м) Туындыны түсіру барысында мүліктік, сондай-ақ өзіндік мүліктік емес сипаттағы азаматтық құқық объектілеріне құқықтарды сақтауды қамтамасыз ету;
н) өндірістік кезеңдегі шығармашылық қызметтің тіркелуі мен есептілігін қамтамасыз ету;
3.А.3. Туындының бастапқы нұсқасын монтаждау кезеңін ұйымдастыру:
а) Туындының бастапқы нұсқасын монтаждау үшін (алдыңғы кезеңдерге қатыспаған) шығармашылық және техникалық қызметкерлерді, сондай-ақ басқа да мамандар мен кеңесшілерді таңдау және шақыру;
ә) Туындының бастапқы нұсқасын монтаждауды жүзеге асыру үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету;
б) барлық түсірілген материал мен құрастырылатын нұсқаның сақталуы мен тіркелуін қамтамасыз ету;
в) Туындының бастапқы нұсқасын монтаждауды жүзеге асыруға қатысты күнтізбелік жоспардың тиесілі бөлігін сақтауды қамтамасыз ету;
г) Туындының бастапқы нұсқасын монтаждауға қатысушылардың еңбек етуі мен тынығуы үшін қалыпты жағдайларды жасау;
ғ) Туындының бастапқы түпнұсқасын осы шарттың 1-тармағында белгіленген сипаттамаларға сәйкес жасау;
д) Туындының бастапқы түпнұсқасын сақтандыру;
е) Монтаждау кезеңіндегі қызметтің тіркелуі мен есептілігін қамтамасыз ету;
3.А.4. Туындыны жарнамалауды және пайдалануды ұйымдастыру:
а) тұтынушыларға көрсету мақсатында және Туындыны жарнамалау мен танытуға басқаша да пайдалану үшін Туындының бастапқы нұсқасының негізінде жарнамалық ролик жасау;
ә) Туындының жарнамалық материалдарын жасау мен тарату;
б) Туындыны жарнамалау мен таныту үшін қажетті кеңесшілерді тарту;
в) Туындыны телебазарларда және тұтынушылардың немесе дистрибьютердің алдында көрсету;
г) Туындының соңғы нұсқаларын пайдалануға құқықтарды беру жөнінде шарт жасасу;
ғ) Туындының соңғы версияларының түпнұсқаларын нақты тұтынушылармен шартқа сәйкес жасау;
д) Туындының соңғы нұсқаларының көшірмелерін әзірлеу;
е) Туындының соңғы нұсқаларының көшірмелерін тарату;
ж) Туындының соңғы версияларының түпнұсқаларын сақтандыру;
и) Туындыны тіркеу, даналарын сақтауға беру және басқа да міндеттемелерді орындау;
к) Туындының ақырғы нұсқаларын пайдалану жөніндегі нақты шарттардың тоқтатылуына байланысты барлық қажетті іс-әрекеттерді жүзеге асыру;
қ) Туындыны жарнамалау мен пайдалану жөніндегі қызметтің тіркелуі мен есептілігін қамтамасыз ету.
(Ескерту:
1. Осы міндеттерді жүзеге асыруға байланысты Продюсер үшінші тұлғалармен шарттар жасасады, олар осы шартқа қосымша ретінде рәсімделеді. Осы шарттың ережелеріне толық сәйкес келген жағдайда бұл қосымшалар заңды күшке ие болады және осы шарттың ажырамас бөлігі болып саналады.
2. Осы шартты орындау мақсатында Продюсердің үшінші тараптарымен жасасқан шартқа сәйкес кез-келген төлемдерді жүзеге асыру үшін Инвестордың есепшотын көрсетеді.
3. Түсіру тобының шығармашылық және техникалық құрамын, монтаждау тобын жасақтауды, мамандарды, кеңесшілерді және қажетті қызметтерді тартуды Продюсер өз бетінше немесе үшінші тұлғалармен шарттар негізінде шешеді. Егер Продюсер тартқан жеке немесе заңды тұлғалардың жоғарыда көрсетілген шарттар бойынша міндеттемелерін орындауға байланысты әрекеттеріне қатысты үшінші тұлғалардың тарапынан талаптар туындаса, Инвестордың араласуынсыз және оған ешқандай да нұқсан келмейтіндей етіп шешіледі).
