Сот сарапшылардың мен ғылыми қызметкерлердің нормативтік санын анықтауын үлгісі
Сот сарапшылардың және ғылыми қызметкерлердің жүктеме нормалардың жинақтағында әр жұмыстың мен күрделелік санаты бойынша нормативтік сандарының есеп формулалары улгіленген:
1. Жай, стандартты объектілер бойынша:
Nпр =Kпр*хT/B, олар (1)
Kпр.-әр түрдегі мен жай стандарттағы санатты күрделіктің бойынша қарастырылған және орындалған сот сараптамалардың саны;
tпр- әрбір түрі мен күрделіліктің орташа дәрежесі бойынша бір жыл ішіндегі бірлік өлшемі бойынша жұмысты орындауға жұмсалған уақыт;
В - бір орындаушының бір жылдағы уақытының балансы.
2. Орташа күрделілік санаттағы бойынша:
Nср =Kпр*хT/B, олар (2)
Kпр.-әр түрдегі мен орташа күрделелік санатты бойынша қарастырылған және орындалған сот сараптамалардың саны;
tпр- әрбір түрі мен күрделіліктің орташа дәрежесі бойынша бір жыл ішіндегі бірлік өлшемі бойынша жұмысты орындауға жұмсалған уақыт;
В - бір орындаушының бір жылдағы уақытының балансы.
3. Күрделі сарапшы зерттеулері бойынша:
Nсл =Kпр*хT/B, олар (3)
Kпр.-әр түрдегі мен күрделі санатты бойынша қарастырылған және орындалған сот сараптамалардың саны;
tпр- әрбір түрі мен күрделі бойынша бір жыл ішіндегі бірлік өлшемі бойынша жұмысты орындауға жұмсалған уақыт;
В - бір орындаушының бір жылдағы уақытының балансы
4. Орталық аумақтық бөлімше бойынша сот сарапшылардың мен ғылыми қызметкерлердің нормативтік сандары тұтастығы:
Nч=Nпр. (1)+Nср. (2)+Ncл, (4)
Норматив сандарын анықтау үшін 2011 жылғы бойынша (шартты түрде) факторлардың маңыздары қабылданады:
1. 2000 сағ- жұмыс уақыт балансы.
2. Құжаттардың сот техникалық зерттеулердің жүргізуіне уақыттың шығыны:
10,8 сағ - жай бойынша.,15,7 сағ-орташа күрделі бойынша.,44,13 сағ-күрделі бойынша.
Сот трассологиялық сараптаманы жүргізуіне уақыт шығындары:
8,71 сағ - жай бойынша.,24,97 сағ-орташа күрделі бойынша.,46,77 сағ-күрделі бойынша.
3. 2011 жылы бойынша жүргізілген сараптамалар:
құжаттардың сот техникалық зерттеулері бойынша:
1738-жай бойынша; 8534-орташа күрделі бойынша;2741-күрделі бойынща;
Сот-трассологиялық сараптамалардың жүргізу бойынша:
2974-жай бойынша; 5635-орташа күрделі бойынша; 1078-күрделі бойынша.
4. Есептің үлгісі:
4.1 құжаттардың сот-техникалық жүргізу бойынша жай, стандарттық объектілеріне жұмысы:
Nпр =1738х10,8/2000=9,39 адам.
сот трасологиялық сараптамасы жүргізу бойынша жұмыстары:
Nпр =2974х8,71/2000=12,95 адам
Nч. пр=22,34 адам.
4.2 құжаттардың сот-техникалық жүргізу бойынша орташа күрделі жұмысына:
Nср =8534х15,7/2000=66,99 адам.
сот трасологиялық сараптамасы жүргізу бойынша жұмыстары:
Nср =5635х24,97/2000=70,35 адам
Nч. ср=66,99+70,35=137,34 адам.
4.3 құжаттардың сот-техникалық жүргізу бойынша күрделілік жұмысына:
Ncл=2741х44,13/2000=60,48 адам
сот трасологиялық сараптамасы жүргізу бойынша жұмыстары
Ncл=1078х46,77/2000=25,21 адам
Nч. сл=60,48+25,21=85,69 адам
4.4 Жай, стандарттық объектілері бойынша нормативтің саңы:
Nч..=22,34+137,34+85,69=245 адам.
