Талаптары: білімі жоғары, сот сарапшысы біліктілігі болуы, сот-сараптама қызметінде үш жылдан кем емес, ғылыми дәрежесі болған жағдайда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Әділет органдар туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңын, «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңын, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексін, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексін білу.

Жетекші сарапшы

G-5

Функционалдық міндеттері: сараптамаларды сапалы және уақтылы жүргізу, комиссиялық, кешенді сараптамаларды жүргізу кезінде үйлестіруші сарапшы ретінде қатысу, сараптамаларды жүргізу кезінде әдістемелік көмек көрсету, зерттеуге ұсынылған сот сараптамасы объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеушілік және оқу-әдістемелік жұмысқа, сараптамаларды тағайындау мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен және соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шараларға қатысу.

Талаптары: білім жоғары, сот сарапшысы біліктілігі болуы, сот-сараптама қызметінде екі жылдан кем емес, ғылыми дәрежесі болған жағдайда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Әділет органдар туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңын, «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңын, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексін, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексін білу.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Аға сарапшы

G-6

Функционалдық міндеттері: сараптамаларды сапалы және уақтылы жүргізу, зерттеуге ұсынылған сот сараптамасы объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету, сараптамаларды жүргізу кезінде әдістемелік көмек көрсету, ғылыми-зерттеушілік және оқу-әдістемелік жұмысқа, сараптамаларды тағайындау мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен және соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шараларға қатысу.

Талаптары: білім жоғары, сот сарапшысы біліктілігі болуы. Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Әділет органдар туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңын, «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңын, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексін, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексін білу.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ СОТ САРАПТАМАСЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

ҚР ӘМ Сот сараптамасы орталығы директорының 2013 жылғы 15 ақпандағы

№ 37 бұйрығы

Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының Ғылыми кеңесі (бұдан әрі – Ғылыми кеңес) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының (бұдан әрі - Орталық) ғылыми және ғылыми-әдістемелік қызметін үйлестіру жөніндегі алқалы органы болып табылады.

2. Ғылыми кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының нормативтік құқықтық актілерінежәне шешімдеріне, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Ғылыми кеңестің құрамына: кеңес төрағасы, кеңес төрағасының орынбасары, хатшысы, Ғылыми кеңестің мүшелері кіреді. Ғылыми дәрежесі немесе сарапшылық мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс тәжіребесі бар Орталық қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен ғылыми мекемелердің өкілдері Ғылыми кеңестің мүшелері бола алады. Міндеттері бөліне отырып Ғылыми кеңестің дербес құрамы Орталық директорының бұйрығымен екі жыл мерзімге бекітіледі және мүшелердің тақ санынан құралады. Ғылыми кеңестің құрамына өзгерістер оның өкілетті мерзімі кезеңінде аталған тәртіпке сәйкес енгізіледі.

4. Орталық Директоры Ғылыми кеңеске жалпы және ғылыми басшылықты жүзеге асырады және оның төрағасы болып табылады. Ол болмаған кезде төрағаның міндеттерін Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары – Орталық директорының орынбасары атқарады.Ғылыми кеңестің ағымдағы қызметін ғылыми хатшысы қамтамасыз етеді.

Негізгі міндеттері мен қызметтері

5. Ғылыми кеңес Орталықтың ғылыми-зерттеушілік және ғылыми-әдістемелік қызметінің басым бағыттарын айқындайды.

6. Ғылыми кеңес Орталықтың маңызды мәселелерін қарастырады, сот сараптамасы саласындағы негізгі ғылыми мәселелерді, сот сараптамаларының жаңа тектерін, түрлерін дамытудың келешегін, негізгі ғылыми-зерттеушілік жұмыстар жоспарларының жобаларын, сараптамалық тәжірибені жетілдірудіңнегізді теориялық мәселелерін, теориялық және әдістемелік сипаттағы айрықша маңызды жұмыстарды талқылайды, оларға ғылыми баға береді.

Ғылыми кеңес жұмысының регламенті

7. Ғылыми кеңестің отырысы,әдеттегідей тоқсанда бір рет өткізіледі.

8. Ғылыми хатшысы (бұдан әрі - хатшы) Ғылыми кеңес мүшелерінің, Орталықтыңқұрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсыныстары, Орталықтың Ғылыми-әдістемелік кеңесі шешімдерінің негізінде Ғылыми кеңес отырысының күн тәртібін құрастырады және Ғылыми кеңес төрағасының бекітуіне енгізеді. Ұсыныстарда ұсынылатын мәселені талқылаудың қажеттілігі негізделеді, сараптама қызметінің бағыттары, жауапты орындаушылар және талқылаудыңұсынылатың мерзімдері көрсетіледі.