3.А. Туындының нұсқаларын тіркеуді, оның даналарын сақтауға беру және басқа да міндеттерді орындауды Продюсер заңға сәйкес жүзеге асырады. Мұндай әрекеттерді жасау Туындыға авторлық құқықтық немесе оны қорғаудың пайда болуына байланысты немесе Туындыны кез-келген пайдаланудың объектісі болып табылатын жағдайларда көзделеді.
3.Б. Бірлескен қызметтің қаржылық жағы.
Осы шартқа байланысты Инвестордың міндеттеріне мыналар кіреді:
а) бірлескен қызметті жүзеге асырудағы барлық шығындарды төлеу;
ә) осы шарттың әрекет ету мерзімінде бірлескен қызметтің бухгалтерлік есебімен есептілігін жүргізу;
б) бірлескен қызметтен түскен пайданы осы шартқа сәйкес есептеу және бөлу;
в) бірлескен қызметтен туындаған залалдарды осы шартқа сәйкес есептеу және бөлу;
г) заңнамада белгіленген барлық салықтар мен алымдарды төлеу.
(Ескерту:
Бірлескен қызметті жүзеге асыру барысындағы барлық шығындарды Инвестор Продюсердің жалпы және аралық сметаларды, есеп қағаздарын, бірлескен қызметті орындау үшін өзіне алған белгілі бір қаржылай
міндеттемелерді және т. б. көрініс тапқан үшінші тұлғалармен шарттарды ұсынуы бойынша төлеп, қажетті соманы Продюсер көрсеткен есепшотқа аударады. Бұдан басқа, осы шарттың 3.А.-бабына ескертудегі 3-тармақта көрсетілген жағдайлардан өзге реттерде, Инвестор барлық күтпеген шығындарды да, оның ішінде сот шығындарын, сот шешімі бойынша айыппұлдар мен өтемақыларды төлейді).
4. Тараптардың өзара қарым-қатынастары
4.1. Продюсер мен Инвестор өзара бір-бірімен және үшінші тұлғалармен қатынастарын бір тараптың осы шартқа байланысты әрекеттері мен міндеттемелері келесі тарапқа моральдық немесе мүліктік нұқсан келтірмейтіндей етіп құруға міндеттенеді.
4.2. Мұндай жол беру бірлескен қызметке, оның шығармашылық және қаржылық нәтижелеріне, тараптардың өздеріне немесе үшінші тұлғаларға нұқсан келтірмейтін жағдайда, тараптар өздерінің осы шартты орындауға байланысты құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға толық немесе ішінара беруде туындауы мүмкін.
4.3. Осы шартты орындауға байланысты туындаған барлық дауларды, тараптар келіссөздер арқылы шешуге міндеттенеді.
5. ¤зара есеп айырысулар
5.1. Осы шартты орындауға байланысты барлық қаржылық қызмет көрсетулер Инвестор және оның есепшоты арқылы жүргізіледі. Бірлескен қызметті және Туындыны пайдалануды жүзеге асыруға, ең алдымен Туындыны пайдалануға байланысты барлық түсімдер (осы шарттың 1-қосымшасын қараңыз) Инвестордың есепшотына аударылады және заңнамада белгіленген салықтар мен алымдар төленгеннен кейін тараптар арасында мынадай ретпен бөлінеді.
Жалпы табыс сомасынан –
Инвесторға – _____%
Продюсерге – _____%
Продюсердің үлесі Инвестордың есепшотында қалады және Продюсер көрсеткен есепшотқа оның бірінші талабы бойынша аударылады.
5.2. Туындыны пайдалануға байланысты барлық шығындар мен залалдарды Инвестор есептейді және олар келесі көрсетіліммен бөлінеді.
Залалдың жалпы сомасынан –
Инвесторға – _____%
Продюсерге – _____%
(Ескерту:
Осы тармақта көрсетілген залалдарға туындыларды пайдалануға байланысты үшінші тұлғалардың күтпеген талаптары кіреді және олар Туындыны жасау мен жарнамалау жөніндегі, оның ішінде осыған сәйкес күтпеген шығындарды, сондай-ақ Туындыны пайдалануға байланысты шығындарды қамтымайды).
