4. Мемлекеттік тізілімді жүргізуді «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік тізілімді жүргізуді ақпараттық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының сот сараптамасы органдары (бұдан әрі - coт сараптамасы органдары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген, байқаудан өткен және енгізілген әдістемелер туралы мәліметтерді ұсына отырып жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиіс әдістемелер туралы мәліметтерді сот сараптамасы органдары Орталыққа мемлекеттік және орыс тілдерінде, көрсетілген органдардың мөрімен расталған баспа және электронды түрде бір данада сот сараптамасы органдары әдістемелерді бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жолдайды.
7. Мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиіс мәліметтер Орталыққа келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оған енгізіледі.
8. Мемлекеттік тізілім осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды жеткізгіштерде жүргізіледі.
9. Мемлекеттік тізілімнің қағаз нұсқасы тігіледі, нөмірленеді, оған жауапты тұлғаның қолы қойылады, Орталықтың мөрімен бекітіледі. Беттердің нөмірлері толассыз болып табылады. Қарындашпен жазуға, шимайлауға, өшіруге, түзету енгізуге, парақтарын алуға жол берілмейді.
10. Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда сот сараптамасы органдары тиісті ақпаратты Орталыққа мемлекеттік және орыс тілдерінде, көрсетілген органдардың мөрімен расталған баспа және электронды түрде бір данада сот сараптамасы органдары бекітілген әдістемелердің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жолдайды.
Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтыруларды Орталық осы тармақта көрсетілген ақпарат келіп түскен сәттен бастан бес жұмыс күні ішінде енгізеді.
11. Мемлекеттік тізілімнің электронды нұсқасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылады.
3. Мемлекеттік тізілімді пайдалану тәртібі
12. Сот сарапшылары сот сараптамасын жүргізу кезінде Мемлекеттік тізілімде енгізілген әдістемелер туралы мәліметтерді пайдаланады.
13. Қылмыстық процесті жүргізуші орган, сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан орган (лауазымды адам), процеске өзге қатысушы, сондай-ақ сот сарапшысы Орталықтың мекенжайына әдістемелер туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрауды жазбаша түрде рәсімдейді.
14. Орталық жазбаша түрде сұрау келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік тізілімнен басшының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және Орталықтың мөрімен куәландырылған үзіндіні ұсынады.
15. Аталған үзінді қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның), процеске өзге қатысушының, сондай-ақ сұрауды ресімдеген сот сарапшысының мекенжайына жіберіледі.
Қазақстан Республикасының сот сараптамасы зерттеулеріәдістемелерінің мемлекеттік тізілімінің нысаны
Р/с № | Әдістеменің шифры | Әдістеменің атауы | Әдістеменің әзірленген жылы | Әдістеменің бекітілген күні | Әдістеменің авторы (жасаушы) | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СОТ САРАПШЫЛАРЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІН ЖҮРГІЗУ
ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 000 қаулысы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 17-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) қалыптастырудың және пайдаланудың мақсатын, тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік тізілім сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары туралы, сондай-ақ сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиялары бар адамдар (бұдан әрі - сот сарапшылары) туралы мәліметтерді қамтиды.
3. Мемлекеттік тізілім қылмыстық процесті жүргізуші органдарды, соттарды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органдарды (лауазымды адамдарды) сот сарапшылары туралы мәліметтермен қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылады.
2. Мемлекеттік тізілімді қалыптастыру тәртібі
4. Мемлекеттік тізілімді жүргізуді «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік тізілімді жүргізуді ақпараттық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының сот сараптамасы органдары (бұдан әрі - сот сараптамасы органдары) және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) сот сарапшылары туралы мәліметтерді ұсына отырып жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиіс сот сарапшылары туралы мәліметтер сот сараптамасы органдары немесе Комиссия Орталыққа мемлекеттік және орыс тілдерінде, көрсетілген органдардың мөрімен расталған баспа және электронды түрде бір данада сот сараптамасы органдары сот сарапшысы біліктілігін беру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Комиссия сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны бергеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жолдайды.
7. Мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиіс мәліметтер Орталыққа келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оған енгізіледі.
8. Мемлекеттік тізілім осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды жеткізгіштерде жүргізіледі.
9. Мемлекеттік тізілімнің қағаз нұсқасы тігіледі, нөмірленеді, оған жауапты тұлғаның колы қойылады, Орталықтың мөрімен бекітіледі. Тізілім кітабы беттерінің нөмірлері толассыз болып табылады. Тізілім кітабында қарындашпен жазуға, шимайлауға, өшіруге, түзету енгізуге, парақтарын алуға жол берілмейді.
10. Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу кажет болған жағдайда сот сараптамасы органдары және Комиссия тиісті ақпаратты Орталыққа мемлекеттік және орыс тілдерінде, көрсетілген органдардың мөрімен расталған баспа және электронды түрде бір данада сот сараптамасы органдары не Комиссия өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жолдайды. Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтыруларды Орталық осы тармақта көрсетілген ақпарат келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізеді.
11. Мемлекеттік тізілімнің электронды нұсқасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылады.
3. Мемлекеттік тізілімді пайдалану тәртібі
12. Қылмыстық процесті жүргізуші орган, сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан орган (лауазымды адам), процеске өзге қатысушылар Мемлекеттік тізілімге енгізілген сот сарапшылары туралы мәліметтерді пайдаланады.
13. Қажет болған жағдайда қылмыстық процесті жүргізуші орган, сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан орган (лауазымды адам), процеске өзге қатысушылар Орталықтың мекенжайына сот сарапшылары туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрауды жазбаша түрде рәсімдейді.
14. Орталық жазбаша түрде сұрау келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік тізілімнен басшының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және Орталықтың мөрімен куәландырылған үзіндіні ұсынады.
15. Аталған үзінді қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның), сұрауды ресімдеген процеске өзге қатысушылардың мекенжайына жіберіледі.
Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттіктізілімінің нысаны
Р/с | Тегі, аты, әкесінің аты | Білімі, ғылыми дәрежесінің, атағының болуы | Сарапшылық мамандық (мамандықтар), сот сараптамасының жеке түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күні, оны берген мемлекеттік органның атауы | Аттестаттаудан өткен күні | Сот сараптамасы органдары қызметкерлерінің жұмыс орны және атқаратын қызметі/ сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамның сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиясының нөмірі мен берілген күні | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
СОТ САРАПТАМАСЫНЫҢ КЕЙБIР МӘСЕЛЕЛЕРI
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 қараша N 1414 қаулысы
Сот сараптамасы өндiрiсi жүзеге асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптар
____________________________________________________________________________
р/с! Сот сараптамасының түрлерi! Сот сараптамасы өндiрiсi жүзеге
асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайлар үшiн қажеттi жабдықтардың атауы
__________________________________________________________________
1.Құжаттардың сот сараптамасы"VSС-2000" немесе "ЕD-1100" үлгiлi