9. Қажет болған жағдайда, хатшы Ғылыми кеңес төрағасының келісімібойынша әр мәселені дайындауға жауапты орындаушыларды тағайындайды. Ғылыми кеңес отырысының күн тәртібіне Ғылыми кеңес мүшелерінің ұсыныстары бойынша жоспардан тыс мәселелер енгізілуі мүмкін.

10. Ғылыми кеңес отырысының күн тәртібінде көрсетілген тұлғалар, сондай-ақ қызмет бағыттары бойынша директордың орынбасарлары материалдарды сапалы дайындауға жауапты адамдарболып табылады. Кеңес отырысына арналған материалдарда мәселелердіңмәні меншешімдердің мүмкін болатын жобалары қысқа және объективті баяндалуы тиіс. Материалдарға, оларды әзірлеуге жауапты тұлға қол қояды.

11. Ғылыми кеңестін жиналыстары, егерде оларға бекітілген құрамның кемдегенде үштен екі бөлігі қатысып отырса, заңды болып табылады. Ғылыми кеңестің отырысына оған мүше емес тұлағалар да қатыса алады. Ғылыми кеңестін мүшесі емес тұлғалардың қатысуы туралы шешімді Кеңеске төрағалық етуші қабылдайды. Ғылыми кеңестін отырысы басталар алдында төрағалық етуші келу парағы негізінде Ғылыми кеңес мүшелерінеотырыстың кворумы және заңдылығы туралы хабарлайды.

12. Ғылыми кеңестін шешімдері, егерде оған жиналысқа қатысып отырған Ғылыми кеңес мүшелерініңжартысынан көбі дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Ғылыми кеңес мүшелерін дауысы теңдей бөлінген жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып есептеледі. Шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

13. Ғылыми кеңестің отырыстарын Ғылыми кеңестің төрағасы не оның орынбасары жүргізеді.

14. Ғылыми кеңестің отырысында хаттама жүргізіледі, оған қабылданған шешімге негіз болған барлық құжаттар тіркеледі. Ғылыми кеңес отырысының хаттамасына Ғылыми кеңестің төрағасы немесе оның орынбасары және хатшысы қол кояды. Ғылыми кеңес хаттамасынан үзінділерҒылыми кеңестің шешімдерін орындауға жауаптыларға жиналыстан кейін 10 күннен кешіктірілмей жолданады. Отырыстардың барлық хаттамалары мен материалдары тұрақты сақталатын құжаттар болып табылады.

Ғылыми кеңес шешімдердің орындаудың бақылау

15. Ғылыми хатшы Ғылыми кеңестің шешімдерін баяндайды және оның шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады.

16. Ғылыми кеңестің шешімдері Орталық қызметкерлеріне міндетті болып табылады және Орталықтың тиісті жұмыс жоспарларымен жүзеге асырылуы мүмкін. Ғылыми кеңестің шешімдерін орындауды ұйымдастыру және оларды бақылау үшін Орталықтың бұйрықтары қабылдануы мүмкін.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ СОТСАРАПТАМАСЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

ҚР ӘМ Сот сараптамасы орталығы директорының 2013 жылғы 15 ақпандағы

№ 36 бұйрығы

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының ғылыми-әдістемелік кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының (бұдан әрі - Орталық) ғылыми, ғылыми-тәжірибелік және оқу-әдістемелік қызметі бойынша тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесу органы болып табылады.

2. Кеңес сот сараптама қызметінің жоғары ғылыми – әдістемелік денгейін және ғылым мен техниканың замануи жетістіктерін пайдалану негізінде оны одан ары жетілдіруді қамтамасыз ету үшін құрылады.

3. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының нормативтік құқықтық актілері және шешімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Ғылыми-әдістемелік кеңестің құрамына: Кеңестің төрағасы – Орталық директорының орынбасары, төрағаның орынбасары, хатшысы, Кеңестің мүшелері кіреді. Ғылыми дәрежесі немесе сарапшылық мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс тәжіребесі бар Орталық қызметкерлері, мемлекеттік органдардың, ғылыми мекемелердің өкілдері, сондай-ақ сот сараптамасы қызметімен айналысуға лицензиясы бар тұлғалар Кеңестің мүшелері бола алады. Ғылыми кеңестің дербес құрамы Ғылыми кеңестің келісімі бойынша Орталық директорының бұйрығымен екі жыл мерзімге бекітіледі. Кеңестің құрамына өзгерістер Орталық директорының бұйрығымен енгізіледі.