6. Авторлық және сабақтас құқықтар
6.1. Жасалатын Туынды, оның бастапқы және соңғы нұсқалары қолданыстағы ұлттық заңнамаға және халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқықтың объектілері болып табылады. Туындыны кез-келген тәсілмен пайдалану жөніндегі айрықша құқықтарды Продюсер иеленеді. Ол бұл құқықтарды үшінші тұлғаларға осы шарттың әрекет ету мерзімінен аспайтын мерзімге және заңнамаға сәйкес Туынды қорғалады деп саналатын аумаққа беріледі.
6.2. Продюсер Туындының бастапқы және соңғы нұсқаларының, жарнама материалдарының, жарнама ролигінің әрбір данасында заңнама мен халықаралық конвенция талаптарына сәйкес өз атауын көрсетеді. Егер Продюсер басқаша талап қоймаса, оның авторлық құқықтарының белгісі Туынды мен жарнамалық роликтің бастапқы және/немесе соңғы титрларында, сондай-ақ басқа да жарнама материалдарында көрнекті түрде және анық оқылатындай етіп орналастырылуы тиіс. Бұл белгіде «С» таңбасы, Продюсердің қысқаша атауы. Туынды нұсқасының араб немесе латын сандарымен көрсетілген бірінші шығарылымының жылы және мұны белгі салынған даналар таралатын елдің ішкі заңнамасы талап етсе, онда «Барлық құқықтар қорғалған» деген тұжырым болуы тиіс.
6.3. Туынды көптеген адамдардың шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылады. Продюсер олармен қатынастарды бұл тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері осы шарт тараптарының құқықтары және мүдделерімен қайшылыққа келмейтіндей етіп құруға міндеттенеді. Егер тиісті шартта басқаша жағдайлар тікелей көзделмеген болса, онда жалпы ереже бойынша, таратылған барлық туынды мәртебесін, осы мәртебеден туындайтын бүкіл ауыртпалықпен бірге иемденеді. Кез-келген жағдайда тараптар қызметтік туынды авторларының құқығын сақтауға міндеттенеді.
6.4. Егер осы шартты орындауға байланысты сабақтас құқықтардың объектілері жасалса, онда тараптар бұл объектілер заңнама бойынша қорғауда болатын барлық аумақтарда Туындыны пайдалану кезінде сабақтас құқық иелерінің құқықтарын, олардың көпшілік үшін орындауға сыйақы алу құқықтарын сақтауға міндеттенеді.
6.5. Туынды үшін арнайы жасалған, сондай-ақ бұрын жасалған, алайда Туындыға енгізілген музыкалық туындыларға құқықтарды, тараптар композиторлардың авторлық құқық саласындағы заңнама мен халықаралық конвенциялардан және олардың мүліктік құқықтарынан ұжымдық негізде туындайтын барлық құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
6.6. Туындыға қорғалатын, сондай-ақ қоғамдық игілікке айналған, бұрыннан бар дыбыс-бейнежазу туындыларының үзінділері енгізіледі. Туындының көркемдік және режиссерлік тұжырымдамаларының ерекшеліктерін ескеріп, Продюсер бұл үзінділерге елеулі өзгерістер енгізетін болса, Туындыға үзінділерді қосу жөніндегі құқықтардан басқа, осы шарттың 3.А.1.-бабының «ә» тармағына сәйкес Туындыға өзіндік мүліктік емес құқық иесінің немесе оның заңды өкілінің осындай өзгерістерді енгізу туралы арнайы рұқсатын алуға міндеттенеді.
7. Титрлар және үшінші тұлғаларды атап көрсету
7.1. Жоғарыда көрсетілген авторлық құқықтардың иелігін көрсетуден басқа, Туындының (бастапқы және соңғы) титрлары Туындының және/немесе оның жекелеген серияларының атауын, Туындының бастапқы немесе соңғы нұсқаларының, жарнамалық роликтің және басқа да жарнама материалдарының жасалуына қатысқан әйтпесе септігі тиген жеке және заңды тұлғалар туралы сілтемелерді қамтиды. Титрлер оқуға көрнекті етіліп орындалып, Туындыға құрамдас бөлік болып енеді. Туындының бастапқы және/немесе соңғы нұсқаларының, жарнамалық роликтің титрларының және жарнамалық материалдарға сілтемелердің барлық нақты өлшемдері (аты-жөндер мен атаулардың орналасу тәртібі, жазулардың өлшемі мен әрпі, т. б.) Продюсердің Туындыны жасау мен таратуға нақты қатысушылармен келісімдері арқылы анықталады.
