4) аса күрделі: салыстырылатын объектілердің біртұтастыққа жататындығы туралы сұрақты шешу бойынша сәйкестендірушілік зерттеу; объектілердің бір массаға (шикізатқа, жартылай өнімге, өсімдік және жануар шикізатынан өңделген өнімдер) тиістілігі туралы сұрақты шешуге бағытталған зерттеулер; аймақтағы жер телімін анықтау бойынша кешенді зерттеу (ТБТК объектілері); ТБТК объектілерінің қатпарларының шығу көзін анықтау бойынша диагностикалық міндеттерді шешу; зерттеу объектілерінің қылмыстың нақты оқиғасы жағдайларымен кеңістік-уақыттық байланысын анықтау.
17. Cот молекулярлық-генетикалық сараптама
33. Cот-сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеу:
1) күрделі: қан үлгілері және букальды эпителийлер бойынша биологиялық әкелікті анықтау; қан үлгілері және букальды эпителийлер бойынша биологиялық аналықты анықтау;
2) аса күрделі:адамды сүйек қалдықтары бойынша сәйкестендіру; белгілі бір адамдардан алынған, заттардағы және т. б. адам қанының, сілекейінің, ұрығының, шашының, ұлпаларының қатпарларын зерттеу; сүйек қалдықтары бойынша биологиялық әкелікті және аналықты анықтау; түсік материалдары бойынша биологиялық әкелікті және аналықты анықтау.
18. Сот психологиялық-криминалистикалық сараптама
34. Сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық зерттеу:
1) жай: шектеулі көлемде келіп түсетін, порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ зұлымдық пен күш қолдануды насихаттайтын объектілерді:ойын картасын - 5 колодаға дейінгі; бейнетаспаларды, CD-дискілерді, DVD-дискілерді, алынбалы (тасымалды) және алынбайтын ақпарат тасымалдаушыларды, ұялы телефондарды, смартфондарды, дербес қалта компьютерін (бұдан әрі - ДҚК) - 2 данаға дейінгі; фотосуреттерді, жекелеген репродукцияларды – 5 данаға дейінгі;журналдарды, газеттерді - 2 данаға дейінгі; кітаптарды – 1 данаға дейінгі мөлшерде зерттеу;
2) күрделілік дәрежесі орташа:шектеулі көлемде келіп түсетін порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ зұлымдық пен күш қолдануды насихаттайтын объектілерді: ойын картасын - 10-15 колодаға дейінгі; бейнетаспаларды, CD-дискілерді, DVD-дискілерді, алынбалы (тасымалды) және алынбайтын ақпарат тасымалдаушыларды, ұялы телефондарды, смартфондарды, ДҚК – 3-5 данаға дейінгі; фотосуреттерді, жекелеген репродукцияларды – 5-10 данадан көп; журналдарды, газеттерді - 5 данаға дейінгі; кітаптарды – 2-4 данаға дейінгі (зерделенетін мәтіннің көлеміне қарай) мөлшерде зерттеу;
3) күрделі: порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ зұлымдық пен күш қолдануды насихаттайтын объектілерді: ойын картасын - 15-ке дейін және одан көп колода;
бейнетаспаларды, CD-дискілерді, DVD-дискілерді, алынбалы (тасымалды) және алынбайтын ақпарат тасымалдаушыларды, ұялы телефондарды, смартфондарды, ДҚК – 5 данадан бастап және одан да көп; фотосуреттерді, жекелеген репродукцияларды – 10 данадан бастап және одан да көп; журналдарды, газеттерді – 5 данадан бастап және одан да көп; хаттарды, өзге де авторлық қолжазбалардың нұсқаларын 5 данадан бастап және одан да көп; кітаптарды – 5 данадан бастап және одан да көп (зерделенетін мәтіннің көлеміне қарай); ойын бағдарламаларын – 1 данадан бастап және одан да көп; өзге стандартты емес объектілерді – 1 данадан бастап және одан да көп; порнографияны, зұлымдық пен күш қолдануды насихаттайтын белгілердің бар/жоқ екендігін анықтау, объектілерді эротикалық/порнографиялық/зұлымдық пен күш қолдануды насихаттайтын топқа жатқызу – 1 бейнетаспадан артық емес мөлшерде зерттеу; тасымалдаушы – объектілерге түсіріліп алынған (көзбен шолынатын, ауызша айтылған) әрекеттердің мағыналық мазмұнын анықтау;