2. Негізгі міндеттер мен қызметтер

5. Кеңес сот сараптамасын ғылыми-әдістемелікқамтамасыз етудің басым бағыттарын айқындайды; сараптамалық зерттеулердің объективтілігін, жан-жақтылығын және толықтығынқол жеткізу мақсатындағы сарапшылық тәжірибеге бірыңғай ғылыми-әдістемелік ыңғайларды жүзеге асырудыңқағидаттарын әзірлейді; Орталықта әзірленетін әдістемелік ұсынымдары және сот сараптамалық зерттеулердің әдістемелері нәтижелерінің ғылыми негізділігіне, тәжірибелік маңыздылығы мен сапасына байланысты мәселелерді қарастырады; әдістемелік сипаттағы жұмысты талқылайды және оларды жариялау, сот сараптамасы қызметіне енгізу, сондай-ақ сот сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін Мемлекеттік тізілімге енгізу туралы мәселелерді шешеді.

Кеңес жұмысының Регламенті

6. Кеңестің жиналыстары кем дегенде тоқсанда бір рет өткізіледі.

7. Кеңеске басшылықты оның төрағасы (ол болмаған жағдайда – төрағаның орынбасары) жүзеге асырады, ол:

- Кеңестің жоспарланған шараларды толық және уақтылы орындауына бақылайды;

- Кеңесті өткізу күні мен күн тәртібін айқындайды;

- Орталықтың Ғылыми кеңесіне қабылданған шешімдер туралы хабар береді, кезең сайын олардың жиналыстарында Кеңестің жұмысы туралы есеп береді.

8. Ғылыми хатшы (бұдан әрі - хатшы) Кеңес мүшелерінің, Орталықтың құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсыныстары негізіндеКеңес отырысының күн тәртібін құрастырады және Кеңес төрағасына бекітуге енгізеді. Ұсыныстарда ұсынылатын мәселені талқылаудың қажеттілігі негізделеді, сараптама қызметінің бағыттары, жауапты орындаушылар және талқылаудың ұсынылатың мерзімдері көрсетіледі.

9. Отырыстың күн тәртібінде көрсетілген тұлғалар отырыс материалдарының сапалы дайындалуына жауапты адамдар болып табылады. Кеңес отырысына арналған материалдарда мәселелердің мәні мен шешімдердің мүмкін болатын жобалары қысқа және объективті баяндалуы тиіс. Материалдарға, оларды әзірлеуге жауапты тұлға қол қояды.

10. Кеңестің отырысын Кеңестің бекітілген құрамының кем дегенде үштен екі бөлігі болғанда Кеңестің төрағасы немесе оның орынбасары өткізеді.

11. Кеңестің отырысына оған мүше емес тұлағалар да қатыса алады. Кеңестін мүшесі емес тұлғалардың қатысуы туралы шешімді Кеңеске төрағалық етуші қабылдайды.

12. Кеңес отырысында хаттама жүргізіледі, оған қабылданған шешімге негіз болған барлық құжаттар тіркеледі. Кеңес отырысының хаттамасына Кеңестің төрағасы немесе оның орынбасары және хатшысы қол кояды.

13. Талқылау нәтижесі бойынша шешім отырысқа қатысушыКеңес мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады.

14. Кеңес шешімдері Орталықтың тиісті жұмыс жоспарларында іске асырылады. Кеңестің шешімдерін орындауды ұйымдастыру және олардың бақылау үшін Орталықтың бұйрықтары қабылдануы мүмкін.

15. Кеңес өз қызметінде Орталықтың Ғылыми кеңесіне есепті болады, ол жеткілікті негіздер болған болған кезде Кеңес қабылдаған шешімдерді қайта қарастыруы мүмкін.

16. Сот сараптамасы институттарының басшылары Кеңес жұмысына тікелей жәрдем көрсетеді. Кеңестің өз қызметін орындауды қамтамасыз ету үшін басшылар өз бастамасы немесе Кеңестің сұратуы бойынша қажетті құжаттарды ұсынады.

17. Отырыстардың барлық хаттамалары мен материалдары тұрақты сақталатын құжаттар болып табылады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ СОТ АРАПТАМАСЫ ОРТАЛЫҒЫ САРАПШЫЛАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН РЕЦЕНЗИЯЛАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

ҚР ӘМ Сот сараптамасы орталығы директорының 2013 жылғы 8 ақпандағы

№ 28 бұйрығы

Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы сарапшыларының қорытындыларын рецензиялау туралы осы ереже (бұдан әрі - Ереже) сарапшы қорытындыларын рецензиялау нәтижелері бойынша рецензент (рецензенттер комиссиясы) жасаған рецензияны рәсімдеудің тәртібін және оның мазмұнын белгілейді.

