Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
5. Продюсердің міндеттері
5.1. Берілген құқықтар үшін Продюсер Тең авторларға осы шартқа қол қойған кезден бастап _________________ күн ішінде __________________ теңге мөлшерінде бір жолғы сыйақы төлеуге міндетті.
(Шартта көзделген сыйақыны тең авторлар арасында бөлу шарттың өзінде белгіленуі мүмкін, немесе ҚР АҚ және СҚ туралы заңы 10-бабының 2-тармағындағы келісім арқылы анықталуы мүмкін).
5.2. Продюсер Тең авторлардың аты-жөндерін Фильмнің ақырғы титрлерінде көрсетуге міндетті.
5.3. Продюсер Фильмді кез-келген тұрғыда пайдаланса, сондай-ақ дыбыс-бейнежазу туындысының данасын және оны пайдалануға құқықтарды эфирлік немесе кабельдік хабар тарату, кино тарату ұйымдарына және басқа да пайдалануға берумен бір мезгілде мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаруды жүзеге асыру үшін, Тең Авторлар мен Туынды туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді.
6. Құқықтарды ұжымдық негізде басқару
Осы шарттың 1.1.-тармағына қарамастан, Сазгер ҚР АҚ және СҚ туралы Заңы 13-бабының, 3-тармағына сәйкес дыбыс-бейнежазу туындысын, оның ішінде эфирге беріп немесе кабель арқылы тарату кезінде өз Туындысының көпшілік үшін орындалғандығына пайдаланушыдан авторлық сыйақы алу құқығын сақтап қалады.
7. Жауапкершілік
7.1. Фильмді пайдалануға Продюсер шарттар жасасқаннан басқа реттерде, шарт бойынша алған құқықтары мен міндеттерін екінші тараптың жазбаша түрдегі келісімінсіз беруге құқығы жоқ.
7.2. Осы шартты орындауға байланысты үшінші тараптармен барлық қатынастарда Продюсер өз атынан әрекет етеді. Продюсердің үшінші тұлғалармен келісімдері бойынша Тең авторлар жауапкершілік алмайды.
7.3. Осы шарт бойынша реттелмеген барлық мәселелер, оның ішінде осы шартты орындамаса немесе ойдағыдай орындамаса, жауапкершілік Қазақстан Республикасы қолданыстағы Заңнамасына сәйкес шешіледі.
8. Даулар
Осы шарттан туындаған дауларды тараптар келіссөздер арқылы реттей алмаса Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотқа жүгіну арқылы шешіледі.
9. Қорытынды ережелер
9.1. Шарт оған тараптар қол қойған кезден бастап күшіне енеді.
9.2. Осы шарт жасалғаннан кейін оның алдындағы келіссөздер мен осы шартқа қатысты мәселелер бойынша хабар алмасулар күштерін жояды.
9.3. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде енгізіліп, тараптардың қолдары қойылады.
9.4. Мекен-жайлары немесе басқа да деректемелері өзгерген жағдайда тараптар бұл жөнінде бірін-бірі хабардар етуге міндетті.
Осы шарт _____ж. “_____” ______________ 2 данада _____________ тілінде / тілдерде жасалды.
Продюсердің мекен-жайы, есеп шоты, қолы мен мөрі, Тең авторлардың мекен-жайлары, төлқұжат деректері, қолдары қойылып көрсетіледі.
Көптеген жағдайларда бұрын жасалған музыкалық туындының авторымен, сол туындыны өзгертпей, автордың мүліктік және өзіндік мүліктік емес құқықтарына нұқсан келмейтіндей шарт жасалады. Мұны авторлық құқық теориясында “туындыға қол сұқпау құқығы” деп атайды.
Сондықтан сценариймен жұмыс көп жағдайда оның әдеби түпнұсқасы авторының қатысуымен немесе бақылауымен жүргізіледі. Бірақ іс жүзінде дүниеден өткен авторлардың, қоғам игілігіне айналып үлгермеген туындыларын экранға шығару жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда құқықты иемдену жөніндегі шарт автордың мұрагерлерімен жасалады. Осы негізде жоғарыда айтылған өзіндік мүліктік емес құқықты қорғау кезінде мұрагерлер өкілеттіктерінің шегі туралы мәселе туындайды. Яғни, әдеби шығармашылыққа қатысы жоқ мұрагердің, сценарий жазу процесіне белсене кірісіп, мұра қалдырушының туындысына қол сұқпауды қадағалайтындығын желеу етіп, әйтпесе шартты бұзатындығын, әдеби түпнұсқаны экранға шығаруға жол бермейтіндігіне қатысты сотқа жүгіну жағдайлары жиі ұшырасады. Сондықтан шартта әр тараптың өкілеттігі мен ортақ жұмыс тәртібі анық көрсетілуі тиіс.
