Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Соттың іс жүргізу әрекеттеріне санкция беруінің енгізілуі сотқа дейінгі іс жүргізуде тараптардың тең құқықтылығы мен бәсекелестігінің принциптерін одан әрі дамытуды жандандыра түсті және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді жедел қорғаудың пәрменді тетігін жасауға ықпал етті.
Статистика бойынша соттар санкция берген қамау саны жылдан жылға азайып келеді. Бұл сот бақылауы шеңберінің толық кеңейгендігін, болашақта сот төрелігінің тиімділігіне оң әсер ететінін білдіреді.
Азаматтық құқықтарды қорғаудың соттан тыс нысандарын дамыту 2011 жылы 28 қаңтарда қабылданған «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделеді. Осы заңның мақсаты - заңдық күші бар дауды реттеу туралы келісімге қол қоя отырып, тараптардың екі жақты да қанағаттандыратын дауды шешу нұсқасына қол жеткізуі.
Түрлі құқықтық институттардың дамуымен бір мезгілде болашақ және жұмыс істейтін судьялар үшін білім базасын беретін институттар дамып келеді. Қазіргі өмірдің қарқыны бір кезде алған біліммен шектелуге мүмкіндік бермейді. Әсіресе судьялар білімі мол және дарындылығы әр алуан адамдар болуы тиіс. Олар өз білімдерін үздіксіз толықтырып, экономика, қаржы, халықаралық құқық, психология сияқты салалардың даму беталысынан хабардар болуы тиіс. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институты осы міндеттерді іске асырады. Ол соттарды толықтыруда басты кадр көзіне айналды.
Осы жылдың басты жетістіктерінің бірі қазақстандық сот жүйесінің Халықаралық Судьялар Қауымдастығына кіруі болды. Толыққанды мүшелік Қазақстанның сот жүйесін халықаралық ұйымдардың зерттеуі мен оң баға беруінің арқасында болды. Қазақстандық сот төрелігі әлемдік құқықтық жүйеге кіре бастады деп толық сеніммен айтуға болады.
Сот жүйесі туралы бірқатар имидждік бағдарламалар тұрақты дайындалады, бұқаралық ақпарат құралдарында соттардың қызметі туралы жағымды мақалалар саны көбейді.
Соттар техникалық тұрғыдан да дербес бола бастады. Сот төрелігі жүйесіне ақпараттық жүйелердің енгізілуі соттардың жедел болуына мүмкіндік берді. Барлық сот кеңселерінің қолындағы ақпараттық-талдау жүйесі біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға мүмкіндік берді. Тек судьялар ғана емес, азаматтар мен ұйымдар да қол жеткізе алатын сот актілерінің деректер қоры жасалды. Соттар сот отырыстарын жаңа технологияларды – цифрлық бейне, аудио жазу жүйелерін, бейнеконференцбайланысты белсенді түрде қолдана отырып, өткізеді. Әр сот біртіндеп ақпараттық-анықтамалық киоскілермен қамтамасыз етілуде. Азаматтар киоскілер арқылы қажетті ақпарат алады. Соттардың сайттарына жариялауға болатын сот шешімдері орналастырылған.
Халықтың соттардың қызметі туралы ақпаратқа кеңінен қол жеткізуі соттардың уақыт ағынымен бірге ілесуге тырысуының арқасында мүмкін болды.
Жақын арадағы болашақта «Сот істерінің электрондық мұрағаты» жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Жобада ақпаратпен қағазсыз технологиямен алмасу арқылы жасалатын электрондық құжаттарды сақтау, сот процесінің аудио, бейнежазбаларының электрондық файлдарының сақталуын қамтамасыз ету, материалдарды мұрағаттаудың технологиялық процестерін автоматтандыру көзделеді.
Еліміздің сот жүйесі өзінің дамуын тоқтатқан жоқ. Мақтануға болатын жақсылықтар әрқашанда бар. Сот жүйесі өз қызметін жақсартуға, оны жетілдіру үшін жаңа жолдар іздестіруге тырысып бағуда.
Осы тұрғыда жұмыс құқықтық шығармашылық бағытында, соның ішінде Конституциялық заңның, іс жүргізу заңнамасының нормалары бойынша, сот құрылысын жетілдіру және жеңілдету, сотқа дейінгі іс жүргізуде сот бақылауын кеңейту, қылмыстық заңнаманы ырықтандыру және қылмыстық құқықты қылмыстық сипаттан арылту, азаматтық-құқықтық дауларды сотқа дейінгі реттеу саласын және оларды шешудің баламалы тәсілдерін кеңейту саласы бойынша, судьялар мен судьялыққа кандидаттар үшін көтеріңкі критерийлер мен стандарттарды енгізу бойынша жүргізіледі.