2. Сарапшы қорытындыларын рецензиялау – рецензияланатын сарапшы қорытындыларының Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін реттейтін заңнаманың, ведомстволық нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес келуін, ғылыми зерттеу әдістемелерінің қолдану негізділігін анықтау нысандарының бірі.

3. Рецензент (рецензенттер комиссиясы) – рецензиялауды жүзеге асыратын, тиісті мамандық бойынша сот сарапшысы біліктілігі және 5 жылдан кем емес сарапшылық жұмыс өтілі бар тұлға.

Рецензент ретінде комиссия құрамына «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 47-бабына сәйкес шет мемлекеттердің сот сараптамасы саласындағы мамандары тартылуы мүмкін.

4. Рецензиялауға:

- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы аумақтық бөлімшелерінің сарапшыларының сараптама қорытындыларын рецензиялау жоспары;

- қайталама сараптамалардың қарама-қайшы қорытындыларының нәтижесі;

- сараптама қорытындысына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен шағымдарнегіз болып табылады.

5. Сараптама қорытындысының көшірмесін Сот сараптамасы орталығының аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) басшысырецензиялау жөніндегі басқа аумақтық бөлімшені анықтау үшін Сот сараптамасы орталығының Басқару аппаратына (бұдан әрі – Орталық) пошта байланысы арқылы жібереді.

6. Рецензиялау 10 күндік мерзімде жүргізеді. Ерекше жағдайда рецензиялаудың мерзімі Орталық басшысының рұқсатымен ұзартылуы мүмкін.

7. Рецензент (рецензенттер комиссиясы) сарапшы қорытындыларын іс жүргізушілік, ғылыми, әдістемелік және ұйымдастырушылық тұрғысынан талдауы және бағалауы тиіс.

8. Рецензия осы Ереженің қосымшасында көрсетілген нұсқаға сәйкес рәсімделеді және рецензенттің (рецензенттер комиссиясының) сарапшы қорытындысы туралы нақты көрсетілген пікірін қамтуы тиіс.

9. Рецензиялауға ұсынылатын сарапшы қорытындыларының жалпы саны күрделілігі әртүрлі санаттағы әрбір сарапшылық мамандық бойынша 3 қорытындыдан кем болмауы тиіс.

Рецензиялаудың құрылымы

1. Ақпараттық сипаттағы жалпы мәліметтер

Рецензиялауға қорытындыны ұсынған сот сарапшысы туралы мәліметтер келтіріледі: тегi, аты, әкесiнiң аты, жұмыс орны, бiлiмi, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, атқаратын қызметi.

Сарапшы қорытындылары туралы мәліметтер: сараптама қорытындысының нөмірі мен күні, сараптаманың түрі.

Сарапшы қорытындысының рецензиялауға келіп түскен күні және негіздемесі.

Рецензиялаудың аяқталған күні. Рецензент (рецензенттер комиссиясы) туралы мәліметтер: тегi, аты, әкесiнiң аты, жұмыс орны, бiлiмi, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, атқаратын қызметi.

2. Сарапшы қорытындысының жалпы сипаттамасы

Ренцензияланып жатқан сарапшы қорытындысының жалпы және оның жекелеген бөлімдерінің сипаттамасы беріледі:

- сараптаманың күрделілік дәрежесі: жай, орташа күрделі, күрделі, аса күрделі;

- зерттеу объектілері, олардың саны, жай-күйі, орамасы;

- жүргізу нысаны бойынша сараптама түрі: жеке, қосымша, қайталама, комиссиялық, кешенді;

- сарапшы қорытындысы құрылымының Қазақстан Республикасының іс жүргізушілік заңнамасына, ведомстволық нұсқаулыққа және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келуі;

- сарапшы қорытындысын рәсімдеу, сауаттылығы, безендірілуі және т. с.с.

3. Сарапшы қорытындысы құрылымының толық сипаттамасы

Қорытындының кіріспе бөлімін зерделеп, рецензент (рецензенттер комиссиясы):

а) мыналарды бағалайды:

- қойылған сұрақтардың сарапшының құзыретіне сәйкес келуін;

- сарапшы өзіне қойылған сұрақтарды дәлдеу негізділігін (егер ол орын алған болса), сараптама міндеттерінің, сараптамалық зерттеудің тарылуы болған-болмағанын;

б) мыналарды белгілейді:

- сараптамалық міндеттердің деңгейін (сәйкестендірушілік, диагностикалық, жіктеушілік, ситуациялық);

- қосымша материалдарды ұсыну туралы өтініштің болуын, өтініштің негізділігін, тоқтата тұрудың негізділігін.

Қорытындының зерттеу бөлімін талдай отырып, рецензент (рецензенттер комиссиясы) жүргізілген сараптамалық зерттеудің сапасы туралы пікірін білдіреді, бұл ретте:

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51