1. «OKNO-TV» professional video & audio. www. *****.
1991 жылы Ресейдің Космосты зерттеу институтының мамандары құрған. Қазір ТМД-дағы телевизиялық, аудио, спутниктік құрал-жабдықтардың әлемде бар кез-келген түрін сапалы түрде орнатып бере алады. Ресейдің барлық дерлік ірі телеарналары мен Қазақстандағы «Хабар», «31 канал» «Астана-ТВ» арналарында үлкен жобаларды іске қосқан. Мәскеуден басқа Новосибирск мен Алматыда филиалдары бар. Фирмада 120 адам жұмыс істейді. Оның 50-і телевизия мен радиоқондырғыларына қажетті мамандық түрлерін жетік меңгерген инженерлер.
Sony, Panasonic, Thomson, Ikegami, Telex, Drake, ARRI, Vinten. Egripment, Canon, Fujinon, Snell&Wilcox, Balcar, Transtechnic, JVC, Lowell, Unomat, Kramer, Matrox, Tascam, Shure, Sennheiser, Soundcraft, Mackie, Beyerdynamic, AKG, Maranz, Foster, Anton Bauer, Caranе секілді кино және телевизия өнімдерін шығаратын компаниялардың ресми интеграторы.
“DIAS” компаниясы. www.
1997 жылы құрылған. 2004 жылдан бастап елімізде кәсіби телевизиялық аппаратураларды жөндейтін сервистік орталық жұмысын жолға қоя бастады. Бұл салада Sony және JVS компанияларының авторлық құқығын алған 35 қызметкері бар.
“PBDS” фирмасы. e. mail. pbds @ *****
Тәуелсіз мемлекеттер достастағы және Қазақстандағы “PANASONIC” Broadcast Europe (Ұлыбритания) компаниясының өкілдігі.
PBDS интеграциялық жүйелер мен осы заманғы телевизиялық кешендер жасауға маманданған. 1990 жылдардан бері Ресейдің, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан және де басқа елдердің телеарналарымен әріптестік байланыс орнатқан. Біздің елімізде “Хабар”, “Қазақстан”, “Рахат ТВ”, “КТК”, “НТК” телеарналарында бірқатар жобаларды табысты жүргізген тәжірибелі мамандар.
Бірқатар телеарналар мен студияларға құрал-жабдықтар қойған. Көбінесе мемлекеттік мекемелер, банктер, агенттіктер мен институттарға қызмет көрсетеді.
JVS, Sony, Panosonic, Toshiba, IDX сияқты әйгілі компаниялармен тікелей байланысқа шығып, бейне және дыбыстық құрал-жабдықтарды сатып, орнатып, мамандарды оқытып-үйретеді.
Екінші бөлім.
Шарт жасасу жолдары
Сценарий авторымен жасалатын шарт
¤мірде кездесетін жағдайларды көз алдымызға елестете отырып, сценарий авторымен шарт жасасудың тәжірибесін қарастырып көрейік. Студияға келген, алайда қолында дайын сценарийі жоқ автормен болашақта жасалатын фильмді пайдалануға дейінгі аралықтағы өзара қатынасты реттейтін шарт жасалынды делік. Әлбетте, мұндай шарттың ауқымына шарттың нысанына қатысы мүлдем алшақ нормалар кіруі мүмкін.
Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» (Бұдан әрі ҚР АҚ және СҚ туралы) заңы (1996 жылғы 10 маусым) тапсырыс шартына белгілі бір талаптарды жүктейтіні мәлім. Біріншіден, осы заңның 32- бабының 8-тармағына сәйкес Автордың болашақта жасайтын туындыларын пайдалану құқықтары авторлық шарттың нысаны бола алмайды. Демек, Продюсер Автордың болашақта жасайтын туындысының белгілі тұстарын іске асыра беруге құқылы. Сонда шарт автордың болашақтағы шығармашылық қызметінің дерексіз нәтижесі жөнінде емес, продюсердің мүддесіне сай нақты туынды түрінде жасалады. Екіншіден осы заңның 33-бабының 1-тармағына сәйкес Автор Туынды жасап, оны тапсырысшыға беруге міндеттенеді.
