- сараптамалық зерттеудің нақты тегінің (түрінің) әдістемесінің жалпы ережелерінің сақталуын;
- шешілетін міндеттердің сипаттамасына, сараптамаға ұсынылған объектілердің ерекшелігіне сүйене отырып, сараптамалық зерттеу әдістемесі мен кестесін (алгоритмін) таңдаудың негізділігі мен жеткіліктілігін;
- жекелей және салыстырмалы зерттеу кезеңдерінің бірізділігі мен толықтығын, олардың өзара байланысын;
- сараптамалық зерттеу әдістері мен әдістемелерін қолдану кезінде алынған нәтижелердің негізділігін;
- безендіру материалының болуын, жеткіліктілігін, сапасы мен көрнекілігін;
- жалпы қабылдаған, арнайы және ғылыми терминологияны сақтауды назарға алады.
Қорытындының зерттеу бөлімін талдай отырып, рецензент (рецензенттер комиссиясы) сараптамалық зерттеу нәтижелерінің болуын және оның дұрыстығын бағалайды.
Тұжырымдарды қарастырған кезде рецензент (рецензенттер комиссиясы) олардың зерттеу нәтижелеріне, қойылған сұрақтарға сәйкес келуін сипаттайды және тұжырымдардың нысандарын (үзілді-кесілді, ықтимал, ҚБМЕ), сәйкестендірушілік міндеттерді шешкен кезде олардың шешілу деңгейін (жеке-нақты теңдік, тектік, топтық тиістілік және т. б.) белгілейді.
4. Рецензияланып жатқан сарапшы қорытындысының жалпы бағасы
Сарапшы қорытындысын жалпылама сипаттай отырып, рецензент (рецензенттер комиссиясы) сот сарапшысының іс жүргізушілік заңнаманың, ведомстволық және сот-сараптама қызметін реттейтін өзге нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтағанын және әдістемені қолдану негізділігін белгілейді.
Іс жүргізушілік, ұйымдастырушылық және әдістемелік сипаттағы ескертулер болмаған жағдайда рецензияланып жатқан сарапшы қорытындысының жалпы бағасы оң деп бағаланады.
Егер, рецензенттің (рецензенттер комиссиясының) пікірінше, сараптама жүргізу кезінде сараптама қорытындысына әсер етпейтін болмашы әдістемелік және рәсімдемелік сипаттағы ескерту болса, рецензент сарапшы қорытындысын қанағаттандырарлық деп бағалайды.
Егер рецензиялау барысында негізсіз тұжырымға алып келген іс жүргізушілік, ұйымдастырушылық және әдістемелік сипаттағы кемшіліктер табылса, рецензияланып жатқан сарапшы қорытындысының жалпы бағасы теріс деп саналады. Рецензент (рецензенттер комиссиясы) дәл қандай қателер негізсіз тұжырымға алып келгенін және оларды жою жолдарын толық көрсетуі тиіс.
Сарапшы қорытындысына рецензия объективті, дәлелді және өз нысаны бойынша әдепті болуы керек.
5. Рецензиялау нәтижелері бойынша ұсыныстар
Сараптама жүргізу сапасының бағасы жоғары болған жағдайда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының сарапшылары арасында оң тәжірибені тарату ұсынылады.
Кемшіліктер табылған кезде рецензент (рецензенттер комиссиясы) оларды жою және сот сарапшысының жұмысын жақсарту бойынша ұсынымдарды, оның кәсіптік даярлығының деңгейін арттыру бойынша мынадай нысандардағы ұсыныстарды жолдайды:
- Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметін реттейтін заңнамасын зерделеу;
- ғылыми және әдістемелік әдебиетті зерделеу;
- нақты сарапшылық мамандық бойынша қосымша тағылымдамадан өту.
6. Қорытынды ережелер
Рецензия 3 данада жасалады: рецензияның екі данасы Орталыққа жіберіледі, олардың біреуін Орталық сарапшы қорытындысын рецензиялауға ұсынған сот сарапшысына жібереді, рецензияның үшінші данасы рецензентте (рецензенттер комиссиясында) сақталады.
Рецензия аумақтық бөлімшеде, жиналыс хаттамасы жасала отырып, талқылануға тиіс.
