Фильмнің белгіленген ұзақтығы: ______________________
Тақырыбы:____________________________________________
Фильмнің атауы (алдын-ала және түпкілікті): ____________________________________________________________
Түпнұсқа версия _________________ тілінде және/немесе ______________ тілдерінде
ә) Фильмнің басқа авторлары туралы қосымша мәліметтер
Жазушы ________________________________________ шығармасы негізінде. (егер сөз экранға шығару жөнінде болса)
Сценарий авторы:
Бейімделу авторы:
Диалогтар авторы:
Музыка авторы:
б) техникалық шарттар:
Пайдаланылатын тасымалдаушылар мен материалдар;
Формат (түсірулер кезінде және бастапқы пайдалану үшін)
Монтаждау-дыбыстау жүйесі (көрініс пен дыбыс)
Ең аз метраж
Бюджет
Дайындау, түсіру және монтаждау-дыбыстау кезеңінің ұзақтығы (фильмнің әр қойылымдық сатысына кететін күн саны)
ІІІ. Режиссердің өкілеттігі
Режиссер өзінің бүкіл кәсіби біліктілігін фильмді жасауға жұмсауы тиіс.
а) режиссер мынадай шығармашылық функцияларды қамтамасыз етеді.
___________________ фильмнің қойылымын дайындауға қатысады;
___________________ сценарийлық кадр бөлінісін жасайды және безендіру, киіндіру және сол сияқтыларға басшылық жасап, бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді;
__________________ кинотүсірулерді басқаруды және актерлердің жұмысын ұйымдастырады;
__________________ музыканы таңдайды және оған тапсырыс береді;
__________________ монтаждау-дыбыстау және басқа да жұмыстарға, фильмнің түпкілікті версиясын шығарғанға дейін басшылық етеді.
Жоғарғыда көрсетілген барлық жағдайларда, фильм жасауды көркемдік және техникалық басқару Режиссердің айрықша құзырында болады.
Орындаушыларды, техникалық құрам мен негізгі шығармашылық қызметкерлерді, түсірулерді жүргізу орынын, студияларды және т. б. таңдау режиссер мен Продюсердің ортақ келісімі бойынша жүзеге асады.
Түсірулердің жұмыс жоспары Режиссер мен Продюсердің ортақ келісімі негізінде жасалуы тиіс.
ә) фильмді монтаждау кезіндегі режиссердің орны:
- фильмнің түпкілікті нұсқасын Режиссер Продюсермен келісе отырып жасайды;
- Режиссердің келісімінсіз фильмнің түпкілікті нұсқасына толықтырулар, алып тастаулар немесе қандай да бір бөліктерді ауыстыру жолымен ешқандай да өзгерістер енгізілмейді.
Продюсер фильмнің шетел тілдеріндегі, әсіресе дубляж жасалған және субтитрленген нұсқаларының сапасын бақылауға, барлық қажетті мүмкіндікте жұмсауға міндетті.
Фильмнің түпкілікті нұсқасының көріністік негативі немесе дыбыс жолының ешқандай бөліктерін Продюсер Режиссердің келісімінсіз пайдалана алмайды.
IV. Құқықтар көлемі
Бұл бөлімде Режиссердің Продюсерге беретін дыбыс-бейнежазу туындыларына құқықтары анықталады.
Шартта берілетін құқықтар мен дыбыс-бейнежазу туындысын пайдаланудың түрлері дәл көрсетіліп, егжей-тегжейлі сипатталуы тиіс. Пайдаланудың әрбір түрі үшін берілетін құқықтарды аталған мемлекетте әрекет ететін заң жүйесіне сәйкес анықтаған жөн.
Құқықтарды Продюсердің игілігіне беру заң жүзінде бекітілген елдерде мұндай берілімнің шектері өте дәл анықталып, берілуге жататын немесе заңда белгіленген презумпцияға қатысты құқықтар мұқият саралануы тиіс.
Шартта Режиссер Продюсерге тікелей бермеген барлық құқықтар, Режиссерде қалады.
Фильмге қатысы бар, бірақ дыбыс-бейнежазу саласына қатыссыз құқықтарды беру жөнінде жеке шарттар жасалуы тиіс.
Мүліктік емес құқықтар шарт бойынша немесе басқа жолмен де берілмейді.
V. Сыйақы
Шартта Режиссерге түсіру тобының жетекшісі ретінде төленетін жалақы немесе сыйақының және оған дыбыс-бейнежазу туындысының авторы ретінде төленетін сыйақы немесе қаламақысының арасындағы айырмашылықтарды белгілеу қажет.
