Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral

6-сурет – Орманды дала ландшафттары
Қазақстанның орманды даласы тегіс жазық болып келеді (Батыс Сібір ойпатының оңтүстік бөлігі). Жер бедерінде көптеген ұсақ көлдермен толған, жағалаулары жайпақ болып келетін қазаншұңқырлар кездеседі. Жер беті солтүстікке қарай еңіс, осы бағытта абсолют биіктігі 180 м-ден 120-ға дейін азаяды. Жер бедеріне солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай бағытталған жалдар тән. Олардың ұзындығы 20-25 м-ге дейін жетеді.
Жер бедерінің жалпы ойпатты сипатын қазіргі өзен аңғарлары бұзады. Ең ірі өзен – Есіл өзені.
Батыс Сібір ойпатының негізін палеозойлық және басқа да ежелгі жыныстар құрайды. Фундамент бетіндегі 700 м-ге дейін жететін шөгінді қабат кезектесіп келетін сазды және құмды жыныстардан құралған.
Петропавл қаласынан солтүстікке қарай оңтүстік орманды дала зоналығы орналасқан. Мұнда орманды далаға тән ылғалды қоңыржай климат қалыптасқан. Бұл аумақ жер беті және жер асты суларымен жақсы қамтамасыз етілген. Ылғалдану коэффициенті 0,77-0,63. Саздақты жерлер мен өзен беткейлерінің жоғарғы бөліктеріндегі қара топырақты аумақтарда астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер мен қатар батпақтанған шымтезекті топырақта өлең шөпті қамыс өседі.
Петропавлдан оңтүстікке қарай (55°солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай) орманда далаға тән емес белдем орналасқан. Сұр орман топырағында өсетін көктеректі-қайыңды орман шоқтары бірте-бірте сирей береді. Орман шоқтары тек көтеріңкі жерлерде ғана кездеседі. Ландшафттарында сазды-көлдік және эолдық жазықтардың қара топырақтарында өскен жусанды-бетегелі-бозды дала өсімдіктері таралған. Өзен жайылмасының шалғынды және шалғынды сор топырақтарында әр түрлі астық тұқымдас шалғынды өсімдіктер кездеседі.
Орманды дала зонасында орманның да, даланың да аңдары кездеседі. Жалпы алғанда орманды дала мен дала ландшафттарының жануарлар дүниесінде табиғи шекара әлсіз болып келеді. Көбінесе орман фаунасы басым. Мұнда дала тышқандары, ақ қоян, түлкі, қасқыр көп кездеседі. Орманды дала Қазақстандағы бұлан мекендейтін бірден-бір орын болып табылады. Үкі, қаршыға, бұлдырық, ителгі, ұзақ, қарға құстары тіршілік етеді. Орманды даладағы көп ұсақ көлдерде үйрек, шағала, т. б. жыл құстары ұя салады. Өзен бойындағы ну қамыстарда жабайы шошқа да мекендейді.
Дала зонасының ландшафттары
Қазақстан аумағында дала зонасы республиканың 30%-дай жерін алып жатыр (77 млн га). Ол Каспий маңы ойпатының солтүстігінде, Жалпы Сыртта, Орал тау алды үстіртінде, Торғай үстіртінде, Сарыарқаның көп бөлігі мен Теңіз, Қорғалжын көлдерінің маңында орналасқан. Батыстан шығысқа қарай мөлшермен алғанда 2200 км-ге созылып жатыр. Дала ландшафттары орналасқан жерлердің тектоникалық құрылымы мен геологиялық құрылысы әртүрлі болып келеді. Орал, Мұғалжар тауларына дейінгі батыс бөлігі ежелі платформаның плиталық жазығынан тұрады. Дала ландшафтысы бұл аумақтарда теңіз табанды саз балшықты, борлы жыныстардың негізінде қалыптасқан. Бұл жерлердің шөгінді жыныстары теңіз басуы мен құрлық көтерілуінің нәтижесінде қабаттаса орналасқан лесс тәрізді саздақтан, қиыршық тасты саздақтар мен сазды жыныстардан түзілген. Жер бедері ойпатты, қыратты, үстіртті болып келеді. Сарыарқада ежелгі калеодондық тау жүйелерінің аласа жұрнақтары кездеседі.