Ендеше осы қатынасқа қатысты нақты тапсырыс шартының жасалуына мән беріп көрелік:
ШАРТ
(тапсырыс шарты)
Продюсер, (Бұдан әрі «Тапсырысшы») Телестудия «Арман» атынан сенімхат № ж. 26.08 берілген) негізінде әрекет ететін, Данабайұлы Сайран (Астана қаласы Әл-Фараби көшесі 33 үйде 29 пәтерде тұратын жеке куәлігінің № ҚР ІІМ 1998 ж. 21.03. берген және бұдан әрі қарай «Автор» Олжасқызы Дана Астана қаласы Самал шағын ауданы 9 үй 55 пәтерде тұратын жеке куәлігінің № ҚР ІІМ 2001ж. 19.02. берген) төмендегідей шарт жасасты.
1. Шарт нысаны
Әрқайсысы түпнұсқа туынды болып табылатын «_________________» деген шартты атауы бар жарнама сериалы тұжырымдамасының үш нұсқасын (бұдан әрі «Туынды») жасау жөнінде Тапсырысшы тапсырыс береді, ал Автор өзіне міндеттемелер алады. Тұжырымдама _____________________________ негізінде жасалады және болашақ Туынды туралы толық мағлұмат беріледі.
2. Мерзімі мен аумағы
Бұл шарт екі тарап қол қойған кезден бастап күшіне енеді және дыбыс-бейнежазу туындысын жасау туралы шарт жасасқанға немесе тараптардың бірі оны бұзу жөнінде ұсыныс түсіргенге дейін әрекет етеді.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3.1. Қазақстан Рспубликасының қолданыстағы заңдарында тікелей көзделген құқықтардан басқа, Автор:
а) тұжырымдама жасау үшін өзіне қажетті тең авторлар мен мамандар тартуға;
ә) өзінің жұмысына қажетті материалдарды, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтардың қорғалатын объектілеріне сұраныс жасауға және оларды алуға құқылы.
3.2. Автор:
а) тұжырымдамасының үш нұсқасының ______ данасын Тапсырысшыға қолхат алып немесе осы шартқа қол қойылған кезден бастап ____ күн ішінде тапсырылғандығы туралы хабарландыру қағазы бар құнды пакетпен беруге;
ә) тараптардың қосымша шартта белгіленген мерзім ішінде Тапсырысшы таңдаған тұжырымдамаға, тапсырысшы қайта ұсынған өзгерістер мен түзетулерді енгізуге;
(Ескерту. Тапсырысшы жалпы көркемдік тұжырымдаманы бұзбайтын және Автордың беделіне нұқсан келтірмейтін өзгерістер енгізуді талап етуге, өзгерістер енгізу үшін Автордың келісімімен үшінші тараптарды шақыруға құқылы. Мұндай жағдайда, Тапсырысшы аталған тараптармен шарттық қатынастарды, бұл тараптарға берілетін сыйақыны автордың қаламақысына зиянын тигізбейтіндей және оның құқықтарын бұзбайтындай етіп жасауға міндеттенеді.
Шарттың нысаны болып табылатын туындымен жұмыс жасау мақсатында үшінші тараптарды шақыру мүмкіндігі, авторлық шарттың кез-келген түрі үшін айрықша құқық болып табылады. Автор мұндай тең авторлыққа келісім бермеуге құқылы. Автор келісім берген жағдайда тең авторлық шарттардың, авторлық сыйақыға тиетін әсерін, титрдағы көрсетулерді және басқа нәрселерді алдын-ала ескертуі қажет).
б) Тұжырымдаманың Тапсырысшы бекіткен нұсқасының негізінде Туындының бірінші сериясының сценарийлық кадр бөлінісін жасауға және Тапсырысшыға тұжырымдаманың нұсқасын бекіткен кезден бастап ____ күннен кешіктірмей ұсынуға;
в) Тапсырысшы сценарийлық кадр бөлінісін бекіткеннен кейін ___ күн ішінде жасалған Туындының бірінші режиссерлік кадр бөлінісін ұсынуға;
г) Осы шарттың талаптарын жария етпеуге;
(Мәліметтердің құпиялығы туралы жағдайлар авторлық келісімдер үшін аса маңызды емес, алайда көптеген продюсерлер оны сыйақы мөлшерін жасырып қалдыру үшін қосады. Егер де шартта оның талаптарын жария етпеу жөнінде тармақ көрсетілсе, мұндай міндеттемені бұзғаны үшін, шартты бұзуға болатындай жауапкершілікті жүктеу керек).
