жасау барысындағы адал еместігін таныса;

8.3.3.  Сот Продюсердің Туынды авторларының немесе үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын немесе басқа да заңды мүдделерін бұзғандығы жөнінде шешім шығарса, ТА осы шартты біржақты түрде бұзуға немесе оның жағдайларын өзгертуді талап етуге құқылы.

8.4. Тараптардың қайсысының бастамасымен немесе кінәсінен болғандығына қарамастан, шарт мерзімінен бұрын бұзылса, Туындыға барлық авторлық құқықтар Продюсерге тиесілі болады.

9.  Шарттың әрекет ету мерзімі

9.1.  Осы шарт тараптар қол қойған кезден бастап күшіне енеді және Туындыға авторлық құқықтың әрекет етуінің бүкіл мерзімі ішінде қолданыста болады.

9.2.  Шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылуы осы шартта көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздеулер бойынша тараптардың ортақ келісімімен жүзеге асырылады.

10.  Аумағы

Осы шарт әлемнің барлық аумағында әрекет етеді.

11.  Басқа да жағдайлар

11.1.  Тараптар Туындыны жарнамалау мен таныту үшін бірлескен түрде де, жекелей де барлық күш-жігерін жұмсайды.

11.2.  Барлық жарнамалық материалдарда тараптардың Туындыға авторлық құқықтың иелері ретіндегі атаулары, сондай-ақ Туындыны тікелей жасаушылармен шарттарда талап етілетін барлық қажетті аталымдар көрсетілуі тиіс.

12.  Даулар

Тараптар осы шартты орындауға байланысты туындайтын барлық дауларды келіссөздер арқылы шешуге міндеттенеді.

Мұндай жолмен келісімге жету мүмкін болмаса даулар құзырлы органдарға беріліп, Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралады.

13.  Қорытынды ережелер

13.1.  Осы шарт бойынша реттелмеген жағдайлар Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасы негізінде қаралады.

13.2.  Осы шарт _______________________ тілінде/тілдерінде екі данада жасалып, тараптарға бір-бірден беріледі. Екі дананың заңды күші бірдей.

13.3.  Осы шарт күшіне енгеннен кейін барлық бұрынғы келісімдер мен хат алмасулар күшін жояды.

Тараптардың мекен-жайлары, деректемелері, қолдары қойылып, мөрлері басылады. Шарттың жасалынған орны, уақыты көрсетіледі.

ТЕРМИНДЕР

Фильмнің бастапқы материалдары – әртүрлі бейнетаспаға даналап көбейтуге қажетті монтаждалған мастер, яғни фильмнің сынақ көшірмесі, фонограммалардың түпнұсқасы, бейнефонограмалар, компакт-дискілер және басқа түрлері.

Фильмдердің көрсетілер арналары – фильмді көрермен назарына жеткізу жолдары. Фильмді кинотеатрлардағы көрсетілімдер, бейнетасығыштар, Интернет арқылы тарату, сондай-ақ, теледидардың түрлі жүйелері (эфирлік, кабельдік, жер серігі) негізінде көрсетілуін де жатқызуға болады. Өнімді таратуды фильмнің иелері өз күшімен де, делдалдық мекемелер арқылы да атқаруы мүмкін.

Кинодағы каскадер – арнайы дайындықтарды (техникалық, спорттық т. б.) талап ететін, күрделі трюктерді орындаушы. Көбіне каскадерлер қауіпті қойылымдар кезінде актерлердің дублерлері ретінде рольге түседі.

Кастинг (ағыл. casting) – фильмнің актерлер құрамын анықтау, орындаушылар құрамын іріктеу, рольдерге актерлер тағайындау.

Кинематография – мәдениет пен өнердің кинематографиялық өнімдерін жасау мен пайдалануға бағытталған, өз табиғатына кәсіби, шығармашылық, өндірістік, ғылыми, техникалық, ағартушылық қызметті тұтастырған саласы.

Дыбыстық монтаж – фильмде қарастырылатын бейнеқатарлар бойынша жекелеген фонограммалар мен олардың көшірмелерін жалғау.

Дыбыс режиссері – түсіру тобындағы қызметкерелердің жалпы шығармашылық мақсатына сай фильмді дыбыстық жағынан көркемдеумен айналысатын негізгі қызметкерлердің бірі.

