Продюсерге смета _______ жылғы “______” _____________ күнтізбелік-қойылымдық жоспар _______ жылғы “_____” _________________ кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.
Бұдан басқа, Продюсер Авторды мемлекеттік сақтандыру ережелеріне сәйкес сақтандыру, тараптардың бірлескен қызмет жөніндегі осы шартты жүзеге асырумен байланысты телефон сөйлесулерін, факстің және тағы басқа хат-хабар алмасу қаражатын төлеуге, фильмді түсіруге немесе пайдалануға орай (соның ішінде фестивальдарға да) Автор тұрғылықты мекен-жайынан cапарға шыққан жағдайда оған көлік пен қонақ үй шығындарын және тәулікақыны тараптардың қосымша келісіміне белгіленгендей түрде төлеуге міндеттенеді.
2.2. Фильмді жасап шығару, жалға беру және басқа да пайдалану жөнінде осы шарттың 1-тармағында көрсетілген міндеттемелерді тараптар өздеріне бірлескен түрде жүктейді.
Автор бірлескен қызметтің шығармашылық жағын: түсіру тобын, актерлерді іріктеуді, фильмді фестивальдар мен кино нарықтарына ұсынуды өз мойнына алады.
Продюсер Автордың ұсынуы бойынша түсіру тобының мүшелерімен авторлық және еңбек шарттарын жасауға, бірлескен қызметтің барлық техникалық жағын: павильондар мен жабдықтарды жалға алу, пленка сатып алу, көшірмелерді дайындау және тағы сол сияқтыларды ұйымдастыруға міндеттенеді.
Тараптар, түсірулерді бастауды ________ жылғы “____” _______________ кешіктірмеуге міндеттенеді.
Тараптар, түсірулер басталған сәттен бастап, бір жыл ішінде шығармашылық-өндірістік процесті жүзеге асыруға міндеттенеді.
2.3. Продюсер осы шарттың 1-тармағында көрсетілген қызметті тіркеуді және ол бойынша есеп беруді бөлек теңгерімде көрсете отырып жүргізеді.
2.4. Фильмді пайдалану жөніндегі осы шарттың 1-тармағында көрсетілген барлық құқықтар Авторға тиесілі болады.
Нақ осы тармақ аталған шартқа ерекше сипат береді. Аталған шарт бойынша дыбыс-бейнежазу туындысына құқықтар заңға сәйкес кімде пайда болса, сол тұлғада қалады. Бұл ретте осындай жағдай орын алуы әбден мүмкін, өйткені автор аталған фильмнің әрі сценарийшісі, әрі режиссері болып табылады. Сонан соң егер де фильмге арналған музыка бұрын шығарылмаған “түпнұсқа” болса, онда сазгермен қатынастарды сауатты реттеу ісі ғана қалады.
Аталған фильмге авторлық құқықтарға байланысты барлық даулар мен үшінші тұлғалардың талаптарын Автор өз бетінше, Продюсерді қатыстырмай шешеді.
Продюсер түсірілген материал мен біткен фильмді талқылауға қатысуға құқылы. Бірлескен қызметтің шығармашылық жағына қатысты келіспеушілік туындаған жағдайда Автордың пікірі шешуші болып табылады.
3. Ақы төлеу
3.1. Продюсер фильм жасағандығы үшін Авторға жалпы сметада көзделген сыйақыны төлейді. Сыйақы осы шарттың 2.4.-тармағының 2‑ші абзацында көрсетілген келісімге сәйкес Автордың есеп шотына аударылады.
3.2. Фильмді автордың жаратуы арқылы пайдаланудан түскен табыс Продюсердің есеп шотына аударылады және салық төленіп, басқа да төлемдер жасалғаннан кейін тараптар арасында мынадай мөлшерде бөлінеді:
Продюсерге __________ %
Авторға ______________% .
4. Шарттың мерзімі
4.1. Шарт оған екі тарап қол қойған кезден бастап күшіне енеді.
4.2. Шарт фильмге авторлық құқықтың бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде қолданыста болады.
5. Тараптардың жауапкершілгі, дауларды шешудің тәртібі
5.1. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе ойдағыдай орындамаған жағдайда айыпты тарап қолданыстағы Заңнамада көзделген тәртіппен жауапкершілік алады.
Осы шарттың 2.2.-тармағының 4 және 5 абзацында көрсетілген мерзімдерді бұзған жағдайда айыпты тарап осындай бұзушылықтың салдарынан екінші тарапқа келтірілген шығындарының бәрін өтейді.
