ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ СОТ САРАПТАМАСЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ СТ САРАПТАМАСЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ СОТ САРАПШЫЛАРЫ
МЕН ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ
НОРМАТИВТІК ЖҮКТЕМЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2012 жылғы 02 қазандағы № 000 бұйрығы
Жалпы бөлімі
1.1 Сот сараптамасы институтарының сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерлері жүктемесінің нормалары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының аумақтық бөлімдерінде қолдануға арналған.
1.2 Жүктеме нормалары сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерлердің сот сараптамасы өндірісін тиімді және сапалы жүзеге асыруына, қажетті штаттық санды белгілейді, жұмыс көлемін жоспарлауға және мөлшерленген тапсырманы беруге негіздеме болады.
Жұмыс нормасымен сараптамалардың күрделік дәрежесіне байланысты көрсеткіштерді есепке алғандағы қылмыстық,азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық істер бойыншы сот сараптамасының 17 түрі қамтылған.
Сот сараптамасының түрлері (портреттік, бейнефонографиялық,фототехникалық, трасологиялық,баллистикалық, экономикалық,тауартану,құрылыс, технологиялық, өрт-техникалық, жарылыс-техникалық,биологиялық,есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, адамның психикасы мен психофизиалогиялық процесстерінің күйі,құжаттарды сот-техникалық зерттеу, заттар мен материалдарды сот-сараптамалық зерттеу, жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу).
Күрделік саннатары:
жай-зерттеудің көп еңбек сіңіруді қажет ететін әдісін қолдануды талап етпейтін стандарттары (жүргізу мерзімі - 3 сағаттан 24 сағатқа дейінгі);
күрделік дәрежесі орташа – объектілердің сапалық және сандық сипатталары, сондай-ақ қолданылатын әдістемелер белгілі бір уақыт шығынын талап етпейді (жүргізу мерзімі – 16 сағаттан 48 сағатқа дейінгі);
күрделі сараптамалық зерттеулер – ұзақ және көп ғылыми енбеқ сіңіруді қажет ететін, аспаптық әдістерді қолдануды, оқиға орнына шығумен байланысты алынған нәтижелерді терең талдауды талап ететін, көп объектілі, көп сұрақтары бар ( жүргізу мерзімі – 36 сағаттан 72 сағатқа дейінгі);
1.3. Еңбек нормасы әзірлеуге:
«Қазақстан Республикасындағы сот сараптама қызметі туралы» Қазакстан Республикасының 2010 жылғы 20 қантардағы Заңы;
сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерлер орындайтын сот сараптамасының күрделілік санаты мен дәрежесіне және оларды жүргізу мерзімін есептеу тәртібіне байланысты жұмыстын негізгі түрлері бойынша орындаушылардың жұмыс уақытына жүргізілген хронометраждық бақылауды талдау;
өткен кезендегі өндірілген немесе жұмсалған уақыт туралы статистикалық есептердің мәліметтері, сараптамалық бағалардың нәтижесі;
еңбекті нормалаудың нормативтік құқықтық актілері негізге алынды;
1.4 Осы жинақтағы қызметкерлер лауазамдарының атауы Басшылардың, мамандардың және басқа қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік анықтамасына сәйкес көрсетілген.
1.5 Нормалар қабылданған жұмыс көлемі бірлігіне жұмыс түрлері бойынша сағат есебінде белгіленген.
1.6 Нормаларда орындаушының дайындау – қорытындылау жұмысының, жұмыс орнына қызмет көрсету, демалысы және жеке қажеттіліктеріне арналған шұғыл уақыттың 10 % есебіндегі уақыты есепке алынған:
Нвр=Топ. х(1-(ТР.+Тпз. Тотл ))/100,мұнда
Топ.-жедел уақыт;
Тр.- жедел уақытқа пайыз ретінде белгіленге жұмыс орнына қызмет көрсетуге кеткен уақыт, (2%);
Тпз.- жедел уақытқа пайыз ретінде белгіленге дайындау - қорытындылау уақыты (3%);
Тотл.- жедел уақытқа пайыз ретінде белгіленге демалысқа және жеке қажеттіліктерге арналған үзіліс уақыты, (5%).
