Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

2. Мерзімі мен аумағы

Осы шарт оған тараптар қол қойған кезден бастап күшіне енеді және авторлық құқықтың барлық әрекет ету мерзімі ішінде барлық әлем елдерінің аумағында қолданыста болады.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

3.1. Режиссер:

а) режиссерлік және қойылымдық жобаларды жасауға, Туындыны түсіру мен монтаждауға қатысу үшін өзіне қажетті кеңесшілерді Туындыға бөлінетін қаржылардың есебінен олар орындайтын жұмыстардың күрделілігі мен көлеміне сәйкес шарт бойынша ақы төлеу арқылы шақыруға;

ә) Продюсердің келісімімен шағырмашылық, ғылыми-әдістемелік және заңдық кеңестер алуға;

б) Продюсер бекіткен режиссерлік жобаға сәйкес, Туындының бастапқы нұсқасын түпкілікті монтаждауға құқылы.

3.2. Режиссер туындының режиссерлік жобасы мен бастапқы нұсқасын жасау жөніндегі шығармашылық қызметінің нәтижелеріне құқықтарға үшінші тараптардың талаптарынан тәуелсіз екендігіне кепілдік береді. Режиссураға авторлық құқықтар жөніндегі даулар туындаған жағдайда Режиссер барлық мәселені келіссөздер немесе сотқа жүгіну арқылы, өз бетінше, Продюсерді қатыстырмай шешуге кепілдік береді.

Бұдан басқа, Режиссер:

а) Туындының қойылымын күнтізбелік жоспар мен жекелеген жұмыстарды жүргізу кестесіне сәйкес жүзеге асыруға;

ә) Бастапқы әдеби материалдың негізінде күнтізбелік-қойылымдық жоспары мен жалпы сметаны құрастыру қажетті болып табылатын, Туындының көркемдік тұжырымдамасы туралы егжей-тегжейлі түсінік беретін, қойылымдық қиыншылықтар жөніндегі нақты мағлұматтарды сыйғызып тұрған, өндіріс үшін керекті, техникалық құрылғылардың тізбесі және басқалар көрсетілген режиссерлік жобаны жасауға міндетті.

Режиссерлік сценарий, режиссерлік жобаның құрамдас бөлігі болып табылады.

(Режиссер режиссерлік жобаны дайындап, Продюсердің бекітуіне _______ ж.“____” ___________________ ұсынуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейінгі енгізілген барлық өзгерістер мен ауытқулар тараптардың жазбаша түрдегі ортақ келісімі бойынша ғана жүзеге асуы мүмкін).

б) Туындының бастапқы нұсқасын түсірілуі мен монтаждауын жалпы және аралық сметаларға сәйкес жүзеге асыруға;

в) түсірулер барысында экрандық материалда Продюсер бекіткен режиссерлік жобаның тұжырымдамасын жүзеге асыруға;

г) осы шартты жасасқан кезден бастап дыбысты түпкілікті қайта жазғанға дейін түсіру барысында басшылық жасауға;

ғ) түсірулерді ржиссерлік сценарий, күнтізбелік-қойылымдық жоспар мен жалпы сметаға сәйкес жүргізуге;

Бекітілген құжаттардан ауытқуларға тараптардың жазбаша түрдегі ортақ келісімі бойынша ғана жол беріледі.

Ауа райы, ауыру‑сырқауларға және Продюсердің еркінен тыс басқа да себептерге байланысты жағдайлардан өзге реттерде, түсірулерді күнтізбелік-қойылымдық жоспар мен өндірістік кезеңнің кестесінде көрсетілген орында және белгіленген тәртіппен жүргізуге;

(Осындай жағдайларда күнтізбелік-қойылымдық жоспарға шұғыл өзгерістер енгізілуі мүмкін, бұл жөнінде Режиссер Продюсерді хабардар етуі тиіс. Күнтізбелік-қойылымдық жоспарға енгізілетін кез-келген елеулі өзгеріс Продюсердің тарапынан келісілуі және мақұлдануы тиіс).

е) Продюсердің өтініші бойынша өзіне қолайлы уақытта Туындының радио және тележарнамасына, бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдерімен кездесулерге жеке қатысуға міндетті.

