Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Дүниежүзілік мұхит әлемін төмендегідей ландшафт зоналарына бөліп сипаттайды: 1) Солтүстік мұзды теңіздер зонасы; 2) Солтүстік қоңыржай зона; 3) Солтүстік пассат ағысы зонасы; 4) Маржанды теңіздер зонасы; 5) Оңтүстік пассат ағыс зонасы; 6) Теңіздік прерий зонасы; 7) Орта оңтүстік мұхит зонасы; 8) Оңтүстік мұзды теңіздер зонасы.
Осы кездегі жер беті ландшафтысының түзілуі мен дамуында биотикалық факторлардың атқаратын рөлі орасан зор. Олар тірі ағзалардың өзара және басқа факторлар арасындағы байланыстар мен әрекеттер арқылы жер беті ландшафтысының жаңа түзілісін құрайды.
Тірі ағзалардың өзара байланыстары мен әрекеттерінің қыры мен сыры мол. Тірі ағзалардың белгілі бір жағдайға байланысты өніп-өсу, тіршілік ету әрекетіне байланысты бір-бірімен үйлесім тапқан топтарынан биоценоздар пайда болады. Биоценоздарды құрайтын тірі ағза топтарының сыртқы ортадан гөрі өзара әрекет етуіне байланысты екенін ақ тиін ареалдарының мысалынан айқын көруге болады. Ақ тиін климаты әр түрлі жердегі орман алқаптарының барлығында да тіршілік ете береді. Демек, олардың тіршілік ету ареалы қоректік заттар жинау алқабымен өлшенеді.
Республикамыздың шөл, шөлейт және дала зоналарындағы тәуір өскен ықтасын орман алқаптарында белгілі бір жануарлар тобы мен орманды жерде өсетін көптеген шөптесінді өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың тағы басқалардың жерсінуіне осындай қолайлы жағдай туады.
Биоценоздар эволюциялық процесс нәтижесінде ұдайы құрылымдық жаратылысын жетілдіріп, күрделене береді. Демек, ішкі түр құрылымы қарапайым болып келетін суық белдеулер мен шөлді жерлерге қарағанда қоңыржай ендік пен тропиктік, экваторлық белдеулердегі ландшафтының құрамдас бөліктерінің тепе-тендігі табиғаттың қолайсыз құбылыстарына шыдамды болады.
Биотикалық факторлар биоценозда құрайтын тірі ағзалардың өніп-өсу, тіршілік ету күрестері арқылы әрекет етеді. Тірі ағзаларды қоректік тізбек, басқаша айтқанда, трофикалық байланысына қарай продуценттер, консументтер және редуценттер деген үш топқа бөледі. Продуценттер күн энергиясын және көмір қышқыл газын пайдаланып, органикалық емес заттардан органикалық заттарды синтездеп шығарады. Консументтер – жануарлар өсімдіктермен қоректеніп, өзінше қоректік тізбек қатарын құрастырады. Жер шарындағы жануарлар жылына 164 млрд тонна фитомасса қажет етеді. Редуценттерге төменгі сатыдағы өсімдіктер мен басқа хайуанаттардың өлексесімен қоректенетін хайуанаттар (сапрофагтар) және топырақ қабатындағы жануарлар жатады. Олар өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын шірітіп, минералдаушы қызмет атқарады, басқаша айтқанда, топырақ қордасын құрап, оның құнарын арттырады.
Тірі ағзалар қоректік тізбек байланысы негізінде өніп-өсу мүмкіндігін реттеп отырады. Мысалы, республикамыздың шөл даласындағы өзен жағасында жылу мен ылғал балансы үйлесіп, топырақ құнары жоғары болғандықтан, гүлді өсімдіктер, шыбын-шіркейлер, құстар өзен жағасынан өзгеріс қолайлы мекенжай табады. Сонда гүлді өсімдіктердің нәрімен қоректенетін шыбын-шіркейлер, шыбын-шіркейлермен қоректенетін құстардың биомассасы белгілі бір өлшем шегінде ала тепе-теңдік тау тұрақтанады да, қоректенушілердің биомассасы әр уақытта қоректенушілердің өніп-өсу, тіршілік ету мүмкіндігін реттеп отырады.
Тірі ағзалардың мекенжайларда орлаласуында да заңды түрде қалыптасқан реттілік болады. Биоценоздар экологиялық жағдайына қарай мекенжайларды иеленеді. Мысалы, Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінің ақ аюын еш уақытта тайга зонасындағы қара аю мекеніне жерсіндіре алмайсың. Демек, мекен ландшафтысының түзілістік кұрылымын анықтаушы фактор рөлін атқарады. Белгілі бір мекенде орын тепкен биоценоздар әр түрлі экологиялық жағдайды қажет ететін тірі организм өкілдерінен құралғанда ғана динамикалық тұрақтылық табады. Экологиялық жағдайы ортақ тірі организмдер бәсекелік күреске түскенде жеңгендері жеңілгендерінің мекенін иеленеді.
