Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

2.  Зоналылықтың негізгі факторлары қандай?

3.  Күн энергиясының зоналы түрде таралуының саларлары.

4.  Ылғалдану коэфициенті нені анықтайды?

5.  Клмат континенттілігі формуласын шығарған қай ғалым?

6.  Секторлық, ландшафттық зоналар жүйесі дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1.  Мильков -географическое учение о ландшафте и географическая зональность. Воронеж, 1984.

2.  проблемы регионального ландшафтоведения. М., Наука, 1979.

3.  основы ландшафтоведения и физико-географическое районирование. М., Высшая школа, 1991.

БИІКТІК БЕЛДЕУЛІГІ ЖӘНЕ ЛАНДШАФТ ЖІКТЕЛУІНІҢ ОРОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ПЕТРОГРАФИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ

Ылғалдылық пен жылудың зоналық және секторлық өзгерістерінен кейінгі фактор – құрлықтың теңіз деңгейінен биіктігі.

Биіктік артқан сайын ландшафттық белдеулердің өзгеруін биіктік белдеулігі деп атайды. Көптеген географтар «биіктік зоналылығы» мен вертикальды зоналылықты синонимдер деп есептейді, бұл дұрыс емес, себебі вертикальды зоналылық» түсінігінің мұхиттың тереңдік зоналылығына да қатысы бар, сондықтан ол кең ұғым. Бұл ұғымды 1899 ж. енгізген. Бұл туралы алғаш еңбек жазғандар: , А. Гумбольдт, -Тянь-Шанский. өзінің Жер қабаттары туралы» деген еңбегінде таулы аймақтар климаты мен табиғатының өзгеше болуы ондағы жер бетінің атмосфераның суық қабатына жақын болуынан деп түсіндіреді. А. Гумбольдт климат пен өсімдік жамылғысының биіктік белдеулігін анықтады. -Тян-Шанский Іле Алатауы мен Тянь-Шанның биіктік белдеулігінің кешенді сипаттамасын берді.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Биіктік белдеулігінің негізгі факторлары:

1 Биіктік бойынша температураның өзгеруі. 100 м – 0,60.

2 Жылу мен ылғалдылық өзгерісі.

3 Тау жүйелерінің географиялық орны.

Әрбір ендіктегі ландшафт зонасының өзіндік биіктік белдеулік типі бар (белдеулер саны, олардың түрлеріі, биіктік шектері арқылы ажыратылады).

Биіктік белдеулігінде – беткей экспозициялары да үлкен рөл атқарады.

Беткей экспозициясының 2 түрі бар:

1) солярлық немесе инсоляциялық;

2) жел өтіндегі немесе циркуляциялық.

Солярлық экспозицияға беткейлердің температуралық режимі ғана емес, су режимі де байланысты. Таулардың солтүстікке қарағанда оңтүстік беткейлері көбірек қызады. Сол себепті оңтүстік беткейлерде биіктік белдеу шекаралары солтүстікке қарағанда биігірек орналасады.

Забайкальеде солтүстік беткейлер орман жамылғысына оранса, оңтүстік беткейлері дала болып келеді. Тропиктік және полярлық ендіктерге қарағанда қоңыржай белдеуде солярлық экспозиция әсері көбірек байқалады.

Полярлық ендіктерде – күн горизонттан кетпейді (поляр күні), ал тропиктік белдеулерде күн горизонттан соншалықты биік орналасуына байланысты тау беткейлеріне бірдей күн сәулесі түседі.

Жел экспозициясы екі жақты рөл атқарады: 1) термикалық режимге,
2) жауын-шашынның таралуына әсерін тигізеді.

Батыс желдері белдеуінде таулардың батыс экспозициялары, ал муссондық секторларда шығыс беткейлер көбірек жауын-шашын алады.

Таулар мен жазықтардағы сатылық және тосқауылдық факторлар.

Ландшафттар дифференциациясына гипсометриялық жағдайлардың үлкен әсері бар. Жазық жерлерде гипсометриялық факторлар қосымша рөл ғана атқарады. Әр 200 м биіктік сайын температурасы – 10 таяу төмендейді.

Жазықтарда екі түрлі биіктік деңгейі байқалады: ойпаттық және қыраттық. Бірақ олардағы температура және ылғалдылық өзгерісі айтарлықтай биіктік белдеулілігін тудырмайды. Сатылық фактор жазықтарға да тауларға да қатысты. Таулар негізінен 3 сатыдан тұрады: аласа, орта биіктікті және биік таулар. Таулардағы сатылық жағдай олардың геологиялық құрылымынан да көрінеді. Мысалы: Үлкен Кавказдың шеткі (перифериялық) бөлігі неогендік әлсіз қатпарланған құмды-сазды жыныстардан құралған. Ол аласа таулар болып саналады. Ал орта биіктікті бөлігі бірінен соң бірі қабаттасып келетін палеогендік, мезозойлық, палеозойлық ежелгі қабаттардан тұрады. Ол орталық биік бөлігі – ежелгі массивті кристалдық жыныстардан құралған.

