Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

1.  Биіктік белдеулігі деген не және оның негізгі факторлары қандай?

2.  Жазықтар мен таулардағы сатылық факторлар.

3.  Тау жыныстарының ландшафт түзілуіндегі атқаратын рөлі қандай?

4.  Азоналылық дегеніміз не?

Әдебиеттер

1.  Гвоздецкий проблемы физичекой географии, М., Высшая школа, 1979.

2.  теория и методология географической науки. М., Академия, 2004.

3.  Николаев . М., Издание МГУ, 2000.

ЛАНДШАФТТАР МОРФОЛОГИЯСЫ

Территориялық табиғат кешені туралы ұғым ғылымға берік сіңіскеннен кейін ғалымдар оның аймақтық-типологиялық таксономиясын және морфологиялық құрылымын жіктеумен айналыса бастады. Көп жылдық географиялық ғылыми зерттеулер жер бетінің бітім жаратылысы әртүрлі факторлар әрекеттеріне байланысты қалыптасатын территориялық табиғат кешендерімен сипатталатынын дәлелдеп отыр. Олар территориялық аумағы бойынша да, бірінен-бірі туындайтын сатылары бойынша да әр түрлі болып келеді. Ландшафттану ғылымының жергілікті геожүйелер мен ландшафттардың заңды түрде территориялық жіктелуін, яғни оның морфологиялық құрамдас бөліктерін зерттейтін ілім ландшафт морфологиясы деп аталады.

Ландшафттар морфологиялық құрылымы күрделі, әрі көп деңгейлі, оны ішкі территориялық құрылымының күрделілігі анықтайды.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Геологиялық негізі, жер бедері, климат жағдайы гидриологиялық режимі, топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен тұратын био­ценоздары бірдей болып келетін біртекті территориялық табиғат кешенін ландшафт деп атайды. Оның нақты белгілері мыналар:

1) көршілес жатқандарынан өзіндік ерекшеліктері арқылы даралана­тын жаратылысы біртекті территория;

2) пайда болған күннен бастап бүкіл даму тарихында өзіне ғана тән ерекшелігі болады;

3) геологиялық құрылысында, жер бедерінде жаратылыстық айырма бол­майды. Литогенді негіз бен геоморфологиялық кешеннің өзгеріске ұшырауы ландшафтты да өзгертеді, сапасын, морфологиялық құрылымын түрлендіреді, сыртқы белгілерін анықтай түседі;

4) әрбір ландшафтты морфологиялық құрылымы қайталанбайтын тізбек­терден тұрады;

5) ландшафтты барлық құрамдас бөліктермен морфологиялық табиғат кешендерінің тізбектелуінде зоналық, бөліктік (секторлық) және биіктік белдеулік айырма болмайды, өйткені ландшафт зоналық, бөліктік және биіктік белдеулік факторлардың тұтас және қатар әрекет етуі нәтижесінде қалыптасады.

Морфологиялық бірліктердің ішіндегі негізгілері мен тұрақтылары – қоныс пен фация.

Фация – геожүйелік иерархияның ең төменгі сатысы (категориясы). Ол тұрған жері мен өмір сүру ортасының біртектілігімен және бір био­ценозбен сипатталады. Фация бұрыннан-ақ ландшафттық түсірулер кезінде табиғи территориялық бірлік ретінде картаға түсіріліп келді, бірақ әртүрлі атпен аталады. Эпиморфа (), элементарлық ландшафт (, ­шенинников), микроландшафт (), биогеоценоз () т. б. сияқты әртүрлі атаулары бар.

Көптеген терминдер ескірді, қазір ландшафттар геохимиясында фацияларды – элементарлық ландшафт деп атайды.

Фация – тірі организмдердегі клетка тәрізді.

Фациялық деңгейде мынандай ландшафттық зерттеу жұмыстары жүр­гізіледі:

1) геожүйедегі зат және энергия айналымы мен тасымалын зерттеу;

2) тірі ағзалардың биогеохимиялық функциясын зерттеу;

3) ландшафттардың вертикальды байланысын зерттеу;

4) динамикалық ерекшеліктерін зерттеу;

5) жергілікті жердегі «нүктелік» мәліметтер жинау;

6) стационарлық ландшафттық зерттеулер жүргізу.

Фация – ашық геожүйе, ол маңындағы фациялармен тығыз қарым-қатынаста ғана өмір сүре алады.

Қарапайым геожүйе ретіндегі ландшафттың негізгі ерекшеліктері:
1) қозғалмалылығы; 2) салыстырмалы тұрақсыздығы; 3) аз уақытта өмір сүруі.