ғ) Шарттың қолданыстағы бүкіл мерзімі ішінде Тұжырымдаманың бекітілмеген нұсқаларын пайдалану құқығын Тапсырысшының келісімінсіз ешкімге бермеуге;
д) ‡шінші тараптардың тікелей сценарийге байланысты барлық талаптарын, (бұл талап-тілектер осы баптың «ә» тармағында ескертілген) өзгерістерге қатысты болғаннан басқа реттерде, Продюсерді араластырмай, өз бетінше шешуге міндетті.
3.3. Қолданыстағы заңдардың ережелерінен туындайтын құқықтардан басқа, Тапсырысшы:
а) Автор ұсынған Тұжырымдама нұсқаларының бірін бекітуге;
ә) ұсынылған Тұжырымдама мен кадр бөлігіне қайта өзгерістер мен түзетулерді енгізуді талап етуге және жалпы көркемдік Тұжырымдаманы бұзбайтын, Автордың беделіне нұқсан келтірмейтін қайта түзетулерді енгізу үшін Автордың келісімімен өз қалауынша үшінші тараптарды шақыруға құқылы.
3.4. Тапсырысшы:
а) осы шартқа сәйкес Автордың жұмысына ақы төлеуге;
ә) Автор ұсынған Тұжырымдама нұсқаларын қарауға және оларды Автор ұсынған кезден бастап _____ күн ішінде қалаған нұсқасын таңдауға, қажетті өзгерістердің маңызы және өзге де негізделген шешім жасауға;
б) Автор сценарийлық және режиссерлік кадр бөліністерін ұсынған кезден бастап ______ күн ішінде ұсынылған жұмысты бекіту және қажетті өзгертулерді қарауға және негізделген шешім жасауға;
(Ескерту. Осы мерзім біткенге дейін Тапсырысшы Авторға өзінің жазбаша ескертпелерін жібермесе, онда жұмыс ұсынылған қалпында қабылданды деп есептеледі).
в) үшінші тараптарды сценариймен жұмыс істеуге тарту және түсіру тобының шығармашылық құрамының мүшелерін шақыру жөнінде Авторды хабардар етуге;
г) үшінші тараптардың Автор ұсынған жұмысқа және кейінірек Автордың өзі енгізген қайта жөндеулерге тікелей қатысы жоқ барлық талаптарын Авторды араластырмай, өз бетінше шешуге;
ғ) қажетті жағдайда тұжырымдаманы жасау үстінде авторлық құқықтың қорғалатын объектілерін пайдалануға, көрсетілген объектілерді немесе олардың үзінділерін пайдалануға тиісті құқық иелерімен өз бетінше және өз есебінен шарттар жасасуға;
д) осы шарттың талаптарын жария етпеуге міндетті.
4. Ақы төлеу жағдайлары
Осы шартта көрсетілген жұмыстарды орындағаны үшін, Авторға тиесілі жалпы сома ақы төленерден бір күн бұрынғы ММВБ құны бойынша __________ АҚШ долларына тең болатын, теңге мөлшеріндегі соманы құрайды.
Бұл соманың есебінен Тапсырысшы шартқа қол қойған кезден бастап жарты ақшасын ______ күн ішінде Авторға ___________ АҚШ доллары көлемінде аванс төлейді, Тапсырысшы сценарийлық кадр бөлігін бекіткен соң ___________ доллар, қалған соманы режиссерлік кадр бөлінісін бекіткен соң береді.
Сыйақы Автордың банктегі есепшотына аударылған жағдайда мұндай аударымның барлық шығындарын Тапсырысшы көтереді.
5. Ерекше талаптар
Осы шартты орындауға байланысты Автор өзінің тұрғылықты мекен-жайынан сапарға шықса, Тапсырысшы оған күніне ___________ теңге көлемінде тәулікақы төлейді. Жол шығынына сәйкес Автордың ұсынуымен расталған барлық көлік шығындарын өтейді. Автордың осы шарт бойынша барлық телефон арқылы сөйлесулерінің, факсті, телеграфты, телексті және басқа да хат-хабар алмасуды пайдаланудың қаржысын көтереді.
6. Шартты өзгерту, толықтыру немесе бұзу
6.1. Осы шарттың барлық өзгерістері мен толықтырулары тараптардың екі жақты келісімі нәтижесінде заңды күшіне енеді. Келісімдер жазбаша түрде жасалып, екі тараптың қолы қойылады. Барлық өзгерістер мен толықтырулар осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескерген жаңа редакцияны қабылдау бұрынғы редакциялардың заңды күшін жояды.