а) жалақы:
Режиссер жалақы ретінде алатын сыйақы аталған мемлекетте әрекет ететін еңбек заңдылығы нормаларына және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес болады. Шартта фильмнің қойылымдық басталу және аяқталу мерзімдері, фильм түсірудің әр кезеңінің дәлме-дәл ұзақтығы, міндетті түрде алдын-ала көрсетіледі.
б) авторлық сыйақы:
Режиссерге дыбыс-бейнежазу туындысының авторы ретіндегі сыйақы Продюсердің бұл туындыны пайдаланудың барлық түрінен және барлық жағдайынан түсірген табысынан пайыздық төлемдер шартта белгіленеді.
Бұл сыйақы фильмді кез-келген пайдаланудан тапқан Продюсердің тікелей немесе жанама бүкіл табысынан есептеліп беріледі.
Пропорционалды сыйақының мөлшері үлкен болады.
Пропорционалдық сыйақының пайыздық мөлшері туындыны пайдаланудың әрбір түрі бойынша жеке-жеке анықталады және пайдаланудың жекелеген түрлері бойынша бұл мөлшер басқа түрлеріне қарағанда біршама көп болуы мүмкін.
Режиссер өз туындысының кез-келген пайланудың әрбір жағдайында, пропорционалды сыйақы алуы үшін оны тағайындау кезінде дыбыс-бейнежазу туындысын пайдалану жөніндегі келіссөздерді жүргізу барысында режиссердің мүддесін сақтауға және фильмді пайдалану құқығын қолайлы жағдайлармен беруге міндетті.
VI. Мерзімі
(Продюсер Режиссермен қосымша келісім жасамай, фильмді пайдалану құқығын иемденетін мерзімді анықтау кезінде ұлттық ішкі қолданыстағы заңнамаға сүйенуі мүмкін. Қазіргі уақытта әртүрлі мемлекеттерде бұл мерзім әрқалай белгіленген).
Фильмді түсіріп, бітіру мерзімін алдын-ала белгілеген жөн. Бұл мерзім бұзылған жағдайда Режиссерге әрекет еркіндігі және барлық авторлық құқықтар қайтарылады. Бұл жағдайда ол бұрын төленген сомалардың барлығын өзіне қалдырады. Сонымен қатар айып шаралары ретінде өзіне шарт бойынша тиесілі сомалардың барлығын талап етуге құқылы.
VII. Фильмді пайдалану кезіндегі тараптардың міндеттері
Продюсер өзіне дыбыс-бейнежазу туындысын кеңінен таныту (оның әртүрлі фестивальдардың конкурстық бағдарламаларына қатыстырылуы) үшін жеткілікті барлық жағдайларды, оны кәсіби дәстүрлерге сәйкес нақты және адал пайдалануды қамтамасыз ету міндеттемесін алады.
Режиссердің аты-жөні фильмге қатысы бар кез-келген жарнамалық және басқа да ақпарат шартта белгіленген жағдайларға сәйкес көрсетілуі тиіс.
Продюсер дыбыс-бейнежазу туындысының түпкілікті нұсқасының бастапқы немесе эталондық көшірмелерін жою жөніндегі шешім қабылданса Режиссер бұл материалдарды алуға құқылы, Продюсер бұл материалдарды Режиссер бас тартқаннан кейін жоя алады.
Продюсер Режиссерге жылына бір реттен кем емес, дыбыс-бейнежазу туындысын пайдалану жөнінде барлық растайтын қаржылық құжаттарды тіркей отырып, есеп береді. Продюсер Режиссердің туындыны пайдалануға қатысты кез-келген сұранысына жауап беруге міндетті. Режиссер Продюсердің үшінші тұлғалармен осы туынды жөнінде жасасқан барлық шарттарымен танысуға, сондай-ақ туындыға жоғарыда көрсетілген құқықтық әрекеттерді жүзеге асыру кезінде Режиссер кез-келген тұлғаға Продюсердің алдында өзінің сенімді өкілі болуды тапсыра алады.
Продюсердің дәрменсіздігі (банкротқа ұшырауы) жағдайында Режиссер, егер бұған осы мемлекеттің қолданыстағы ішкі заңнамасымен тыйым салынбаған болса, шартты бұзуға құқылы.