4) аса күрделі: порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен күш қолдануды насихаттайтын объектілерді:бейнетаспаларды, CD-дискілерді, DVD-дискілерді, алынбалы (тасымалды) және алынбайтын ақпарат тасымалдаушыларды, ұялы телефондарды, смартфондарды, ДҚК – 15 данадан бастап және одан да көп; фотосуреттерді, жекелеген репродукцияларды – 30 данадан бастап және одан да көп; журналдарды, газеттерді - 10 данадан бастап және одан да көп; хаттарды, кез келген өзге авторлық қолжазба нұсқаларын – 10 данадан бастап және одан да көп; кітаптарды - 10 данадан бастап және одан да көп (зерделенетін мәтіннің көлеміне қарай); ойын бағдарламаларын - 1 данадан көп; өзге стандартты емес объектілерді - 1 данадан көп мөлшерде зерттеу; объектілерді - нақты адамның күйі мен жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезеңі, тергеу әрекеттері – жауап алу, оқиға орнында түсініктерді тексеру, ұстау және т. б. жазылған бейнежазбаларды - 1 данадан көп көлемде зерттеу; адамның физиологиялық және психологиялық күйін өзгерту мақсатында, оған әртүрлі тәсілдермен ықпал жасау фактісін анықтау; адамның физиологиялық және психологиялық күйінің, өзінің жасаған әрекеттерінің барысында, не болмаса оған қандай да бір тәсілдермен ықпал жасау нәтижесінде өзгеру фактісін анықтау – 5-20 данадан артық емес.
19. Сот психологиялық-филологиялық сараптама
35. Сот-сараптамалық психологиялық-филологиялық зерттеу:
1) күрделі:мәтіннің жалпы бағыттылығын анықтау; басылымның мазмұнын түсінуге жалпының қолжетімділігін, онда жасырын, жанама ниет бар/жоқтығын айқындау; мәтіннің жанрлық, стилистикалық, композициялық ерекшеліктері, лексикалық-фразеологиялық тәсілдерін анықтау; сөйлеу дағдысы, тілдік қалыптарды зерттеу; материалдың мәтіні бойынша қолданылатын сөздер мен сөз айналымдарының семантикалық мағынасын зерттеу; материалдардың адамның (бір топ адам) эмоциялық, жігерлік өрісіне әсер етуінің психологиялық аспектісін зерттеу; адамның, не бір топ адамның күйіне, пікіріне, ойына, мінез-құлығына әсер ету мүмкіндігі бар материалдарды ақпарат ретінде баяндау стилін, үлгісін зерттеу;
2) аса күрделі: сөз мәтінінде ұлтаралық және діни араздықты, алауыздықты қоздыру, ұлттық және діни құндылыққа тіл тигізу, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күштеп құлату немесе өзгерту, не болмаса тұтастығына күштеп бұзуға шақыру белгілері бар сөйлеген сөздердің, пікірлердің бар/жоқ екендігін зерттеу; материалдарда қамтылған ақпараттарға сәйкес олардың белгілі бір діни бағытқа, ағымға (Ислам мұсылман діні, христиандық, буддизм, сондай-ақ әртүрлі сектанттық көріністер шеңберінде) жататындығын зерттеу; сөз мәтінінде жеке және заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне қатысты қорлау сипатындағы айтылған сөздердің, пікірлердің болуы/болмауын зерттеу.
II - БӨЛІМ
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚҚА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІКТЕРІ СОТ-САРАПТАМАСЫ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК САРАПШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ЭТИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІ
ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің Әділет министрлері кеңесінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 47 шешімімен бекітілген
1 бап. Осы кодексті әзірлеудің негіздемесі
Осы Кодексті әзірлеу кезінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің (әрі қарай – ЕурАзЭҚ) нормативтік құқықтық актілерінде, корпоративтік этика актілерінде қамтылған кәсіби мінез-құлық нормалары ескерілген.
2 бап. Осы кодекстің қолданыс аясы
2.1. Осы Кодекстің қағидалары ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің барлық мемлекеттік сарапшыларына міндетті болып табылады.