ШАРТ
(әдеби туындыны экрандау құқығын беру жөнінде)
___________ қаласы 20___ “____”_____________
Бір тараптан бұдан әрі «Автор» деп аталатын _____________________________________ және екінші тараптан Жарғы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Продюсер» деп аталатын ___________________________ атынан __________________________ осы шартты жасасты.
1. Шарт нысанасы
1.1. Автордың «__________________________» романын (бұдан әрі (аты)
Туынды) экрандау айрықша құқығын Автор береді, ал Продюсер қабылдайды.,
1.2. Осы шарттың негізінде экрандау құқығы деп (сценарий авторы - _______________) мен қайта жасалған Туындыны, түрі ___________________, жанры _________________, режиссері ____________________, ұзақтығы _____________ “________________________________” деген алдын-ала атауы бар дыбыс-бейнежазу туындысын (бұдан әрі - Фильм) кинематографиялық тұрғыдан пайдалану құқығы туындайды.
1.3. Продюсер осы шарт бойынша алған құқықтарын үшінші тұлғаларға тек Автордың жазбаша рұқсатымен қайта бере алады.
1.4. Осы шарт бойынша Туындыға тікелей берілмеген барлық құқықтар Авторда қалады.
1.5. Фильмге барлық құқықтар оның авторымен жасалған шарттардың негізінде Продюсердің иелігінде болады. Автор Фильмге қандай да бір құқықтардан, соның ішінде Продюсердің оны пайдаланудан тапқан табыстарынан пропорционалды сыйақы алмайды.
2. Кепілдіктер
2.1. Автор Туындының авторы екендігіне, осы шарттың 1-тармағына сәйкес Продюсерге берілетін құқықтардың, осы секілді айрықша емес құқықтардың үшінші тұлғаларға қайта берілмейтіндігіне, үшінші тұлғалардың тарапынан Туындыға (авторлық құқықтар, ар-намысты, абырой-ожданды, беделді қорғау, коммерциялық немесе жеке құпияны жария етпеу мәселелері, т. б.) тікелей қатысты талаптар туындаса, Продюсерді қатыстырмай шешетіндігіне кепілдік береді.
2.2. Продюсер осы шарттың 1-тармағына сәйкес алған құқықтарын тек осы шарттың негізінде пайдаланатындығына, үшінші тұлғалардың тарапынан тұтас Фильмге немесе оның құрамдас бөлігіне айналған жеке туындыларға, соның ішінде әдеби сценарийге қатысы бар, бірақ Туындыға тікелей қатысы жоқ талаптар туындаса, оларды Автордың құқығына нұқсан келмейтіндей етіп шешетіндігіне кепілдік береді.
3. Мерзімі мен аумағы
Осы шарт оған тараптар қол қойған кезден бастап күшіне енеді және ________ жыл бойына қолданыста болып, ҚР аумағында әрекет етеді.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Автордың құқықтары.
Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген құқықтардан басқа, Автор:
4.1.1. сценарийдің жазылу процесін бақылауға, жеке кейіпкерлер мен көріністерді түсіндіру жөнінде кеңестер беруге;
(Көзқарастар үйлеспеген жағдайда Автордың пікірі шешуші болады).
4.1.2. Жазылып біткен сценариймен танысуға, өзінің беделін қорғау құқығын қамтамасыз етудің ауқымында сценарийге ескертпелер жасауға және қайта өңдеуді талап етуге құқылы.
4.2. Продюсердің құқықтары.
Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген құқықтардан басқа, Продюсер:
4.2.1. Әдеби сценарийді жазу үшін өз қалауы бойынша сценарий авторын, кеңесшілерді, диалогтар авторын және басқа тұлғаларды шақыруға;
4.2.2. Тиісті шарттардың негізінде әдеби сценарий мен тұтас фильмді өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
4.3. Автордың міндеттері.
4.3.1. Осы шарттың қолданыста болу мерзімінде және оның барлық әрекет ету аумағы бойынша үшінші тұлғаларға берілген құқықтарды беруге құқығы жоқ.