Нормативтік саны 245 адам болды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ
СОТ САРАПТАМАСЫ ОРТАЛЫҒЫНДА САРАПШЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БЕРУДІН МҮМКІН ЕМЕСТІГІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАНЫ АРНАУЛЫ БЛАНКІЛЕРДЕ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН БІРЫҢҒАЙ ТАЛАПТАР, АРНАУЛЫ БЛАНКІЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ, ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ САҚТАУ ТӘРТІБІ
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2013 жылғы 30 қантардағы № 27 бұйрығы
1. Сарапшы қорытындысын және қорытынды берудін мүмкін еместігі туралы хабарламаны арнаулы бланкілерде рәсімдеуге қойылатын талаптар
1.Сарапшы қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды) және қорытынды берудін мүмкін еместігі туралы хабарлама (бұдан әрі – ҚБМЕХ) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес арнаулы бланкіде екі данада басылып шығарылады.
Қорытынды мен ҚБМЕХ арнаулы бланкісі титулды парағынан және тұжырымға (-дарға) арналған парақтан тұрады.
Қорытынды мен ҚБМЕХ бірінші парағы арнаулы бланкінің титулды парағында басылып шығарылады.
Тұжырымдар тұжырымдарға арналған бланкте басылып шығарылады (2-қосымша).
2. Қорытынды немесе ҚБМЕХ мәтіні Times New Roman 14 көлемдегі шрифтпен бір жол аралық интервалмен басылады. Жекелеген жағдайларда (кестелерді, қосымшаларды, орындаушы туралы белгіні, ескерту және т. б. рәсімдеу) шрифт көлемі және аралық интервал өзгеше болуы мүмкін.
3. Қорытынды мен ҚБМЕХ екі немесе одан да көп парақта рәсімдеу кезінде екінші және одан кейінгі парақтар нөмірленеді. Нөмір тыныс белгілерінсіз парақтың жоғарғы орта тұсында араб цифрларымен қойылады. Қорытынды мен ҚБМЕХ қосымшалар бөлек нөмірленеді.
Қорытынды мен ҚБМЕХ парақтың кері бетіне басып шығаруға жол беріледі.
4. Қорытынды мен ҚБМЕХ әр тармақшасы, тармағы, тарауы, бөлімшесі, бөлімі және бөлігі араб цифрларымен нөмірленеді.
Тармақтар, тараулар және бөліктер толассыз нөмірленеді.
Тармақшаларды нөмірлеу әрбір тармақ ішін дербес болып табылады.
Тармақшалардың нөмірлері жақшалармен бөлінеді: 1), 2), 3) және т. с.с.
5. Мәтінді басу кезінде тыныс белгілерінен кейін бос орын қалдырылады. Бос орын цифрлық тәсілмен рәсімделген, құжаттың күні элементін айқындайтын нүктелерден кейін қалдырылмайды.
6. Мәтіннің бірінші жолының басы абзацтан басылады. Мәтіннің мағыналын жағынан тұтас, бірінші жолда таза жолдан бөлініп көрсетілетін және кіші әріппен басталатын бөлігі, бөліктің бас әріппен басталатын бірінші абзацын қоспағанда, абзац деп саналады. Абзац мәтіндік аумақтың сол жағынан бес баспа белгісінен кейін басталады.
Абзацтар (бөліктің бірінші және соңғы абзацтарынан бастасы) нүктелі үтірмен аяқталуы мүмкін. құжаттардың мәтiнiнде абзацтарды дефистермен немесе өзге де белгілермен белгiлеуге жол берiлмейдi.
7. Қорытындыларда және ҚБМЕХ күн сәулесіне тізімді сиямен қол қойылады. Мәтінді қол құралдарының сияларымен (қаламсап, гельдік қаламдар және т. с.с) және карындаштармен қосымша жазу, қағазға механикалық әсер ету арқылы және түзету сұйықтығы мен материалдарын қолдану арқылы түзетуге, сондай-ақ факсимиле қою арқылы қол қоюға жол берілмейді.
Қол құралдарын және қарындаштарды қолдануға мәтіннің кейбір элементтерін қарастыру кезінде (егер бөл элементтерді компьютерлік техника құралдарымен жасау қиын болған жағдайда), сондай-ақ қажетті мәтіндік қосымшаны, сызбаларды, фотокестелерді, сызуларды, кестелерді, графиктерді және диаграммаларды рәсімдеу кезінде жол беріледі.