Жиналыс хаттамасында сот сарапшысының орындалған рецензиямен келісуін және негізді келіспеуін көрсету қажет.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығысарапшыларының қорытындыларын рецензиялау туралы ережеге қосымша
РЕЦЕНЗИЯ
күні жүргізілген орны
1. Ақпараттық сипаттағы жалпы мәліметтер
2. Қорытындының жалпы сипаттамаcы
3. Қорытындының толық сипаттамасы:
а) қорытындының кіріспе бөлімінің
б) қорытындының зерттеу бөлімінің
в) қорытындының синтездеу бөлімінің
г) тұжырымдардың.
4. Рецензияланған сарапшы қорытындысының жалпы бағасы
5. Сарапшы жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар
Рецензент (рецензенттер комиссиясы)
_____________ _______________
(Т. А.Ә.) (қолы)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ
СОТ САРАПТАМАСЫ ОРГАНДАРЫНДА ҚАЙТАЛАМА
СОТ САРАПТАМАЛАРЫН ЖҮРГІЗУ
ЕРЕЖЕСІ
ҚР ӘМ Сот сараптамасы орталығы директорының 2013 жылғы 21 мамырдағы
№ 000 бұйрығы
Осы ЕрежеҚазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік заңнамаларына, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Орталықта сот сараптамаларын ұйымдастыруды және жүргізудірегламенттейтін өзге де актілерге сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында (бұдан әрі – Орталық)қайталама сот сараптамаларын жүргізутәртібін айқындайды.
Қайталама сот сараптамаларын жүргізу тәртібі Орталықтың барлық аумақтық бөлімшелері үшін міндетті.
1.Жалпы қағидалар
Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдарпайдаланылады:
- қайталамасараптама –сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізделмеген немесе оның қорытындылары күмән туғызған не сараптаманы тағайындау және жүргізу туралы іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылған жағдайларда, сол объектілерді зерттеу және сол мәселелерді шешу.
- үйлестіруші –қайталама сараптаманы жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі үйлестіруді жүзеге асыратын Орталықтың Орталық сот сараптамасы институтының басшысы.
2. Қайталама сараптамаларды жүргізуді ұйымдастыру тәртібі
1. Қайталама сараптаманы жүргізу қайталама сараптаманы тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) көрсетілген Орталықтың аумақтық бөлімшесінде жүзеге асырылады.
2. Қайталама сараптама жүргізу үшін материалдар келіп түскен жағдайдааумақтық бөлімшесінің басшысы:
- сараптамаға ұсынылған материалдардың дұрыстығын, қайталама сараптаманы тағайындаудың іс жүргізушілік негіздемесінің (сараптама тұжырымдарының іс бойынша өзге де дәлелдемелерге қайшылығы, зерттеу бөлігі мен тұжырымдардың арасындағы қайшылықтар, негізсіз тұжырымға әкеліп соққан зерттеу әдістемесін бұзушылық, елеулі іс жүргізушілік бұзушылықтар)бар-жоғынтексеруге. Алдыңғы сараптаманы жүргізу кезінде зерттеу объектілері өзгертілген немесе жойылған, қайталама сараптаманың сұрақтары алдыңғы сараптаманың сұрақтарына сәйкес келмеген, бұрын зерттелмеген қосымша құжаттарды ұсынған жағдайларда сараптама қосымша сараптаманың тәртібі бойынша жүргізіледі (сараптама тағайындаған органға сараптама мәртебесінің өзгергені туралы хабарлама жолданады), қажет болған жағдайда қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама ресімделеді. Қайталама сараптама тағайындалған жағдайда сараптама тағайындаған орган (адам) алдыңғы сараптаманың қорытындысын ұсынуы тиіс.
- бір күннің ішінде Үйлестірушіге қаулының (ұйғарымның) көшірмесімен қоса қайталама сараптама түскені туралы қызметтік жазба жолдауға.
- қайталама сараптама түскені туралы алдыңғы сараптама жүргізілген аумақтық бөлімшенің басшысын хабардар етуге. Басшының келісімі бойынша алдыңғы сараптаманы жүргізген сарапшы қайталама сараптаманы жүргізу кезінде қатыса алады және сараптамалық зерттеу мен қайталама сараптаманың тұжырымдарын қалыптастырубасталғанға дейін сарапшылар комиссиясына түсіндірме береалады.