3.3. Қолданыстағы заңнама мен осы шарттың ережелерінен туындайтын құқықтардан басқа;

а) режиссерлік жобаға бір реттен артық емес өзгерістер ұсынуға;

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

ә) өз қалауы бойынша тең продюсерлерді, техникалық қызметкерді және тағы басқаларды тартуға құқылы.

Шығармашылық қызметкерлерді тарту режиссермен келісілуі тиіс.

3.4. Продюсер:

а) Туындының бастапқы нұсқасын Режиссердің қатысуымен жасауға;

Түсірулер ______ж. “____” __________________ кешіктірілмей басталуы тиіс.

ә) өнім шығарудың бүкіл технологиялық процесін қаржыландыруға және толығымен қамтамасыз етуге, Продюсердің шығармашылық жұмысы үшін төменде келісілген жағдайларды жасауға;

б) режиссерлік жобаны дайындау кезінде Режиссерге түсіру объектілерін қарау мен таңдауға, қойылымдық, технологиялық және техникалық қажеттіліктерін анықтауға, Туындының бастапқы нұсқасын көркемдік тұжырымдамасын жасауға, керек болған жағдайда жұмысқа сценарий авторын тартуға мүмкіндік беруге;

в) режиссерлік жобаны тапсырылған күннен бастап _____ күн мерзім ішінде қарап, Режиссермен бірлесіп талқылауға және талқылау нәтижелеріне қарай оны бекітуге, не бекітпеуге;

(Ескерту. Режиссерлік жобаны жетілдіру жөнінде ортақ келісімге келген жағдайда бұл құжатты ұсынудың жаңа мерзімі белгіленеді және Туындының өндірістен дайындалып шыққан бастапқы нұсқасын Продюсерге тапсыру тиіс.

Режиссерлік жобаны бекіту дерегі Продюсер мен Режиссер қол қойған тиісті құжатпен рәсімделеді).

г) түсіру тобының бүкіл қосалқы құрамын білікті мамандармен уақытылы жасақтауға және олардың жұмысқа кәсіби даярлығы үшін толық жауапкершілік арқалауға;

(Түсіру тобының қайсыбір мүшесінің кәсіби біліктілігінің төмендігі, сондай-ақ жұмысқа селқостығы анықталған жағдайда Продюсер режиссердің негізделген талабы бойынша мұндай маманды ауыстыруға тиіс).

ғ) Туындының бастапқы нұсқасын жасап шығару мен монтаждау жөніндегі жұмыстарды жалпы сметада көзделген көлемде және күнтізбелік-қойылымдық жоспарда анықталған мерзімде сапалы жүргізу үшін барлық материалдық, техникалық және қойылымдық құрылғыларды ұсынуды күнібұрын қамтамасыз етуге;

д) сапалы пленка ұсынуға;

е) ыңғайлы және сапалы түсіру, дыбыс жазу, жарықтандыру құрылғыларын және басқа аппаратураны, көлік құралдары мен техникалық саймандарды ұсынуға;

ж) Режиссермен бірлесіп қарағаннан кейін түсіру тобының шығармашылық құрамын бекітуге;

з) фильммен жұмыс Режиссердің тұрғылықты мекен-жайынан тысқары жерлерде жүргізілсе оған «Люкс» санатындағы бірінші дәрежелі мейманханадан немесе сол санатқа сәйкес келетін басқа мейманханалардан орын беруге және тұру ақысын төлеуге, түсірулер жүргізілетін ауданда бұл секілді мейманханалар болмаған немесе мейманхана мүлде жоқ болған жағдайда Режиссерге тұрғын жайлардан барлық коммуналдық қызмет түрлері, ыдыс-аяғы мен төсеніш жабдықтары бар пәтерді ұсынуға және келісімді баға бойынша тұру ақысын төлеуге;

и) Режиссердің қарамағына фильмді дайындау мен жасап шығарудың бүкіл мерзімі ішінде шығармашылық және іскерлік жұмысты жүргізу үшін жеке баспана беруге;

к) шартты жасасу, фильмді дайындау немесе шығаруға байланысты Режиссер өзінің тұрғылықты мекен-жайынан сапарға шыққан жағдайда оған күніне __________ теңге көлемінде тәулікақы төлеуге, осындай жол жүруге орай барлық көлік шығындарын Режиссер растап ұсынған құжаттар бойынша өтеуге;

Продюсер Режиссердің ұсынуы бойынша осы шартта көрсетілген жұмысқа байланысты барлық телефон сөйлесулерінің, факстің, телеграфтың, телекстің және басқа да хат-хабар алмасудың қаражатын көтереді.