8. Мөр баспа-таңбасы лауазымды тұлғаның қолының растығын куәландырады. Мөрдің баспа-таңбасы лауазым атауының бір бөлігі мен қолтаңбаны қамтитындай етіп қойылуға тиіс.
9. Мәтіннің төменгі жағында сілтеме сипатындағы ақпаратты (мысалы, әдебиетке сілтеме) көрсету үшін колонтитул косуға жол беріледі.
10. Қорытындыны немесе ҚБМЕХ құрастыру тілі шеңберінде сот сараптамасы тағайындалған қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істі жүргізу тілі болып табылады.
11. Қорытындының және ҚБМЕХ тіркеу нөмір істер номенклатурасында көзделген реттік нөмірден тұрады.
12. Қорытындының немесе ҚБМЕХ күні сараптаманың өндірісі аяқталған күні болып табылады. Күн араб цифрларымен келесі тәртіпте рәсімделеді: күні, айы, жылы. Күні мен айы нүктемен бөлінген екі араб цифрымен; жылы төрт араб цифрымен рәсімделеді.
13. Қорытындының немесе ҚБМЕХ парақтарына сарапшы (сарапшылар) алдын ала қол қояды, олар тігіледі және мөрленеді.
2. Қорытындының және ҚБМЕХ мұрағаттық даналарын рәсімдеуге қойылатын талаптар
14. Қорытындының және ҚБМЕХ мұрағаттық данасы Орталықтың аумақтық бөлімшесінің мұрағатында сақталатын бақылау өндірісіне қоса тіркеледі. Бақылау өндірісі:
1) Орталықтың аумақтық бөлімшесінің атауы; құжат түрінің (Қорытынды және ҚБМЕХ) атауы; Қорытынды немесе ҚБМЕХ тірке нөмірі; сарапшының (сарапшылардың) тегі, аты, әкесінің аты; зерттеу түрі, сараптаманың процессуалды мәртебесі (бастапқы, қосымша, қайталама, комиссиялық, кешенді); сараптаманың тіркелген күні; сараптаманы тағайындаған органның атауы, сараптаманы тағайындаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні; сараптаманың күрделілік дәрежесі (жай, күрделілік дәрежесі орташа, күрделі, аса күрделі); зерттеуге ұсынылған объектілердің сандық және сапалық сипаттамасы; сараптаманы жүргізуді тоқтата тұру күні және сараптаманы қайта бастау күні; сараптаманың өндірісі аяқталған күн; қойылған сұрақтардың және түрлерге бөле отырып тұжырымдардың (үзілді-кесілді оң/теріс, ықтимал, мүмкін емес) саны; Қорытынды және ҚБМЕХ және қосымшалардың парақтары; Қорытынды және ҚБМЕХ басып шығарылған ресми Бланкінің реттік нөмірі (3-қосымша) көрсетілетін рәсімдеу парағынан;
2) Қорытындының және ҚБМЕХ бақылау өндірісін тізімдеуден (бұдан әрі – Тізімдеу)
Бақылау өндірісінде парақтардың жалпы санын көрсете отырып Тізімдеу (4-қосымша) келесі мәліметтерден:
- рәсімдеу парағынан;
- Орталықтың аумақтық бөлімшесі басшысының (оның орынбасарының) сараптама тағайындаған органға (адамға) жазған ілеспе хатынан;
- сараптама тағайындау туралы қаулыдан немесе ұйғарымнан;
- зерттеуге келіп түскен материалдарды қабылдау туралы актіден;
- Қорытындыдан және ҚБМЕХ;
- қосымшалардан тұрады;
3) Орталықтың аумақтық бөлімшесі басшысының (оның орынбасарының) сараптама тағайындаған органға (адамға) жазған ілеспе хатынан.
Орталықтың аумақтық бөлімшесі басшысының (оның орынбасарының) сараптама тағайындаған органға (адамға) жолдайтын ілеспе хаты мемлекеттік тілде құрастырылады, қазақ тілімен қатар орыс тілі де қолданылады.