VIII. Құқықтарды ұжымдық негізде басқару
Продюсер шарт жасалған сәтте тиесілі болған немесе берілген барлық құқықтарды, сондай-ақ Режиссер мүшесі болып табылатын, автордың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқару жөніндегі қоғамдарға немесе Режиссер көрсеткен кез-келген басқа ұйымға берілуі мүмкін немесе берілетін құқықтарды мойындауға міндетті.
“Қосалқы” деп аталатын барлық құқықтар (жеке көшірмелеу, кабель арқылы бір мезгілде таратқаны үшін сыйақы, туындының даналарын жалға беру, даналарды пайдалануға ұсыну және т. б.) ұжымдық негізде басқару жөніндегі қоғамдардың айрықша құзырында болады және оларды Режиссер Продюсерге бере алмайды.
Шарт құқықтарды ұжымдық негізде басқарудың мүмкіндігі міндетті түрде берілген жағдайда жасалады және шартта ешбір нәрсе авторлық-құқықтық қоғамдардың қазіргі және келешектегі қатысуына кедергі келтірмеуі тиіс.
Автордың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқарудың мүмкіндігі қарастырылған шарт авторлық-құқықтық қоғамдарға дыбыс-бейнежазу туындысының ақырғы пайдаланушылармен тікелей байланысуға жағдай туғызады.
XI. Айып шаралары
Шарттың талаптары сақталмаған және ол бұзылған жағдайда Режиссерге әрекет еркіндігі мен фильмге авторлық құқықтың барлығы қайтарылады.
Дыбыс-бейнежазу туындысының
авторы – сазгермен жасалатын
ШАРТ туралы
Фильм үшін арнайы шығарылған музыканың авторы – сазгер дыбыс-бейнежазу туындысы авторларының тізіміндегі ең соңғы тұлға болып табылады. Мұндай тұжырым Продюсер мен Автордың арасында жасалатын тапсырыс шартының негізінде қалыптасады.
Сазгердің ерекше жеңілдіктері бар. Себебі бүгінгі күні дыбыс-бейнежазу саласындағы автордың осы категориясына ғана қатысты автордың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқарудың жүйесі қалыптасқан. Дүние жүзінде мұндай игіліктерді сазгерлер ғана емес, режиссерлер де, ал кейбір елдерде қоюшы-операторлар (Германияда) және киноөндірісін ұйымдастырушылар (Францияда) пайдаланады. Автордың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар немесе қаламақыны жинау мен бөлу жөніндегі қоғамдар, қолданыстағы ұлттық заңнамаға сәйкес құрылады. Кинематография авторлары, кейбір жағдайларда Продюсерлер де мұндай ұйымға олардың дыбыс-бейнежазу туындыларын пайдаланғаны үшін сыйақыны қадағалау мен жинау жөніндегі өкілеттікті береді.
Көптеген елдерде қоғамдық ұйымдар жеке бақылап отыруы қиын құқықтарды басқарады. Мысалы, бұған пайдаланудың қосалқы рыногы деп аталатын телевидениенің (әсіресе, шағын кабельдік жүйелер, бейнетаспалар, жеке көшірмелер және т. б.) қатысы бар. Бірақ бірқатар елдерде, мәселен Испанияда ұжымдық негізде басқару бастапқы рынокта, фильмді залдарда көрсету кезінде жүзеге асырылады. Құқық иелері өзінің барлық туындыларына, соның ішінде болашақта жасалатын туындыларына құқықтарын береді. ҚР АҚ және СҚ туралы Заңында қоғамдардың ұжымдық негізде басқару үшін алған туындыларының және сабақтас құқықтарының объектілерін пайдалануға құқығы жоқ екендігі арнайы көрсетілген. Егер продюсерлер мұндай қоғамға қатыспаса, онда дыбыс-бейнежазу туындысын жасау жөнінде шарт жасасу сатысында-ақ, авторлар дайындаушыға өзінің мүшелігі туралы ескертеді және шарт ұжымдық негізде басқару жөніндегі арнайы ескертпелермен түзіледі. Оған авторлық қоғам өкілінің қатысуымен қол қойылады. Шарттың бір түпнұсқасы авторлық қоғамда сақталады.