4.4. Продюсердің міндеттері.
4.4.1. Туындыны осы шарттың ауқымында пайдалануға;
4.4.2. ‡шінші тұлғалармен өзінің келісімдік қатынастарын Автордың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмейтіндей және оның жағдайын осы шартта көрсетілгеннен нашарлатпай құруға;
4.4.3. Осы шарт бойынша алған құқықтарын Автордың жазбаша түрдегі рұқсатынсыз өзгелерге бермеуге міндетті.
5. Есеп айырысулар
5.1. Осы шарттың 1-тармағына сәйкес құқықтарды бергені үшін Продюсер Авторға ________________ теңге мөлшеріндегі сыйақыны мынадай тәртіппен төлейді:
Осы шартқа екі тарап қол қойған сәттен бастап ______ күн ішінде ___________ % (аванс);
әдеби сценарий қабылданғаннан кейін _______ күн ішінде _________ %;
фильм өндіріске жіберілгеннен кейін ________ күн ішінде _________ %;
5.2. Автордың әдеби сценарий жазу немесе түсіру тобының жұмысына қатысу қажеттігі болса, бұл іс-шара қосымша сыйақы негізінде және тараптар жасасатын жеке шарттар бойынша жүзеге асады.
6. Жауапкершілік
Осы шарт бойынша өз мойындарына алған міндеттемелерді орындамаған немесе ойдағыдай орындамаса тараптар ҚР АҚ және СҚ туралы Заңына сәйкес жауапкершілік алады.
7. Шартты өзгерту мен бұзу жағдайлары
7.1. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тек тараптардың ортақ келісіміне сәйкес енгізіледі. Олар жазбаша түрде ресімделіп, осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
7.2. Осы шарт оның 3-тармағында көрсетілген әрекет ету мерзімі аяқталуына байланысты тоқтатылады.
7.3. Осы шарт екі тараптың ортақ ниетіне сәйкес бұзылуы мүмкін.
7.4. Осы шарттың адам еркінен тыс жағдайларға байланысты өзгертілуі мен бұзылуының барлық жағдайлары ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралады.
7.5. Продюсер:
а) сот Авторда Туындыны жасаудағы адал еместігін таныса;
ә) Автор осы шарттың 4.3.1.-тармағын бұзса, шарт бойынша төленген соманы өндіріп алуға құқылы.
7.6. Продюсер осы шарттың 4.4.3.-тармағын бұзса Автор осы шартты біржақты бұзып, 5-тармаққа сәйкес өзіне төленуге тиісті ақыны талап ете алады.
7.7. Продюсер Авторға қатысы жоқ себептермен Фильмді жасаудан бас тартса, Автор осы шарттың 5.1.-тармағында көрсетілген ақыны алу құқығын сақтайды.
7.8. Автор Продюсердің фильмді жасап шығару және/немесе таратуға кеткен барлық шығындары мен шартты бұзу нәтижесінде айырылып қалған пайдасы өтелген жағдайда шартты бұза алады.
7.9. Шарттың бұзылу жағдайында сценарийге барлық құқықтар Авторға қайтарылады.
8. Ерекше жағдайлар
Автордың аты-жөні фильмнің басқы титрлерінде, сондай-ақ фильмді жасап шығаруға, жарнамалауға, көбейтуге және жалға беруге байланысты барлық жарнамалық-ақпараттық материалдарда сценарийшінің аты-жөнімен қатар (ілгері не кейін) тура сондай өлшемдегі әріптермен көрсетіледі. Бұл ескерту «_____________________ романы бойынша» деген тұжырымда келтіріледі.
Қайта өңдеудің деңгейіне байланысты автор «________________________ романының желісі бойынша» деп көрсетуді, ал кей жағдайда өз аты-жөнін титрден алып тастауды талап етуі мүмкін.
9. Даулар
Осы шартты орындауға байланысты туындаған барлық дауларды тараптар келіссөздер арқылы шешуге міндеттенеді.
Дауларды бейбіт жолмен реттеу мүмкін болмаса, олар жауапкер орналасқан жердегі соттың қарауына беріледі және ҚР қолданыстағы материалдық және процессуалдық заңнамасының нормаларына сәйкес шешіледі.
10. Қорытынды ережелер
10.1. Осы шартта реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының негізінде шешіледі.
