ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТ-САРАПТАМА ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕЙТІН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

НОРМАТИВНЫЕ ПРАВОВЫЕ АКТЫ, РЕГУЛИРУЮЩИЕ СУДЕБНО-ЭКСПЕРТНУЮ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТ-САРАПТАМА ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕЙТІН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Мазмұны

I БӨЛІМ

1. Қазақстан Республикасының Қылмыстықіс жүргізу кодексі 5

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі 21

3. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі 31

4. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 36

5. Сот сараптамасы объектілерін пайдалану ережесі 54

6. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптама орталығында сот сараптамаларды жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық 61

7. Кешенді сот сараптамаларды жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық 67

8. Күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу және олардың күрделілік санаттарын айқындау ережесі 70

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

II БӨЛІМ

9. Eуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің мемлекеттік сарапшыларының кәсіби этикасының кодексі 84

10. Қазақстан Республикасының сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі 88

11. Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімді жүргізу ережесі 90

12. Сот сараптаманың кейбір мәселелері 92

13. Сот-сараптама қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы 99

14. Сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу ережесі 101

15. Сараптамасы зерттеулерін жүргізу әдістемелерін бекіту жөніндегі комиссия туралы ереже 103

16. Арнайы кәсіптік даярлау ережесі 105

17. Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау ережесі 107

18. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысының аттестаттауын жүргізу ережесі 109

19. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аттестаттау комиссиясы қызметiнiң ережесi 111

20. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесі 112

21. «Қазақстан Республикасы Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Сот сараптамасы институттарының сот сарапшылар мен ғылыми қызметкерлерінің нормативтік жүктемелері 115

22. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында сарапшы қорытындысын және қорытынды берудін мүмкін еместігі туралы хабарламаны арнаулы бланкілерде рәсімдеуге қойылатын бірыңғай талаптар, арнаулы бланкілерді пайдалану, есепке алу және сақтау тәртібі 120

23. «Қазақстан Республикасы Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Регламенті 126

24. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының қызметкерлеріне біліктілік талаптары 138

25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының Ғылыми кеңесі туралы ереже 149

26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының Ғылыми-әдістемелік кеңесі туралы ереже 151

27. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот араптамасы орталығы сарапшыларының қорытындыларын рецензиялау туралы ереже 153

28. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарында қайталама сот сараптамаларын жүргізу ережесі...............................................................................

I БӨЛІМ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ КОДЕКСІ

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 000 кодексi

(29.01.2013 ж. толықтырулар мен өзгертулер енгізілуімен)

1-тарау. Қазақстан Республикасының

Қылмыстық iс жүргiзу заңдары

7-бап. Осы Кодекстегi кейбiр ұғымдардың түсiнiктемесi

Осы Кодексте қамтылған ұғымдардың, егер заңда ерекше нұсқаулар болмаса, мынадай мағынасы бар:

41) "арнаулы бiлiм" - адам кәсiби оқудың не практикалық қызметтiң барысында алған, қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн шешу үшiн пайдаланылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудегi жалпы жұртқа белгiлi емес бiлiм;

41-1) «арнаулы ғылыми бiлiм» - сот-сараптамалық зерттеулердiң әдiстемелерiнде iске асырылған, мазмұны ғылыми бiлiмдi құрайтын арнаулы бiлiм саласы.

10-тарау. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар

83-бап. Сарапшы

1. Арнаулы ғылыми бiлiмi бар, iске мүдделi емес адам сарапшы ретiнде шақырылуы мүмкiн. Сараптама жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамға қойылатын өзге де талаптар осы Кодекстiң 243-бабының бiрiншi бөлiгiнде белгiленедi.