Осылайша құқықтар берілген барлық туындылар қоғамның репертуарын құрайды. Бұдан басқа, мүдделердің өзара өкілеттестігі жөнінде шарт жасасқан шетелдік қоғамдардың репертуарындағы барлық туындыларға да өкілдік жасайды. Мұнан кейін қоғам дыбыс-бейнежазу туындыларын пайдаланушылармен (бұл арада телевизиялық арналармен, бейнесалондармен және т. б. деген мағынада) лицензиялық шарт жасасады. Соның негізінде репертуардың барлық туындыларын пайдалануға рұқсат алады.
№ ШАРТ
Бір тараптан бұдан әрі «Сазгер» деп аталатын _________________________ және екінші тараптан, _________________________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі қарай «Продюсер» деп аталатын __________________________ атынан _________________________ осы шартты жасасты.
1. Шарт нысаны
1.1. Сазгер ____________________________________________
(жанры, алдын-ала атауы, фильмнің тең авторлары)
дыбыс-бейнежазу туындысын пайдалану үшін музыкалық туындыны (бұдан әрі - Туынды) жасайды және Продюсерге дыбыс-бейнежазу туындысына оны қайта шығаруға, таратуға және көпшілік үшін орындауға, оның ішінде кабель арқылы хабарлауға, эфирге және кез-келген басқа да көпшілік үшін хабарлауға айрықша құқықтарды Продюсерге береді.
1.2. Туындыны Сазгер дыбыс-бейнежазу туындысының тұжырымдамасы мен шығармашылық түпкі ойына сәйкес Продюсер дайындаған жазбаша түрдегі тапсырыстың негізінде жасайды. Туындының көлемі ___________ минуттан аспайды.
1.3. Туындыны Продюсерге ______ж. «_____» _____________ кешіктірмей ұсынылады.
1.4. Туынды Продюсерге мынадай түрде ұсынылады:
___________________________________________________________
(магнитофон лентасындағы, ДАТ-таспадағы жазбалар, клавир және т. б.)
___________________________________________________________
1.5. Осы шарт бойынша тікелей берілмеген барлық құқықтар берілмеген болып саналады.
1.6. Сазгер Туындыны белгілі бір ұйымда тіркеуден өткізу кезінде, Туындыны дыбыс-бейнежазу жұмысына пайдалану құқықтары Продюсерге берілгендігін көрсетуге міндеттенеді.
2. Мерзімі мен аумағы
Осы шарттың 1.1.-тармағында көрсетілген құқықтар авторлық құқықтың әрекет ету мерзімі бойынша дыбыс-бейнежазу туындысына беріледі және әлем елдерінің барлық аумағында қолданыста болады.
3. Туындыны қабылдау мен пайдалану тәртібі
3.1. Продюсер Туындыны алған күннен бастап ________ күн ішінде Сазгерге туындыны мақұлдау не жаратпау, әйтпесе оны жетілдірудің қажеттігі жөнінде жазбаша түрде хабарлайды.
Егер аталған мерзім ішінде Продюсер сазгерге өз шешімі жөнінде хабарламаса, онда Туынды мақұлданған деп саналады.
3.2. Туындыны жаратпаған жағдайда осы шарттың әрекет етуі тоқтатылады, Сазгер осы шарттың талаптары бойынша алдын-ала төленген соманы өзінде сақтап қалады.
3.3. Туындының аранжировкасын жасауды (оркестрге лайықтауды) Сазгер дербес жүзеге асырады. Бұл жұмыс жалданған тұлғаның немесе Продюсердің күшімен орындалады.
Егер Туындының аранжировкасын жасауды Сазгердің өзі жүзеге асырмаса, онда Туындыны қайта өңдеуге тиесілі құқық 1.1.-тармаққа енгізіледі. Шарттың мәтінінде Сазгердің жасаған аранжировкасын мақұлдау жөніндегі өкілеттігі анықталады.
3.4. Фонограмманы жазу __________________________ жүргізіледі.
Фонограмманы жазу шығындарын ______________________ көтереді.
3.5. Продюсер осы шарт талаптарына сәйкес Туындыны пайдалану кезінде оны бұрмалауға, Сазгердің беделіне нұқсан келтіретін басқа да іс-әрекеттерге жол бермейтіндігіне кепілдік береді.
3.6. Туындыдағы барлық өзгерістер, қысқартулар мен толықтырулар (аранжировка жасау мен оркестрге лайықтау) тек Сазгердің жазбаша түрдегі келісімімен енгізіледі.
