Комиссиялық сараптама қорытындысының зерттеу бөлігінде сарапшылар бір пікірге келе отырып, ортақ қорытынды жасайды. Келіспеушілік болған жағдайда әр сарапшы немесе сарапшылар тобы сараптаманың жеке қорытындыларын (немесе қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама) жасайды.

Қайталама сараптама қорытындысының зерттеу бөлігінде сарапшылар бір пікірге келе отырып, ортақ қорытынды жасайды. Келіспеушілік болған жағдайда әр сарапшы өзінің тұжырымына қол қояды.

23. Қорытындының синтездеу бөлігі барлық жүргізілген зерттеудің жалпы қорытындысын көрсетеді және келесі жағдайларда:

объектілердің көптеген мөлшерін зерттегенде;

әдістер кешенін пайдаланғанда;

зерттеуі ахуалды шешудің деңгейінен шығатын күрделі объектілер болғанда;

кешенді, комиссиялық және қайталама сараптамалар болғанда жеке бөлімдерге бөлінеді.

24. Сарапшы қорытындысының тұжырымдарында сарапшының алдына қойылған сұрақтарға жауаптар беріледі. Әрбір қойылған сұраққа мәнісі бойынша жауап беріледі не оны шешудің мүмкін еместігі көрсетіледі.

Тұжырымдарды құрастыру олардың мағыналық мазмұны қойылған міндеттерге (сұрақтарға) сәйкес болатындай және әр түрлі түсіндірмеге жол берілмейтіндей етіп жүзеге асырылады.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Егер зерттеу бөлігінде баяндалған және қойылған сұраққа толыққанды жауабы бар зерттеу нәтижелерін егжей-тегжейлі сипаттамайынша тұжырымды құрастыру мүмкін болмаса, қорытындының осы бөлігіне сілтеме жасауға жол беріледі.

Егер сарапшылар бір пікірге келсе, комиссиялық, қайталама сараптамалардың тұжырымдарына сарапшылар комиссиясының барлық мүшелері қол қояды. Объектілерді зерттеудің қандай да бір тармағының алынған нәтижелерін бағалау мәселесі бойынша комиссияда келіспеушілік туындаған жағдайда, тұжырымдардың аталған тармағы бөлініп көрсетіледі және сарапшы оған жеке өзі қол қояды.

Шеңберінде зерттеу жүргізілген сарапшылық мамандықтың ерекшелігіне сәйкес алынған нәтижелерден шығатын кешенді сараптаманың тұжырымдарына әрбір сарапшы жеке өзі қол қояды.

Егер зерттеу барысы мен әр түрлі сарапшылық мамандықтардың білімдерін пайдалану шеңберінде алынған нәтижелер бір-біріне қарама-қайшы болмайтын және болған оқиғаның механизмін ашатын бірыңғай тұжырымды қалыптастыруға негіз болатын жағдайда, онда зерттеудің әрбір бағыты бойынша тұжырымдар баяндалғаннан кейін, осы бірыңғай тұжырымға сарапшылар комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.

25. Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама үш бөліктен тұрады: кіріспе, дәлелдеу және қорытынды бөліктер. Кіріспе бөлігінде сарапшы қорытындысындағыдай мәліметтер баяндалады. Дәлелдеу бөлігінде әр сұрақ бойынша қорытынды берудің мүмкін болмауының себептері егжей-тегжей баяндалады. Қорытынды бөлігінде сарапшының алдына қойылған әр сұрақ бойынша жауап берудің мүмкін еместігі көрсетіледі.

26. Зерттеу жүргізу аяқталғаннан соң объектілерге (құжаттарға, хаттамаларға, фотокестелерге), сондай-ақ, заңнамаға сәйкес бөгде белгілерге жол берілмейтін құжаттарды (төлқұжатты, жеке куәлікті, бағалы қағаздарды, «құпия», «ҚБПҮ» деген белгісі бар құжаттарды) қоспағанда, бастапқы деректерді қамтитын істің басқа да материалдарына «Сот сараптамасы орталығы» деген бұрыштама таңбасы басылады. Сараптамалық зерттеу үшін үлгі ретінде ұсынылған объектілерге «үлгі» бұрыштама таңбасы басылады.