2. Сарапшыны шақыру сараптама тағайындау және жүргiзу осы Кодекстiң 32-тарауында, сондай-ақ 354-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

3.Сарапшының:

1) сараптама нысанасына қатысты iс материалдарымен танысуға;

2) қорытынды беру үшiн қажеттi қосымша материалдарды өзiне беру туралы, сондай-ақ қауiпсiздiк шараларын қолдану туралы өтiнiштi мәлiмдеуге;

3) қылмыстық процестi жүргiзушi органның рұқсатымен iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзуге және сот отырысына қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға;

4) өзi қатысқан iс жүргiзу әрекетiнiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзiнiң әрекеттерi мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетiлуiне қатысты хаттамаларға енгiзiлуге тиiсті ескертпелер жасауға;

5) сараптама тағайындаған органның келiсiмi бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, iс үшiн маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда қамтылған мәселелердiң шегiнен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыретi шегiнде қорытынды беруге;

6) ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; аудармашыдан бас тартуды мәлімдеуге;

7) сараптама жүргiзу кезiнде қылмыстық процестi жүргiзушi органның және iс бойынша iс жүргiзуге қатысушы өзге де адамдардың өзiнiң құқықтарына нұқсан келтiретiн шешiмдерi мен әрекеттерiне шағым жасауға;

8) сараптама жүргiзу кезiнде шеккен шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргiзу өзiнiң лауазымдық мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, орындалған жұмысы үшiн сыйақы алуға құқығы бар.

4.Сарапшы:

1) қылмыстық процестi жүргiзушi органды хабардар етпестен, процеске қатысушылармен сараптама жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша келiссөздер жүргiзуге;

2) зерттеу үшiн материалдарды дербес жинауға;

3) егер сараптама тағайындаған органның бұған арнайы рұқсаты болмаса, объектiлердi толық немесе iшiнара жоюға не олардың сыртқы түрiн немесе негiзгi қасиеттерiн өзгертуге әкеп соғуы мүмкiн зерттеулер жүргiзуге құқылы емес.

5.Сарапшы:

1) қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыртуы бойынша келуге;

2) өзiне ұсынылған объектiлерге жан-жақты, толық және объективтi зерттеу жүргiзуге, қойылған мәселелер бойынша негiзделген және объективтi жазбаша қорытынды беруге;

3) осы Кодекстiң 252-бабында көзделген жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы дәлелдi жазбаша хабарлама жасауға және оны қылмыстық процестi жүргiзушi органға жiберуге;

4) жүргiзiлген зерттеуге және берiлген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге;

5) зерттеуге ұсынылған объектiлердiң сақталуын қамтамасыз етуге;

6) iстiң мән-жайы туралы мәлiметтердi және сараптама жүргiзуге байланысты өзiне белгiлi болған өзге де мәлiметтердi жария етпеуге;

7) сараптама тағайындаған органға сараптама жүргiзуге байланысты шығыстардың сметасын және келтiрiлген шығыстар туралы есептi табыс етуге мiндеттi.

6. Сарапшы көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн заңда белгiленген қылмыстық жауаптылықта болады.

7. Сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылатын сарапшы өз қызметiнiң сипатына қарай өзiнiң құқықтарымен және мiндеттерiмен танысқан және көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертiлген деп есептеледi.

Ескерту. 83-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.20 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

84-бап. Маман

1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге маман ретінде қатысу үшін қылмыстық процестің қатысушыларына өзінің арнайы құзыретіне жататын түсіндіру жолымен дәлелдерді жинауда, зерттеуде және бағалауда, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды қолдануда жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар, іске мүдделі емес адам тартылуы мүмкін. Кәмелетке толмағандар қатысатын тергеуге және өзге де iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушы педагог те, сондай-ақ оны сарапшы етiп тағайындаған жағдайларды қоспағанда, тергеу және өзге де iс жүргiзу процестерiне қатысушы дәрiгер де мамандар болып табылады.

1-1. Сотқа дейінгі іс жүргізуде зерттеу жүргізу және қорытынды алу қажет болған кезде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары уәкілетті бөлімшесінің қызметкері маман ретінде тартылуы мүмкін.

Тараптар маманның қорытындысымен келіспеген кезде қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама тағайындайды.