3.7. Продюсер дыбыс-бейнежазу туындысын кез-келген жағдайда пайдалану кезінде Сазгердің аты-жөнін бастапқы және ақырғы титрлерде, сондай-ақ кез-келген жарнамалық және ақпараттық материалдарда авторлардың бірі ретінде көрсетуге міндеттенеді. Продюсер дыбыс-бейнежазу туындысының данасы мен оны пайдалануға құқықтарды эфирлік және кабельдік хабар тарату, кинотарату ұйымдарына және басқа да пайдаланушыларға ұсынумен бір мезгілде мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаруды жүзеге асыру үшін, Сазгер мен Туынды туралы мәліметтерді беруге міндеттенеді.
4. Есеп айырысулар
Туындыны жасағаны және оны пайдалануға айрықша құқықтарды бергені үшін Продюсер Сазгерге келесі мөлшерде және мына тәртіппен сыйақы төлейді.
1) Осы шартқа қол қойылған соң __________ күн ішінде төленетін ________________ теңге мөлшеріндегі қайтарымсыз кепілдік аванс;
2) Продюсер туындыны мақұлданған соң _______ күн ішінде ____________ теңге мөлшерінде бір жылғы сома түрінде төленетін негізгі сыйақы.
5. Құқықтарды ұжымдық негізде басқару
Осы шарттың 1.1.-тармағындағы ережелерге қарамастан, сазгер ҚР АҚ және СҚ туралы заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес, дыбыс-бейнежазу туындысын пайдалану, оның ішінде эфир немесе кабель арқылы беру кезінде Туындысының көпшілік алдында орындалғаны үшін пайдаланушылардан авторлық сыйақы алуға құқылы.
6. Жауапкершілік
6.1. Сазгер:
- егер ол жасаған Туынды тапсырыста көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе;
- егер Сазгер Туындыны осы шарттың 1.3.-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынбаса;
- егер сот Туындыны жасаудағы Сазгердің адал еместігін таныса, өзіне алдын-ала төленген ақыны Продюсерге қайтарып беруге міндеттенеді.
6.2. Продюсер дыбыс-бейнежазу туындыларын пайдалану жөнінде шарттар жасасқаннан басқа реттерде, бір тарап осы шарт бойынша алған құқықтары мен міндеттерін екінші тараптың жазбаша түрдегі келісімінсіз бере алмайды.
6.3. Осы шартты орындауға байланысты үшінші тұлғалармен өзара қатынастарда Продюсер өз атынан көрінеді. Сазгер Продюсердің үшінші тұлғалармен келісімдеріне қатысты жауапкершілік алмайды.
7. Даулар
Осы шарттан туындайтын дауларды тараптар келіссөздер арқылы реттей алмаса Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының негізінде сотқа жүгіну тәртібімен шешіледі.
8. Қорытынды ережелер
8.1. Шарт тараптар қол қойған кезден бастап заңды күшіне енеді.
8.2. Осы шарт жасалғаннан кейін оның алдында жүргізілген келіссөздер мен осы шарт реттеген мәселелер бойынша хат алмасу күшін жояды.
8.3. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде енгізіліп, екі тараптың да қолдары қойылады.
8.4. Осы шартта реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңының негізінде шешіледі.
8.5. Мекен-жайлары мен реквизиттері өзгерген жағдайда тараптар бұл жөнінде бір-біріне хабарлауға міндетті.
20___ “____” ______________ 2 дана етіліп ___________________ тілінде / тілдерінде жасалады.
Продюсердің мекен-жайы, есепшоты, қолы мен мөрі.
Сазгердің мекен-жайы, жеке куәлігінің (төлқұжат) мәліметтері, қолы.
Қосымша: Продюсердің тапсырысы.
Бұрын жасалған туындылардың авторларымен мәмілелер туралы
ШАРТ
(бұрын жасалған музыкалық туындыны дыбыс-бейнежазу туындысында пайдалануға құқықтарды беру жөнінде)
Бір тараптан бұдан әрі “Тең авторлар” деп аталатын музыка Авторы _______________________ мен мәтін Авторы (мәтінді музыкалық туынды үшін) және екінші тараптан Жарғы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі “Продюсер” деп аталатын ______________________ атынан ____________________________________________________________
осы шартты жасасты.
(Музыка авторы мен сөз авторы мәтінді музыкалық туындының (ән, романс, кантата және т. б) тең аворлары болып табылады. Егер мәтінді музыкалық шығарма дыбыс-бейнежазу туындысына арналып жазылған болса, онда ҚР АҚ және СҚ туралы заңының 13-бабының 1-тармағы бойынша тұтас алғанда сазгер ғана фильмнің авторына айналады. Ал, мәтін авторының тек өз туындысына (музыкалық туындыға арналған сөз) құқығы болады. Егер фильмде бұрын шығарылған ән пайдаланылса, онда продюсермен қатынас барысында музыка авторы мен сөз авторы толық мәнінде тең авторлар ретінде көрінеді).