Тірі ағзалардың жағдайының өзгерісіне байланысты дамып жетілуін эволюциялық даму дейді. Ол тір организмдердің экологиялық жағдайына бейімделіп сұрыпталу процесі арқылы жүзеге асады. Экологиялық жағдайға бейімделуі тірі организмдердің барлық ерекшеліктері мен қасиеттерін: ұрықтану, төлдеу, көбею, таралу ерекшеліктерін, жасын, формасын, түсін, физиологиялық әрекетін, мінез-құлқын т. б. толық қамтиды. Атап айтқанда, суық белдеудің өсімдіктері жатаған, жануарлары түкті; құрғақ белдеудегі өсімдіктер жапырақсыз, ал жануарларының терісі мүйізденген болады. Тірі организмдердің ортаның экологиялық жағдайына бейімделуі табиғат ырғақтығына да байланысты. Мысалы, Қазақстан территориясында маусымдық өзгерістер айқын байқалады. Сондықтан өсімдіктер де, жануарлар да жылдың жылы мезгілдерінде өнім беруге, суық мезгілдерінде бойына сіңірген нәрін, жинаған азықтық қорын үнем етіп, тіршілігін жалғастыруға, өніп-өсуге, көбеюге бейімделген.
Чарльз Дарвин дамытқан эволюциялық теория бойынша өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің өзгергіштік қасиеті болады деп қарастырады. Олардың өзгергіштік қасиеті ортаның экологиялық жағдайының әсері мен тірі ағзалар мүшелерінің және олардың, әрекеттерінің арасындағы корелляциясына (өзара байланыстылығына, ара қатынастылығына) байланысты болады да, бір түрдің өзгерісі екінші түрдің өзгерісін туындатып отырады. Мысалы, қлиматтық өзгерісіне байланысты тас көмір дәуірінде құрлық беті өсімдіктері жетіліп, ормандар өсті, осыған орай құрлық бетінде бауырмен жорғалап жүріп тіршілік етулші жануарлар ағаштан ағашқа секіріп, одан ұшып жүріп тіршілік етуге бейімделген. Демек, бауырымен жорғалаушы жануарлардың, прогресті бағыттағы дамыған өкілдерінен орман лалдшафтысына бейімделіп сұрыпталған құстар (Архиоптерикс) пайда болған. Алайда сұрыпталу процесі нәтижесінде жаңа түрлердің пайда болуы тірі ағзалардың тұқым қуалаушылық қасиетіне байланысты.
Тірі ағзалардың өніп-өсу, тіршілік ету әрекеті ортаның экологиялық жағдайына тікелей байланысты болғанымен, олардың да соңғыларға тигізетін қарсы әрекетін ескермеуге болмайды. Тірі ағзалардың эволюциясы аз да болса айлаладағы ортаның экологиялық жағдайын өзгертеді де, белгілі бір межеден өткен соң ландшафтының, тіпті ландшафт сферасының тұтас бітіміне қатысты жаңа салаларға ие болады. Планетадағы тіршіліктің пайда болуы жер беті ландшафтысының құрамдас бөліктер санын көбейтіп қана қойған жоқ, сонымен бірге ландшафт сферасын құрайтын ауа қабатын бос оттегі, көмір қышқыл газы сияқты заттармен, жер қыртысын органогенді шөгінділермен толықтырады, құрлық бетінде жер бедерінің органогенді морфомүсіндік кешенін түзеді. Тіпті, осы кездегі жер беті ландшафтысының құрылымын неоген-антропоген дәуіріндегі биотикалық факторлардың туындысы деп қарастыруға болады. Өйткені палеогеографиялық зерттеулер неогенге дейінгі жер беті ландшафтысының зоналық құрылымының өте қарапайымдығын, ал бөліктік (секторлық) ландшафтысы жүйесінің бөлінбегенін далелдеп отыр. Биотикалық факторлардың ортаны бейімдеуін адам әрекеті нәтижесінде байқалатын ландшафт өзгерістерінен айқын көруге болады.
Адам мен табиғат арасындағы өзара әрекет әр уақытта да күрделі бір ғылыми проблема болып қала бермек. Адам іс-әрекеті техникалық прогрестің артуына байланысты соңғы кезде ландшафтының әсер етуші өте күшті факторлардың қатарына қосылуда.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 |