1.7. Сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерлердің нормалары статистикалық есеп мәліметтері бойынша, есептік кезеңнің алдындағы олардың бір жыл ішіндегі жұмысының нәтижесі бойынша анықталды.
1.8. Сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерледрдің санын анықтаған кезде жұмыс уақытының бір жылға арналған балансына сәйкес қабылданады.
Тізімдік саны келесі формула бойынша есептеледі:
Чс= Чя * Кн
Чс - тізімдік сан, адам.
Чя – келушілер саны, адам.
Кн – жоспарланған шыкпай калулардың коэфициенты, 1,1 теңестерілді.
1.9. Санның нормативі әрбір жұмыс пен күрделілік санатына келесі формула бойынша есептеледі:
1.9.1. жай, стандартты объектілер бойынша:
N пр=
Кпр –әрбір түрі мен күрделіліктің жай стандартты дәрежесі бойынша қарастырылған және орындалған сот сараптамаларының саны;
tпр –әрбір түрі мен күрделіліктің жай стандартты дәрежесі бойынша бір жыл ішіндегі бірлік өлшемі бойынша жұмысты орындауға жұмсалған уақыт;
В –бір орындаушының бір жылдағы уақытының балансы.
1.9.2. күрделіліктің орташа дәрежесі бойынша:
Кпр –әрбір түрі мен күрделіліктің орташа дәрежесі бойынша қарастырылған және орындалған сот сараптамаларының саны;
tпр –әрбір түрі мен күрделіліктің орташа дәрежесі бойынша бір жыл ішіндегі бірлік өлшемі бойынша жұмысты орындауға жұмсалған уақыт;
В –бір орындаушының бір жылдағы уақытының балансы.
1.9.3. күрделісараптамалық зерттеулер бойынша:
Кпр –әрбір түрі мен күрделі дәрежесі бойынша қарастырылған және орындалған сот сараптамаларының саны;
tпр –әрбір түрі мен күрделі орташа дәрежесі бойынша бір жыл ішіндегі бірлік өлшемі бойынша жұмысты орындауға жұмсалған уақыт;
В –бір орындаушының бір жылдағы уақытының балансы.
1.9.4. Орталықтың аумақтық бөлімдері бойынша жалпы алғандағы сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерлері санының нормативі жұмыстың әрбір түрі мен күрделіліктің санаты бойынша санның нормативтерін қосу (бүтін санға дейін айналдыруды есептегенде) жолымен анықталады және келесі формула бойынша есептеледі:
Nч=Nпр. (1)+Nср. (2)+Ncл, (4)
Жұмыстың әрбір түрі мен күрделіліктің санаты бойынша нормативтік саны анықтағанда бүгін санға дейін айналдыру жүзеге асырылады.
1.10. Ортылықтың аумақтық бөлімінің басшысы орындаушынының біліктілігіне, алдағы жасалатын сараптамалық зерттеудің күрделігіне, белгіленген жалпы мерзімдерге байланысты орындаушыларға жүктемені бірқалыпты бөлуді жүзеге асырады, сараптама жүргізудің нақты мерзімін анықтап береді және оның сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
2.Жұмысты ұйымдастыру
2.1. Сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерлердің қызметі Қазақстан Республикасының Заңымен және қолданыстағы басқа да нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ ішкі бұйрықтармен, нұсқаулықтармен,ұйымның негізгі қызметі бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылык құжаттарымен реттеледі.
2.2. Сот сараптамасы институттарының сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерлеріне келесі міндеттер жүктеледі:
қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзышылықтар жөніндегі істер бойынша; есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорларды сот-сараптамалық зерттеулер саласындағы алғашқы,қосымша,қайталама, комиссиялық, кешенді, аса күрделі сот сараптамаларын жүргізу;
заңнаманы және түрлер бойынша практикалық қызметті жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жасау мақсатында ғылыми зерттеулерді жүргізу және сот-сараптамасын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдардың жұмысын үйлестіру.
2.3. Материалдарды Орталықтың аумақтық бөлімдеріне келіп түскен кезде аумақтық бөлімнің басшысы белгіленген жалпы мерзімдердің шегінде, алдағы тұрған сараптамалық зерттеудің күрделілігіне алдын-ала бағалау жүргізеді, мәліметтерді ескере отырып сараптаманы жүргізудің нақты мерзімін анықтайды және сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
2.3.1. Сараптаманы орындаушыны анықтау сот-сараптамалық мекемелердің ғылыми-практикалық әлеутін тиімді пайдалану үшін сараптамалық зерттеудің күрделілігі орындаушының біліктілігіне сәйкес келуі қажет деген қағиданы есепке ала отырып жүргізіледі.