1. Шарт нысанасы
1.1. Тең авторлар Продюсерге өздері бұрын жасаған, ұзақтығы __________ минут, __________________________ мәтінде музыкалық туындысын (аты)
немесе оның үзінділерін (бұдан әрі қарай – Туынды) Продюсердің бастамасымен жасалып жатқан “__________________________” деген алдын-ала атауы бар дыбыс-бейнежазу туындысына (бұдан әрі қарай Фильм) (сценарий авторы - _____________________ режиссері - ____________________ ) пайдалануға құқықтарды береді.
(Шарттың нысаны мүліктік құқықтардың бір бөлігін беру болып табылатындығына назар аударыңыздар. ҚР АҚ және СҚ туралы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес осы шарт бойынша берілетін құқықтар айрықша емес сипатта болады. Себебі шартта, керісінше жағдай тікелей қарастырылмаған. Яғни тең авторлар кез-келген уақытта осындай құқықтарын өздерінің музыкалық туындысы ретінде басқа фильмде пайдалану үшін өзге продюсерлерге айрықша құқықтар ретінде беруге мүдделі. Алайда біріншіден, олар қымбатқа түседі, екіншіден, шарт жасасу кезінде тараптар бұл терминді қосуды ұмытып кетіп жатады, сөйтіп өздерін айрықшаландырудан айырылып қалады).
1.2. Осы шарттың мазмұнында пайдалануға берілетін құқықтар деп фильмдегі туындыны қайта шығаруға, таратуға, көпшілік үшін орын дауға, оның ішінде кабель арқылы жалпы жұрт назары үшін хабарлауға, эфирге беруге және басқа да кез-келген көпшілік үшін хабарлауға құқықтар түсініледі.
1.3. Осы шарт бойынша тікелей берілмеген барлық құқықтар тең авторларда болады.
2. Мерзімі мен аумағы
Осы шарттың 1-тармағында көрсетілген құқықтар Фильмге авторлық құқықтың әрекет ету мерзімінде Продюсердің иелігіне өтеді және әлем елдерінің бүкіл аумағына таралады.
3. Ерекше жағдайлар
3.1. Тең авторлар осы шартқа қол қойылған кезден бастап ________ күн ішінде Продюсерге туындыны мынадай түрде ұсынады: ____________________________________________________________
(магнитофон лентасындағы, ДАТ-таспадағы, жазбалар, клавир, т. б.)
3.2. Продюсердің бастамасымен фильмді жасау үшін Туындыны жаңадан жазу қажет болған жағдайда жұмыстар Продюсердің есебінен жүзеге асырылады.
3.3. Туындыны Фильмде пайдалану үшін оның аранжировкасын жасау, оркестрге лайықтау немесе басқаша қайта өңдеу қажет болса, онда Тараптар қайта өңдеуге құқықтарды беру және Тең авторлардың Туындыны қайта жасауға қатысуы мәселелерін реттеу үшін осы шартқа қосымша келісім жасайды.
4. Кепілдіктер
4.1. Тең авторлар, туынды авторлары болып табылатындықтарына (егер Туынды белгілі бір ұйымда тіркелген болса, онда куәліктің нөмірін көрсетуге немесе оның көшірмесін осы шартқа тіркеуге болады) және осы шарттың 1-тармағына сәйкес берілетін құқықтар өздеріне тиесілі әрі үшінші тұлғалардың талаптарынан тәуелсіз екендігіне кепілдік береді.
4.2. Туыныдыға және оған құқықтарға тікелей байланысты даулар туындаған жағдайда Тең авторлар оларды өз бетінше, Продюсерді қатыстырмай шешеді.
4.3. Продюсер Туындыны Фильмде пайдалану кезінде оны бұрмалауға, Тең авторлардың беделіне нұқсан келтіретін басқа да әрекеттерге жол бермейтіндігіне кепілдік береді.
4.4. Үшінші тұлғалардың тарапынан Туындыға тікелей қатысы жоқ талаптар туындаса Продюсер оларды өз бетінше, Тең авторларды қатыстырмай шешуге міндеттенеді.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 |