2. Маманның: өзiнiң шақырылу мақсатын бiлуге; егер тиiстi арнаулы бiлiмi мен дағдысы болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; қылмыстық процестi жүргiзушi органның рұқсатымен тергеу немесе сот әрекетiне қатысушыларға сұрақтар қоюға; олардың назарын дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға жәрдемдесу және ғылыми-техникалық құралдарды қолдану, iстiң материалдарын зерттеу, сараптама тағайындау үшiн материалдарды дайындау кезiнде өзiнiң iс-әрекетiне байланысты мән-жайларға аударуға; салыстырма зерттеулердi қоспағанда, осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген жағдайлардан басқа, тергеу немесе сот әрекетiнiң шеңберiнде оның барысы мен нәтижелерiн осы Кодекстiң 203-бабының сегiзiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен қылмыстық iске қосылатын хаттамада не ресми құжатта көрсету арқылы iстiң материалдарына объектiлердiң толық немесе iшiнара жойылуына не сыртқы түрiнің немесе негiзгi қасиеттерiнiң өзгеруiне әкеп соқпайтын зерттеулер жүргiзуге; өзi қатысқан тергеу әрекетiнiң хаттамасымен, сондай-ақ сот отырысы хаттамасының тиiстi бөлiгiмен танысуға және өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген әрекеттердiң барысы мен нәтижелерiнiң көрсетiлуiнiң толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгiзуге жататын мәлiмдемелер мен ескертпелер жасауға; қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс-әрекетiне шағым жасауға; аудармашыдан бас тартуды, қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге; өзiнiң тергеу немесе сот әрекеттерiне қатысуына байланысты өзiне келтiрiлген шығындарға өтем және егер iс бойынша iс жүргiзу оның қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, орындалған жұмыс үшiн сыйақы алуға құқығы бар.

3. Маман: қылмыстық iстi жүргiзушi органның шақыртуы бойынша келуге; дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға көмек көрсету үшiн арнаулы бiлiмiн, дағдысын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу мен сот талқылауына қатысуға; өзi орындаған iс-әрекеттер жөнiнде түсiнiктеме беруге, ал осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген жағдайда зерттеу жүргізуге және қорытынды беруге; өзiне iске қатысуына байланысты белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және өзге де мәлiметтердi жарияламауға; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға мiндеттi.

4. Өзiнiң мiндеттерiн орындаудан дәлелдi себептерсiз бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн маман әкiмшiлiк жауапқа тартылады. Көрінеу жалған қорытынды берген жағдайда маман заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.

Ескерту. 84-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2002.12.21 N 363, 2006.07.04 N 151, 2009.04.07 N 149-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 230-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

11-тарау. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудың мүмкiндiгiн жоққа шығаратын жағдай. Қарсылық бiлдiру

96-бап. Сарапшыға қарсылық бiлдiру

1. Сарапшы:

1) осы Кодекстiң 90-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде;

2) егер ол анықтаушыға, тергеушiге, прокурорға, судьяға, сезiктiге, айыпталушыға, олардың қорғаушыларына, заңды өкiлдерiне, жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне қызметтiк немесе өзге де байланыста болса немесе болып отырса;

3) егер ол нәтижесi қылмыстық iс бойынша iс қозғау немесе қылмыстық iзге түсудi бастау үшiн негiз болған тексеру немесе басқа да тексерiс әрекеттерiн жүргiзсе;

4) егер оның құзыреттi еместiгi байқалса;

5) егер ол iске, осы Кодекстiң 224-бабына сәйкес сот медицинасы саласындағы дәрiгер-маман ретiнде адамның мәйiтiн қарауға қатысу жағдайларын қоспағанда, маман ретiнде қатысса, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды.

1-1. Тiрi адамға, сондай-ақ мәйiтке сараптама жүргiзуге сараптама тағайындалғанға дейiн тиiстi адамға медициналық көмек көрсеткен дәрiгер сарапшы ретiнде қатыса алмайды.

2. Адамның осы iске сарапшы ретiнде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргiзiлген сараптамадан кейiн ол қайталап тағайындалатын жағдайларды қоспағанда, iс бойынша сараптама жүргiзудi оған тапсыруды болдырмайтын мән-жай болып табылмайды.

3. Сарапшыға қарсылық бiлдiру туралы мәселенi қылмыстық процестi жүргiзушi орган шешедi.