(Бірақ, міндеттемелердің бұзылуына кінәлі екендігіне қарамастан, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, фильмге авторлық құқықтарды, оның ішінде фильмді пайдалану құқығын автордан зорлықпен алып қоюға болмайтындығы жөнінде Продюсерге ескертілген).
5.2. Тараптар осы шарт бойынша туындайтын дауларды келіссөздер арқылы шешуге күш салуға міндеттенеді. Осы шарттан туындайтын және тараптар келісімімен реттелмеген барлық даулар қолданыстағы заңда көзделген тәртіппен қаралады.
6. Шартты өзгерту және тоқтату
6.1. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу екі тараптың ортақ келісімі негізінде жүзеге асады және осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жазбаша түрдегі қосымшалар арқылы ресімделеді.
(Ескерту. Тараптар АҚ және СҚ туралы заңның 15-бабының 1.2-тармақтарына сәйкес, фильм авторлары (сценарий авторы, режиссер және фильм үшін арнайы шығарылған түпнұсқа әуенінің авторы), шығармашылық топтың мүшелері (қоюшы-оператор және басқалар) кез-келген уақытта фильмді жасауға қатысудан, бас тартуға құқылы. Нәтижесінде шарттың бірқатар талаптары өзгеріп кетуі ықтимал. Бұған ұқсас барлық өзгерістер тараптар жағынан келісілуі және осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жазбаша түрдегі қосымшалар арқылы ресімделуі тиіс).
6.2. Шарт екі тараптың келісімі негізінде бұзылуы мүмкін. Мұндай реттерде өзара есеп айырысу мәселесі тараптардың жазбаша түрдегі қосымша келісімімен шешіледі. Продюсер бірлескен қызметке әрі қарай қатысудан бас тартқан жағдайда ол Авторға 3.1.-тармақта көрсетілген сыйақыны төлеуге міндетті.
7. Басқа шарттар
7.1. Фильмнің титрінде оның Продюсердің қатысуымен түсірілгендігі көрсетілді. Автор авторлық құқық жөніндегі халықаралық конвенцияның талаптарына әрі АҚ және СҚ туралы заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес, сценарий авторы және режиссер, сондай-ақ авторлық құқық иесі ретінде фильмнің әр данасында көрсетіледі.
7.2. Осы шарт 2 дана етіп жасалады, оның бірі Продюсерде, бірі Авторда болады.
Тараптардың мекен-жайлары, банк деректемелері, қолдары қойылып, мөрлері басылады, шарттың жасалған орны мен уақыты көрсетіледі.
Режиссермен жасалатын шарттар
Режиссермен жасалатын шарт дыбыс-бейнежазу саласындағы ең күрделі және көп түрлі келісімдердің бірі болып табылады. Бұл мынадай бірқатар себептермен түсіндіріледі: біріншіден, ең соңғы уақытқа дейін студиялар режиссерлермен авторлық шарт жасасу тәжірибесін қолданған жоқ. Өйткені оларды еңбек қатынастары байланыстыратын. Екіншіден, көптеген кинематографиялық кәсіптерден айырмасы бар режиссердің еңбегі авторлық-құқықты реттеуді талап етіп қана қоймайды. Сонымен қатар еңбек заңнамасының бірқатар нормаларының әрекет ету ықпалына түседі. Шынында да, егер сценарийші, сазгер немесе суретшінің шығармашылық қызметін қай уақыт мезгілінде жүзеге асыратындығы аса маңызды емес, тек қана сценарийді, музыкалық туындыны немесе нобайларды Продюсерге шартта белгіленген мерзімде ұсынғаны жетіп жатыр. Фильмнің түсірілуіне басшылық жасайтын режиссер нақты айқындалған уақыт ішінде әрекет етеді. Бұл үшін шартқа еңбек қатынастары сипатындағы нормалар енгізіледі. Мұнан басқа, режиссердің міндетіне негізгі құжаттар – жалпы сметаны және күнтізбелік-қойылымдық жоспарды жасауға қатысу кіреді.
ШАРТ
Бір тараптан _________________________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі “Продюсер” деп аталатын ___________________________ ________________________________ атынан ________________________ және екінші тараптан бұдан әрі “Режиссер” деп аталатын _____________________________________ мекен-жайы бойынша тұратын _________________________ берген жеке куәлігінің №________________________ осы шарт жасалды.