27. Сараптаманы жүргізу аяқталған соң сарапшының қорытындысы (қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламасы), зерттеу объектілері мен үлгілер кеңсеге немесе сақтау камерасына тапсырылуға тиіс, бұл туралы сот сараптамаларын жүргізу үшін келіп түскен материалдарды тіркеу журналында белгі қойылады.

28. Орталықтың мұрағатынан сарапшылардың қорытыларының және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламалардың көшірмелерін беру сараптама тағайындаған органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

Сарапшы қорытысының немесе қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаның көшірмесі мұрағат (кеңсе) қызметкерінің қолымен және Орталық мөрімен расталады.

29. Адвокаттардың жазбаша сұраулары («Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы) келіп түскен кезде сарапшылар ғылыми құралдар мен әдістерді пайдалана отырып мамандандырылған зерттеулер жүргізеді.

30. Мамандандырылған зерттеу жүргізу үшін келіп түскен материалдарды тіркеу сот сараптамаларын жүргізу үшін келіп түскен материалдарды тіркеуге ұқсас жүзеге асырылады.

31. Мамандандырылған зерттеулер азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде жүргізілетін сот сараптамаларына ұқсас келісім-шарт негізінде жүргізіледі.

32. Мамандандырылған зерттеулердің нәтижелері жазбаша түрде баяндалады және «Маман қорытындысы» нысанында рәсімделеді.

Маманның қорытындысы маманның атынан жасалады және мөрмен куәландырылады, онда сарапшы маман ретінде қол қояды.

33. Маманның қорытындысы үш бөліктен тұрады: кіріспе, зерттеу бөліктері және тұжырымдар. Кіріспе бөлігінде сарапшы қорытындысындағыдай мәліметтер баяндалады. Зерттеу бөлігінде зерттеу процесі және оның нәтижелері баяндалады, анықталған фактілерге негіздеме беріледі. Маман қорытындысының тұжырымдарында қойылған сұрақтарға жауап баяндалады.

34. Маманның қорытындысына мәтіндік қосымшалар және зерттеу барысы мен алынған нәтижелерді безендіретін фотокестелер, ксерокөшірмелер, сызбалар, кестелер, схемалар графиктер түріндегі безендіру материалдары қоса беріледі.

35. Маман қорытындысы екі данада жасалады. Бірінші дана өтініш берушіге жіберіледі, екіншісі Орталықтың мұрағатында сақталады.

КЕШЕНДІ СОТ САРАПТАМАЛАРЫН ЖҮРГІЗУДІ

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ

НҰСҚАУЛЫҚ

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м. а. 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 000 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6227 болып енгізілді

1. Осы нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 29-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарында қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша кешенді сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктерін нақтылайды.

2. Кешенді сот сараптамаларын жүргізу қылмыстық, азаматтық істердің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің жағдайларын жан-жақты зерттеу мақсатында бірлескен қорыту және жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жалпы қорытындыларды жасау үшін әртүрлі арнайы білімі бар сот сарапшыларын тарту қажет болған жағдайда ұйымдастырылады.

3. Кешенді сот сараптамаларын жүргізу үшін анықтауды жүргізуші адамның, тергеушінің, прокурордың қаулысы, соттың ұйғарымы негіз болып табылады. Сот сараптамасы органының басшысы сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыға, ұйғарымға сәйкес ұсынылған материалдар бойынша кешенді сараптама жүргізу туралы да дербес шешім қабылдауға құқылы.

Кешенді сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) оның атауы және сараптаманы жүргізу тапсырылған орган көрсетіледі. Кешенді сот сараптамасын жүргізу бірнеше сот сараптамасы органдарына тапсырылған жағдайда оны тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) олардың ішінде қайсысы жетекші (сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруды және мамандардың жүргізетін зерттеулерін үйлестіруді жүзеге асыратын) екендігі көрсетіледі.

