107. Бірлесе орындаушылар негізгі орындаушыға тиісті ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады, ал мемлекеттік тілдегі құжатты ҰҚҚ маманы тексеріп, қол қоюы тиіс.

108. Бақылау құжаттарына, белгіленген орындау мерзімдері ескеріле отырып, бақылаудыңкелесі түрі қойылады:

1) шұғыл: – «аса шұғыл»- үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдету» - он жұмыс күнгіне дейін –белгілерімен;

2) қысқамерзімді – он жұмыс күнінен бір айға дейін;

3) орта мерзімді – бір айдан алты айға дейін;

4) ұзақ мерзімді – алты айдан артық.

Аталған тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындаудыңжауапкершілігі Орталық қызметтерінің, бөлімшелердің басшыларына жүктелген.

109. Орталықтың қызметтерімен бөлімшелерінің басшылары:

1) әр тоқсан сайын Елбасының тапсырмалары мен актілерін уақтылы және сапалы орындау бойынша орындаушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жүргізеді, оның нәтижелерін қызметтер мен бөлімшелердің жиналыстарында талқылайды;

2) орындау тәртібінәрбір бұзушылығына орайтиісті әрекет ету шараларын қабылдайды;

3) жаңа қабылданған қызметкерлердің Үкіметтің, Министрліктің Регламентінің негізгі қағидаларын, іс жүргізушілікті және бақылауды ұйымдастыру мәселелерін реттейтін құқықтық нормативтік актілерді міндетті түрде оқып-танысуын қамтамасыз етеді.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

110. Министрлік басшылығыныңактілері мен тапсырмаларында белгіленген тапсырмаларды орындау мерзімі, олардың Орталыққа келіп түскен күнінен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.

Оның барысында Орталық атына тапсырмалар берілген мәжіліске (жиналысқа) қатыскан Орталықтың өкілдері, осы мәжіліс (жиналыс) аяқтала салысымен, оларға мәжіліс (жиналыс) хаттамасының немесе қол қойылған тапсырманың түсуін күтпей-ақбірден орындауға кірісуге міндетті.

111. Бақылау құжаттарын бірнеше қызметтер, бөлімшелер орындайтын кездеөз атауының тұсында «жинақтау» белгісі немесе тапсырмада бірінші белгіленген қызметжауапты болады, ол осы орындаудың мерзімін ауыстыру туралы ұсыныс енгізуге құқылы.

112. Тапсырманы бірлесе орындаушылар өз ұсыныстарын мемлекеттік және орыс тілдерінде жинақтауды жүзеге асыратын қызметке, бөлімшеге тапсырманы орындау белгіленген мерзімнен 5 жұмыс күнібұрын енгізеді.

Орталық Директорының тапсырмасы бойынша бірнеше орынбасарларға жолданатын орындалғаны туралы тиісті қызмет, бөлімше басшысының қолы қойылған ақпарат жинақтауға жауапты орынбасарға ұсынылады.

113. Министрлік басшылығы актілерінің және/ немесе тапсырмаларының тармақтарын белгіленген мерзімде орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда, Орталық алдын ала, бірақбелгіленген мерзімнен бір күн бұрын, Министрлікке орындаудың ағымдағы жай-күйін, орындау мерзімін ұзартудың қажеттілігініңдәләлді негіздемесін немесе оны орындаудың нақты мерзімін, нақты жауапты бірлесе орындаушыларды міндетті түрде көрсете отырып орта мерзімді не ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы хат енгізеді.

114. Актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын бақылаудан алу үшін келесілер:

1) толық және сапалы орындау;

2) туындаған объективтік жағдайларға орай орындаудың мүмкін еместігі негіз болып табылады.

9. Орталықта азаматтардың, заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды және азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерінқабылдауды ұйымдастыру

115. Орталықта азаматтардың өтініштерінқарау және қабылдау «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 000, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қантардағы № 000 заңдарына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы орталық және жергілікті атқару органдарында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру туралы» 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 000 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

116. Орталықта хат-хабарлардыңөтуімен байланысты рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатына, оның ресми Интернет-қорында келесі ақпараттар орналастырылады:

Орталық қызметкерлерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, тікелей телефоны;

Министрлікте құжаттардың өтуіне жауапты Орталықтың жалпы бөлімі қызметкерлерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, тікелей телефоны;

Министрліктің іс жүргізушілік қамтамасыз ету қызметі басшысының тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, тікелей телефоны;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін Орталықтын сенім телефонының нөмірі;

Орталық басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі;

заңнамаға сәйкес өзге де ақпараттар.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ СОТ САРАПТАМАСЫ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ

БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ

ҚР ӘМ Сот сараптамасы орталығы директорының 2012 жылғы 15 маусымдағы

№ 000 бұйрығы

Осы біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы (бұдан әрі - Орталық) қызметінің негізгі бағыттарының ерекшелігі ескеріле отырып әзірленген.