Өздеріңіз көріп отырғандай, сот жүйесінің дамуы еліміздің тәуелсіздігін нығайту ісінде оң көрініс тапты.
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылына құрылған сот жүйесіндегі оң тұстардың, басқа да елдердің оң тәжірибесінің, сондай-ақ қазақ даласының ежелгі дәуірінің құқықтық жүйесінің қайнар көздерінің жиынтығы Қазақстан Тәуелсіздігін нығайтуға ықпал ететін болады.
Өйткені тәуелсіз, білікті және ізгілікті сот төрелігі – кез келген елдің Тәуелсіздігінің берік негізі.
А. Н.АҒЫБАЕВ,
профессор, заң ғылымдарының докторы,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық құқықтық қорғау
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі өз азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын барынша қорғау болып табылады. Қазақстан мемлекеті адам құқықтары жөніндегі халықаралық нормаларды толық қуаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға толық кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік және басқа да құқықтарының Қазақстан Республикасының Конституциясында толық, жан-жақты көрініс табуы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында ең қымбат қазына адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп белгіленген. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген Конституциясының 1,2-тармағында. Яғни «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» (Конституцияның 12-бабының 3-тармағы). Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс (5-тармақ).
Конституцияның ІІ бөлімі адам және азамат, оның құқығы, бостандығы мен міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың кез келген азаматының нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, дінге көзқарасына тағы басқа да белгілеріне қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріледі (14-баптың 2-тармағы). Конституцияда адам және азаматтық туралы арнайы тарау бар. Азаматтық құқық пен бостандыққа; саяси құқықтар мен бостандықтарға; экономикалық және әлеуметтік құқықтарға Қазақстан Республикасы Конституциясында ерекше мән беріледі. Конституцияда жария етілген азаматтардың осындай құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды (1-бап).
Азаматтардың саяси, әлеуметтік және басқа да құқықтарына қарсы қылмыстық жауаптылық нормалары Қылмыстық кодекстің төртінші тарауында көрсетілген. Бұл қылмыстық заң нормалары азаматтардың конституциялық осы құқықтары мен бостандықтарын қорғауда аса маңызды рөл атқарады.
Айтылып отырған қылмыстың топтық объектісі болып азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары саналады.
Қылмыстардың осы тобы қылмыстың тікелей объектісіне сәйкес және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мәніне қарай, мынадай негізгі топтарға бөлінеді:
Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар: азаматтардың тең құқықтылығын бұзу (141-бап); сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау (146-бап); сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу (147-бап); журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру (155-бап); жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергі жасау (151-бап); ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу (153-бап); қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне кедергі келтіру (150-1бап).
Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар: еңбек туралы заңдарды бұзу (148-бап); еңбекті қорғау ережелерін бұзу (152-бап).
Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар: жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу (142-бап); хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу (143-бап); дәрігерлік құпияны жария ету (144-бап); тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу (145-бап); қинау(141-1-бап).
§1. Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу (141-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабының 1-тармағында көрсетілген тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды деген қағида болып табылады.
Қылмыстың қосымша тікелей объектісі адамдардың денсаулығы немесе бостандығы болуы мүмкін. Қылмыстың жәбірленушісі конституциялық тең құқықтылығы заңсыз бұзылған Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Конститтуцияда, Заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады (12-баптың 4-тармағы).
Қылмыс объективтік жағынан адамың (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегі, әлеуметтік, лауазымдық немесе мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері,қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығы себептермен немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тікелей немесе жанама шектеу арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілген құқықтар мен бостандықтарды тікелей шектеу деп азаматтың (адамның) конституциялық құқықтары мен бостандықтарын ашық түрде оның белгілі бір ұлтқа, дінге, нәсілге жататындығына немесе басқадай белгілеріне байланысты бұзу (жұмысқа алуға кедергі қою, қоғамдық көлікті ұлтына, тіліне байланысты пайдалануға кедергі жасау, тұрғын үй беруден шектеу, белгілі бір аумақта көрсетілген белгілерге байланысты тұруға тыйым салу т. б. әрекеттер жатады). Көрсетілген белгілер бойынша жанама түрде шектеуге азаматтардың жалақысын кеміту, мамандығы немесе тиісті кәсібі бойынша еңбек етуіне жол бермеу, көрсетілген белгілер бойынша оларды үнемі мінеу, сынау, олардың өз ойларын, пікірлерін айтуына жол бермеу немесе басқадай түрдегі әр түрлі кемсітулер жатады.