қ) үшінші тұлғалардың тарапынан фильмге қатысы бар, бірақ тікелей режиссураға қатысы жоқ авторлық-құқықтық немесе басқа сипаттағы талаптары туындаса оларды өз бетінше, Режиссерді қатыстырмай шешуге құқылы.

Есеп айырысулар

4.1. Режиссерлік жоба мен режиссерлік сценарийді жасағаны үшін Продюсер Режиссерге фильмнің жалпы сметасынан ____________ % мөлшерінде сыйақы төлейді.

4.2. Туындының бастапқы нұсқасын жасау кезеңінде осы шарттың 3.2.-тармағының г) тармақшасына сәйкес жұмысты орындағаны үшін режиссер __________ теңге көлемінде айлық сыйақы алады.

5. Басқа да жағдайлар

5.1. Режиссердің аты-жөні туындының бастапқы және ақырғы нұсқаларының басқы титрлеріне бастапқы нұсқасының режиссері ретінде сценарий авторының аты-жөні көрсетілгеннен кейін сондай өлшемдегі әріптермен жазылады. Бірнеше қоюшы-режиссер қатысқан жағдайда олардың аты-жөндері алфавиттік тәртіппен көрсетіледі. Бұдан басқа, режиссердің аты-жөні туындыны жасап шығаруға, көбейтуге және таратуға байланысты барлық жарнамалық-ақпараттық материалдарда көрсетілуі тиіс.

5.2. Режиссер түсірулер басталған соң шығармашылық немесе еңбек қатынастары сипатындағы даулар туындаса Продюсер осы шартты бұзбай, Режиссерді фильмді әрі қарай жасауға қатысудан шеттеуге құқылы. Бұл ретте Режиссер бұрын төленген сомаларды сақтап қалады. Осы жағдайда титрлерде режиссердің аты-жөні «__________________ қатысуымен» деген тіркесте сол өлшемдегі әріптермен көрсетіледі.

(Егер продюсердің мұндай дауларды режиссер туғызуы мүмкін деп жобалауға салмақты дәлелдер болса, онда нақты жағдайда тараптар аталған келісімге баруы мүмкін. Еңбек шарттары үшін олардың бұзылуының зардаптары авторлық шарттардың бұзылуына қарағанда соншалықты ауыр емес. Қызметтік туындыларға құқықтар онсыз да жұмыс берушіге тиесілі болғандықтан, шарт бұзылған жағдайда да оның өзінде қалады. Аталған шартқа осы тармақтың қосылуы «алдын-ала сақтық шарасы» болып табылады. Авторлық шартты бұзу барлық берілген құқықтарды олардың алғашқы иесіне қайтаруға алып барады. Яғни бұған ұқсас тармақты нақтылы авторлық шарттарға енгізген қисынды болар еді. Бірақ, авторлар өздерінің құқықтық мүмкіндіктерін сезіне отырып, мұндай қадамға сирек барады. Себебі негізгі шарт бұзылғаннан кейін, өндірістің сатысы мен түсірілген материалдардың санына қарай, продюсерге басқа режиссерді қайта түсірулер үшін шақырғаннан гөрі, өзінен кеткен режиссерден жасалған туындыға құқықтарды алғаны оңтайлы).

6. Шартты бұзу

6.1. Продюсер:

а) Режиссер Продюсердің жазбаша түрдегі келісімінсіз режиссерлік жобамен тұтастай немесе ішінара жұмыс жүргізу үшін, үшінші тұлғаларды тартса;

ә) сот авторлық құқықтың объектісі ретінде режиссерлік жобаны жасаудағы Режиссердің адал еместігін таныса, шартты бұзуға және режиссерден оған шарт бойынша төленген барлық сомаларды өндіріп алуға құқылы.

6.2. Шығармашылық немесе еңбек қатынастары сипатындағы даулар туындаса, Режиссерде бұрын төленген барлық сомаларды қалдыра отырып, Продюсер 3.4.-тармақтың а) тармақшасында көрсетілген түсірулер басталғанға дейін осы шартты бұза алады.