7.2. Тараптар Туындының соңғы нұсқаларын жасау кезінде, осы шарттың 4.2.-тармағында көзделген құқықтар мен міндеттерді тұтастай немесе ішінара үшінші тұлғаларға берген жағдайда бұл тұлғалар туындының титрларында тиісті сілтемелердің болуын талап етуге құқылы екендігіне келіседі. Мұндай сілтемелер құқықтар мен міндеттерді беру жөніндегі келісім арқылы анықталады, (егер аталған келісімдерде өзге жағдайлар көзделмесе, жалпы ереже бойынша анықталады). Бұл үшінші тұлғалардың тікелей немесе жанама жарнамасы болып табылмайды және осы шарт тараптарының немесе басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды.
8. Шарттың уақыт пен кеңістікте әрекет етуі
8.1. Осы шарт тараптар қол қойған кезден бастап заңды күшіне енеді және Туындыға авторлық құқықтың бүкіл әрекет ету мерзімінде қолданыста болады.
8.2. Осы шарт әлем елдерінің аумағында әрекет етеді.
8.3. Осы шарт екі данада (бірі Продюсерде, бірі Инвесторда болады) жасалды, екеуінің де заңды күші бірдей.
8.4. Осы шартқа тараптардың ортақ келісімі негізіндегі өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде ресімделеді және оларға екі тараптың қолдары қойылады. Осы шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар заңды күшіне енген кезден бастап шарттың ескірген нұсқасы заңды күшін жояды.
8.5. Шарт белгілі бір ұғымдар мен жағдайларын түсіндіретін барлық қосымшалардан, шарт бойынша бірлескен қызметті қамтамасыз ету үшін тараптар жасасатын қосымша шарттардан тұрады. Осы шартқа қайшы келмеген жағдайда ғана барлық қосымшалардың заңды күші болады.
8.6. Адамның еркінен тыс (форс-мажор) жағдайлар, оның ішінде осы шартты орындауға байланысты тараптардың, сондай-ақ бірлескен қызметті қамтамасыз ету үшін Продюсер тартқан үшінші тұлғалардың жағдайын едәуір нашарлататын заң шығарушы және атқарушы органдардың кесімдерін қабылдауы орын алған кезде, тараптар бір-бірінің және бірлескен қызметтің мүдделеріне сай әрекет етуге және мүмкіндігінше жедел түрде шартты бірлескен қызметке немесе үшінші тұлғаларға залал келтіруден барынша сақтандырып, жаңа жағдайларға толық сәйкестендіруге міндеттенеді.
8.7. Осы шарт қолданыстағы заңнамалық және авторлық құқықтар мен сабақтас құқықтардың объектілерін қорғау мен пайдалану саласындағы халықаралық келісімдердің ауқымында жасалып, әрекет етеді. Жалпы ереже бойынша, осы шарттың нормалары ұлттық немесе халықаралық заңнамалардың нормаларына қайшы болса, онда кейінгілеріне басымдық беріледі. Осы шарттың нормаларын кез-келген талқылау тараптарға ортақ немесе сот органдарына тиесілі.
8.8. Тараптар осы шартты тек жазбаша түрдегі ортақ келісім бойынша бұзады. Шартты бұзу туралы шешім үшінші тұлғаларға, оның ішінде бірлескен қызметті қамтамасыз етуге байланысты немесе осы шарттың 4.2.-тармағына сәйкес шарттық қатынастарда отырғандарға, нұқсан келтірмеуі тиіс.
8.9. Шартты бұзған кезде, тараптар жеке келісім арқылы өзара және үшінші тұлғалармен күтпеген шығындарды қосқандағы барлық есеп айырысуларды, сондай-ақ авторлық немесе басқа да құқықтардың иелігін реттейді.
Тараптардың мекен-жайлары, банк деректемелері, қолдары қойылып, мөрлері басылады, шарттың жасалған орны мен уақыты көрсетіледі.