Егер қаулыда (ұйғарымда) жетекші сот сараптамасы органы көрсетілмесе, ол кешенді сот сараптамасы жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органдарының басшылары арасында келісім бойынша анықталады. Жетекші сот сараптамасы органы туралы мәселе зерттеудің көлемі мен міндеттерін ескерумен шешіледі.

Кешенді сот сараптамасын тағайындау туралы қаулы (ұйғарым) оны жүргізу тапсырылған әрбір сот сараптамасы органына жолданады.

4. Зерттеуге ұсынылған материалдармен танысқан кезде не жекелеген сот сараптамаларын жүргізу барысында кешенді сот сараптамасын жүргізу қажеттігі анықталған жағдайда, оны жүргізуді сот сараптамасы органының басшысы ұйымдастырады. Егер кешенді сот сараптамасын жүргізуді ол тапсырылған сот сараптамасы органының күшімен жүзеге асырыла алмаса, сот сараптамасы органының басшысы сараптама тағайындаушы органды (адамды) бұл туралы хабардар етеді және оны жүргізуге қатыстыруды жөн деп санайтын мекемені не маманды ұсына отырып, тиісті қаулы (ұйғарым) шығаруға өтініш жасайды.

5. Кешенді сот сараптамасын бір сот сараптамасы органында жүргізген кезде сот сараптамасы органының басшысы зерттеулерді сот сараптамасының барлығын жүргізуді ұйымдастыруды және жүргізілетін зерттеулерді үйлестіруді жүзеге асырушы жетекші бөлімшені көрсете отырып тиісті сот сарапшыларына тапсырады. Жетекші бөлімшенің басшысы өзге бөлімшелердің басшыларымен келісім бойынша сот сарапшыларының комиссиясын қалыптастырады және жетекші сот сарапшысын тағайындайды.

6. Кешенді сот сараптамасын бірнеше сот сараптамасы органдары (ұйымдары) жүргізген кезде сот сарапшыларының комиссиясын жетекші сот сараптамасы органының басшысы кешенді сот сараптамасын жүргізуге қатысушы сот сараптамасы ұйымдарының басшыларымен бірлесіп қалыптастырады. Жетекші сот сараптамасы органының басшысы қойылған мінддетерді шешу мақсатында сот сарапшылары комиссиясының қызметін тиісінше ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз ететін жетекші сот сарапшысын тағайындайды.

7. Жетекші сот сарапшысы:

комиссияның әрбір мүшесін сот сараптамасын тағайындау туралы қаулымен (ұйғарыммен) және зерттеу үшін келіп түскен материалдармен таныстырады;

неғұрлым толық ақпарат алу мақсатында және талдаудың тиісті әдісін қолдану нәтижесінде заттай дәлелдемелердің зақымдалу мүмкіндігін ескере отырып олардың зерттелу дәйектілігін анықтайды;

қызметкерлері сот сарапшылары комиссиясының мүшелері болып табылатын сот сараптамасы ұйымдарының (бөлімшелерінің) басшыларымен байланысты жүзеге асырады;

зерттеудің жалпы бағдарламасын дайындау кезінде сот сарапшылары комиссиясының кеңесін басқарады;

сот сараптамасын жүргізудің мерзімін бақылайды және зерттеу бағдарламасының орындалуын үйлестіреді;

комиссия мүшелерін зерттеу барысы және оның аралық нәтижелерімен таныстыруды ұйымдастырады;

барлық зерттеулердің нәтижелерін, оларды қорытуды және жалпы қорытындыны (қорытындыларды) қалыптастыруды бағалау кезінде сот сарапшылары комиссиясының қорытынды кеңесін басқарады;

сот сараптамасы органының басшысына зерттеудің жалпы бағдарламасымен келіспейтін немесе олардың дәйектілігін бұзатын комиссия мүшелерінің іс-әрекеті туралы хабарлайды;

қорытынды немесе қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама жасайды.

8. Кешенді сот сараптамасын жүргізудің жалпы мерзімін сот сараптамасы органының басшысы, ал оны бірнеше сот сараптамасы органдары жүргізген кезде осы ұйымдардың басшылары арасындағы келісім бойынша мыналардың шеңберінде белгіленеді:

20 тәулікке дейін – күрделі зерттеулерді талап етпейтін материалдар бойынша;

30 тәулікке дейін – күрделі зерттеулерді талап ететін материалдар бойынша.