6.3. Продюсер фильмді жасап шығарудан бас тартса режиссер осы шарттың 4.1.-тармағында көрсетілген сыйақыны алу құқығын сақтап қалады.

7. Даулар

Тараптар осы шартты орындауға байланысты өзара туындаған дауларды келіссөздер арқылы шешуге міндеттенеді.

Дауларды бейбіт жолмен шешу мүмкін болмаса олар жауапкердің орналасқан жері бойынша соттың қарауына жіберіледі және қолданыстағы материалдық, процессуалдық заңнама нормаларына сәйкес шешіледі.

Осы шарт 2 дана етіп жасалады, бірі Режиссерде, бірі Продюсерде болады.

Тараптардың мекен-жайлары, банк деректемелері, қолдары қойылып, мөрлері басылады, шарт жасалған орны мен уақыты көрсетіледі.

Енді еңбек шартттарын жасасу ережелері жөнінде тоқталып өтейік.

Еңбек шартын (контракт) жасасу кезінде мына мәселелерді қамту ұсынылады.

а) жұмыс орны – қызметкер қабылданатын кәсіпорынның атауы;

ә) еңбек функциясы – белгілі бір кәсіби біліктілігіне (лауазымына) қарай қызметкер атқаруға тиіс жұмыс;

б) қысқа мерзімді еңбек шарты жасалса, жұмыстың басталу және аяқталу мерзімдерін көрсету;

в) жұмыс берушінің кәсіпорында еңбекті қорғау жөніндегі міндеттері.

Шартта тараптардың міндеттемелерін нақтылай түсетін және шарт тәртібімен белгіленетін қосалқы талаптар көрініс табуы мүмкін.

Сынақ мерзімін белгілеу, кәсіптерді (қызметті) қоса атқару, екінші немесе қоса атқарылатын кәсіптерге қайта даярлау, баулу, біліктілікті үздіксіз көтеру, қосалқы демалыстың ұзақтығы, жұмыс және тынығу уақытының тәртібі және басқалар жөніндегі талаптар қосалқы шарттардың қатарына жатады.

Еңбек шартында қосалқы талаптардың белгіленуі заңнамамен, кез-келген деңгейдегі (жалпы, салалық, арнаулы) келісіммен және ұжымдық шартпен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлатпауы тиіс.

Заң жүзінде жазбаша нысанды сақтау шарттың белгілі бір түрімен байланыстырмайды. Сондықтан жазбаша түрдегі еңбек шарттары (контракт) негізгі жұмыс орны бойынша тұрақты немесе уақытша қызметкерлермен, қосымша жұмыс істеу кезінде де, т. б. жағдайларда жасалады.

Жазбаша түрдегі еңбек шартын

(контракт) жасасу жөніндегі ұсыныстар туралы

Қызметкермен еңбек шартының

(контракт) нысаны

1.  Бұдан әрі «кәсіпорын» деп аталатын __________________________________________________ мекемесі (ұйымы) атынан _________________________________________ және бұдан әрі (қызметі, аты-жөні)

«қызметкер» делінетін азамат ______________________________________ төмендегілер жөнінде

(аты-жөні)

осы шартты жасасты.

Еңбек шартының тараптары мыналар болып табылады.

жұмыс беруші ретінде – кез-келген меншік нысанындағы кәсіпорын, мекеме, ұйым, жеке тұлғалар;

қызметкер ретінде – заңда көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша, 16 жасқа (ерекше жағдайларда 15 жасқа) толған азаматтар; 14 жасқа толған оқушылар.

Кәсіпорын қызметкерлерді жұмысқа қабылдау (шығару) жөніндегі құқықты өзінің филиалдарына, бөлімшелеріне, өкілдіктеріне және сол сияқтыларға жолдай алады. Бұл жөнінде оның жарғысында (ережесінде) көрсетілуі тиіс. Дербес бөлімшеге мұндай құқық берілмесе оның барлық қызметкерлері кәсіпорын басшысымен тікелей еңбек шартын жасасады.

2.  Қызметкер__________________________________________

(аты-жөні)

____________________________________________________________

(кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесінің аты: цех, бөлім, лаборатория, т. б.)

жұмысқа қабылданды.