1. Шарт нысаны
Автордың Продюсер бекіткен әдеби сценарийіне сәйкес, ұзақтығы __________ минут, _______________ тасымалдаушысында, (түпнұсқа), “________________” деген шартты атауы бар фильмнің режиссерлік жобасын (киносценарийін) жасау мен қойылымын жүзеге асыру міндеттемесін Продюсер тапсырады, ал Режиссер қабылдап алады.
Продюсер бекіткен режиссерлік жоба және соның негізінде жасалған күнтізбелік-қойылымдық жоспар мен смета осы шарттың нысанасын анықтайтын негізгі құжат болып табылады. Осы шартқа сәйкес жасалған режиссерлік жоба мен фильм авторлық құқықтың объектісі болып табылады. Соның негізінде Режиссер фильм жасау үшін режиссерлік жобаны пайдалануға айрықша құқықтарды, сондай-ақ ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңның 13-бабының 2-тармағында көрсетілген Фильмге барлық айрықша мүліктік құқықтарды Продюсерге береді.
Продюсер өз қалауы бойынша осы құқықтардың талаптарын Режиссердің осы шартта белгіленген жағдайларына нұқсан келтірмейтін тиісті шарттың негізінде үшінші тұлғаларға бере алады.
2. Мерзімі мен аумағы
3.3. Режиссер:
а) режиссерлік және қойылымдық жобаларды жасауға қатысу, фильмді түсіру мен монтаждауды жүргізу үшін өзіне қажетті кеңесшілерді фильмге бөлінетін қаржының есебінен олардың орындайтын жұмыстарының күрделілігі мен көлеміне сәйкес, шарт бойынша ақы төлей отырып шақыруға;
ә) Продюсердің келісімі бойынша шығармашылық, ғылыми-әдістемелік және заңи кеңестер алуға;
б) Продюсер бекіткен режиссерлік жобаға сәйкес фильмнің бастапқы нұсқасын түпкілікті монтаждауға құқылы.
3.2. Режиссер фильмнің режиссерлік жобасы мен бастапқы нұсқасын жасау жөніндегі шығармашылық қызметінің нәтижелеріне құқықтары үшінші тараптардың талаптарына құқықтар жөнінде даулар немесе үшінші тұлғалардың тарапынан режиссердің шығармашылық қызметіне не олардың нәтижелеріне байланысты талаптар туындаған жағдайда, Режиссер барлық мәселені келіссөздер, әйтпесе сотқа жүгіну арқылы, өз бетінше Продюсерді қатыстырмай шешуге құқылы.
Мұнан басқа, Режиссер:
а) күнтізбелік жоспарға және жекелеген жұмыстарды жүргізудің кестесіне сәйкес, фильмнің қойылымын жүзеге асыруға;
ә) күнтізбелік-қойылымдық жоспар мен жалпы сметаны құрастыруға қажет болып табылатын, фильмнің көркемдік тұжырымдамасы туралы түсінік беретін, қойылымдық қиыншылықтар жөнінде нақты мағлұматтарды сыйғызатын, өнімді шығару үшін керекті техникалық құрылғылар тізімдемесі және т. б. режиссерлік жобаны жасауға;
(Режиссер режиссерлік жобаны дайындауға және ______ “_____” _______________ Продюсердің бекітуіне ұсынуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін режиссерлік жобаға өзгерістер енгізу мен одан ауытқулар тараптардың жазбаша түрдегі келісімі негізінде жүзеге асырылуы мүмкін).
б) фильмді түсіру мен оның бастапқы нұсқасын монтаждауды жалпы және аралық сметаларға сәйкес жүзеге асыруға;
в) түсірулер барысында экрандық материалда Продюсер бекіткен режиссерлік жобаның тұжырымдамасын пайдалануға;
г) осы шартты жасасқан кезден бастап, дыбысты түпкілікті қайта жазғанға дейін фильмді түсіру процесіне басшылық жасауға;
ғ) түсірулерді режиссерлік сценарийге, күнтізбелік-қойылымдық жоспарға және жалпы сметаға сәйкес жүргізуге;
Бекітілген құжаттардан ауытқуларға тараптардың жазбаша түрдегі келісімдері негізінде жол беріледі.