Шығындар – өнімдерді өндіру мен өткізуге керекті (материалдық, еңбек, қаржылық) экономикалық көптеген ресурстардың ақшалай түрдегі жұмсалған шығындары. Бұған сондай-ақ, материалдық шығындар, амортизациялық төлемдер, қысқа мерзімдік несиелер мен басқа да шығындар өтемдері қоса есептелетін шығармашылық топтың жалақылары және қаламақылары да кіреді.

Кинематографияның бейнелеу құралдары – авторлардың шығармашылық мұраттарына сай киноөнері туындыларының бейнелігі мен көркемдік тұтастығына қол жеткізуге мүмкіндік тудыратын тәсілдер мен шығармашылық әдістердің қосындысы.

Импресарио – кәсіпткер-антрепренер немесе концерттер мен жұрт тамашалайтын қойылымдарды ұйымдастырушы агент.

Зияткерлік меншік (интеллектуалдық меншік) – зияткерлік еңбек өнімдері меншік нысаны ретінде қарастырылған меншік түрі. Авторлық құқық жөніндегі Агенттікке тіркеледі.

Киножылнама – келешектегі фильм өндірісін жасау мақсатында жыл мезгілінің, мекен-жайлардың ерекшеліктеріне (өткінші ахуалдарына) қатысты деректі сюжеттерді түсірудің тұрақты әрі деректі бейнетүсірілімдері.

Кинокамерагер(қоюшы-камерагер) – фильмің бейнелік шешімін жүзеге асыру үшін түсірілімдер жасауды атқаратын басты мамандардың бірі.

Киностудия – негізгі қызметіне кинобейнеөнімдер көркем, деректі фильмдер, бейнеклиптер жасауға жататын ұйым.

Кинотеатр – фильмдерді көрсетуге арналып жабдықталған ғимарат немесе оның бір бөлігі. Қазіргі кезде шетелдерде мультиплекс деп аталатын – бір уақытта 3-6 залда түрлі кинобағадарламаларды қанаттас көрсете беретін бірнеше залдары бар кинотеатрлар кеңінен пайдаланылуда.

Киноқондырғылар – кинофильмдерді көрсететін қондырғылар жиынтығы. Стационарлық және жылжымалы қондырғылар болып бөлінеді.

Компания – өз бетімен қызмет жасайтын бірнеше жеке меншік иелерінің капиталдары негізінде біріккен коммерциялық және басқалай қызметтерге бағыт ұстаған кәсіпорындар түріндегі заңды және жеке тұлғалық ұйым. Мұндай қызметтердің ұйымдық-құқықтық көптеген түрлері бар. Олар: серіктестік, бірлестік, қоғамдар, корпорациялар, фирмалар болып аталуы мүмкін.

Комплишн бонд (ағыл. completion) – фильмнің өндірісін аяқтауға қатысты алынатын міндеттемелер. Атап айтқанда, фильмнің толық аяқталуына кепілдік беретін құжаттар. Оның негізінде фильмді соңына дейін аяқтауға немесе белгіленген мерзімде тапсыруға, болмаса, уақытында аяқтай алмаған жағдайда банктің шығындарын қайтаруға қатысты кепілдемелер жатады.

Контрафакция – аудиовизуалдық өнімдердің көшірмелерін заңсыз (астыртын) дайындау немесе тарату. Авторлық құқықтарды бұзудың бір түрі болып есептеледі.

Копродакшн – бірлесіп өнім шығару жөніндегі шарт. Негізінде әр елден келген екі студияның және өнім жасаушылардың ұжымдасып фильм жасауы. Кеңірек алғанда, бұл термин фильм жасауға қатысты кез-келген әріптестікті білдіруге қолданыла береді.

Авторлық шарт – авторлық құқықпен қорғалатын шығармаларды пайдаланудың тәртіптері туралы шарт.

Авторлық құқық – ұлттық азаматтық құқық пен халықаралық меншік құқы туралы заңның ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасау мен қолдануға байланысты қарым-қатынастарын реттейтін тарауы.

Бас дистрибьютер –шетелдік ірі кинокомпанияның атынан белгілі бір елде өз күшімен немесе жалға беруші делдалдар арқылы киноөнімдерін еркін сатуға болмаса, жалға беруге құқылы ресми құзырға ие өкілі.

Гильдия – біртекті қызмет түрлерімен айналысатын қызметкерлердің бірлесуі. Мәселен, кинорежиссерлердің гильдиясы, киноактерлердің гильдиясы, продюсерлердің гильдиясы деген секілді.