Кәсібі, лауазымы ____________________________________________

(кәсіптің, лауазымның толық атауы)

біліктілігі ___________________________________________________

(разряды, біліктілік категориясы)

3.  Шарт негізгі жұмыс орны, қосымша қызмет атқару орны бойынша жасалған келісім болып табылады.

4.  Шарт түрі:

-  анықталған мерзімге арналған (мерзімі шектеусіз);

-  анықталған мерзімге арналған (мерзім шектеулі);

____________________________________________________________

(қысқа мерзімді келісім-шартты жасаудың себебін көрсету)

белгілі бір жұмысты орындау мерзіміне арналған ____________________________________________________________

(қандай жұмыс екенін көрсету)

ҚР Еңбек туралы заңдарына сәйкес шартты (контракт) анықталмаған мерзімге, бес жылдан аспайтын анықталған мерзімге, белгілі бір жұмысты орындау мерзіміне арналып жасалуы тиіс.

Қызметкермен белгілі бір жұмысты орындау мерзіміне арналған шарт (контракт) жасалған жағдайда қандай нақты жұмыс орындалуы тиіс екендігі көрсетіледі.

Еңбек қатынастарын анықталмаған мерзімге арнап белгілеу мүмкін болмаса, қысқа мерзімді еңбек шарты:

а) алдағы жұмыстың сипатын ескеру арқылы;

ә) оның орындалу шарттарын ескеру арқылы;

б) қызметкердің мүдделерін ескеру арқылы;

в)заңда тікелей көзделген жағдайларда жасалады.

5. Шарттың әрекет ету мерзімі

Жұмыстың басталуы _________________________________________

Жұмыстың аяқталуы _________________________________________

6. Сынақ мерзімі

а) сынақсыз

ә) сынақпен

7. Қызметкер келесі міндеттерді орындауы тиіс:

¤ндірістің (жұмыстың) көлемі, шығарылатын өнімнің (қызмет көрсету түрлерінің) сапасы, нормалардың және нормаланған тапсырмалардың орындалу дәрежесі, еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді сақтау, өзара ауыстыруды қамтамасыз ету мақсатында сабақтас жұмыстарды орындау бойынша жұмыстың негізгі сипаттамалары мен оларды орындаудың деңгейіне қойылатын талаптар көрсетіледі.

Кәсіптерді (жұмыстарды) қоса атқарған, сабақтас операцияларды орындаған жағдайда бұл жұмыстардың тізбесі мен олардың көлемі және басқа да міндеттемелер көрсетіледі.

Кәсіптерді (жұмыстарды) қоса атқарған, сабақтас операцияларды орындаған жағдайда бұл жұмыстардың тізімдемесі мен олардың көлемі және басқа да міндеттемелер көрсетіледі.

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

(Еңбек шартының (контракт) мазмұнында тараптардың келісімі бойынша белгіленетін еңбектің барлық маңызды жағдайларын көрсету ұсынылады.

Шарттың (контракт) жазбаша түрдегі нысанында қызметкердің қабылданған кәсібіне (қызметіне) сәйкес міндеттемелерін анықтап берген абзал. Қызметкердің міндеттемелер ауқымы өндірістік бағдарламаны орындау, белгілі бір көрсеткіштерге қол жеткізу, жұмыс тәртібін, еңбекті қорғау ережелерін сақтау және т. б. қажеттіліктерден туындайды. Міндеттемелерді нақтылау кәсіби біліктілік, қызметтік нұсқаулардағы жұмыс орнының картасы негізінде жүзеге асады.

Шартта (контракт) міндеттемелерді келісіп алу мен нақты белгілеу жұмыс берушіге бұл жұмыстарды жүзеге асыруға, қызметкердің жұмыспен қамтылуын бағалауға мүмкіндік береді, ал қызметкер үшін орындалатын жұмыстардың көлеміне даулы мәселелерді дұрыс шешудің мүмкіндігіне қатысты айқындық береді.

Егер қызметкер өз лауазымы бойнша жұмысқа қабылдау мен шығару құқығына ие болса, бұл жөнінде еңбек шартында (контракт) атап көрсеткен жөн).

8. Кәсіпорын қызметкердің еңбегін ұйымдастыруға, қауіпсіз және тиімді еңбек ету үшін жағдайлар жасауға, жұмыс орнын еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелеріне сәйкес жабдықтауға, шартта көрсетілген жалақыны уақытылы төлеуге міндетті.

