Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Ертіс аңғарының топырағы қара қоңыр, арасында ойыс жерлерде, сортаң топырақ та кездеседі. Қара қоңыр топырақты жерлер шөптесін өсімдіктерге бай. Шөптесін өсімдіктері: жалбыз, бидайық, қоға, қияқ, т. б.
Ертіс аңғарында ылғалдық жеткілікті болуына орай, өсімдік жамылғысы әр алуандығымен, молдығымен ерекшеленеді. Өзен жайылымдарында шалғынды шөптер, ылғал сүйгіш орман ағаштарымен алмасады.
Ағаш тұқымдастардан қара терек, ақ терек, тал, қайың, көк терек, бұталардан: ырғай, тобылғы, итмұрын, долана, мойыл, қара жидек, жоңгар қарағаны өседі.
Құмдақты жағада сүттіген, қарандыз өссе, су жағалауында қамыс, қырықбуын, ақ тұңғиық, Яков шаршы гүлі, қара сора, кендір, құрай өседі. Қызыл бояу, дәрілік түймешетен, қияқ, итошаған сияқты дәрілік шөптер де көп.
Ертістің сол жағалауында құрғақ даланың жартылай гидроморфты ландшафттары қалыптасқан. Грунт сулары 4-6 м тереңдікте орналасқан, олардың минерелдану деңгейі 5-7 г/л, соған байланысты сол жағалау террасаларында сортаңды-шалғынды-далалық ландшафттар кешені орналасқан. Мұндағы шалғынды ашық-қоңыр топырақ типтерінде түрлі шөптесінді-селеулі, бұталы далалар таралған. Сортаң жерлерде галофитті өсімдіктер түрлері – жусанды бетегелі, жусанды-сораңды ландшафт түрлері қалыптасқан. Бұл жерлердің ауыл шаруашылығы үшін маңызы аз. Ондағы өсімдік жамылғысының өнімділігі 2-4 ц/га.
Шығыс Қазақстанның ландшафттық құрылымына талдау жасау арқылы, ландшафт дифференциациясына негізінен морфоқұрылым әсер ететіндігі байқалды.
Ландшафттардың жекелеген түрлерін, ауданын есептеу арқылы Шығыс Қазақстанның табиғи жағдайларының табиғат кешендерінің мол жиынтығын қалыптастыруға мүмкіндігі бар екендігін байқауға болады.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Шығыс Қазақстанның ландшафттық аудандастырылуы.
2. Кенді және Оңтүстік Алтай ландшафттарын салыстырыңыз.
3. Зайсан қазаншұңқырының ландшафттық ерекшеліктері қандай?
4. Сауыр-Тарбағатайдың биіктік белдеулерінің ерекшеліктері.
5. Қазақтың ұсақ шоқысы мен Ертіс бойы жазығының орографиялық морфоқұрлымдық ерекшеліктері.
Әдебиеттер:
1. Тоқмағанбетов условия и естественные ресурсы Восточного Казахстана. Алматы, Наука, 1978.
2. Үйсінбаев Б. С. Шығыс Қазақстанның географиясы. Семей, 2000.
3. Николаев Азиятских степей. М, МГУ, 1999.
4. Гельдиева Казахстана. Алматы ғылым, 1992.
ДАЛАЛЫҚ ЛАНДШАФТТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Табиғи кешендерді кешенді зерттеу жұмыстары үш негізгі кезеңнен тұрады: дайындық, далалық және камералық кезеңдер.
Барлық жағдайда да зерттеуші далалық ландшафттық зерттеу жұмыстарын жүргізер алдында зерттеудің мақсатын, жұмыстардың орындалу кезеңділігін анықтайды.
Дайындық кезеңі. Бұл кезеңде зерттеуші әдеби, картографиялық, аэротүсірулер, фондық материалдар арқылы зерттелетін аумақпен толық танысады. Бұл зерттелетін ауданның табиғат жағдайының жалпы сипатын, кейбір географиялық заңдылықтарын анықтауға, алдын ала маршруттарды белгілеуге мүмкіндік береді. Геоморфологиялық, тектоникалық және геологиялық карталарды салыстыру, өзен торының көрінісіне талдау жасау арқылы орографиялық жағдайы мен тектоникалық құрылым арасындағы байланысты анықтауға болады.
Ал, өсімдік картасын топырақ, геоморфологиялық, климаттық карталармен салыстыру арқылы өсімдіктердің әр түрлі типтерінің белгілі бір аумаққа бейімделетінін анықтауға мүмкіндік береді.