Ескерту. 96-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2000.05.05 N 47, 2010.01.20 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

12-тарау. Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың

қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

98-бап. Судьялардың, алқабилердiң, прокурорлардың,  тергеушiлердiң, анықтаушылардың,  қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот отырысы хатшыларының, сот приставтарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

1. Судья, алқаби, прокурор, тергеушi, анықтаушы, қорғаушы, сарапшы, маман, сот отырысы хатшысы, сот приставы, сонымен бiрге олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстары мемлекеттiң қорғауында болады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға мемлекет заңда көзделген тәртiппен сотта қылмыстық iстердi немесе материалдарды қарауға, анықтау немесе алдын ала тергеу жүргiзуге байланысты олардың өмiрiне қауiп төнуден немесе өзге де күш қолданудан қауiпсiздендiру шараларын қолдануды қамтамасыз етедi.

Ескерту. 98-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.16 N жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.04.07 N 149-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

15-тарау. Дәлелдемелер

115-бап. Дәлелдемелер ұғымы

1. Оның негiзiнде анықтаушы, тергеушi, прокурор, сот осы Кодексте белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген әрекеттердiң болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекеттi жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кiнәлiлiгiн не кiнәлi емес екендiгiн, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған iс жүзiндегi деректер қылмыстық iс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

2. Қылмыстық iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар iс жүзiндегi деректер сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң көрсетулерiмен; сарапшының, маманның қорытындыларымен; заттай айғақтармен; iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

120-бап. Сарапшының қорытындысы

1. Сарапшының қорытындысы - осы Кодекстiң талаптарына сәйкес ресiмделген, сот-сараптамалық зерттеудiң барысы мен нәтижелерiн көрсететiн құжат.

2. Сарапшының ауызша түсiнiктемесi ол бұрын берген қорытындыны түсiндiруi бөлiгiнде ғана дәлел болып табылады.

3. Сарапшының қорытындысы қылмыстық процестi жүргiзушi орган үшiн мiндеттi болып табылмайды, алайда оның қорытындымен келiспеушiлiгi дәлелдi болуы тиiс.

Ескерту. 120-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.20 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

21-тарау. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысындағы
еңбекке ақы төлеу және шығындарды өтеу

173-бап. Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жұмысы үшiн

сыйақы алуы

1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде тиiстi жұмысты орындайтын аудармашы, маман, сарапшы:

1) егер жұмысты қызметтiк тапсырма тәртiбiмен орындаса - жұмыс iстеген орнында жалақы;

2) егер орындалған жұмыс олардың лауазымдық мiндеттерiнiң аясына кiрмесе және жұмыстан тыс уақытта орындалса - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалардың шегiнде республикалық бюджет қаражатының есебiнен сыйақы;

3) егер жұмысты осы тараппен уағдаластық бойынша орындаса - тараппен жасалған шартта белгiленген мөлшерде сыйақы алады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2-тармағында көзделген жағдайда сыйақы қылмыстық процестi жүргiзiп отырған органның аудармашы, маман, сарапшы шотты ұсынғаннан кейiн шығарған қаулысының негiзiнде төленедi.

174-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысқан адамдардың шыққан

шығындарын өтеу

1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен жәбiрленушiнiң, азаматтық талап қоюшының, азаматтық жауапкердiң, олардың заңды өкiлдерiнiң қылмыстық процестi жүргiзушi органның тағайындауы бойынша қорғаушы ретiнде заң көмегiн көрсететiн адвокаттардың немесе жәбiрленушiнiң (жеке айыптаушының) өкiлiнiң осы Кодекстiң 71-бабының үшiншi бөлiгiнде және 80-баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, куәнiң, аудармашының, маманның, сарапшының, куәгердiң мынадай шығыстары бюджет қаражатының есебiнен өтелуге жатады:

1) қылмыстық iстi жүргiзу органының шақыртуы бойынша келуге байланысты шығыстар:

- темiр жол, су, автомобиль (таксидi қоспағанда) көлiгiмен және сол жерде бар басқа да көлiк түрлерiмен жол жүру құны, ал қылмыстық процестi жүргiзушi органның келiсуiмен - әуе көлiгiмен жол жүру құны;

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51