- қайталама сараптама жүргізілген кезде сарапшылар комиссиясы мен сарапшы-үйлестірушіні белгілеуге, қайталама сараптама жүргізу үшін комиссия құрамына аталған мамандық бойынша 5 жылдан кем емес сарапшылық жұмыс өтілі бар сарапшы енгізілуі мүмкін. Қайталама сараптама жүргізу үшін комиссия құрамына басқа аумақтық бөлімшенің сарапшысын тарту қажет болған жағдайда, аумақтық бөлімшенің басшысы бұйрық шығару үшін осы күннің ішінде Орталық директорының атына қызметтік жазба жолдайды.
- сараптама жүргізудің белгіленген жалпы мерзімі ішінде (сараптама күрделілігі дәрежесіне байланысты) қайталама сараптаманы жүргізудің нақты мерзімін анықтауға.
- қайталама сараптаманы жүргізу аяқталысымен үш тәулік ішінде Үйлестірушіге Қайталама сараптаманы есепке алу кәртішкесін жолдауға (Қосымша).
Егер қайталама сараптаманың тұжырымдары алдыңғы сараптаманың тұжырымдарына қарама-қайшы болса (алдыңғы сараптамада –үзілді-кесілді оң тұжырым, ал қайталамада – үзілді-кесілді теріс тұжырым, және керісінше), онда Қайталама сараптама кәртішкесімен бірге қорытындының көшірмесін тіркеуге міндетті.
3. Аумақтық бөлімшенің басшысы Қайталама сараптаманы есепке алу кәртішкесімен қоса сарапшы қорытындысы көшірмесінің 1 данасын Үйлестірушіге, 2 данасын – алдыңғы сараптама жүргізілген аумақтық бөлімшеге жолдайды.
4. Алдыңғы сараптама жүргізілген аумақтық бөлімшенің басшысы қайталама сараптаманың қорытындысы келіп түскеннен кейіналдыңғы сараптаманы жүргізген сарапшының қатысуымен қайталама сараптаманың нәтижесін талқылау бойынша өндірістік жиналыс өткізіп, жиналыс хаттамасы толтырылады. Жиналыс хаттамасында сарапшының қайталама сараптама тұжырымдарымен дәлелді келісуі немесе келіспеуі көрініс табуы қажет. Жиналыс хаттамасы қайталама сараптаманың материалдарына қоса тіркеу үшін Үйлестірушіге жолданады.
8. Үйлестіруші қарама-қайшы тұжырымдары бар қайталама сараптаманың материалдарынқызметтік тексеру жүргізу үшін Орталыққа жолдайды.
9. Үйлестіруші, әділ қызметтік тексеру жүргізу мақсатындааумақтық бөлімшеден қосымша материалдарды (сарапшы(лар)ның түсініктемесін, қорытындылар көшірмелерін және т. б.) сұратуға құқылы.
10. Қызметтік тексеруді әр түрлі мамандықтың сарапшыларын қатыстыра отырып қарама-қайшы тұжырымдары бар қайталама сараптамаларды қарастыру жөніндегі Комиссия жүргізеді.Қате тұжырымдарға әкеп соққан бұзушылықтарға жол берген сарапшыға қатысты қызметтік тексеру нәтижесі бойынша Орталық директорының атына келесі ұсыныстар енгізіледі:
- кәсіби деңгейін көтеру үшін – қосымша тағылымдамадан өтуге жолдау;
- сарапшы құзыреттілігінің тиісті деңгейіне негізді күмән туындаған жағдайда – кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді ұсыну;
- сараптама жүргізу кезінде сарапшы ұйымдастырушылық және әдістемелік сипаттағы нормаларды бұзған жағдайда – тәртіптік сипаттағы шара қабылдау туралы.
3. Қайталама сараптамаларды есепке алу және бақылау
11. Аумақтық бөлімшенің басшысы әр айдың 25 күнінен кешіктірмей Үйлестірушіге қайталама сараптамалар бойынша белгіленген нысандағы есеп жолдайды.