2.2. Сарапшы, ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелеріне қызметке кіре отырып,өзіне осы Кодекстің этикалық нормалары мен талаптарын бұлжытпай орындау міндеттемесін ерікті түрде жүктейді.
2.3. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелері сарапшыларының осы Кодекстің қағидаларын бұзуытәртіптік теріс қылық болып табылады және ішкі заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
3 бап. Осы кодекстің мақсаты
Осы Кодекстің мақсаты - ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелері сарапшыларының өз кәсіби борышын лайықты орындауы үшін олардың этикалық нормаларын, кәсіби мінез-құлық ережелерін белгілеу болып табылады.
3.2. Осы Кодекс:
ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелері сарапшылары өз лауазымына қарамай сақтауға тиісті негізгі қағидаларды;
ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелері сарапшылары өз қызметінде басшылыққа алуға тиісті этикалық нормаларды;
ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелері сарапшыларының өз кәсіби қызметіндегі мінез-құлық ережелерін;
этикалық дауларды шешу тәртібі мен этикалық нормалар мен талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын анықтайды.
4 бап. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелері сарапшыларына қойылатын жалпы этикалық талаптар
4.1. Сарапшы өз Отанына берілген, өз мемлекетінің Конституциясы мен оның заңнамаларын бұлжытпай сақтайтын, кәсіби борышына адал, өз лауазымдық міндеттерін орындаудың үлгісі болуы тиіс және мінсіз беделі болуы керек.
4.2. Сарапшыларға арналған этикалық нормалар жалпы этикалық талаптарды, сонымен қатар өз мемлекетінің заңнамасында көзделген олардың қызметінің ерекшелігі мен кәсіби міндеттемелеріне негізделген ерекше талаптарды да қамтиды.
5 бап. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері
сот-сараптамасы мекемелері сарапшыларының жұмыс ерекшелігіне негізделген негізгі этикалық нормалары мен қызметтерінің қағидалары
5.1. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелері сарапшылары өз қызметінде келесі қағидаларды сақтауы тиіс:
адалдық пен әділдік – сарапшы өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде кәсіптік және жеке мінез-құлықтардың мінсіз нормаларын ұстануға, өз тұжырымдары мен шешімдерінде риясыздықты сақтай отырып, өз жұмысын білікті, адал ниетпен орындауға міндетті. Оның тұжырымдары мен қорытындыларына біржақтылық немесе оған көрсетілген қысым емес, тек заңды және әділ ақпарат қана негіз болуы мүмкін;
парасаттылық – сарапшы адамдарға тілектестік қатынаста, өзінің кәсіби қызметінде әдепті және адал ниетті болуы, өз беделімен өзі өкілі болып саналатын ұйымның беделін нығайтуы тиіс;
кәсіби құзыреттілік –сарапшы біліктілігі мен жұмыс сапасын, тәжірибелік дағдыларын жетілдіріп отыруы қажет, сонымен қатар іс жүргізушілік заңнаманы, нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік ұсынымдар мен оқу құралдарын білуі тиіс. Егерде сарапшы, өзіне тапсырылған тапсырманы орындау үшін құзыреттілігі жоқ деп санаса, онда ол біліктілігін әрі қарай көтеруді жүргізу қажеттілігі мақсатында бұл туралы өзінің тікелей басшысын хабардар етуге міндетті және мамандығы аясында өз бетінше білім алу үшін шаралар қабылдауы тиіс;
мінсіз мінез-құлық – сарапшы ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің беделін нығайтуға барлық көмегін көрсетуге, құқық бұзушылықтар жасамауға, өзінің және сот-сараптамасы мекемесінің беделіне зиян келтіруі мүмкін мінез-құлықтардан тартынуы тиіс. Бұл дегеніміз, ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің сарапшысы өзінің кәсіби қызметінде заңнаманың нормаларын, өзінің қызметтік міндеттерін және жалпыға бірдей этикалық нормаларды ұдайы басшылыққа алып отыруын болжайды;
бейтараптылық - ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің сарапшысы оның өзінің немесе мекеменіңбеделіне нұқсан келтіретін, мүдделердің қақтығысын туындататын, ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесініңқызметіне тікелей немесе жанама зиян келтіретін тиісті емес қызметке тартылмауы тиіс;
ақпараттың құпиялығы - ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің сарапшысы заңда көзделген жағдайлардан бөлек, сараптама жүргізу барысында алынған ақпараттарды үшінші тарапқа ашуға тиіс емес. Ол құпия ақпараттарды қызметтен тыс мақсатта пайдаланбауы керек. Оның қызметіне баға тек іс жүргізушілік заңнамамен белгіленген тәртіпте ғана берілуі мүмкін.