6.2. Егер де:
а) Автор Продюсердің жазбаша келісімінсіз үшінші тараптарды тұтас сценариймен немесе оның бір бөлігімен жұмыс істеуге тартса;
ә) сот шешімі негізінде Автордың сценарий жазудағы адал еместігі танылса;
б) Автор осы шарттың 3.2.- бабының «г», «ғ» тармақтарын бұзса,
Тапсырысшы шартты бұзуға және Автордан осы шарт бойынша төленген соманы өндіріп алуға құқылы.
6.3. Тапсырысшы 3.4.- тармақтың «д» тармақшасын орындамаған немесе Тапсырысшының Автордың құқықтарын сақтамау, Автордың жұмысын үшінші тараптарға пайдалануға беру және сол сияқты адал еместігін сот таныған жағдайда, Автор өзіне төленген барлық соманы сақтай отырып, шартты бұзуға құқылы.
6.4. ҚР АҚ және СҚ туралы заңы 15-бабының 2-тармағына (кері шақырып алу құқығы) сәйкес Автор тапсырысшыға барлық шығындарды өтеп, туындыны жариялатпай кері қайтарып алуға құқылы. Бұрын дайындалған даналарын Автор өз есебінен алады.
7. Даулар
Тараптар осы шартты орындауға байланысты туындайтын дауларды келіссөздер арқылы шешуге міндеттенеді.
Дауларды бейбіт жолмен шешудің мүмкіндігі болмаған жағдайда олар жауапкердің орналасқан жеріндегі соттың қарауына жіберіледі. Даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық кесілулеріне сәйкес шешіледі.
Осы шарт 2 дана етіп жасалды. Бір данасы Авторда, бір данасы Продюсерде болады.
Тараптардың мекен-жайлары, банктегі деректері, қолдары қойылып, мөрлері басылады, шартты жасасудың орны мен уақыты көрсетіледі.
Құрастырылған жағдайға қайта оралсақ: тапсырыс шартында сипатталған Продюсердің талаптарына сәйкес Автор сценарий әзірледі. Алайда Продюсердің түсірулерге жедел кірісуі үшін қаржылай және техникалық мүмкіншіліктері жеткіліксіз, тіпті фильмді түсіруді жүзеге асыруға сенімі жоқ. Мұндай жағдайда тараптар шетелде кеңінен қолданылатын, қазақстандық тәжірибеде орын ала бастаған опцион шартын немесе алдын-ала шарт жасасу мүмкіндігін қолдана алады. Бұл шартқа сәйкес, Автор белгілі бір төлемақы алып, өз сценарийін шартта көрсетілген белгілі бір уақытқа дейін үшінші тараптарға ұсынбай, Продюсер үшін «ұстап тұруға» міндеттенеді. Егер осы уақыт ішінде Продюсер қаржы тапса, онда Автор сценарий мен болашақ фильмді пайдалану құқығын беру туралы онымен шарт жасасуға келіседі. Опцион бойынша сыйақы, жалпы авторлық қаламақыға кіреді. Егер де сыйақы, қаламақы құрамына енбесе, онда Автор туындыға өз қалауынша иелік ететін опцион бойынша алған қаржы Авторда қалады. Опциондық шартқа, яғни алдын-ала жасалатын шартқа қатысты Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (бұдан әрі ҚР АК)390-бабының нормалары сәйкес келеді.
Алдын-ала жасалатын шартта, негізгі шарттың жасалуына жол ашатын талаптар көрсетіліп, негізгі шарттың нысаны мен маңызды талаптарының сипаттамасы берілуі тиіс. Алдын-ала жасалған шарт аяқталған соң, тараптар шарт жасасуға міндеттенетін мерзімді көрсетулері қажет. Егер мұндай мерзім белгіленбесе, онда тараптар алдын-ала жасалатын шарт жасасқан кезден бастап, бір жыл ішінде негізгі шартты жасасуы тиіс. Алдын-ала жасалатын шарттың нысаны негізгі шартқа заңды тұрғыдан қойылатын талаптарға қатысты болады. Мұндай нұсқау болмаса, алдын-ала жасалатын шарт жазбаша түрде жасалуы тиіс. Алдын-ала шарттың жасалатын нысанын сақтамау салдары, шарттың күшін жойған деп саналады.