12. Үйлестіруші Орталықтың аумақтық бөлімшелерінде жүргізілген қайталама сараптамаларды есепке алуды жүргізеді, Орталыққа қайталама сараптамалар бойынша есеп ұсынады (ай сайынғы және жылдың басынан бастап ұлғаюымен), қайталама сараптамаларға талдау жүргізеді, қайталама сараптамаларды жүргізуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы органдарында қайталама сот сараптамаларын жүргізу Ережесіне Қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ СОТ САРАПТАМАСЫ ОРТАЛЫҒЫ
(аумақтық бөлімше)
№ ------ Қайталама сараптаманы тіркеу карточкасы
«____»__________ 2013 жылғы №___сарапшылар сомиссиясының қорытындысы
Сараптама түрі __________________________________________________
Мамандығы __________________________________________________
Тараптама тағайындаған орган ____________________________________
Сараптама тағайындаған тұлғаның аты-жөні ________________________
Қайтала сараптаманы тағайындау себебі ____________________________
Аумақтық бөлімше ______________________________________________
_______________________________________________________________
Сарапшылар комиссиясының құрамы_______________________________ ________________________________________________________________
Бастапқы сараптама жүргізілді (аумақтық бөлімше атауы) _______________________________________________________________
Сараптама тағайындаған орган ____________________________________
Бастапқы сараптаманы жүргізген сарапшының аты-жөні_______________
Сараптама № _________күні_______________________________________
Бастапқы сараптама қорытындысымен алшақтық негіздері _______________________________________________________________.
Аумақтық бөлімшеннің басшысы_________________________________
НОРМАТИВНЫЕ ПРАВОВЫЕ АКТЫ, РЕГУЛИРУЮЩИЕ СУДЕБНО-ЭКСПЕРТНУЮ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН
Содержание
I ЧАСТЬ
1. Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан 162
2. Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан 178
3. Кодекс Республики Казахстан «Об административных правонарушениях» 188
4. Закон Республики Кахастан «О судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан» 193
5. Правила обращения с объектами судебной экспертизы 211
6. Инструкция по организации производства судебных экспертиз в Центре судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан 218
7. Инструкция по организации производства комплексных судебных экспертиз 224
8. Правила исчисления сроков производства судебных экспертиз в зависимости от категории их сложности и определения категорий сложности судебных экспертиз 227
II ЧАСТЬ
9. Кодекс Профессиональной этики государственных экспертов судебно-экспертных учреждений министерств юстиции государств-членов евразийского экономического сообщества 242
10. Правила ведения Государственного реестра методик судебно-экспертных исследований Республики Казахстан 246
11. Правила ведения Государственного реестра судебных экспертов Республики Казахстан 248
12. Некоторые вопросы судебной экспертизы 250
13. О некоторых вопросах лицензирования судебно-экспертной деятельности 257
14. Правила разработки, апробирования и внедрения методик судебно-экспертных исследований 259
15. Положение о Комиссии по утверждению методик проведения судебно-экспертных исследований 261
16. Правила специальной профессиональной подготовки 263
17. Правила приема квалификационных экзаменов для присвоения квалификации судебного эксперта на право производства определенного вида судебной экспертизы 265
18. Правила проведения аттестации судебного эксперта аттестационной комиссией Министерства юстиции Республики Казахстан 267
19. Правила деятельности аттестационной комиссии Министерства юстиции Республики Казахстан 269
20. Перечень видов судебных экспертиз, производимых в Центре судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан 270
21. Нормативы нагрузки судебных экспертов и научных сотрудников Институтов судебной экспертизы Государственного учреждения «Центр судебной экспертизы» Министерства юстиции Республики Казахстан 273
22. Единые требования к оформлению заключения эксперта и сообщения о невозможности дать заключение в Центре судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан на специальных бланках, порядок использования, учета и хранения специальных бланков 279
23. Регламент Государственного учреждения «Центр судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан» 285
24. Квалификационные требования к сотрудникам Центра судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан 297
25. Положение об Ученом совете Центра судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан 310
26. Положение о Научно-методическом совете Центра судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан 312
27. Положение о рецензировании заключений экспертов Центра судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан 314
28. Правила производства повторных экспертиз в органах судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан 317
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 |