Қылмыс құрамы формальдық. Ол осы заңда белгіленген тең құқықтылықтар мен бостандықтарды тікелей немесе жанама шектеу орын алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан алғанда аталған қылмыс тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам азаматтық (адамның) конституциялық тең құқықтарын бұзатынын сезеді және де заңда (141-баптың 1-тармағы) көрсетілген белгілер бойынша оны жүзеге асыруды тілейді. Қылмыстық ниет адамның құқығын ұлтына, тіліне, дініне немесе басқадай белгілеріне байланысты олардың конституциялық тең құқықтылығын бұзу болып табылады.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген адам. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып немесе қоғамдық бірлестіктің жетекшісі осы әрекеттерді жасаса, онда олар осы қылмыстың ауырлататын түрі бойынша жауаптылыққа тартылады (ҚК-тің 141-бабының 2-тармағы). Көрсетілген ауырлататын қылмыс құрамының субъектісі – арнаулы (лауазымды адам немесе қоғамдық бірлестіктің жетекшісі). Олардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 228 және 307-баптарының ескертулерінде берілген.
Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау (146-бап)
Азаматтардың ең маңызды саяси құқықтарының бірі олардың сайлау құқығын жүзеге асыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Парламенттің мәжіліс депуттаттарын, Президентті, жергілікті өкілді органдар депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Сайлауға, сайлануға, республикалық референдумға тек қана сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырғандар ғана қатыспайды. Сайлауда дауыс жасырын беріледі. Республика Конституциясы бойынша сайлаушылардың өз еркін білдіруіне бақылау жасауға жол берілмейді. Мұндай әрекеттер Заң бойынша, оның ішінде қылмыстық құқықтық нормалар арқылы да жазаланады.
Қылмыстың тікелей объектісі азаматтардың сайлау құқығын дұрыс жүзеге асыруын немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергісіз қатысуын реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыс объективтік жағынан алғанда сайлаушының өзінің сайлау құқығын немесе референдумға қатысу құқығын еркін жүзеге асыруына кедергі жасау, сондай-ақ сайлау комиссияларының немесе референдум жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысына заңсыз араласу және дауыс беруге, кандидаттарды тіркеуге, дауыстарды санауға және сайлаудағы немесе референдумдағы дауыс беру нәтижелерін анықтауға байланысты міндеттерін атқаруына кедергі жасау арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: саулаушыларды сайлауға, референдумға қатысуға жібермеу, сайлау өтетін орынды жасыру, тұрғындарға сайлау немесе референдум туралы ойдан шығарылған мәліметтер таратып, оларды өткізу жөніндегі комиссилардың қызметіне түрлі кедергілер жасау, депутаттыққа кандидаттарды ұсынуға жол бермеу, дауыс беруге, оның нәтижелерін анықтауға әр түрлі кедергі келтіріп, ақпарат құралдарына ол жөнінде жалған мәліметтер беруге тырысу.
Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіру әрекеттерін жасаған уақыттан бастап, өзінің оларға қойған мақсатының жүзеге асқанына немесе аспағанына қарамастан аяқталған деп табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстық ниет сан алуан болуы мүмкін, оның осы қылмысты саралауға әсері болмайды.
Қылмыстық кодекстің 146-бабының 1-тармағындағы әрекеттер:
а) сатып алумен, алдаумен, күш қолданып не оны қолданамын деп қорқытумен сабақтасса;
б) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаса;
в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
г) электрондық сайлау жүйесінің белгіленген тәртібін бұзу арқылы жасалса – онда ол осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (146-баптың 2-тармағы).
Сайлаушыға сайлауға немесе референдумға қатыспауға, сайлау немесе референдум комиссиясы мүшесіне немесе өзге де адамдарға сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіруге байланысты мүліктік немесе басқадай сыйақы беру немесе соны беремін деп уәде беру сатып алу деп танылады.
Депутаттыққа кандидаттар жөнінде жалған мәлімдеме тарату, сайлау немесе референдум өтетін жерді басқаша хабарлау, сайлау немесе референдум комиссиясы орналасқан жерге шабуыл жасалуы мүмкін деген сөз тарату, алдау арқылы сайлау құқығын жүзеге аысруға немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі жасау деп танылады. Күш қолдану деп жәбірленушіге қол тигізіп, ұрып-соғып, денесіне жарақат салып, өз айтқанына еріксіз көндіріп сайлауға қатысудан бас тартқызу немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтірулерді айтамыз.