ҚР АК-тің 390-бабының 6-тармағы алдын-ала жасалатын шарттың күшін жою туралы нормаларды қамтиды. Іс жүзінде екі жағдай бар: алдын-ала жасалатын шарттың орындалуы (негізгі шарттың жасалуына) және мерзімі бітуіне байланысты тоқтатылуы.
Опциондық шарт әдетте қысқа мерзімге жасалады, бұл заңнама нұсқауларына ғана емес, сонымен қатар сценарийдің «жедел бұзылатын өнім» екендігіне де байланысты. Мұндай шарт бойынша сыйақы әрқашан белгіленген сомада көрініс табады. Шарттың әрекет етуі таралатын аумақты болашақ дыбыс-бейнежазу өнімінің болжамды «сатылу» аймағы, дұрысы бүкіл әлем елдері деп көрсеткен абзал.
ШАРТ
(опциондық шарт немесе алдын-ала жасалатын шарт)
Бір тараптан Жарғының негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Продюсер» делінетін _________________________________ атынан __________________________ және екінші тараптан, бұдан әрі Автор делінетін ____________________________ мынадай шарт жасасты.
Автор, түпнұсқа туынды түріндегі әдеби сценарийдің иесі (авторы) болып табылады. Продюсер Автор сценарийінің негізінде фильм түсіреді.
Түсірулердің басталу мерзімі көрсетілмегендіктен, Продюсердің ниетін қамтамасыз ету үшін, Автор өзі жасаған сценарийді, кинематографиялық пайдаланудың айрықша құқығын Продюсерге береді, Продюсер оларды қабылдап алады. Бұл - айрықша құқық, Продюсерге ________ ай мерзімге осы шартқа екі тарап қол қойған кезден бастап немесе тараптар арасында Автордың сценарийі бойынша фильмді түсіру мен пайдалану жөнінде авторлық шарт жасалғанға дейін беріледі.
(Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 390-бабының 4-тармағына сәйкес, егер алдын-ала жасалатын шартта мерзім белгіленбесе шарт алдын-ала жасалған кезден бастап бір жыл ішінде жасалуы тиіс).
Көрсетілген мерзім ішінде Продюсердің жазбаша келісімінсіз Автордың өз сценарийін үшінші тараптардың дәл солай пайдалануы үшін беруге құқығы жоқ.
Автордың жазбаша келісімінсіз осы шарт бойынша алған құқықтарын толығымен немесе ішінара Продюсердің үшінші тараптарға беру құқығы жоқ.
Продюсер осы шартта көрсетілген құқықтарды бергені үшін Авторға ________________ теңге көлемінде сыйақы төлейді. Егер Продюсер аталған сыйақыны Автордың есепшотына аударса, осыған байланысты банк операцияларының барлық шығынын Продюсер көтереді.
Осы шарт жоғарыда айтылған авторлық шарттың жасалуына байланысты бұзылса, бұл сыйақы авторлық қаламақыны есептеуде ескеріледі.
Егер шарттың мерзімі бітсе және Продюсер фильм түсіру жөніндегі өзінің ниетінен бас тартса, онда сыйақы Авторда қалады. Шартқа сәйкес қабылданған міндеттемелер, Продюсердің кінәсінен орындалмай шарт бұзылса, сыйақы Авторда қалады.
Шартта бекітілген міндеттемелер Автордың кінәсымен орындалмай шарт бұзылса, Автор шартқа сәйкес алған сомаларын Продюсерге қайтарып беруге міндетті.
Шартты орындауға байланысты туындаған барлық дауларды тараптар келіссөздер арқылы шешуге міндеттенеді. Егер келісімге қол жеткізілмесе, онда талап-арыз жауапкердің орналасқан жеріндегі сотқа жіберіліп, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаралады.
Шарт __________ данада жасалады, оның біреуі Авторда, біреуі Продюсерде болады.
Тараптардың мекен-жайлары, банк деректемелері, қолдары қойылып, мөрлері басылады, шарттың жасалған орны мен уақыты көрсетіледі.
Жоғарыда үлгісі келтірілген шарттың келесі кезеңі немесе құрамдас бөлігі ретінде жасалған сценарийді пайдалану құқығын беру туралы келісім ғана тараптар үшін заңды болып табылады.