д) ауа райына, ауру-сырқауларға және режиссердің еркінен тыс өзге де себептерге байланысты жағдайлардан басқа реттерде, түсірулерді күнтізбелік-қойылымдық жоспарға және өндірістік кезеңнің кестесіне сәйкес белгіленген орындарда және сонда көрсетілген тәртіппен жүзеге асыруға;
(Осындай жағдайларда күнтізбелік-қойылымдық жоспарға шұғыл өзгерістер енгізілуі мүмкін, бұл жөнінде Режиссер Продюсерді хабардар етуге міндетті. Күнтізбелік-қойылымдық жоспарға енгізілетін кез-келген елеулі өзгерістер Продюсермен келісілуі және мақұлдануы тиіс).
е) Продюсердің өтініші бойынша өзіне қолайлы уақытта фильмнің радио және тележарнамасына, бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдерімен кездесулерге жеке қатысуға құқылы.
3.3. Қолданыстағы заңнама мен осы шарттың ережелерінен туындайтын құқықтардан басқа, Продюсер:
а) режиссерлік жобаға _________________ реттен артық емес өзгерістер ұсынуға;
ә) өз қалауы бойынша тең продюсерді, техникалық қызметтерді және басқаларды тартуға құқылы.
Шығармашылық қызметкерлерді тарту, Режиссермен келісілуі тиіс.
3.4. Продюсер:
а) Режиссердің қатысуымен фильмнің бастапқы нұсқасын жасауға;
Түсірулер ______ “____” _______________ кешіктірілмей басталуы тиіс.
ә) өнім шығарудың бүкіл технологиялық процесін уақтылы қаржыландыруға және толығымен қамтамасыз етуге, режиссердің шығармашылық қызметі үшін төменде келісілетін жағдайларды жасауға;
б) режиссерлік жобаны дайындау кезінде Режиссерге түсіру объектілерін қарау мен таңдап алуға, қойылымның технологиялық және техникалық қажеттіліктерін анықтауға, фильмнің көркемдік тұжырымдамасын жасауға, қажет болған жағдайда жұмысқа сценарий Авторын тартуға мүмкіндік беруге;
в) режиссерлік жобаны тапсырылған күннен бастап ____ күн мерзім ішінде қарауға, Режиссермен бірлесіп талқылауға және талқылаудың нәтижелеріне қарай оны бекітуге немесе бекітпеуге;
(Ескерту. Режиссерлік жобаны жетілдіру жөнінде ортақ келісімге келген жағдайда бұл құжатты ұсынудың жаңа мерзімі бекітіледі және Продюсерге өндірістен шыққан фильмді тапсырудың мерзімі тиісті уақытқа жылжытылуы мүмкін.
Режиссерлік жобаны бекітудің дерегі Продюсер мен Режиссер қол қойған тиісті құжатпен ресімделеді).
г) түсіру тобының бүкіл қосалқы құрамын білікті мамандармен уақытылы жасақтауға және олардың кәсіби даярлықтары үшін толық жауапкершілікті алуға;
(Түсіру тобының қандай да болсын мүшесінің кәсіби біліктілігінің төмендігі, жұмысқа немқұрайдылығы анықталған жағдайда Продюсер Режисердің негізделген талабы бойынша мұндай маманды ауыстыруға міндеттенеді).
ғ) фильмді жасап шығару мен монтаждау жөніндегі жұмыстарды сапалы жүргізу үшін қажетті барлық материалдық, техникалық және қойылымдық құрылғыларды жалпы сметада көзделген көлемде және күнтізбелік-қойылымдық жоспармен белгіленген мерзімде ұсынуды алдын-ала қамтамасыз етуге;
д) сапалы пленканы ұсынуға;
е) ыңғайлы және сапалы түсіру, дыбыс жазу, жарықтандыру құрылғыларын және басқа аппаратураны, көлік құралдары мен техникалық саймандарды ұсынуға;
ж) Режиссермен бірге қараған соң, түсіру тобының шығармашылық құрамын бекітуге;
з) фильммен жұмыс істеудегі бүкіл уақыт мерзімі ішінде:
Жұмыс Режиссердің тұрғылықты мекен-жайынан тысқары жерде жүргізілген жағдайда оған “Люкс” санатындағы бірінші дәрежелі немесе сол санатқа сәйкес келетін басқа мейманханалардан орын беруге және тұру ақысын төлеуге, түсіру ауданында аталған мейманханалар жоқ болған немесе мейманхана мүлде болмаған жағдайда Режиссерге тұрғын жайлардан барлық коммуналдық қызмет түрлері, ыдыс-аяғы мен төсеніш жабдықтары бар пәтерді ұсынуға және келісімді баға бойынша ақысын төлеуге;
и) фильмді дайындау мен жасап шығарудың бүкіл мерзімінде шығармашылық және іскерлік жұмыстарды жүргізу үшін Режиссердің қарамағына бөлек баспана беруге;
к) Шарт жасасуға, фильмді дайындау немесе жасап шығаруға байланысты Режиссер өзінің тұрғылықты мекен-жайынан сапарға шыққан жағдайда оған күніне __________ теңге көлемінде тәулікақы төленеді, мұндай жол жүруге жұмсалған барлық көлік қаражатын Режиссер растап ұсынған шығын құжаттары бойынша өтеуге; Продюсер Режиссердің құжаттарды ұсынуы бойынша осы шартқа сәйкес жұмыстарға байланысты барлық телефон сөйлесулерінің, факстің, телеграфтың, телекстің және басқа да хат-хабар алмасудың шығындарын көтеруге;
қ) үшінші тұлғалардың тарапынан фильмге қатысы бар, бірақ тікелей режиссураға қатысы жоқ, авторлық-құқықтық немесе басқа сипаттағы талаптар туындаған жағдайда, оларды өз бетінше, Режиссерді қатыстырмай шешуге құқылы.