Күш қолданамын деп қорқытуға, жәбірленушіні немесе оның жақынын өлтіремін, үйіне өрт қоямын, денесіне жарақат келтіремін, өзге де жамандық істеймін деп қорқытып сайлау құқығының еркін болуына немесе сайлау, референдум комиссиялары жұмысына кедергі жасауларды айтамыз. Сатып алу, алдау, күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту осы қылмысты жасаудың тәсілі болып табылады. Осы белгілердің біреуін жасаудың өзі осы баптың «а» тармақшасы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жеткілікті болып табылады.
Адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттерінің түсінігі Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-тармағындағы осындай ұғыммен бірдей. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалған қылмыстың түсінігі Қылмыстық кодекстің 31-бабының 2,3-тармақтарында берілген. Сайлау туралы заңға сәйкес электрондық сайлау жүйесінің тәртібі осы заңның 9-1 тарауында баптарда арнайы белгіленген.
Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-тармығындағы қылмыстың субъектісі жай адамдар немесе лауазымды адамдар болуы мүмкін.
Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу (147-бап) Қылмыстың тікелей объектісі – сайлау құқығы, референдумға қатысу құқығы. Қылмыстың заты – сайлау құжаттары, сайлаушылар тізімі, дауыс беру куәлігі, сайлау бюллетені және басқадай сайлау құжаттары.
Объективтік жағынан қылмыс сайлау құжаттарын немесе референдум құжаттарын бұрмалау, бюллетеньге жалған жазбалар немесе қол қойылған парақтар енгізу, дауыстарды көпе-көрінеу қате есептеу, не сайлаудың нәтижелерін немесе референдум қорытындыларын көпе-көрінеу дұрыс айқындамау, не дауыс беру құпиясын бұзу, егер осы әрекеттерді Қазақстан Республикасы Президентіне кандидаттың сенімді өкілі немесе депутаттыққа кандидаттың сенімді өкілі, сол сияқты бастамашы топтың немесе сайлау комиссиясының немесе референдум жүргізу жөніндегі комиссияның мүшесі жасауы арқылы жүзеге асырылады.
Сайлау немесе референдум құжаттарына жалғандық жасау: сайлау бюллетендеріне, дауыс беру куәлігіне, сайлаушылардың тізімдеріне, сайлау хаттамаларына және басқа да құжаттарға теріс өзгерістер енгізу немесе оларды басқаша жазу, оларға түзетулер енгізіп, қайта жасау, қолдарды жалған түрде қою, оларға басқа мерзімдерді көрсету арқылы жүзеге асырылады. Сайлау және референдум туралы заңдарға сәйкес сайлау құжаттарына дауыс беру куәлігі, сайлау бюллетендері, дауыс берудің қорытындысы туралы хаттама, сайлаушыларды тізімдері, сайланғаны туралы куәлік, әрбір кандидатқа арналған іс қағаздары саналады. Дауысты көпе-көрінеу қате есептеу деп дауысқа түскен кандидаттар үшін берілген сайлаушылардың дауыс беру санын қасақана көбейту немесе азайту әрекеттері саналады.
Сайлаудың нәтижелерін немесе референдум қорытындыларын көпе-көрінеу дұрыс айқындамау шындыққа сай келмейтін жағдайда кандидатты сайланды немесе сайланбады, сайлау немесе референдум өткізілді немесе өткізілмей қалды деп ресми турде жариялаулар жатады.
Дауыс беру құпиялығын бұзуға: сайлаушының дауыс беру бюллетенін арнаулы бөлмеде толтыруына кедергі жасау; сайлауды, референдумды арнаулы жабдықталмаған кабиналарда өткізу; дауыс берушіні анықтауүшін сайлау бюлетеніне белгі қою; тағы сол сияқты сайлауды өткізу заңына қайшы әрекеттер жатады. Қылмыс құрамы формальдық. Осы жоғарыда көрсетілген әрекеттердің біреуін істеу қылмыстың аяқталғанын білдіреді.
Егер жоғарыдағы іс-әрекеттер электрондық сайлаужүйесінің белгіленген тәртібін бұзу арқылы жасалса, онда қылмыстық жауаптылық ҚК-тің 147 бабының 2 тармағы бойынша сараланады.
Осы бапта көрсетілген қылмыс субъективтік жағынан алғанда тек қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам, қылмыстық кодекстің 147-бабының 1 және 2 тармағында көрсетілген заңсыз әрекеттердің кез келгенін заңсыз жасайтынын сезеді және соларды жүзеге асыруды тілейді.