10.2. Осы шарт екі данада _________________ тілінде/тілдерінде жасалған, тараптарға бір-бірден тапсырылады. Екі дананың заңдық күші бірдей.
10.3. Осы шарт қолданысқа енгеннен кейін барлық алдын-ала келісімдер мен хат-хабар алмасулар күшін жояды.
Тараптардың мекен-жайлары, банк деректемелері, қолдары қойылып, мөрлері басылады, шарттың жасалған орны мен уақыты көрсетіледі.
ҚАРАЖАТ ТАРТУ Ж¤НІНДЕГІ
ШАРТТАР ТУРАЛЫ
Дыбыс-бейнежазу туындысын жасау, үлкен ақшалай шығындарды қажет етеді. Продюсердің фильмді жасап шығаруы мен тарату процесін түгелдей өз бетінше қамтамасыз ету мүмкіндігі өте сирек кездеседі. Сондықтан түсірулер үшін қаржы іздестіру көбіне фильмді қатарға қосудағы ең маңызды әрі шешуші фактор болып табылады. Бұрын кино өндірісі мемлекеттің құзырында болды. Сондықтан қаржыландырудың негізгі көзі мемлекеттік бюджет болатын. Фильмдерді түсіруге қажетті қаражатты Мемлекеттік кино құрылымы бөлетін. Жалпы мемлекеттік қаржыландырудың өз жеңілдіктері бар және көптеген шетелдік Продюсерлер мен инвесторлар мемлекет тарапынан қолдау таппаған жобаны қаржыландырудан бас тартады.
Сондықтан мемлекеттік қаржыландырудың үлесін кемітіп, оны шын мәнінде қажет салаларда ғана негізгі қайнаркөз ретінде қалдырып (дебют-фильмдер, киношежіре және т. б.), басқа қаражатты келесі бағыттар бойынша іздестіру ұсынылады:
- тұтынушыдан: кинобилеттерді сату; сатылған немесе жалға алынған бейнетаспалар; ақылы арналарды пайдаланғаны үшін абоненттік төлем; кинокөрсетілімдер кезіндегі жарнамалық уақытты сату; киноәдебиет пен оған қосымша тауарларды сату; қызмет түрлерін сату (көрермендерге кинозалдарда қызмет көрсету);
- фильмдер мен қызмет түрлерін сатудан: отандық телеарналар (мемлекеттік және жекеменшік); шетелдік телеарналар; шетелдік дистрибьютерлер; шетелдік киноөндірушілер;
- шетелдік қаржы көздері: шетелдік фирмалармен бірлесіп өнім шығару; мәдени жобаларды қаржыландыратын шетелдік қорлардың, қоғамдық және басқа ұйымдардың көмегі; Қазақстандық кино, бейне, тележобаларға жеке инвестицияларды тарту; шетелдік фирмалардың есебінен кинотеатрларды салу және қайта жөндеу; шетелдік қаржы ұйымдарының несиелері;
- телеарналармен бірлескен қызмет: бірлескен өнім, қызмет түрлерін ұсыну; өткен жылдардың фильмдерін пайдалану;
- жеке инвестициялар: киноөндірісті қаржыландыру; кино жүйесін қаржыландыру (кинотетрларды салу мен қайта жабдықтау): дистрибьютерлік қызметті қаржыландыру; кинокәсіпкерлік қызметке жұмсалатын несиелер; демеушілік пен меценаттық әдістерді қолдану тиімді.
ШАРТ
(дыбыс-бейнежазу туындысын жасап шығару,
қаржыландыру және пайдалану жөнінде)
Осы шарт _____ж. «____» ______________ күні «_______________» (бұдан әрі мәтін бойынша – “Продюсер”) пен «________________» арасында (бұдан әрі «Инвестор») жасалды.
1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Туынды – шығармашылық еңбекпен және Продюсер шақырған шығармашылық және техникалық қызметкерлердің техникалық көмегімен жасалған түпнұсқа, бұрын жасалмаған дыбыс-бейнежазу туындысы. Бұл туынды жалпы жұрт назары үшін эфирлік және кабельдік, ақылы немесе ақысыз мемлекеттік (қоғамдық) әйтпесе жеке меншік телеарналарда хабарлау жолымен пайдалануға, сондай-ақ бейнетасымалдаушылармен таратуға (рұқсат етілген пайдалану) арналған “__________________” деген шартты атауы бар бағдарламалар сериясы болып табылады.