Ландшафттық зерттеу жұмыстарын жүргізуде аэрофотосуреттердің көмегі зор. Далаға бармай-ақ, олар дешифрлеу арқылы көптеген табиғи - территориялық кешендердің шекараларын белгілеуге ландшафттың морфологиялық бірліктерінің кеңістегі орналасу заңдылықтарын анықтауға болады.
Сонымен қатар жер бедері, топырақ, өсімдік жамылғысы және басқа компоненттер туралы мәліметтер алып, олардың өзара байланысын байқауға болады.
Белгілі бір аумақтың әртүрлі уақыт аралығында түсірілген суреттер сериясы ландшафттанудың қазіргі жаңа әдістемелерін (математикалық статистика және т. б.) қолданып, ондағы физикалық-географиялық процестердің бағыты мен қарқынын анықтауға мүмкіндік береді.
Аэрофотосуреттерді дешифрлеу, ғылыми әдебиеттер мен құндылық материалдарға талдау жасау арқылы алынған мәліметтер бойынша зерттелетін аумақтың топографиялық картасы құрастырылады. Топографиялық карта – далалық кешенді ландшафттық зерттеулер жүргізу мен ландшафттық картаға түсірілген негізі болып табылады.
Ландшафттық зерттеулердің далалық кезеңі. Оның негізгі бөліктеріне экспедициялық, жартылай стационарлық және стационарлық далалық бақылаулар жатады.
Экспедициялық зерттеулерде маршруттық түсірулер мен негізгі участоктардағы жұмыстар жүргізіледі, мұнда әртүрлі өлшеу құралдары кеңінен қолданылады.
Жартылай стационарлық және стационарлық зерттеулер табиғи-территориялық кешендердің даму тарихын бақылауға жағдай туғызады.
Далалық ландшафттық зерттеулерді аумаққа рекогносцировка жасаудан бастаған жөн. Рекогносцировкалық зерттеулерге қимаға түсірудің маршрутын анықтау, негізгі участоктарды анықтау жатады.
Далалық зерттеудің негізгі кезеңі – ірі масштабты ландшафттық картаға түсіру.
Ірі масштабты ландшаттық зерттеулердің негізгі объектілері – фациялар мен қоныстар. Олардан жоғары таксономиялық дәрежедегі ТТК бөлу камералық жағдайда жүргізіледі. Ландшафттық зерттеулердің мақсатына байланысты кез келген дәрежедегі ТТК алуға болады. Егер ландшафттық зерттеулер ауыл шаруашылығы мақсатында жүргізілсе, қоныс немесе жергілікті жер картаға түсіріледі.
Кей зерттеушілер негізгі участоктардың санын зерттелетін ландшафттың аумағына сәйкес болу керек деп есептейді, дегенмен, бұл жерде ландшафттың морфологиялық құрылымының күрделілік дәрежесі шешуші аргумент болып табылады.
Экспедициялық зерттеулердің маңызды бөлігі – ландшафттық қимаға түсіру. Ландшафттық қима – зерттелетін аумақтағы геожүйелердің морфологиялық құрылымын, ТТК-лар мен олардың компоненттерінің өзара байланысын анық көрсетеді.
Ландшафттық қимаға түсіруді ландшафттың барлық морфологиялық бөліктерін қамтитындай етіп түсіру қажет. Көбінесе ландшафттық қиманы өзен аңғарының немесе су айырық жоталарының бойынан көлденең етіп салады.
Қиманың масштабты ландшафттық зерттеулердің мақсатына байланысты. Аумақтың физикалық-географиылық таралуының жалпы заңдылықтарын көрсету үшін сол жерді ландшафттық картаға түсіргендегі масштаб таңдалып алынады.
Ландшафттық қима түсіруде негізгі бөлініп алынған участоктың кешенді сипаттамасы күнделікте немесе арнаулы бланкаларда белгілі бір жоспар бойынша жүргізіледі: нүктенің нөмірі, мекенжайы, географиялық жағдайы, сипатталған датасы, шаруашылықта пайдалануы, мөлшері көрсетіледі. Одан соң литогендік негіздің, ылғалдану жағдайының, топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесінің сипаттамасы беріледі. Сипаттаманың соңында ТТК-ның толық атауы, ол дәрежесі ірірек қандай геожүйенің құрамына енетіндігі көрсетіледі. Экспедициялық жағдайларда микроклиматтық зерттеулер әдетте жүргізілмейді. Жартылау стационарлық және стационарлық жағдайда микроклиматтық бақылау мәліметтері де бланктың арнаулы графасына енгізіледі.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 |