Қаламақы (гонорар) – фильмнің сценарий авторына немесе музыкасын өмірге әкелген сазгерге, болмаса олардың мұрагерлеріне шығарманы жазғандары үшін және туындылардың пайдаланылғаны үшін төленетін ақшалай сыйақылар.

Грант – мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың және жеке тұлғалардың тарапынан ғылым мен өнер салаларында туындылар жасау үшін берілетін ақылы тапсырыстар.

Фильмді көрсетуші – фильмді жұртшылыққа көрсетумен айналысатын жеке немесе заңды тұлғалар.

Дивиди (ағыл. DVD) – сандық үлгідегі бейнедиск.

Фильмді дубляждау – фильмнің мазмұнын өзгертпей түпнұсқаға сай келетін өзге тілдегі фонограммасын жасау.

Фильмді дыбыспен көркемдеу – дыбысты бейнетүсірілім сәтінде арнайы таспаға жазу (синхронды кинотүсірілімдер), фонограммалардың көшірме нұсқаларын жасау, фильмнің дыбыстық монтажы мен фонограммасын қайта жазуға байланысты үрдістердің қосындысы.

Дыбыстық монтаж – фильмнің даму желісіне сай келетін әуенмен бейнеқатарларды дыбыспен әрлеу.

Лицензия – 1/. мемлекеттің немесе жергілікті билік орындарының белгілі бір шаруашылық түрін жүргізу (мәселен, кино көрсету) құқына рұқсат. 2/. Меншік иесінің заңды тұлғаға бейнедыбыстық туындыларды коммерциялық мақсаттарға пайдалануы үшін беретін рұқсаты.

Логотип – фирма мен оның өнімдерінің сол елде ресми тіркелген толық немесе шағын түсірілген бейнесуреті.

Маркетинг – кәсіпорынның рыноктағы өзгерістерді нақты тіркеуге алып және сарапқа сала отырып, тиянақты шешім қабылдауға негіз болатын ұйымдастырушылық және шаруашылықты басқару жүйесі. Маркетингтің негізгі қызметіне: бағаның құралу жолдары, жарнама мен тауарларды өткізу үшін көтермелеу тәсілдері және коммерциялық қызметті басқарудың жайларын зерттеу жатады.

Мониторинг – кез-келген экономикалық нысанның жағдайына тұрақты әрі үзіліссіз бақылау жасау мен оның қызметін сараптаудың үрдістері.

Фильмді монтаждау – фильмді өмірге әкелу барысында кинотүсірілімдер жасау мен монтажға арналған кадрларды жалғаудың нәтижесінде композициялық жағынан тұтас, толыққанды туынды алуға мүмкіндік туғызатын шығармашылық және техникалық үрдістер.

Монтаждаушы – режиссерлік сценарийге және қоюшы-режиссердің нұсқауларына сай фильмге пайдаланылатын бейнеқатарларды тізбелеп жалғайтын маман.

Монтаж парақшасы – толық аяқталған, әрі көбейтілуге әзір етілген фильм мазмұнының қысқаша әдеби нұсқасы.

Табиғи жағдайдағы (натурные) бейнетүсірілімдер – фильмді жасау барысындағы ашық аспан астында, болмаса киностудияның түсіру алаңында даладағы көрініске ұқсас жасалған қойылым-көрінісі немесе табиғи жағдайларда жасалатын түсіру жұмыстары.

Фильмді дыбыспен көмкеру – бейнесәттерді түсіруден бөлек, фильмді дыбыспен көркемдеу ісінің үрдістері.

Кинематография ұйымы – негізгі қызметіне: фильм жасау, фильмді қайта жасау, киножылнама өндірісін жүргізу, фильмдерді көбейту, фильмді жалға беру, фильмдерді көрсету, кинозалдарына техникалық қызмет көрсету, киноматериалдар жасау, киноқондырғылар дайындау, фильм өндірісіне қажетті жұмыстар мен қызметтер көрсету, киножабдықтарды, павильондарды жалға беру, костюмдер тігу, декорация құрастыру, гримдеу, көркемдеу құралдарын әзірлеу, реквизиттер, ойын техникаларын, арнайы эффектілерді жасау, таспаларды өңдеу, фильмді дыбыстармен көмкеру, кинематография саласында ағартушылық, ғылыми, зертеушілік, баспагерлік, жарнамалы-насихатшылық қызметтер тқару, фильмді сақтауға қою, кино-мұрағат ісі киножылнамалардың бастапқы материалдарын сақтау міндеттері кіреді.