Ынтымақтастық туралы шарт
___________қаласы _____ж. «_____» _____________
_____________________________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Инвестор» деп аталатын __________________ атынан _____________________ Жарғы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Студия» деп аталатын _________________ шығармашылық-өндірістік фирмасы атынан директоры _____________________________ төмендегілер жөнінде шарт жасасты.
1. Шарт нысаны
«________________» деген шартты атауы бар деректі фильмді (сценарий авторы _________________ режиссері ________________) жасау мен пайдалану жөніндегі бірлескен қызмет шарттың нысаны болып табылады.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Инвестор Студияның есепшотына сметада белгіленетін, Студия жасайтын, осы шарттың 1-тармағында көрсетілген фильмді жасау үшін қажетті соманы аударуы тиіс.
2.2. Студия осы шарттың 1-тармағында көрсетілген фильмді жасап шығаруды, жалға беруді және басқа да пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемелерді өз мойнына алады. Студия фильмді түсіруді _____ж. «____»____________ кешіктірмей аяқтауға міндеттенеді.
2.3. Осы шарттың 1-тармағында көрсетілген қызметті тіркеуді және оның есептілігін жеке теңгерімде көрсете отырып Студия жүргізеді.
2.4. Осы шарттың 1-тармағында көрсетілген фильмді пайдаланудың барлық құқықтарға қатысты үшінші тұлғалардың талаптарын және барлық келіспеушіліктерді Студия өз бетінше, Инвесторды қатыстырмай шешеді.
2.5. Инвестор ______ ай сайын бір рет фильммен жұмыс жасаудың барысы жөнінде, ол аяқталған соң фильмді пайдалану туралы ақпаратты сұратып алуға құқылы.
2.6. Инвестор түсірілген материал мен аяқталған фильмді талқылауға қатысуға құқылы. Бірлескен қызметтің шығармашылық жағына қатысты келіспеушіліктер туындаса Студияның пікірі шешуші болып табылады.
3. Пайда мен залалдарды (шығындарды) бөлу тәртібі
Аталған фильмдерді пайдалануға байланысты барлық пайда, залал және шығыстар тараптар арасында мынадай ретпен бөлінеді:
Инвесторға – _________ %
Студияға - __________ %
4. Шарттың мерзімі
4.1. Шарт тараптар қол қойған кезден бастап күшіне енеді.
4.2. Шарт _____ж. «_____»___________ дейін әрекет етеді. (Егер фильмді пайдаланудан келетін кіріс жеткіліксіз болса, белгілі бір іс-әрекет мерзімі ішінде инвестордың салған қаржысын өтей алмайтындығы көрінсе, шарттың мерзімі фильмге кеткен шығындардың орнын инвестор толтырғанға дейін немесе шартта көрсетілген ең төменгі кепілді соманы алғанға дейін анықталуы мүмкін).
5. Тараптардың жауапкершілігі, дауларды шешу тәртібі
5.1. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе ойдағыдай орындамаған жағдайда кінәлі тарап қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен жауапкершілік алады.
5.2. Тараптар осы шарт бойынша барлық дауларды келіссөздер арқылы шешуге міндеттенеді. Осы шарттан туындайтын және тараптардың келісімімен реттелмеген барлық даулар, қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіпке сәйкес қаралады.
6. Шартты өзгерту және тоқтату
6.1. Осы шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар тараптардың ортақ келісімі бойынша енгізіледі және осы келісім шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жазбаша түрдегі қосымшалар ретінде ресімделеді.
(Ескерту. Тараптар АҚ және СҚ туралы заңның тиісті нормасына сәйкес, фильм авторлары (сценарий авторы мен режиссер), сондай-ақ шығармашылық топтың мүшелері (қоюшы-оператор және т. с.с.) кез-келген сәтте фильм жасауға қатысудан бас тартуға құқылы екендігін, мұның салдарынан осы шарттың бірқатар талаптары өзгеруі мүмкін екендігін білуі тиіс. Мұндай өзгерістерді тараптар келісіп алуы және олар осы шартқа оның ажырамас бөлігі болып табылатын жазбаша түрдегі қосымша ретінде рәсімделуі тиіс).
6.2. Шарт 4.2.-тармақта көрсетілген мерзім біткен уақытта тоқтатылады.
6.3. Шарт тараптардың ортақ келісімі бойынша бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы шарттың 2.1.-тармағында көрсетілген соманы толық немесе ішінара қайтару мәселесі тараптардың жазбаша түрдегі қосымша келісімімен шешіледі.