¤ндірістік процесті ұйымдастыру, жұмыс орнын жабдықтау, қызметкерді даярлау мен біліктілігін арттыру және басқа да еңбек жағдайларын жасау жөніндегі нақты шаралар көрсетіледі.

Құрылымдық бөлімшенің жетекшісіне қызметкерлерді жұмысқа жалдау құқығы берілсе, шарттың осы тармағына тиісті жазу енгізіледі.

____________________________________________________________

____________________________________________________________

9. Жұмыс берушінің ауыр, аса ауыр және зиянды, өте зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайлары үшін нақты сипаттамаларды, қызметкерге жасалатын өтем мен берілетін жеңілдіктерді көрсеткен, жұмыс орнында қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемесі:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

10. Қазақстан Республикасы азаматтарының Еңбек құқықтарын қолдау жөніндегі Заңнамасына сәйкес кепілдіктер.

____________________________________________________________

____________________________________________________________

11. Жұмыс уақыты тәртібінің ерекшеліктері:

толық емес жұмыс күні _______________________________________

толық емес жұмыс аптасы _____________________________________

сағаттық жұмыс _____________________________________________

12. Қызметкерге:

айына ____________ теңге мөлшерінде қызметтік жалақы (тарифтік ставка) немесе жұмыстың 1 сағаты үшін _______________ теңге ставкаға, жалақыға _______________ теңге үстем ақы, қосымша ақы, (үстем ақы, қосымша ақы түрлерін көрсету керек), басқа да _______________________ төлемақылар беріледі.

13. Қызметкерге ұзақтығы төмендегідей жыл сайынғы еңбек демалысы белгіленеді.

Негізгі еңбек демалысы _______________________________________

Қосымша еңбек демалысы ____________________________________

14. Шарттың еңбек сипатының ерекшеліктеріне байланысты басқа да талаптары:

________________________________________________________________________________________________________________________

(Шартты жасасқан кезде тараптардың келісуі бойынша келесі талаптар белгіленбеуі мүмкін.

Жұмыстан шығару негіздемелері;

Заңнамада көрсетілмеген тәртіптік жазалауларды тағайындау;

Еңбек туралы Заңдарда көзделген реттерден басқа, қызметкерлер үшін толық материалдық жауапкершілікті енгізу;

Тараптар жеке еңбек дауларын қараудың тәртібін де өзгерте алмайды).

Тараптардың мекен-жайлары мен қолдары

Қызметкер Кәсіпорын

(жұмыс беруші)

______________________ ______________________

______________________ (аты-жөні)

______________________ ______________________

мекен-жайы: ___________ ______________________

_______________________ ______________________

Режиссермен шарт жасасу
жөніндегі ұсыныстар туралы

TACIS бағдарламасының ауқымында шарт жасасуда бұрынғы социалистік жүйе елдерінің кино шығарушы ұйымдары жіберген кемшіліктерді түзете отырып жасалған қоюшы Режиссермен шарттың үлгісі ұсынылады.

Режиссермен Еуропалық шарттың

негізгі ережелері

І. Тараптар

Шарт Режиссер мен тиісті Продюсердің арасында жасалады.

Шартты авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқару жөніндегі қоғамның немесе Режиссер мүше болып табылатын басқа ұйымның қарауына беру ұсынылады. Бұл кәсіби ұйым немесе авторлық-құқықтық қоғам, шарттың мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нормаларға сәйкестігін тексереді.

Шарт Режиссердің автор және киноман ретіндегі құқығына ғана қатысы болады. Егер де Режиссер аталған дыбыс-бейнежазу туындысының сценарий авторы болса, онда бұл жөнінде жеке шарт жасалуы тиіс.

ІІ. Фильмді дайындау, жасап шығару

Бұл бөлімде дыбыс-бейнежазу туындысын жасау шарттарының жалпы нобайы көрініс табуы тиіс.

а) жасалатын фильмнің сипаттамалары

Негізгі пайдалану аясы: кино немесе телевидение

Дыбыс-бейнежазу туындысының түрі, қысқа метражды немесе толық метражды, бір немесе көп сериялы фильм, сериал, телевизиялық фильм.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21