Орталықтың аумақтық бөлімшесі басшысының (оның орынбасарының) сараптама тағайындаған органға (адамға) жолдайтын ілеспе хатының орындаушысы туралы белгіде «Орынд.» деген қысқартылған сөзден, орындаушының тегі, аты-жөні, оның телефон нөмірі көрсетіледі.
4) сараптаманы тағайындау туралы қаулы немесе ұйғарымнан;
5) зерттеуге келіп түскен материалдар мен ұсынылған объектілерді қарау актірелерінен (сарапшы өтінішінде сұратылған, зерттеуге келіп түскен материалдар мен ұсынылған объектілерді қарау актісі) (5-қосымша).
Қарау актісінде материалдардың келіп түскен күні мен уақыты, сараптаманы тағайындаған орган (адам), қылмыстық (әкімшілік) істің нөмірі, жалпы буманың және әрбір объектінің жеке жай-күйі, заттай дәлелдемелердің тізбесі, олардың салмағы (брутто және нетто) немесе көлемі көрсетіледі. Қарау актісіне сот сарапшысы, сараптаманы тағайындаған орган (адамы) не қарауға қатысқан оның уәкілетті өкілі қол қояды. Құжат екі данада жасалады: бір данасы сараптама тағайындаған органға (адамға) не оның уәкілетті өкіліне беріледі, екіншісі сот сарапшысының қорытындысының көшірмесіне қоса тіркеледі.
6) сарапшы өтінішінен;
7) Қорытындыдан немесе ҚБМЕХ;
8) қосымшадан (фотокесте, сызбалар, сызулар, графика және диаграмма) тұрады.
3. Қорытындының және ҚБМЕХ мұрағаттық даналарын сақтау
15. Қорытындылардың және ҚБМЕХ мұрағаттық даналарын сақтауды Орталық директорының бұйрығымен жауапкершілік жүктелген адамдар жүзеге асырады.
16. Орталықтың аумақтық бөлімшесінің басшысы Қорытындының немесе ҚБМЕХ сақталуын қамтамасыз етеді.
17. Қорытындыны және ҚБМЕХ беру сарапшының жазбаша өтініші негізінде және тек Орталықтың аумақтық бөлімшесі басшысының келісімімен ғана жүргізіледі, ол туралы мұрағат журналында белгі қойылады.
18. Орталықтың аумақтық бөлімшесінің мұрағатынан Қорытындының және ҚБМЕХ көшірмесін беру сараптама тағайындаған органның келісімі бойынша жүзеге асырылады.
19. Қорытындыны және ҚБМЕХ сақтау мерзімі және жою тәртібі бекітілген істер номенклатурасымен реттеледі.
4. Қорытындының және ҚБМЕХ бланкісін есепке алу және сақтау
20. Қорытындының және ҚБМЕХ бланкісін есепке алуды, сақтауды және жоюды жауапты адамдар жүзеге асырады.
21. Қорытынды және ҚБМЕХ бланкілерін есепке алу және оларды беру 6-қосымшаға сәйкес арнаулы бланкілерді есепке алу журналында жүргізіледі.
Тіркеу журналдарының атауы Орталықтың істер номенклатурасына енгізіледі.
22. Қорытынды және ҚБМЕХ бланкісі мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс және басқа ұйымдар мен өзге адамдарға берілмейді.
23. Қорытындының және ҚБМЕХ толтырылмаған бланкісін жедел полиграфия құралдарымен көбейтуге және көшіруге жол берілмейді.
24. Қорытындының және ҚБМЕХ Бланкісі мөрленетін сейфтерде немесе метал шкафтарда сақталады.
25. Қорытындының және ҚБМЕХ бүлінген Бланкісін жою бүлінген даналарды жоюға қою туралы актіні құрастыру арқылы жүргізіледі.
№3 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ
СОТ САРАПТАМАСЫ ОРТАЛЫҒЫ
СОТ САРАПТАМАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
====================================================================
САРАПШЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ № |
|
ОРЫНДАУШЫ |
|
|
|
ЗЕРТТЕУ ТҮРІ |
|
|
ІС ЖҮРГІЗУ МӘРТЕБЕСІ |
|
ТІРКЕУ КҮНІ |
|
|
|
ТАҒАЙЫНДАУШЫ ОРГАН |
|
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 |