Сот сараптамасы 30 тәулікке дейінгі мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, сот сараптамасы органының басшысы (жетекші сот сараптамасы ұйымы) сот сараптамасын тағайындаған органды (адамды) бұл туралы хабардар етеді және онымен келісім бойынша қосымша мерзімді белгілейді.

Кешенді сот сараптамасын жүргізу мерзімі сот сараптамасы органына оны тағайындау туралы қаулы (ұйғарым) және зерттеу объектілері келіп түскен күннен бастап есептеледі.

Кешенді сот сараптамасын жүргізу мерзімі сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) алдында қосымша материалдарды ұсыну немесе зерттеуге ұсынылған объектілерді жоюға немесе елеулі зақымдауға рұқсат беру туралы өтініш жасағанда, егер өтінішті қанағаттандырғанға дейін әрі қарай зерттеу жүргізу мүмкін болмағанда тоқтатыла тұрады.

9. Кешенді сот сараптамасын жүргізу ұйымдастыру жағынан дайындық, зерттеу және қорытынды кезеңдерінен тұрады. Әрбір кезең қорытындының тиісті бөліктерінде көрсетіледі.

10. Дайындық кезеңінде комиссия мүшелерін сараптамаға келіп түскен материалдармен таныстыру ұйымдастырылады, сот сараптамасының жалпы міндеттерін ұғыну, жеке міндеттерді, әдістерді қолдану дәйектілігін және сот сараптамасын жүргізудің жалпы мерзімі шеңберінде жеке зерттеулерді жүргізудің мерзімдерін анықтау мақсатында комиссия кеңесі өткізіледі.

Дайындық кезеңі зерттеудің жалпы бағдарламасын анықтаумен аяқталады.

Дайындық кезеңі барлық қорытындыларға міндетті мәліметтерден басқа кешенді сот сараптамасының атауы мен жетекші сот сарапшысының тегі көрсетілетін қорытындының кіріспе бөлігінде көрінеді.

Кешенді сот сараптамасын жүргізуді бірнеше сот сараптамасы органдары (ұйымдары) жүзеге асырған жағдайда қорытындының кіріспе бөлігінде осы органдар (ұйымдар) және кешенді сот сараптамасын жүргізуге қатысушы сот сарапшылары туралы мәліметтер көрсетіледі.

11. Зерттеу кезеңінде сот сарапшылары дербес және (немесе) бірлескен зерттеулер жүргізеді, зерттеу барысы сот сарапшыларының тектерін көрсете отырып қорытындының зерттеу бөлігінің тиісті бөлімдерінде көрсетіледі.

Зерттеу нәтижелерін қорытуды және бағалауды сот сарапшылары комиссияның қорытынды кеңесінде өткізеді, бұл қорытындының зерттеу бөлігінің тиісті бөлімінде көрсетіледі. Осы жерде әртүрлі мамандықтағы сот сарапшылары жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша жалпы қорытындының (қорытындылардың) негіздемесі көрсетіледі.

12. Жалпы қорытындыға (қорытындыларға) зерттеу нәтижелерін бірлескен бағалауға қатысқан және бір пікірге келген сот сарапшылары қол қояды.

Егер сот сарапшылары ортақ қорытындыға келмесе, олар ортақ қорытындыда дербес қорытындыны тұжырымдайды. Әрбір сот сарапшысы комиссияның басқа мүшелерінің пікірімен өзінің келіспеушілік себебін негіздейді. Дербес қорытындыларды тұжырымдауда сот сарапшылары өз қорытындысының негіздемесінде көрсете отырып, басқа комиссия мүшелері алған нәтижелерді ескереді.

13. Егер зерттеу барысында кешенді сот сараптамасын шешуге қойылған сұрақты (сұрақтарды) шешу үшін жеткілікті деректер алынбаса, сот сарапшылары себебін негіздей отырып, сұрақты шешу мүмкін еместігі туралы жалпы қорытындыны жасайды және өзінің жеке қорытындысын жасайды.