Туындының бірнеше нұсқасы жасалады, олардың әрбірі авторлық құқықтың объектісі болып табылады және тіркелуі, сақтауға берілуі әрі жеке пайдаланылуы мүмкін.
Туындының бастапқы нұсқасы _________________________ тасымалдаушыға түсірілген (түпнұсқа), жалпы ұзақтығы _________ минуттан кем, _____________ минуттан артық емес, әрбірінің ұзақтығы _________ минуттан артық, __________ минуттан кем емес сериялардан тұратын түрлі-түсті және ақ-қара түсті кадрлардың сабақтас жиынтығы болып табылады. Бұл нұсқаны Продюсер Туындының ақырғы нұсқасына айналдыру үшін оның бастапқы әдеби материалы (көркемдік тұжырымдамасы) негізінде жасайды.
Бастапқы әдеби материал авторлық құқықтың объектісі болып табылады, оған барлық құқықтарды заңның күшіне қарай және/немесе бұл әдеби материалды жасаушымен шарт негізінде Продюсер иемденеді. Бастапқы әдеби материалды Продюсерге шарт бойынша жалданған тұлға жасайды, оның соңғы нұсқасын тиісті жағдайларда режиссердің, сондай-ақ шақырылған Продюсердің келісімі бойынша Продюсер бекітеді.
Туындының соңғы нұсқасы оның бастапқы нұсқасының негізінде жасалған, тасымалаушыға (түпнұсқа) түсірілген, рұқсат етілген қолданысқа әзір, аяқталған дыбыс-бейнежазу туындысы болып табылады. Туындының соңғы нұсқалары Туындыны пайдаланушылармен шарт ережелеріне сәйкес жасалады. Егер Туындының ақырғы нұсқасын жасау үшін арнайы жасалатын немесе бұрыннан бар қосымша дыбыс-бейнежазу материалдары қажет болса, Продюсер тапсырыс беруді немесе оларға құқықтарды заңды түрде алуды қамтамасыз етеді және олар Туындының соңғы нұсқасына енгізіледі.
Жарнамалық ролик Туындының бастапқы нұсқасы негізінде ______________________ тасымалдаушысында ұзақтығы _________ минуттан артық, ________ минуттан кем емес, туындыны насихаттау мен таныту үшін жасалған, аяқталған дыбыс-бейнежазу туындысы. Жарнамалық ролик мұндай пайдаланудан тікелей пайда табу мақсатында іске қолданылмайды.
Осы шарттың мәтінінде нұсқасы көрсетілмеген “Туынды” атауы деп Туындының бастапқы және соңғы нұсқаларына қатысты жалпы ережелер түсініледі.
Фильмнің жалпы және аралық сметалары Туындының бастапқы және соңғы нұсқаларын жасау мен таратуға байланысты барлық, оның ішінде күтпеген шығындар да, нақты шығындардың есебі мен негіздемесі болып табылады. Жалпы және аралық сметаларды Продюсер жасайды, олар Инвестормен келісіледі. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда Продюсердің пікірі шешуші болады.
Күнтізбелік жоспар жұмыстардың жүргізілу орны мен уақыты және бұл үшін қажетті материалдар мен жабдықтар көрсетілген әрбір (дайындық, өндірістік және монтаждау) кезең кестесінің сипаттамасы ретінде көрінеді.
Күнтізбелік жоспар мен сметалар осы шарттың ажырамас бөлігі және осы шарт бойынша Инвестордың өз міндеттерін орындауының негізгі құжаты болып табылады. Адам еркінен тыс жағдайлардың (форс-мажор) ықпалымен бұзылатын реттерде болмаса, тараптар жоспар мен сметалардан ауытқымауға міндеттенеді.
Адам еркінен тыс жағдайлар (форс-мажор) - тараптарға байланысты емес себептерден туындаған және олар алдын алуы немесе тосқауыл қоюы мүмкін болмаған жағдайлар. Жалпы ережелер бойынша мұндай жағдайларға өрт, зілзала, су тасқыны, аурудың таралуы, апаттар, жарылыстар, бақытсыз жағдайлар, ереуілдер немесе өндірістік процестің тоқтатылуы, қауіп-қатерлер, жаппай жұмыстан шығарулар, тәртіпсіздіктер, тұрғындардың азаматтық толқулары, эмбарго, төтенше немесе әскери жағдай, мобилизация жариялау, сондай-ақ билік пен басқарудың муниципалдық немесе мемлекеттік ұйымдары, сот және сот-орындаушы органдары тарапынан жасалатын іс-әрекеттер жатады.