Фациялардың әр алуандығы оларды белгілі бір жүйеге келтіруді талап етеді. Фациялар түрлерінің классификациясын жасағандар: , Б. Б. По­лынов, .

фацияларды элювиальді, супераквальды және суб­аквальды деп бөледі.

Элювиальды фациялар – көтеріңкі су айырықтық мекенжайларда (плакорларда) орналасады. Жер асты сулары өте терең орналасқандық­тан, өсімдік жамылғысы мен топырақ қабатына әсерін тигізбейді. Мұнда заттар қабаты арқылы жеткізіледі, ал шығын су ағындары арқылы жүзеге асырылады.

Супераквальды фациялар – жер асты сулары жер бетіне жақын орналасқан жерлерде қалыптасады. Буланудың нәтижесінде бірталай еріген қоспалар жер бетіне көтеріледі. Осыған байланысты топырақ жамылғысының жоғары қабаты химиялық элементтермен толықтырылады.

Субаквальды фациялар – сулы жерлерде қалыптасады, сондықтан түпкі батпақтарда қозғалмалы химиялық элементтер жинақталады. Мұнда гумустың орнында сапропельдер пайда болады.

4-сурет – Қарапайым фациялар түрлері: 1) эллювальды; 2) супераквальды; 3) субаквальды

2. Қоныс деп – біртекті субстраттағы белгілі бір жер бедерінің мезо­формасында орналасқан, физикалық-географиялық процестердің ортақ бағытымен біріктірілген фациялардың ұйымдасқан жүйесін атаймыз. Мұндағы мезорельеф түрлеріне төбелі, ойпатты жерлердің кезектесіп келуін қарастырамыз. Мысалы: жыра, сай, өзен жайылмасы, т. б.

Жергілікті жердегі ағыс пен атмосфера циркуляциясы, химиялық элемент­тер миграциясы жер бедерінің оң және теріс формаларын біріктіргенмен, бәрібір жоғарғы және төменгі рельеф формаларында айырмашылықтар болады.

Тау беткейлеріне тән үрдістер:

1) белсенді түрде жүретін дренаж;

2) заттардың төмен ығысуы;

3) суық ауаның төмен бағытталуы;

4) фациялардың элювиальдық типтерінің басым болуы.

Ал ойпаң жерлерде:

1) артық ылғалдану;

2) заттардың аккумуляциясы;

3) суық ауаның шөгуі;

4) гидроморфтық фациялардың басым болуы байқалады.

Ал, мезорельефтің қарама-қарсылықты формасы жоқ жерлерде, қоныстарды негізгі тау жыныстарының айырмашылықтары арқылы анықталады.

Қоныс – геожүйелік иерархияда фация мен ландшафт аралығында орналасатын маңызды аралық саты. Ол негізінен далалық ландшафттық түсірудің объектісі болып табылады, сонымен қатар аэросуреттерді талдауда негіз болып саналады.

Ландшафт морфологиясындағы маңызы бойынша қоныстар мынан­дай түрлерге бөлінеді:

1) фондық (доминанттық);

2) субдоминанттық.

Қоныстар ішкі құрылымы бойынша әртүрлі болып келеді:

– қарапайым;

– күрделі.

Қарапайым қоныстар – белгілі бір мезорельеф аумағында, біркелкі субстратта қалыптасады.

Күрделі қоныстар – ірі мезорельеф формасында екінші дәрежелі мезо­формамен күрделенген (жыралы төбе, көлді, батпақты қазаншұңқыр) болып келеді.

Қоныстарды классификациялау белгілі бір аймақтық материалдар негізінде, ірі және орта масштабты картаға түсіруде қолданылады.

Жер бедерінің жеке дара бітімінде қалыптасқан қоныстар тізбегінің құрылымдық, динамикалық бірлігін жергілікті жер деп атайды.

Ландшафтының геологиялық құрылысы мен жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай іргелес жатқан қоныстар тіркесіп жергілікті жер деп аталатын территориялық табиғат кешенін құрайды. Жергілікті жер ландшафтының құрамында кейде болмай да қалады. Тұтас бітімді қоныстан тұратын ландшафттылар жергілікті жерге бөлінбейді. Мұндай ландшафтылар жер бедері тегіс, морфологиялық құрылымы бөлінбейтін дала, шөлейт, шөл жиі кездеседі. Ал ойлы қырлы жерлерде қоныстар тізбегі типтес бірлігі әртүрлі болатын жергілікті жер тобын құрайды да, типтік, тектестік, түрлестік бірлікке жіктеледі. Жергілікті, региондық, планеталық геожүйелер кездеседі.

Тақырып бойынша сұрақтар

1.  Ландшафттар морфологиясы нені зерттейді?

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27