бейнеспектрлiк компьютер (УК және ИК сәуле шығару көзiмен)
2. Теледидарлық спектрлiк люминесцентті
микроскоп (үлкейтуi 140-қа дейiн, көрiну спектрi кең диапазонда зерттеу, ИК және УК салаларында)
3. Шыны жарық сүзгіштер жинағы
4. "Avtoshop" және ИПС "Паспорт"бағдарламалық қамтамасыз ету
5. Микрометрлер
6. Спектрлiк бейнелупасы
7. ПОН-2 оптикалық қабаттастыру аспабы
8. Шағын шприцтер
9. Хроматографқа арналған пиролиттiк тiреуiш
10. Секунд өлшеуiштер
11. Валюта тестерлерi
12. Дербес компьютер
2. оттық портреттiк сараптама 1. "Avtoshop" бағдарламалық қамтамасыз ету
2. Дербес компьютер
3. Соттық бейнефонографиялық 1. Бейнефонографиялық сараптамаларды
сараптама жүргізу жөнiндегi жұмыс станциясы,
жинақта:
-"Реntiuм", ОЗУ, 64 МБ сыныпты компьютер;
- STC P 11разрядты кәсiби дыбыстық электронды тақша,
жинаққа алып шығу пультi (АЦП)
және арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету де кiредi
2. Екi кассеталы магнитофон,
күшейткiштермен, бағандармен жинақта
3. Стандартты компакт-кассеталарға арналған диктофон
4. Стандартты шағын кассеталарға арналған диктофон
5. Бейнемагнитофон
6. Тыңдағыштар
7. Зарядтау құрылғысы
8. Дербес компьютер
4. Сот фототехникалық сараптама1 Фототехникалық сараптама
сарапшысының жұмыс орны:
- Түрлi түстi теледидар, 53диагональдi;
- Стопкадрлi бейнемагнитофон;
- "САSIО" цифрлы фотоаппараты;
- Тыңдағыштар;
- 4 батареялы саусақша аккумуляторлық батареяларға
арналған зарядтық құрылғы;
- Қоректiк аккумуляторлық батареялар;
- Дербес компьютер
5. Сот трасологиялық сараптама 1. Салыстырмалы МСК-1 микроскобы
2. БМИ-1Ц микроскобы
3. МБС микроскобы
4. Жарықтандырғыш
5. Суық қару адырнаның тартылу күшiн
анықтауға арналған қабырға
6. ИК-жарық беру шамы
7. "Клинок" құрылғысы
8. Дактилоскопиялық қобдиша
9. Динамометр
10. 2,5-тен 7-ге дейiнгі үлкейткiш лупалар
11. Тiреуiшi және қосалқы жарықтандырғышы бар тұрақты лупа
12. Әртүрлi мөлшердегi дактилоскопиялық жаққыш
13. Магниттi дактилоскопиялық жаққыш
14. Муфельдi пеш
15. Кептiргіш шкаф
16. Зертханалық тоңазытқыш
кг. дейiнгі техникалық таразылар, дәлдiгi 1 г.
18. Зертханалық, электрлiк, қыш тақташалар
19. Микрометрлер
20. Дербес компьютер
6. Сот баллистикалық сараптама 1. Салыстырмалы МСК-1 микроскобы
2. БМИ-1Ц микроскобы
3. МБС микроскобы
4. Оққаққыш
5. Оқтың жылдамдығын анықтауға арналған аспап
6. Экспериментальдi атуға арналған қондырғы
7. Жарықтандырғыш
8. УК-жарықтандырғышы (лямбда-254 және 360 нм)
9. ИК-жарық беру шамы
10. Тир прожекторы
11. Кiшi көлемдi прожектор (галогендi шам)
12. Арнайы нысан
13. Динамометр
14. 2,5-тен 7-ге дейiнгі үлкейткiш лупалар
15. РФ-4 үлгiлi фотографиялық жайылма
16. Дербес компьютер
7. Материалдар мен бұйымдардың 1. Екi детекторлы сұйықтық
сот сараптамасы хроматографы:
1. Diod Аrrоу
Dеtесtоr; 2. Mass Selective Detector
2. Микродифрактометр
3. Рентгендiфлуоресценттiк спектрометрi
4. Микроскпектрофотометр
5. Olympus АХ-70 полярлау микроскобы
6. ҒХ-5 iздестіру аспабы
7. ИК-"Аvаtаr-320" спектрометрi
8. УК-дағы және көрiну аумағындағы спектрофотометр
9. Газ генераторлы (сутегі, азот, ауа) жалынды-иондалған детекторы бар газды хроматограф
10. МС детекторлы газды хроматограф
11. Биологиялық микроскоптар
12. МБС үлгілi оптикалық стереомикроскоптар
13. Бензиннiң сапасына бақылау жасайтын талдауыш
14. Мұнай өнiмдерiн фракциялауға арналған қондырғы
15. Рефрактометрлер
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 |