2. Шарттың нысаны
Тараптардың Туындыны жасап шығару, қаржыландыру және пайдалану жөніндегі бірлескен қызметі осы шарттың нысаны болып табылады.
3. Бірлескен қызмет пен міндеттерді бөлісу
Фильмді жасап шығару, қаржыландыру және пайдалану жөніндегі бірлескен қызмет Тараптардың Туындыны бастапқы және соңғы нұсқаларын осы шартта рұқсат етілген барлық тәсілдермен жасауға, көбейтуге, жарнамалауға және пайдалануға бағытталған жекелеген, сондай-ақ көп мәрте іс-әрекеттерін жүзеге асыру барысында тараптар арасындағы негізгі міндет бөлінісі, шығармашылық және қаржы салаларын ажыратудан көрінеді. Міндеттерді бөлісуге сәйкес өзгерістер тараптардың жазбаша түрде ресімделген келісімінің негізінде енгізіледі.
Бірлескен қызметтің шығармашылық бөлігін Продюсер өз мойнына алады. Бірлескен қызметтің қаржылық бөлігі Инвесторға жүктеледі.
3.А. Бірлескен қызметтің шығармашылық жағы.
Осы шартқа сәйкес Продюсердің міндетіне мыналар кіреді.
3.А.1. Туындыны жасап шығарудың дайындық кезеңін ұйымдастыру:
а) бастапқы әдеби материалға (Туындының көркемдік тұжырымдамасына) тапсырыс беру;
ә) Туындыға бұрыннан бар, қорғалатын туындыларды және олардың үзінділерін қосу арқылы пайдалану құқықтарын іріктеу және иемдену;
б) Туындыға бұрыннан бар, сабақтас құқық объектілерін қосу арқылы пайдалану құқықтарын іріктеу және иемдену;
в) Туындыда пайдаланылуы немесе аталып өтуі мүмкін азаматтық құқықтардың басқа да объектілерін пайдалануға құқықтарды иемдену;
г) Туындыны жасау үшін шығармашылық топ жасақтау;
ғ) Туындыны жасау үшін техникалық топ жасақтау;
д) қажетті мамандар мен кеңесшілерді шақыру;
е) Туындының бастапқы және соңғы нұсқаларының жалпы және аралық сметаларын жасау;
ж) өндірістік кезеңдегі жұмыс жүргізудің күнтізбелік жоспарын жасау;
з) өндірістік кезең үшін қажетті техника мен жабдықтарды алу және жалдау;
и) Туындыны жасап шығару үшін қажетті қызмет көрсету түрлерін таңдау;
к) Туындының режиссерлік тұжырымдамасын жасау;
қ) Туындыға құрамдас бөлік ретінде қосуға қажетті авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін жасауға тапсырыс беру;
л) Продюсердің дайындық кезеңіндегі қызметі бойынша тіркеу мен есеп беруді жүзеге асыру;
3.А.2. ¤ндірістік процесті ұйымдастыру;
а) түсірулерді жүргізу үшін баспана жалдау;
ә) аталған баспананы қажетті саймандармен жабдықтау;
б) Туындыны жасап шығарудың күнтізбелік жоспарын сақтауды қамтамасыз ету;
в) түсіру тобының шығармашылық және техникалық құрамының барлық қажетті мүшелерінің қатысуын қамтамасыз ету;
г) түсірулер кезеңінде кеңестер мен түсініктемелер беру үшін қажетті мамандарды шақыру;
ғ) алынған және жалданған материалдар мен жабдықтарды тиісінше қоймаға қою мен сақтауды қамтамасыз ету;
д) түсірілген материалдарды тиісінше тіркеу мен сақтауды қамтамасыз ету;
е) алынған және жалға алынған материалдар мен жабдықтарды сақтандыру;
ж) _______________________________ сақтандыру;
з) түсірілген материалдарды сақтандыру;
и) түсіру тобының шығармашылық және техникалық құрамының еңбек етуіне қалыпты жағдайлар жасауды қамтамасыз ету;
к) шақырылған мамандар мен кеңесшілердің еңбек етуіне қалыпты жағдайлар тузғызу;
л) түсірулер аяқталған соң әр күн сайын түсірілген материалдардың көрілімін ұйымдастыру;
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 |