6 бап. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелері сарапшыларының тәуелсіздігі
6.1. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелері сарапшыларының сот сараптамасын тағайындаған органдардан немесе адамдардан тәуелсіздігі ажыратылмайтын талаптар болып табылады. Сараптама немесе сараптамалық зерттеу жүргізуге тапсырма ала отырып, сарапшы адалдық, әділдік және парасаттылық қағидаларымен сыйыспайды деп танылуы мүмкін қандай-да бір мүдделіліктен азат болуы тиіс.
6.2. Кәсіби қызметіне қатысты барлық мәселелерде ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің сарапшысы басқа қызметкерлердің, іске қатысушы адамдардың өзіне сырттай ықпал немесе әсер етуін болдырмауы тиіс. Сарапшы өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде, оның тәуелсіздігі мен жасаған тұжырымдарына ерікті немесе еріксіз түрде әсер етуі мүмкін адамдарды сараптама өндірісіне тартудан бас тартуы тиіс.
6.3. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің сарапшылары саяси, діни бейтараптық пен өз міндеттерін риясыз орындау үшін кез келген саяси және діни ықпалдан өзінің тәуелсіздігін ұстануы тиіс.
6.4. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің сарапшылары өз тәуелсіздіктерінің қамын ойлай отырып, олардың тәуелсіздігі менадалдығына әсер етуі мүмкін кез келген даулардан қашық болуы, сыйлықтардан және (немесе) сыйақылардан бас тартуы тиіс.
6.5. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің сарапшылары өз тәуелсіздіктерінің қамын ойлай отырып,өздерінің ресми мәртебесін жеке мақсаттарында пайдаланбауы тиіс, сыбайлас жемқорлыққа әкеп соғатын немесе олардың әділдігі мен тәуелсіздігіне күмән келтіретін қатынастардан қашық болуға міндетті.
6.6. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің сарапшылары олардың жұмыс істеу қабілетіне және тұжырымдарды риясыз жасауына әсер ететін шектеулерді ескеруі қажет. Егерде сарапшыларға қолайсыз ықпал ету көрсетілетін болса және де мұндай ықпал ету көзін жоюға мүмкіндік болмаса, онда сарапшылар бұл жөнінде басшылықты хабардар етіп, сараптама жүргізуден бас тартуы тиіс.
6.7. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің сарапшыларының жеке немесе отбасылық қатынастары олардың сараптама жүргізу кезіндегі тәуелсіздігіне қауіп-қатер келтірмеуі тиіс. Ондай болмаған жағдайда олар тиісті сараптамаларды жүргізуге қатысуға құқылы емес және мұндай жағдайлардың бары туралы басшылықты алдын ала хабардар етуге міндетті.
7 бап. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің сарапшыларының әріптестерімен және бағынышты адамдарымен қарым-қатынастары
7.1. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің сарапшыларыұжымда іскерлік және жолдастық өзара қарым-қатынас орнатуға жағдай жасаулары тиіс. Олардың кәсібилігі мен бір-бірімен сындарлы ынтамақтастығы қызметтің тиімділігінің маңызды факторлары болып табылады.
7.2. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің сарапшылары өз әріптестерінің жеке кәсіби пікірлері болуы құқына түсіністікпен қарауы тиіс, әсіресе бұл пікірлер оның жеке пікірінен ерекшеленетін болса.
7.3. Басшылық лауазымдағы ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің сарапшысы кәсібиліктің үлгісі, мінсіз беделіболуы, адамдарға әділдіктің, қамқорлықтың, тілектестіктің үлгісі болуға, тиімді жұмыс істеу үшін қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға мүмкіндік жасауы тиіс. Басшы өз жауапкершілігін әріптестеріне және бағынышты адамдарына жүктеуге құқылы емес.