7-сурет – Құрғақ дала ландшафттары
Дала зонасы ландшафттарына құрғақ, континентті климат тән болып келеді. Орманды дала ландшафтымен салыстырғанда мөлшері көбірек, бірақ жауын-шашын мөлшері азырақ болып келеді. Жылдық жауын-шашынның мөлшері – 200-300 мм 10°С-тан жоғары температуралардың жылдық жиынтық мөлшері – 2000-2300°. Вегетациялық кезең – 135-170 күн. Ылғалдану коэффициенті – 0,57-0,27.
Қазақстанның дала зонасы климатының нашар сипаты – ылғалдың тұрақты әрі жеткілікті болмауында. Қатты аяздың топырақтың беткі қабаттарын қалың тоңға айналдыруы да ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге өз әсерін тигізеді. Қуаңшылық жылдардың қайталануы солтүстігінде – 40-50%, ал оңтүстігінде – 70-80%. Жылу мен ылғалдың шамасына байланысты дала зонасы мынандай ландшафттық бөліктерден құралады: 1) қара шірік қабаты орташа болып келетін, шөптесінді боз өскен қоңыржай қуаң дала; 2) қара шірік қабаты шамалы болып келетін шөптесінді – бетегелі боз өскен қуаң дала; 3) күңгірт қызыл қоңыр топырақта өскен бетегелі – бозды дала. Ландшафт құрамындағы сортаңдық топырақ пен грунттың сулы – тұздық режимінің ерекше дамуымен байланысты. Топырақ пен грунттағы ылғал мен тұздың бөлінуіне жер бедерінің мезо және микроформалары мен топырақ түзуші жыныстардың литогендік негіздері әсер етеді.
Қара шірік қабаты орташа болып келетін, шөптесінді боз өскен қоңыржай қуаң дала. Бұл ландшафт түрлері Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының территорияларында дамыған. Бұлар Орал сырты үстіртінің денудациялық-акумуляциялық жазығында, Көкшетау маңындағы қыраттарда, Қазақстанға жалғас жатқан Батыс Сібір көлтабанды жазығында қалыптасқан. Бұл жерлерде кәдімгі және оңтүстіктің қара топырағы таралған. Жазықтағы ойыс жерлер мен ұсақ шоқыларда сортаң топырақтар кездеседі. Әрбір ағынсыз тұйық ойпаң жерлер белгілі өсімдік тобымен сипатталатын микроландшафт болып табылады.
Қара шірік қабаты шамалы болып келетін шөптесінді-бетегелі-боз өскен қуаң дала – Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының жерін алып жатыр. Ландшафттың құрылымы саздақты жондар мен сазды жалды – қолатты көлдік, баяу еңістенген сазды абразиялық, сазды-құмдақты денудациялық жонды төбелер мен террасалы алювийлік жазықтардан құралған. Бұл ландшафт аумағындағы қара топырақта түрлі шөптесінді боз дала орналасқан. Мұнда шалғындық-далалық және далалық-сортаңдар жиі кездеседі. Субдоминант типіне жататындар: орман шоқтары өскен жыралар мен сайлар, шалғынды және бұталы суффозиялық ойыстар, тұзды және қатқылды сорлар.
Күңгірт қызыл қоңыр топырақта өскен бетегелі – бозды қоңыржай құрғақ дала. Бұл даланың ірі массивтері Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Торғай, Ақмола, Павлодар облыстарында көптеп кездеседі. Жаз маусымында байқалатын қолайсыздау гидротермиялық жағдаймен ерекшеленеді. Ландшафттардың генетикалық әртектілігі олардың биоклиматтық ерекшеліктерімен үйлесімді болып келеді. Ландшафттары жыралы-төбешікті және сортаңды ойпаңдардағы қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ типтерінде қалыптасқан бетегелі-бозды өсімдіктер мен шоқ тоғайлар өскен акумулятивті жазықтар болып келеді.

8-сурет – Селеулі боз дала
Қолатты-қазаншұңқырлы акумулятивті жарықтардың қызғылт қоңыр шалғындық топырағында астық тұқымдастар мен шалғындық өсімдіктер, абразиялық сазды жазықтардың сортаң топырағында жусанды – астық тұқымдас өсімдіктер, ежелгі шоқылардың жұрнақтарындағы қызыл-қоңыр шалғындық топырағында далалық бетеге мен көде араласқан шалғындық өсімдіктер таралған.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 |