Орталықтың қызметкерлері лауазымдарының тізбесі:

Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету қызметі

1. Қызмет басшысы G-3

2. Басшының орынбасарыбөлім бастығы G-4

3. Бас сарапшы G-4

4. Жетекші сарапшы G-5

5. Аға кеңесші G-7

Кадрлық қамтамасыз ету қызметі

1. Қызмет басшысы G-3

2. Басшының орынбасары G-4

3. Аға инспектор G-6

Қаржылық қамтамасыз ету қызметі

1. Қызмет басшысы - бас бухгалтер G-3

2. Бас бухгалтердің орынбасары G-4

3. Бас экономист G-6

4. Экономист G-10

5. Бухгалтер G-10

Техникалық қамтамасыз ету қызметі

1. Қызмет басшысы G-3

2. Бас инженер G-6

3. Инженер G-10

4. Бухгалтер G-10

Сот сараптамасының ғылыми-зерттеу институты

1. Директор G-3

2. Директордың орынбасары G-4

3. Басғылыми қызметкер G-3

4. Жетекші ғылыми қызметкер G-5

Өңірлік сот сараптамасы институттары

1. Директор G-3

2. Директордың орынбасары G-4

3. Зертхана меңгерушісі G-3

4. Бас сарапшы G-4

5. Жетекші сарапшы G-5

6. Аға сарапшы G-6

Өңірлік ғылыми-өндірістік сот сараптамасы зертханалары

1. Бастық G-3

2. Бастықтың орынбасары G-4

3. Бас сарапшы G-4

4. Жетекші сарапшы G-5

5. Аға сарапшы G-6

Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету қызметі

Қызмет басшысы

G-3

Функционалдық міндеттері:сот-сараптама қызметіне мониторинг және талдау жүргізу, Орталықтың қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Статистикалық және талдау ақпаратымен қамтамасыз ету. Сот-сараптама қызметіне қатысты құқықтық нормативтік актілердің жобаларын әзірлеу. Тиісті дәрежедегі құжат айналымын, іс жүргізушілікті және мұрағатты жүргізуді ұйымдастыру, бақылау тапсырмаларының, шағымдар мен өтініштердің есебін жүргізу.

Талаптары:жоғары заңгерлік білімі, мемлекеттік мекемелердегі басшылық лауазымда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі, не болмасақұқық қорғау органдарында немесе сараптама қызметінде 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы. Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Әділет органдар туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңын, «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»ҚР Заңын білу.

Басшының орынбасары – жалпы бөлім бастығы

G-4

Функционалдық міндеттері:Орталықтың іс жүргізушілік және құжат айналымын тиісті дәрежеде жүргізуді қамтамасыз ету. Бақылауда тұрған тапсырмалардың орындалу мерзіміне, кіріс және шығыс құжаттардың тіркелуіне, мұрағаттың жұмысына бақылаудыжүзеге асыру.

Талаптары: жоғары заңгерлік білімі, мемлекеттік не өзге де ұйымдарда мамандығы бойынша 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Әділет органдар туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңын, «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңын білу.

Жетекші сарапшы

G-5

Функционалдық міндеттері: бақылауда тұрған тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындауды есепке алу, Орталықтың жұмыс жоспарын әзірлеу, Әділет министрілігінің алқасына және аппараттық кеңесіне, Орталық кеңестеріне, алқаларына, директоратынаматериалдар дайындау, Орталықтың істер номенклатурасын әзірлеу.

Талаптары: жоғары заңгерлік білімі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Әділет органдар туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңын, «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңын білу.

Аға кеңесшісі

G-7

Функционалдық міндеттері: кіріс және шығыс хат-хабарлардың тиісті дәрежеде тіркелуін, сондай-ақ оларды тиістілігібойынша тарату, Орталықтың аппараттық кеңесінің, кеңестерінің, алқаларының және директораттарының хаттамасын әзірлеу, Қазақстан Республикасы заңнамасының деректер базасымен жұмыс істеу.

Талаптары: жоғары заңгерлік білімі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Әділет органдар туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңын, «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңын білу.

Басшының орынбасары – болжау, мониторинг және талдаубөлімінің бастығы

G-4

Функционалдық міндеттері: Бақылауда тұрған тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындауды жүзеге асыру, Орталықтың талдау жұмысын жүргізу, ҚР Үкіметіне сот-сараптама қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, аппараттық және жедел кеңестердің шешімдерін орындауды бақылау.

Талаптары: жоғары заңгерлік білімі, мемлекеттік не өзге де ұйымдарда мамандығы бойынша 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі не болмаса құқық қорғау органдарында немесе сараптама қызметінде 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы. Компьютерде жұмыс істей білуі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Әділет органдар туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңын, «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңын білу.

Бас сарапшы

G-4

Функционалдық міндеттері: сот-сараптама қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілердіңжобаларын әзірлеуді дайындау, талдау жұмысын жүргізу, аумақтық бөлімшелерден келіп түскен мәліметтерді жинақтау, конференциялар, семинарлар өткізудікезіндегі ұйымдастырушылық жұмысты жүзеге асыру, сарапшылар қорытындыларын ішкі және сыртқы рецензиялаудыжүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру.