7.4. Сараптама тағайындаған судьялармен, лауазымды адамдармен, іс бойынша тараптармен өзара қарым-қатынастары заңнамалық негізде құрылуы тиіс.
8 бап. Жариялылық және ақпаратты ұсыну.
8.1. Жариялылық - ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің сарапшыларының тиімді қызметінің маңызды шарттарының бірі. Олардың жұмысы туралы ақпарат заңнамамен белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарын берілуі немесе жариялануы мүмкін. Бұл қағиданы сақтау сарапшылар қорытындыларының нәтижесін жариялауды көздемейді.
8.2. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің сарапшысы бұқаралық ақпарат құралдарыныңЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің жұмысын жариялау жөніндегі қызметіне құрметпен әрі түсіністікпен қарауы және бұл қолданыстағы заңнамаға және осы Кодекске қайшы келмесе оларға қажетті көмек көрсетуі тиіс.
9 бап. Этикалық кикілжіңдер
9.1. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің сарапшысы өзінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде келесілерден туындаған кикілжің жағдайларға ұшырасуы мүмкін:
Басшы тарапынан қысымнан;
сарапшының қызметтік іс-әрекетіне әсер ететін тұлғааралық, отбасылық және (немесе) жеке сипаттағы қарым-қатынастардан;
іс бойынша тараптар мен өзге де адамдардың сарапшының өз лауазымдық міндеттеріне қайшы әрекет етуіне бағытталған өтініштері мен талаптарынан;
сарапшының кәсіби дағдыларына нұқсан келтіру жолымен пайдакүнемдік мақсаттағы оған ықпал етуден.
Осы және осыған ұқсас барлық жағдайларда ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің сарапшысы өзін лайықты ұстауға және заңнамаға және өзінің қызметтік міндеттеріне, сондай-ақ осы кодекстің этикалық қағидаларына қатаң сәйкестікте әрекет етуі тиіс.
9.2. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің сарапшысы өзінің жеке беделіне немесе іскерлік атағына нұқсан келтіруі мүмкін кикілжің жағдайлардан аулақ болуы тиіс.
10 бап. Этикалық кикілжіңдерді шешу
10.1. Егер ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің сарапшысы кикілжің жағдайдан құтыла алмаса, онда ол заңнамаға қатаң сәйкестікте оны дұрыс шеше алуы тиіс.
10.2. Кикілжің жағдай туындаған кезде:
тез арада кикілжің мәселесін тікелей бастығымен талқылап, ол туралы жұмыс берушіге баяндауы;
егер жұмыс беруші мәселені шеше алмайтын болса немесе өзі де оған тікелей тартылған болса, онда сарапшы жоғары деңгейдегі басшыға немесе құқық қорғау органдарына, ал еңбек дауларын шешу кезінде – еңбек даулары жөніндегі тиісті комиссияға және сотқа жүгінуі;
ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің басшысы заңнаманы бұзушылықты жою бойынша және болуы мүмкін, соның ішінде этикалық кикілжіңдерді дұрыс шешуге бағытталған қажетті шараларды қабылдауы қажет.
11 бап. Қорытынды қағидалар
11.1. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің сарапшыларының осы Кодекстің нормаларын сақтауы мемлекеттік сот-сараптамасы мекемелері сарапшыларының жеке және кәсіби-іскерлік қасиетін жан-жақты әрі әділ бағалаудың маңызды элементі болып табылады.
11.2. Осы Кодекс қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ САРАПТАМАСЫ
ЗЕРТТЕУЛЕРІ ӘДІСТЕМЕЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІН ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 000 қаулысы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 43-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) қалыптастырудың және пайдаланудың мақсатын, тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік тізілім Заң талаптарына жауап беретін сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелері (бұдан әрі - әдістемелер) туралы мәліметтерді қамтиды.
3. Мемлекеттік тізілім қылмыстық процесті жүргізуші органдарды, соттарды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органдарды (лауазымды адамдарды), процеске өзге қатысушыларды, сондай-ақ сот сарапшыларын әдістемелер туралы мәліметтермен қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылады.
2. Мемлекеттік тізілімді қалыптастыру тәртібі
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 |