Паблик рилейшнз (ағыл public relations) – фирма мен оның шығаратын өнімдері (тауарлары мен қызмет көрсетуі) туралы оңтайлы қоғамдық пікірлер тудыруға бағытталған жарнамалық және өзге де игі мақсаттарға арналған шаралар шоғыры. Қоғамдық ұйымдармен өзара байланыстар және БАҚ арқылы қоғамдық пікірлерге ықпал ету жүйелері.

Павильондардағы кинотүсірілімдер – кинопавильондарда жұзеге асырылатын кинотүсірілімдер. Түрлі интерьерлерді экранда көрсету қажеттігі туғанда, сондай-ақ актерлік көріністерді түсіргенде жиі қолданылады.

Фильмнің фонограммаларын қайта жазу – фильмнің сюжетіне сай барлық дыбыстық құрамдары (сөзі, музыкасы, шулары, өзге де дыбыстаулары) түгенделген түпкілікті фонограммасын жазу барысы.

Пиротехникалық эффектілер – кинотүсіру барысында отты, жарылысты, тұманды, әуедегі бұлыңғырлықты жасанды жолмен бейнелейтін әдістер. Мерекеде салютті жасайтын мекемелер.

Фильмді көрсету – фильмді көрсету ісін кинозал, эфир, кабельдік жүйе, спутниктік телевизия арқылы немесе басқа да техникалық тәсілдер мен жүзеге асыру.

Постпродакшн (ағылш. postproduction) – фильмнің жасалуы барысында картинаның түпкілікті монтажын, сөзбен, музыкамен, шумен көмкерілуін, фильмнің қайта жазылған нұсқасы мен фонограммаларын шендестіру, жазуларын әзірлеу барысы. Фильмді көбейту үшін оның соңғы нұсқасын дайындау.

Тұсаукесер (презентация) – жасалған туындыны таныстыру. Болашақ әріптестерді атқарылған не жоспардағы қызмет жобамен сондай-ақ нақты тұтынушыларды тауардың ерекшеліктерімен таныстырудан тұратын маркетингтік қызмет түрі. Тұсаукесер - жарнамалық істің өзіндік бір түріне жатады.

Продакт плейсмент (ағылш. Product placement) – фильмдердің, телебағдарламалардың бейнеқатарларында жарнамаланатын тауарлар немесе ұсынылатын қызметтер түрін еске салу әрекетіндегі жанама жарнаманың түрі.

Фильмнің продюсері – фильмді қаржыландыру, жасау және прокатқа шығару істерін өз мойнына алған жеке немесе заңды тұлға.

Фильмнің прокатшысы – фильмнің прокатына және оны жүзеге асыруға құқы бар жеке немесе заңды тұлға.

Пролангация – шарттың, сауда келісімінің, займның, фильм өндірісінің мерзімдерінің уақытын заңды түрде ұзарту.

Фильмнің қоюшы-режиссері – кинотуындыны жасаудағы шығармашылық жұмыстарды басқарушы. Фильм авторларының бірі.

Режиссерлік сценарий – түсіруші шығармашылық топтың мүшелерін қатыстыра отырып, әдеби сценарийдің негізінде идеяны талқылау, түсіру жұмыстары басталмай тұрып қоюшы-режиссердің фильм жасау ісінің технологиясын толыққанды сараптайтын түсініктеме жазбалары.

Саунтрек (ағылш. saund-track) – фильмнің қаріптік дыбыстық жолы. Жекелеген техникалық жеткізу құралдарында (магнитті таспа, компакт-диск және басқалар) фильмді тираждау және сату үшін қолданылатын фильм фонограммасы немесе оның жекелеген фрагменттері. Әдетте, саундтрек үшін фильмдегі музыка мен әндері қолданылады.

Синхронды кинотүсірілім – бейнеқатарды дыбыспен бір мерзімде таспаға жазу арқылы жасалатын фильмнің бейнесәттерін түсіру.

Тонстудия (тонателье) – фильмді дыбыспен көмкеру немесе фильмнің фонограммасы көшірілетін киностудиядағы, телеорталықтағы бөтен дыбыстардан қорғалған бөлме. Тонстудия сөз, диктор мәтінін сондай-ақ шулар мен музыкаларды жазатын бөлмелер болып бөлінеді.