4. Есеп айырысулар
4.1. Режиссерлік жобаны жасағаны үшін Продюсер Режиссерге фильмнің жалпы сметасын ____________ % мөлшерінде сыйақы төлейді.
4.2. Фильмнің бастапқы нұсқасын жасау кезеңінде осы шарттың 3.2.-тармағының г) тармақшасына сәйкес орындаған жұмысы үшін Режиссер _______________ теңге мөлшерінде айлық сыйақы алады.
4.3. Осы шарттың 1-тармағында көрсетілген құқықтарды бергені үшін Режиссерге ________________ теңге мөлшеріндегі сыйақы мынадай тәртіппен төленеді:
_________ % 20___ ж.“_____” _________________ дейін
_________ % 20___ ж.“_____” _________________ дейін
_________ % 20___ ж. “_____” _________________ дейін
4.4. ҚР АҚ және СҚ туралы Заңының 13-бабында көрсетілген құқықтарды бергені үшін Продюсер Режиссердің есебіне шарттың бүкіл әрекет ету мерзімінде фильмді кез-келген пайдаланудан түскен өз табысының ________ % мөлшерінде сыйақы аударады, бұл мерзім фильмге авторлық құқықтың әрекет ету мерзімімен сәйкес келеді.
Фильмді пайдаланғаны үшін Режиссерге сома төлеу әр ____ ай сайын жүргізіледі және Продюсердің фильмді пайдаланудың әр түрінен түскен табысы мен авторлық сыйақының есебінен растайтын құжатпен қоса беріледі.
5. Басқа да жағдайлар
5.1. Режиссердің аты-жөні фильмнің басқы титрлерінде сценарий авторының аты-жөнінен соң, сондай өлшемдегі әріптермен көрсетілуі тиіс. Бірнеше қоюшы-режиссер қатысқан жағдайда олардың аты-жөндері алфавит тәртібімен беріледі. Бұдан басқа, режиссердің аты-жөні фильмді шығарумен, көбейтумен және таратумен байланысты барлық жарнамалық-ақпараттық материалдарда көрсетілуі тиіс.
5.2. Түсірулер басталғаннан кейін шығармашылық немесе еңбек қатынастары сипатындағы даулар туындаған жағдайда Продюсердің осы шартты бұзбай, Режиссерді фильм өндірісіне әрі қарай қатынастырмауға құқылы екендігіне Режиссер келіседі. Бұл ретте Режиссер өзіне бұрын төленген барлық соманы сақтап қалады. Осы жағдайда титрлерде “_________________ қатысуымен” деген тіркесте режиссердің аты-жөні нақ сондай өлшемдегі әріптермен жазылады.
6. Шарттың бұзылуы
6.1. Продюсер:
а) Продюсердің жазбаша түрдегі келісімінсіз Режиссер, режиссерлік жобамен тұтастай немесе ішінара жұмыс жүргізу үшін, үшінші тұлғаларды тартса;
ә) Авторлық құқықтың объектісі ретінде режиссерлік жобаны жасауда Режиссердің адал еместігін сот таныса, шартты бұзуға және Режиссерден оған шарт бойынша төленген барлық соманы өндіріп алуға құқылы.