Бір жағынан сценарийді кинематографиялық немесе соған ұқсас құралдар арқылы пайдалану құқығы дыбыс-бейнежазу туындысын жасауға тікелей қатысты болады. Сценарий – оның авторының дыбыс-бейнежазу туындысының жалпы «өніміне» қосқан үлесі. Шартта сценарийдің нәтижесі оның негізінде түсірілген фильмнің нәтижесінен бөлек қаралуы, сценарий мен тұтас фильмге берілетін құқықтардың мерзімі, аумақтары әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ іс жүзінде сценарийді кинематографиялық тұрғыдан пайдалану құқығын беру туралы шарттар тек сценарий негізінде дүниеге келетін дыбыс-бейнежазу туындысын пайдалану құқығын берумен бір мезгілде жасалады. Сондықтан төменде дыбыс-бейнежазу туындысын жасау мен пайдалану жөніндегі шарттардың бірнеше нұсқасы ұсынылып отыр.
ШАРТ
(дыбыс-бейнежазу туындысын жасау мен пайдалану жөніндегі шарт)
Жарғы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Продюсер» деп аталатын ____________________________________________ студиясы атынан _____________________________ және бұдан әрі «Автор» деп аталатын __________________________________ мекен-жайы бойынша тұратын __________________________ берген жеке куәлігінің № __________________, ____________________ осы шартты жасасты.
1. Шарт нысанасы
Автор түпнұсқаның туынды ретінде танылатын сценарий иесі болып табылады. Бұл сценарийді кинематографиялық тұрғыдан пайдаланудың айрықша құқығын Автор, Продюсерге береді, ал Продюсер бұл құқықты алдын-ала «____________________________» деген атау қойылған фильмді жасау үшін сценарийдің өзін қабылдап алады. Продюсер бұл құқықты үшінші тараптарға Автордың жазбаша келісімі негізінде береді. Осыдан басқа, Автордың сценарийі бойынша Продюсердің қатысуымен жасалатын фильмді пайдалану жөніндегі ҚР АҚ және СҚ туралы заңның 13-бабында көрсетілген құқықтарды Автор Продюсерге береді.
2. Мерзімі мен аумағы
Осы шарт оған екі тарап қол қойған кезден бастап күшіне енеді.
Сценарийді кинематографиялық тұрғыдан пайдаланудың айрықша құқығы Продюсерге шарттың заңды күшіне енген кезінен бастап, ________ жылға беріледі.
Бұл сценарий бойынша түсірілген фильмді пайдалану жөніндегі ҚР АҚ және СҚ туралы заңның 13-бабында көрсетілген айрықша құқықтарды Автор, Продюсерге осы фильмді пайдалану жөніндегі авторлық құқықтың бүкіл әрекет ету мерзіміне береді және жер бетінің барлық аумағына таралуына рұқсат етеді.
Сценарийді пайдалану құқығын беру мерзімін тараптар тиісті нормативтік-құқықтық кесімдерге сәйкес анықтайды. Студия жабылған немесе Продюсер (жеке тұлға) қайтыс болған жағдайда, шартты тоқтатуға апаратын, заңда көзделген басқа да реттерде, фильмге авторлық құқық оның тең авторларына, яғни сценарийшіге, режиссерге және сазгерге мұрагерлері мен мирасқорларына көшеді. Автор Продюсермен оған фильмге құқықты тұтасымен қайта беру жөнінде шарт жасай алады. Егер шарт жасалмаса, фильмді пайдалану құқықтары Продюсерге тиесілі болады. Тиісті авторлық мерзім біткен соң қоғамдық игілікке айналады.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Шартта, сондай-ақ төменде келтірілген барлық авторлық шарттарда тараптардың құқықтары мен міндеттерінің көлемі туралы келісім маңызды болып табылады. Тараптардың құқықтары мен міндеттері шартта көрсетілмей дау туындаса тараптар куәгерлікке арқа сүйей алмайды.
(Әдетте, бір тараптың құқықтары, келесі тараптың міндеттерінде көрініс табады. Сондықтан тараптардың бір-бірінен талап ету мүмкіндігін қалайтын, бір қарағанда ұсақ-түйек айғақтар ретінде көрінетін барлық нәрсе шарттың осы тармағында көрсетілуі тиіс).
3.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген құқықтардан басқа, Автор:
а) сценарийдің барлық талқылауларына қатысуға;
ә) режиссерлік сценарийді жасау ісіне, қоюшы-режиссер мен актерге көріністерді, кейіпкерлердің бейнелерін, оқиғаның өту барысын және т. б. түсіндіруге кеңестер беріп, түсіру тобының жұмысына араласуға;
б) киноматериал мен түсіріліп біткен фильмді талқылауға қатысуға;
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 |