Аталған үш негізгі сатыны климаттық қабаттар түрінде қарастыруға болады.

Аласа таулар климаты маңындағы жазықтардың атмосфералық циркуляция­сымен тығыз байланысты. Солтүстіктен келетін массаларының әсері анық сезіледі. Орташа тауларда массаларының көтерілуі, атмосфералық фронттың өршуі, экспозициялар климаттарының қарама-қайшылығы байқалады. Бұл қабатта желге қарсы беткейлерде жауын-шашын көбірек түседі. Биік тауларда биіктіктің климатқа әсері мүлдем байқалмайды. Гипсометриялық фактордың барьерлік әсері де бар (тосқауылдық әсер). Мысалы, Гималай таулары Үнді мұхитынан келетін ылғалды муссондық массаларын Азияның ішкі бөліктеріне жібермей ұстап қалады, соның нәтижесінде Гималайдың оңтүстік экспозиция­ларына Еуразия бойынша ең көп мөлшердегі жауын-шашын түссе, ал одан солтүстікте әлемдегі ірі шөлдерге жататын Такла-Макан және Гоби шөлдері орналасқан.

Құрылымдық петрографиялық факторлар

Жоғарыда аталған барлық факторлардың: зоналылық, секторлық, барьерлік, сатылық әсер ету механизмдері бірдей. Олардың барлығы жылу мен ылғалдылықтың таралуына әсерін тигізеді. Ал олар өз кезегінде ландшафт сферасының басқа компоненттеріне де әсер етеді.

Сонымен қатар ландшафт қабығының құрылымына әсер ететін тағы бір фактор бар, ол: литосфераның беткі қабатының құрылысы мен заттық құрамы. Бұл факторды да азоналы факторға жатқызуға болады.

Тау жыныстары:

1) ландшафт субстратын құрайды;

2) топырақтың минералды құрамын анықтайды;

3) маңызды физикалық химиялық және трофиктік қасиеттерін;

4) өсімдік өсуі үшін эдафикалық жағдайларды анықтайды;

5) жер бедері мен гидрографиялық тордың қалыптасуына да әсерін тигізеді.

Карбонаттық жыныстар орман ландшафттарының қалыптасуына әсер етеді. Кальцийға бай жыныстар нейтральдық және сілтілік реакцияларды жылдам­датып, гумустың көбірек жиналуына әсер етеді.

Ал ордовик кезеңінің әктасты жыныстарынан құралған жерлерде өзен торы аса дамымай, көбінесе карстық процестер көп кездеседі. Ондай аймақтарда жер асты сулары да қатты минералданған болып келеді.

Ал құмды субстратты ландшафттардың өз ерекшеліктері бар. Құм суды тез өткізеді, бірақ минералға кедей, көбінесе онда қылқан жапырақты ормандар өседі (құмды-аллювиальды немесе мұздық жазықтарда).

Шөлдердегі эолды құмдарда сексеуіл сияқты өсімдіктер көп өседі. Онда 2-5 м тереңдіктерде тұщы судың ылғалды конденсациялық горизонттары орналасады.

Тау ландшафттардың әр түрлілігі олардың геологиялық құрылымына да байланысты. 1) тау жыныстарының орналасуы; 2) минералдық құрамы; 3) үгілуге тұрақтылығы; 4) жарқышақты болуы; 5) ерігіштігі т. б.

Ландшафт дифференциациясына гипсометриялық жағдайлар да әсерін тигізеді. Құрылымдық-петрографиялық факторлар ландшафттық диффференциа­цияға әсер ете отырып, гипсометриялық жағдайға, жер бедерінің ірі форма­ларының орналасу бағыттарына және басқа да орографиялық ерекшеліктерге тікелей байланысты.

Морфоқұрылым – жер бетінің эндогендік процестер арқылы пайда болған кедір-бұдырлы жер бедерлері. Ол бірнеше сатыдан тұрады:

1 саты – материктер, мұхиттар, су айрық жоталары;

2 саты – платформалық жазықтар мен таулар;

3 саты – платформалар аумағындағы қыраттар мен ойпаттар, қатпарлы жоталар.

Олар да жер беті ландшафттарының жіктелуіне үлкен әсер етеді.

Тақырып бойынша сұрақтар:

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27