Қылмыстың субъектісі арнаулы – Қазақстан Республикасы Президентіне кандидаттың сенімді өкілі немесе депутаттыққа кандидаттың сенімді өкілі, сайлау комиссиясының немесе референдум өткізу комиссиясының жасы 16-ға толған мүшелері.
Журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру (155-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі – сөз бен шығармашылық еркіндегі, қосымша тікелей объект – журналистің заңды құқықтары мен мүдделері. Қазақстан Республикасының Конституциясының 20-бабының 2-тармағына сәйкес әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар делінген. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 23-інде қабылданған заңына сәйкес журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтірулер үшін заңдылық, оның ішінде қылмыстық жауаптылық көзделгені көрсетілген.
Осы қылмыстың заты болып – ақпарат мліметтеріжатады. Қылмыстың жәбірленушісі заңды кәсіби қызмет атқаратын кез келген бұқаралық ақпарат құралдарына қызмет істейтін журналист.
Объективтік жағынан қылмыс журналистің заңды кәсіптік қызметіне оны ақпарат таратуға не оны таратудан бас тартуға мәжбүрлеу арқылы кедергі жасау арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде қылмыстың мәжбүрлеу тәсілін қолдану арқылы іске асырылатындығы қөрсетіліп отыр. Мәжбүрлеуге журналистке немесе оның жақындарына мүліктік зиян келтіремін, олар жөнінде қолайсыз мәліметтер таратамын деген бопсалау әрекеттері жатады. Кінәлі адам осындай мәжбүрлеу амалдарын қолдана отырып журналистің шындыққа сай ақпаратты таратуына кедергі келтіреді. Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол осы мәжбүрлеу әрекеті істелген сәттен бастап, одан нәтиже болғанына немесе болмағанына қарамастан аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам журналисті ақпаратты таратуға немесе таратпауға мәжбүрлеп отырғанын сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді. Мәжбүрлеу мақсаты – заңның өзінде ақпаратты таратуға немесе таратудан бас тартуға мәжбүрлеу деп көрсетілген.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.
Адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, сондай-ақ күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқыта отырып жасаған әрекеттер осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (155-баптың 2-тармағы).
Қызмет бабын пайдаланудың түсінігі Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-тармағында көрсетілген ұғыммен бірдей. Яғни бұған журналистің бағынышты лауазым адамы оны ақпарат таратуға немесе таратпауға, қызметін пайдаланып мәжбүр етулері жатады. Күш қолдануға немесе оны қолданамын деп қорқытуға өлтіремін, денеге әр түрлі жарақат саламын, ұрып-сабаймын, басқа зорлық әрекеттерін жасаймын, балаңды ұрлаймын, көлігінді айдап әкетемін деген шындығында жүзеге асатын мәжбүрлеу тәсілдері жатады.
Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергі жасау (151-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі – Қазақстан Республикасының Конституциясының 32-бабында көрсетілген азаматтардың бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұру құқығы. Қылмыстың факультативтік тікелей объектісі жәбірленушілердің өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті.
Қылмыс объективтік жағынан жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға заңсыз кедергі жасау не оларға қатысуға мәжбүрлеу, егер бұл әрекеттерді лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдаланып не күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытумен жасауы арқылы сипатталады.
Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға заңсыз кедергіні лауазымды адам өз қызмет бабын пайдалану арқылы жүзеге асырады. Мысалы, заңды рұқсат алынған митингіні, шеруді, пикетті өткізуге тыйым салу. Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға мәжбүрлеуге күш қолданып немесе күш қолданбақшы болып әр түрлі тәсілдерді пайдаланған әрекеттер жатады. Жеке адамдар тарапынан да осындай қорқытулар орын алуы мүмкін.
Қылмыс құрамы формальдық және ол баптың диспозициясында көрсетілген кез келген әрекеттердің біреуін істеген сәттен бастап аяқталған деп танылады. Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға заңсыз кедергі жасалса ғана қылмыс құрамы орын алады. Мұндай әрекеттерді заңсыз жүзеге асырғанда оларға кедергі келтіру заңға сыйымды, қоғамға пайдалы іс-әрекеттер деп саналады.
Жиналыс, митинг, шеру өткізу, пикет жасаудың тәртібі арнаулы құқықтық-нормативтік актімен реттеледі.
Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың мақсаты – жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуді, пикет жасауды заңсыз тоқтату, болдырмау немесе осындай әрекеттерге заңсыз қатысуға мәжбүрлеу болып табылады.
Қылмыстың субъектісі қылмыстың істелу тәсіліне қарай жай немесе лауазымды адам болады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 |