14. Кешенді сот сараптамалары әрбір сот сараптамасы органында тіркеледі. Сот сарапшысының қорытындысын немесе қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаны жетекші сот сараптамасы органы (жетекші сарапшы) рәсімдейді. Басқа сот сараптамасы органдарының (ұйымдарының) қызметкерлері сот сараптамасының жетекші органына (жетекші сарапшыға) қорытындының тиісті бөлімдері нысандарында олардың дербес жүргізген зерттеулерінің барысы мен нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынады.

Фотокесте, диаграмма, схема, сызба және т. б. түріндегі қорытындыға қосымшаларға оларды жасаған сот сарапшылары қол қояды, олар әзірленген мекеменің мөрімен куәландырылады және сот сараптамасының жетекші органына (жетекші сарапшыға) ұсынылады.

15. Қорытынды сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға), сот сараптамасын жүргізуге қатысқан әрбір сот сараптамасы органына (ұйымдарға) жолдау үшін дайындалады. Қорытынды жетекші сот сараптамасы органының мөрімен куәландырылады.

16. Кешенді сот сараптасын жүргізудің барысы мен мерзімдеріне жалпы бақылау жетекші сот сараптамасы органына жүктеледі.

КҮРДЕЛІЛІК САНАТТАРЫНА ҚАРАЙ СОТ САРАПТАМАЛАРЫН

ЖҮРГІЗУ МЕРЗІМДЕРІН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КҮРДЕЛІЛІК САНАТТАРЫН АЙҚЫНДАУ

ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 000 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 мамырда № 000 болып енгізілді

1. Осы Күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу және олардың күрделілік санаттарын айқындау ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.

2. Осы Ереже күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу және олардың күрделілік санаттарын айқындау тәртібін айқындайды.

3. Сот сараптамасы зерттеулері күрделілік дәрежесі бойынша 4 санатқа бөлінеді:жай – зерттеудің көп еңбек сіңіруді қажет ететін әдісін қолдануды талап етпейтін, жүргізу мерзімі 5 тәуліктен аспайтын күрделі емес объектілер бойынша стандартты; күрделілік дәрежесі орташа - объектілердің сапалық және сандық сипаттамалары, сондай-ақ сот сараптамасы зерттеулерінің қолданылатын әдістемелері, жүргізу мерзімі 20 тәулікке дейін, белгілі бір уақыт шығынын талап етпейді; күрделі – ұзақ және көп ғылыми еңбек сіңіруді қажет ететін, аспаптық әдістерді қолдануды, оқиға орнына шығумен байланысты алынған нәтижелерді терең талдауды талап ететін, көп объектілі (3 объектіден көп немесе істің 250 парағынан көп), көп сұрақтары бар жүргізу мерзімі 30 тәулікке дейінгі сот-сараптамалық зерттеулер; аса күрделі – жаңа объектілердің өзіне ғана тән, стандартты емес, сондай-ақ әдістемелік және ұйымдастырушылық жағынан күрделендірілген, соның ішінде ахуалдық міндеттерді шешу жөніндегі жүргізу мерзімі 30 тәулікке дейінгі зерттеулер.

4. Ерекше жағдайларда сот сараптамасын жүргізу мерзімін 30 тәуліктен астам ұзартуды сот сараптамасы органы басшысының дәлелді өтініші бойынша сараптама тағайындаған орган (адам) жүзеге асырады.

5. Кешенді, қайталама, комиссиялық сараптамалардың күрделілік дәрежесі осы Ережемен белгіленген күрделілік санатына қарай анықталады.

6. Сот сараптамаларының нақты түрлерінің (кіші түрлерінің) күрделілік дәрежесі тиісті сот-сараптамалық технологияларының жетілдірілуіне орай қайта қаралуы мүмкін.

7. Сот-сараптамасы зерттеулерінің түрлері бойынша сот сараптамаларының күрделілік санаты осы Ережеге қосымшада келтірілген.