Талаптары: жоғары заңгерлік білімі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Әділет органдар туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңын, «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңын білу.

Жетекші сарапшы

G-5

Функционалдық міндеттері: Бақылауда тұрған тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындауды жүзеге асыру, Ғылыми-әдістемелік кеңестің,Сот сараптамасын жүргізу әдістемелерін бекіту жөніндегі комиссияның, редакциялық алқаның жұмыс жоспарлары меншешімдерінің тармақтарын орындауды қамтамасыз ету.

Талаптары: жоғары заңгерлік білімі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Әділет органдар туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңын, «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңын білу.

Аға кеңесші

G-7

Функционалдық міндеттемелер:Орталық директоратына, аппараттық және жедел кеңестеріне материалдардыдайындау, олардың шешімдерін орындауды қамтамасыз ету, Орталықтың жұмыс жоспарының жобасын қалыптастыру, оларды орындауды қамтамасыз ету.

Талаптары: жоғары заңгерлік білімі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Әділет органдар туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңын, «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңын білу.

Кадрлық қамтамасыз ету қызметі

Қызмет басшысы

G-3

Функционалдық міндеттері: кадрларды іріктеу және орналастыру жөніндегі жұмысты жүргізу, қызметкерлердің еңбек тәртібін сақтауын бақылау, Орталықтың кадрлық құрамының есебін жүргізуді бақылау, аттестаттау және біліктілік емтиханынтапсыруды дайындау және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, Орталық қызметкерлерін көтермелеу және марапаттауға ұсыну құжаттарын дайындауды ұйымдастыру, қызмет қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін бөлу.

Талаптары: жоғары заңгерлік білімі, мемлекеттік мекемелердегі басшылық лауазымда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі, не болмаса құқық қорғау органдарында немесе мемлекеттік мекемелерде 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы. Компьютерде жұмыс істей білуі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Әділет органдар туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңын, «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңын білу.

Басшының орынбасары

G-4

Функционалдық міндеттері: қызметкерлердің жеке істерін, еңбек кітапшаларын, бұйрыктар жобаларын әзірлеу және оларды тіркеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, кадрлық құжаттарды тиісті дәрежеде даярлауды ұйымдастыру, Сот, сот-медициналық сарапшыларының және сот-сараптама қызметін лицензия негізіндежүзеге асыратын адамдардыңмемлекеттік тізіліміне толықтырулар менөзгертулер енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын, қызметтің жұмыс жоспарын әзірлеу.

Талаптары: жоғары заңгерлік білімі, мемлекеттік мекемелердегі басшылық лауазымда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі, не болмаса құқық қорғау органдарында немесе мемлекеттік мекемелерде 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы. Компьютерде жұмыс істей білуі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Әділет органдар туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңын, «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңын білу.

Бас инспектор

G-6

Функционалдық міндеттері: қызметкерлердің жеке істерін, еңбек кітапшаларын, бұйрыктар жобаларын әзірлеу және оларды тіркеу, қызметкерлерге еңбек демалысын беруді бақылау, кадрлыққызмет мәселелері бойынша қажетті құжаттарды дайындау, сарапшылардың, Сот, сот-медициналық сарапшыларының және сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдардың мемлекеттік тізіліміне толықтырулар мен өзгертулер енгізу, қызметкерлерді аттестаттау және біліктілік емтиханынтапсыруэөніндегі жұмысты жүргізу.

Талаптары: жоғары заңгерлік білімі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Әділет органдар туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңын, «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңын білу.

Қаржылық қамтамасыз ету қызметі

Қызмет басшысы - бас бухгалтер

G-3

Функционалдық міндеттері: қаржы құжаттарымен жұмысты ұйымдастыру, Орталықтың қаржылық жай-күйі туралы жедел ақпаратты ұсыну, стратегиялық және кешенді жоспарлардыжәне тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетінқызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарынорындау, қаржылық есептіқұрастыру, қаржы – шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу, дебиторлық және кредиторлық берешектердің есебін құрастыру, ақшалай қаражаттардың аналитикалық есебін жүргізу.

Талаптары: жоғарыэкономикалық білімі, мемлекеттік мекемелердегі басшылық лауазымда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі, не болмаса мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы. Компьютерде жұмыс істей білуі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Әділет органдар туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңын, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңын, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Заңын, ҚР Бюджеттік кодексін, ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықты білу.

Бас бухгалтердің орынбасары

G-4

Функционалдық міндеттері: бухгалтерлік есепке алуды және есептілікті құрастыру, тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау және берудіресімдеудің белгіленген ережелерініңсақталуын, еңбекақы қоры қаражаттарының дұрыс жұмсалуын, лауазымдық еңбекақы мөлшерлерін белгілеуді бақылау, салықтық және статистикалық есептерді толтыру және ұсынуға бақылауды жүзеге асыру, материалдық құндылықтардың қозғалысы туралы құжаттарды және есептерді өңдеу.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51