7. Басқа да жағдайлар
7.1. Фильмнің титрларында Инвестордың есептесуімен (тапсырысы бойынша) түсірілгендігі көрсетіледі. Авторлық құқық жөніндегі халықаралдық конвенциялар мен АҚ және СҚ туралы заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес, Студия фильмнің әрбір данасында авторлық құқықтың иесі ретінде көрсетіледі.
7.2. Осы шарт _________ тілінде/тілдерінде екі дана етіп жасалады, оның біреуі Студияда, біреуі Инвесторда болады.
ШАРТ
Бір тараптан Жарғы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Компания» деп аталатын _______________________ атынан директор _______________________ және екінші тараптан, бұдан әрі «Инвестор» деп аталатын __________________________ осы шартты жасасты.
1. Шарт нысаны
«Компания» және «____________________» алдын-ала «__________________________» деген атауы бар телевизиялық хабарлар сериясын (бұдан әрі – Туынды) жасау жөніндегі бірлескен қызметті жүзеге асырады.
2. Шарт мерзімі
Осы шарт тараптар қол қойған кезден бастап күшіне енеді және _____________________ дейін әрекет етеді.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3.А. «Инвестордың» құқықтары мен міндеттері:
3.А.1. Осы шартқа сәйкес, «Инвестор» Туындыны жасауға байланысты соманы «Компанияға» аудару міндетін өз мойнына алады;
3.А.2. «Инвестор» «Компаниядан» Туындыны жасау мен пайдаланудың қаржылық жағына қатысты кез-келген құжаттар мен материалдарды алуға құқылы;
3.А.3. «Инвестор» «Компанияның» Туындыға авторлық құқықты әлем елдерінің аумағында әрекет ету мерзімінің ішінде пайдаланудан тапқан кірістің _______ % алуға құқылы;
(Шартта Инвестордың пайдалану түрлерінің бірінен (мысалы, бейнетасымалдаушыларды тарату арқылы) немесе белгілі бір аумақтан тапқан бүкіл табысты алатындығын анықтап көрсетуге болады).
3.Ә. «Компанияның» құқықтары мен міндеттері:
3.Ә.1. «Компания» Туындыны жасау мен пайдаланудың шығармашылық және техникалық жақтарына жауап береді.
3.Ә.2. «Компания» өз қалауы бойынша Туындыны жасау үшін басқа да Инвесторларды тартуға, шығармашылық және техникалық кадрларды іріктеуге, Туындыны жасау барысында кез-келген үшінші тұлғалармен ынтымақтастық туралы шарт жасасуға құқылы.
3.Ә.3. Туындыны кез-келген тәсілмен пайдалану құқығы «Компанияға» тиесілі. Туындыны пайдалану құқықтарын үшінші тұлғаларға қайта берген жағдайда «Компания» олармен келісімдік қатынасты «Инвестордың» 3.А.3-тармақта көрсетілген құқығы сақталатындай етіп құруға міндеттенеді.
3.Ә.4. «Компания» «Инвесторға» 4.2.-тармаққа сәйкес тиесілі сомаларды жылына __________________ реттен сирек емес аударып, төлемдерге пайыздар есебі жөніндегі құжатты қоса беруге, «Инвесторға» Туындыны жасау мен пайдаланудың қаржылық жағы туралы кез келген ақпаратты ұсынуға міндетті.
4. Есеп айырысулар
4.1. «Инвестор» Туындыны жасау үшін «Компанияға» ______________ теңгені мынадай тәртіппен аударады: ____________________________________________________________
____________________________________________________________
4.2. «Компания» Туындыны кез-келген тәсілмен пайдаланудан түскен кірістің алғашқы теңгесінен ____________ % төлем жасайды. Көрсетілген соманы төлеу жылына ______________ реттен сирек емес ___________________ жолымен жүзеге асырады.
(Осы шарттың мазмұнында “кіріс” деп Туындыны пайдалануға, оған құқықтарды беруге және басқаларға байланысты кез-келген түсімдер ұғынылады).
5. Шартты өзгерту және бұзу
5.1. Осы шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар тараптардың жазбаша түрдегі ортақ келісімі негізінде енгізіледі және олар осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 |