Сот сараптамасы зерттеулерінің түрлері бойынша сотсараптамаларының күрделілік санаттары

1. Құжаттардың сот сараптамасы

1. Жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу:

1) жай: қозғалыс жүйесін жетілдіру дәрежесі бойынша қолжазба мәтінін болжамды орындаушысын шығарып тастау;жазу дағдысының дәрежесі бойынша (жазба, қолтаңба) қолжазба мәтінін болжамды орындаушысын шығарып тастау;әдеттегі жағдайда орындалған үлкен немесе орташа көлемді қолжазба мәтінін орындаушыны анықтау (шығарып тастау); әдеттегі жағдайда орындалған қолжазбаның түпнұсқалығын анықтау (шығарып тастау).

2) күрделілік дәрежесі орташа:бір объектіге қатысты жазу мен қолтаңбаны сәйкестендірушілік зерттеу; қозғалыс жүйесін жетілдіру дәрежесі бойынша қолжазба мәтінін болжамды орындаушысын шығарып тастау; жазу дағдысының дәрежесі бойынша (жазба, қолтаңба) қолжазба мәтінін болжамды орындаушысын шығарып тастау; әдеттегі жағдайда орындалған үлкен немесе орташа көлемді қолжазба мәтінін орындаушыны анықтау (шығарып тастау); әдеттегі жағдайда орындалған қолжазбаның түпнұсқалығын анықтау (шығарып тастау).

3) күрделі: екі және одан да көп объектілерге қатысты жазу мен қолтаңбаны сәйкестендірушілік зерттеу; белгілі бір адамның атынан орындалған қолтаңбаны сол адамның өзі орындағанын немесе ол басқа адамның орындағанын анықтау мақсатындағы зерттеу; ойдан шығарылған адамның атынан орындалған қолтаңбаны нақты адамдардың ішінен кім орындағанын анықтау мақсатындағы зерттеу;  мәтін, жазба және қолтаңба әдеттен тыс психофизиологиялық күйде немесе әдеттен тыс жағдайда; нақты адамның жазуына (қолтаңбасына) еліктеумен; сол қолмен (орындаушы үшін қалыпты оң қолмен), әдейі өзгертілген жазумен орындағанын анықтау мақсатындағы зерттеу; зерттелетін құжаттың мәтінін қай жынысқа жататын адам орындағанын анықтау мақсатындағы зерттеу; құжатты орындаушының жасы нешеде екенін анықтау мақсатындағы зерттеу.

4) аса күрделі: егде және қарт жастағы адамдардың атынан, алькогольден немесе есірткіден мастану күйінде, әдеттегідей емес психофизиологиялық күйде, баспа шрифті мен арнайы шрифтерге еліктеп, шынайы қолтаңбаға еліктеп, әдейі өзгертілген жазумен, дағдыланбаған сол қолды жазумен орындалған екі және одан да көп объектіге қатысты жазу мен қолтаңбаны зерттеу; өзгеше материалдағы жазу мен қолтаңбаны зерттеу; шетел шрифтінде орындалған жазу мен қолтаңбаны зерттеу.

2. Құжаттарды сот-техникалық зерттеу:

1) жай: құжаттардың деректемелерін өзгерту тәсілін анықтау; деректемелердің бастапқы мазмұнын анықтау (аз көлем); баспа үлгісінің бедерлерін басу тәсілін анықтау; құжат бөлігін ауыстыру фактісін анықтау;  мүшелену бірыңғай сызығы болған кезде бүтінді бөліктері бойынша анықтау; жазу материалының түрін және жалпы тектік тиістілігін анықтау; 2) күрделілік дәрежесі орташа:құжат деректемелерінің барлық түрлеріне қатысты сәйкестендірушілік зерттеу; бірыңғай мүшелену сызығы жоқ болған кезде бүтінді бөліктері бойынша анықтау;полиграфиялық өнімді зерттеу;қиылысатын штрихтардың орындалуының хронологиялық реттілігін анықтау; таңба басатын құрылғылармен (электронды есептеуіш машиналарының принтерлерімен, кассалық аппараттармен және т. б.) алынған бедерлерді зерттеу;құжат деректемелерін өңдеу (жою) үшін қолданылған заттардың табиғатын анықтау; құжаттардың материалдарына қатысты сәйкестендірушілік зерттеу;

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51