Фильм – тиісті техникалық жабдықтар көмегімен қарауға арналған туынды. Тақырыптық жағынан біртұтас, кадрларды өзара сабақтасқан, таспада немесе өзге жеткізуші құралдарда шығармашылық арқаумен көркем, хроникалды-деректі, ғылыми-көпшілік, оқулық, анимациялық, телевизиялық тұрпаттарда жасалған бейнедыбысты туындылар.

Фильм өндірісі – фильмдердің көркем-шығармашылық және техникалық мәселелерін, сондай-ақ технологиясын, экономикасы мен өндірісін ұйымдастыру қырларын қамтитын кинематография саласының негізгі бөлігінің бірі.

Үлкен форматты кино – көлемі 50-ден 70мм.-ге дейінгі кинотаспаны қолданып жасалған фильмдерді көрсетуге арналған кинематография түрі. Қазір бейнекамерамен де үлкен формат кино түсіру тәжірибесі қолданыла бастады.

Үлкен форматты экран – әдеттегі экраннан өзгеше, одан да ауқымды экранды пайдаланатын кинематография түрі. Экран аясын мүмкіндігінше кеңейту (дыбыс жазудың стереофоникалық жүйесімен бірлікте) киноөнерінің мүмкіндігін анағұрлым арттыра түседі.

Электронды кинематограф – сандық үлгідегі (цифрлық) технологиялар көмегімен түсіруге, өңдеп, көп арналы дыбыс жолдарын пайдаланып, жоғары сападағы түрлі-түсті бейнелерді үлкен экрандарда көрсетуге мүмкіндік беретін құрал-жабдықтар.

Мазмұны

Бірінші бөлім.

Деректі фильм хикаялары

1.  Ғасыр ғаламаты

2.  “Темір леди” Маргарет Тэтчердің тәжірибесі

3.  Деректі фильм – ізгілік идеологиясы

4.  Телевизия әдебиетті алмастыра ала ма?

5.  Деректі фильмнің беташары

6.  Деректі фильмнің тақырыбын зерттеу жолдары

7.  Фильмнің тақырыбын игеру

8.  “Ақиқат бәйтерегі” деректі фильмінің сценарийі

9.  “Ел ағасы Қаратай Тұрысов” деректі фильмінің сценарийі

10.  Деректі фильмді жасау жолдары

11.  Идеяны игеру

12.  Продюсер

13.  Продюсерлік пайым

14.  Баспасөз және фото-бейнематериалдар

15.  Табиғат тақырыбы

16.  Фильм түсіруге дайындық

17.  Фильмді бастау немесе алғашқы бейнеқатар

18.  Фильмнің бюджеті

19.  Фильмді түсіру тобы

20.  Фильмнің режиссері

21.  Монтаж

22.  Экран және мәдениет

23.  Жарнама

24.  Тәуелсіз кинобейнестудияларды құру және оның қызметін үйлестіру

25.  “Діл” телекомпаниясының тұжырымдамасы

26.  Цифрлық бейнетехнология ғасыры

27.  Телевизия аппаратураларының форматы

28. Шағын студия ережелері

Екінші бөлім.

Шарт жасау жолдары

28.  Сценарий авторымен жасалатын шарт

29.  Сценарий авторларымен шарт жасасу туралы

30.  Сценарий авторымен, Еуропа мемлекеттерінің азаматтарымен шарт жасасу жөніндегі ұсыныстар

31.  Режиссермен жасалатын шарттар

32.  Жазбаша түрдегі еңбек шартын (контракт) жасау жөніндегі ұсыныстар туралы

33.  Дыбыс‑бейнежазу туындысының авторы – сазгермен жасалатын шарт туралы

34.  Қаражат тарту жөніндегі шарттар

35.  Несие шарты

36.  Терминдер

37.  Мазмұны

МАХАТ САДЫҚ

100‑ден астам деректі фильмдердің Продюсері, бірқатар телевизиялық жобалардың және 8 телефильмнің авторы.

Қазақстан Президенті грантының иегері, “Дарын” Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Халықаралық телевизия және радио Академиясының академигі.

Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің Бас директоры.

Продюсер

1.  Режиссер

2.  Камерагер

3.  Сценарий

4.  Монтаж

5.  Бейне және дыбыс қызметі

6.  Деректі фильм түсіру жолдары

7.  Жарнама

8.  Шарт жасау

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21