6.2. Шығармашылық немесе еңбек қатынастары сипатындағы даулар туындаған жағдайда, Продюсер Режиссердің бұрын алған сомаларын өзінде қалдырып, 3.4.-тармақтың а) тармақшасында көрсетілген түсірулер басталғанға дейін осы шартты бұза алады.
6.3. Продюсер фильмді шығарудан бас тартса, Режиссер осы шарттың 4.1.-тармағында көрсетілген сыйақыны алу құқығын өзінде сақтап қалады.
6.4. Продюсердің ұсынуы бойынша Режиссер шартты бұзу жөнінде өтініш түсірген кезге дейін, фильм жасап шығаруға Продюсердің (айырылған пайданы қоса) жұмсаған барлық шығындарын қайтаруға қатысты Продюсермен дау болған жағдайда, режиссер шартты өз қалауы бойынша бұза алады.
7. Даулар
Осы шартты орындау барысында туындайтын дауларды тараптар келіссөздер арқылы шешуге міндеттенеді.
Дауларды мұндай тәсілмен реттеудің мүмкіндігі болмаса олар жауапкердің орналасқан жері бойынша соттың қарауына беріледі және қоданыстағы материалдық және процессуалдық заңнаманың нормаларына сәйкес шешіледі.
Осы шарт 2 данада жасалды, оның бірі Режиссерде, бірі Продюсерде болады.
Тараптардың мекен-жайлары, банк деректемелері, қолдары қойылып, мөрлері басылады, шарттың жасалған орны мен уақыты көрсетіледі.
Жоғарыда келтірілген келісім еңбек шартының белгілері бар авторлық шарттың үлгісімен жасалған, яғни режиссер авторлық құқықтың объектісін жасайды, ал оған мүліктік құқықтарды Продюсерге береді. Бұдан басқа шарт бойынша оның бірнеше еңбек міндеттемелері пайда болады. Келесі шартта еңбек талаптары көбірек кездеседі. Оның ауқымында режиссердің шығармашылық еңбегінің нәтижесі қызметтік туынды деп аталады да, одан ҚР АҚ және СҚ туралы заңының 14-бабының нормаларына сәйкес мына жағдайлар туындайды: Режиссер, Продюсерге фильмді пайдалану құқығын бермейді, ол құқықтар Продюсерде жұмыс беруші ретінде, заңға сәйкес пайда болады.
ШАРТ
Бір тараптан ___________________________________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі “Продюсер” деп аталатын ________________________________ атынан ________________________ және екінші тараптан бұдан әрі “Режиссер” деп аталатын ___________________________________ мекен-жайы бойынша тұратын ________________________ берген жеке куәлігінің № ________________________ арасында осы шарт жасалды.
1. Шарт нысаны
Автордың Продюсер бекіткен бастапқы әдеби материалына сәйкес, ұзақтығы ________________ минуттен кем, ____________________ минуттан артық емес, “________________________” деген шартты атауы бар бағдарламалар сериясының бастапқы нұсқасының режиссерлік жобасын жасау мен қойылымын жүзеге асыру міндеттемесін Студия тапсырады, Режиссер қабылдап алады. Аталған туынды ______________________ тасымалдаушыда (түпнұсқа) таңбаланған түрлі-түсті және ақ-қара түсті кадрлардың сабақтас жиынтығы болып табылады. Бұл туынды оны жасап шығару, қаржыландыру және пайдалану жөніндегі Продюсер жасасқан шарттың негізінде туындайды. Осы шарт оған қосымша болып танылады.
Туындының Продюсер бекіткен режиссерлік жобасы мен соның негізінде жасалған күнтізбелік-қойылымдық жоспары және смета осы шарттың нысанын анықтайтын негізгі құжат болып табылады.
Режиссер осы шартқа сәйкес жасалған режиссерлік жоба мен Туындының авторлық құқық объектілері болып табылатындығын және қызметтік туындының, яғни Режиссердің дайындау, жасап шығару және монтаждау жөніндегі кестесі бар күнтізбелік жоспарда көрсетілген мерзімде, жұмыс үшін тағайындалған төлемақыға орындаған туындының мәртебесін иеленетіндігін мойындайды.
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, режиссерлік жоба мен сценарийдің өзіне барлық мүліктік құқықтар, яғни оларды кез-келген жолмен, соның ішінде қайта жөндеп, қайта монтаждап және басқа да өзгерістер енгізіп, пайдалану құқықтары Продюсердің иелігінде болады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 |