2.3.2. Сараптамаларды бөлу кезінде көрсетілгендермен қатар,құрылымдық бөлімнің шегіндегі қызметкерлердің сараптамалық жүктемесінің біркелкі бөлу талабы есепке алынады.
2.3.3. Сараптаманы жүргізу аяқталғаннан кейін аумақтық бөлімнің басшысы сараптаманы есепке алу журналына тиісті белгі қоя отырып, сараптамалық зерттеудің күрделілік дәрежесін нақтылайды және нақты орындалған мерзімнің бақылау мерзіміне сәйкестігін тексереді.
2.3.4. Құрылымдық бөлімше деңгейіндегі, сондай-ақ нақты қызметкерлерге қатысты сараптама күрделілігі дәрежесі мен оларды орындау мерзімдері туралы мәліметтер жұмыс нәтижесін шығарғанда, қызметкерлерді көтермелеу және лауазымдық ауыстырулар кезінде назарға алынады.
2.3.5. Сараптамалардың нақты түрлерін (түршелерін) жүргізудің орташаландырылған мерзімдері, сондай-ақ сараптамалық жүктеменің айлық нормалары тиісті сараптамалық технологиялардың жетілдірілуіне қарай қайта қарастырылуы мүмкін.
2.3.6. Сараптамалар жүргізген, күрделілік санатының бір түрі бойынша жүктеме нормасынан асатын сараптамалардың белгілі бір санын орындаған сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерлерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте қосымша ақы төлеу жүргізіледі.
2.4.Осы жұмысты ұйымдастыру қазіргі заманғы ұйымдастырушылық және есептегіш техниканы қолдануды көздейді.
2.5. Орындаушының жұмыс орны санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес, жарықтандыру, температура, ылғалдылық, ауа ортасының тазалығы мен шу деңгейі бойынша еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың талаптары сақтала отырып жабдықталуы тиіс.
2.6. Мамандар белгіленген күн тәртібі мен барлық міндетті жұмыстардың регламенттелуіне сүйене отырып, еңбек пен демалыстың режімін сақтауға тиіс.
3.Нормативтік бөлім
№ р/р | Жұмыстың атауы | Сараптаманың күрделілік дәрежесі кезіндегі уақыт нормасы (сағат) | ||
Жай стандартты | Орташа күрделі | Күрделі | ||
1. | Құжаттарды сот-техни калық зерттеу | 10,8 | 15,7 | 44,13 |
2. | Сот портреттік сараптама | - | 46,79 | 72,27 |
3. | Сот бейнефонографиялық сараптама | - | 48,17 | 75,57 |
4. | Сот фототехникалық сараптама | - | 48,65 | 71,80 |
5. | Сот трасологиялық сараптама | 8,71 | 24,97 | 46,77 |
6. | Сот баллистикалық сараптама | 8,49 | 23,34 | 47,91 |
7. | Заттар мен материалдарды сот сараптамасы | - | 49,15 | 73,38 |
8. | Жол-көлік оқиғасы жағдайлары мен құралдарының сот сараптамасы | 17,07 | 23,69 | 35,92 |
9. | Сот экономикалық сараптамасы | 16,9 | 23,54 | 35,19 |
10. | Сот тауартану сараптамасы | 17,15 | 23,84 | 35,79 |
11. | Сот тауартану сараптамасы | - | 48,14 | 75,63 |
12. | Сот технологиялық сараптама | - | 47,8 | 71,20 |
13. | Сот өрт-техникалық сараптама | 21,71 | 26,88 | 32,49 |
14. | Сот жарылыс-техникалық сараптама | 25,66 | 31,79 | 52,09 |
15. | Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы | 2,94 | 20,49 | 39,56 |
16. | Сот биологиялық сараптама | - | 47,66 | 70,38 |
17. | Адам психикасы мен психофизиологиялық процестері күйінің сот сараптамасы | - | 49,76 | 71,87 |
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 |


