Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Осы кезде Ресейде алдыңғы қатарлы географиялық мектеп пайда болды. Оны Петербург университетінің профессоры басқарды. Ол көп жыл бойы топырақ қабатын зерттеумен шұғылданды. топырақтану ғылымының атасы деп атайды. Өйткені, ол негізгі географиялық еңбектерін Орталық Ресейдің қара топырақты аймақтарын зерттеуден бастады, бұл еңбектер ғылыми географиялық тұжырымдар жасауға көмектесті. 1898 жылы ол тірі және өлі табиғаттың барлық компоненттерінің өзара байланыстарын және даму заңдылықтарын зерттейтін жаңа ғылым керек деп шешті. Ірі кеңестік географ Докучаевті ландшафт туралы ілімнің негізін салушы деп атады.

1898-1900 жылдары шыққан мақалаларында ол зоналар туралы, немесе табиғи-тарихи зоналар туралы ілімін ұсынды. Алғаш рет зоналық заңдылығы әлемдік заңдылық болып танылды. сонымен алғашқы географиялық зоналық заңдылығын шығарды. Ол алғаш рет кешенді далалық экспедициялар ұйымдастырды (Нижегород (1882-1886), Полтава (1892-1898). Ол географиялық зерттеулерде стационарлық әдістемені алғаш қолданды. Негізгі мақсаты - ауыл шаруашылығын тиімді ұйымдастыру мен құрғақшылыққа қарсы күрес (дала зонасында) болды. Докучаев қолданбалы географияның – қол­данбалы ландшафттанудың негізін қалаушы болып саналады. Оның шәкірттері – , ,
, , т. б. болды.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

ХХ ғасырдың басында географияның теориясы мен практикасына табиғи зоналық концепциясы толық енді. мектебінің зерттеушілерінің еңбегінің нәтижесінде табиғи зоналар жүйесі анықталып, олар картаға түсірілді. Оларды бөлу негізіне ылғалдылық пен булану арасындағы қатынас алынды.

Осыдан барып, “физикалық географияны аудандастыру” термині физикалық географияға енді. Еуропалық Ресейдің алғаш аудандастыру сызбасын жасаған ң шәкірті болды (1897 жыл).

Ол Еуропалық Ресейді физико-географиялық облыстарға, зоналарға, округ­терге бөлді. Ресейдің барлық территориясын зоналарға аудандастыруды 1913 жылы жүргізді. Оларды ландшафттық зоналар деп атады. Бұл ландшафттану ғылымындағы толық классикалық сызба болды.

Әртүрлі ғалымдар аудандастыру негізіне түрлі табиғат компоненттерін қарастырды, мысалы, климат, геология (, ,
).

1895 жылы “географиялық кешен” ұғымын енгізді. ХХ ғ. басында ол ландшафт болып қалыптасты. : аумақты табиғи-тарихи зерттеудің соңғы міндеті – оны жеке ландшафттарға жіктеу деп атап көрсетті.

: ландшафтты – табиғи округ, жергілікті жер деп атады. Ландшафт табиғи округ – табиғи облыс – табиғи аумақ бөліктеріне жіктелді.
алғашқы ландшафттық картаны жасады.

: «Ландшафт дегеніміз – жер бедерінің, климаттың, өсімдік және жануарлар дүниесінің бір үйлесімді біртұтас жүйеге бірігуі, олар жер бетіндегі ландшафттық зоналар бойында кездеседі» – деп атап көрсетті. Ол “ландшафттық зона” терминін ғылымға енгізді. Ол ландшафт туралы ілімге зоналық концепцияны қолдануды ұсынды.

1910 жылы “географиялық қабық” ұғымын география ғылымына енгізді. Географиялық қабық- физикалық географияның зерттеу объектісі болып табылады. Бірақ ол кездерде бұл ғылыми пікір басқа зерт­теушілерден қолдау таппады. Ғылымдағы жалпы жертанулық сипат пен ландшафттық географиялық көзқарастар байланыстырылмады.

1914 жылы жердің кешенді ландшафттық қабығын «эпигинема» деп атады.

Жер бетінің физикалық географиялық бөлінуі ХХ ғасырдың басында шет елдер географиясында көп пікір-талас тудырды. Әсіресе Ұлыбрита­ния, Германия, АҚШ ландшафттанушылары жер бетінің физикалық-географиялық (ландшафттық) дифференциациясы туралы әртүрлі пікірлер айтты. Ағылшын ғалымы ң 1905 жылы жасаған сызбасында:

Ендік белдеулер (полярлық, суық қоңыржай, жылы қоңыржай, тропиктік және экваторлық) климаттық белдеулердің сызбасына сәйкестендірілді. Ал олардың ішіндегі бойлық кесінділер – қазіргі секторлар тәрізді бөлінді (мысалы: муссондық, ішкі материктік, батыс мұхит жағалаулық).

Әртүрлі материктердің ұқсас секторлары табиғи аудандар типіне біріктіріледі. Мысалы: Жерорта теңіздік аудан және т. б.

Неміс географы Зигмунд Пассарге ландшафт туралы түсініктің қалып­тасуына өз үлесін қосты. 1908 жылы Африка ландшафтын зерттеу барысында ол географияның негізгі мақсаты табиғи ландшафттарды зерттеу деп атап көрсетті. Ол 1913 жылы ландшафт географиясы туралы арнаулы теориялық еңбек жазды.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы ландшафттану

Бұл кезеңде Кеңес Одағында табиғи өндіргіш күштерді зерттеу жалпы мемлекеттік іс болып саналды. Мемлекет тарапынан жаңа пайдалы қазбалар кендерін ашу, табиғи ресурстарды пайдалануға зерт­теулер жүргізу басты назарға алынды.

ХХ ғасырдың басында-ақ ең алыс, әрі аз зерттелген аудандарға ғылыми экспедициялар ұйымдастырыла бастады. Кеңестік ландшафттанудың өкілдері –
(Оренбург губерниясына) және (Орта Азия бойынша) топырақ және өсімдік қабатын зерттеу мақсатында экспедициялар ұйымдастырды.

Осы кезеңде ландшафттану ғылымында зерттеу жұмыстары екі бағытта жүргізілді.

1-бағыт – провинциялық бағыт, ол аймақтың физикалық география­лық дефференциациясының негізін салды. Ендік зоналықтан басқа бойлық зоналылығы, сонымен қатар, аумақтың геологиялық тарихы, тау жыныстарының құрамы, климат континенттілігі, жер бедері ландшафт қалыптастырушы факторлар ретінде қарастырылды.

2-бағыт далалық ландшафттық картаға түсірулер болды. Оның алғашқы пионері - ландшафттанушы ғалым .

Ландшафттық түсірулер ірі масштабта жүргізілді. тұңғыш рет ландшафттық анықтамалықтар жасады. Ең төменгі сатыдағы ландшафтты
пен элементарлық ландшафттар деп, ал
микроландшафттар деп атады. Осы төменгі сатыдағы ландшафттар негізінде ландшафттық картаға түсіру жұмыстары жүргізілді. Ақырында ғылыми зерттеулер нәтижесінде ландшафт динамикасы мен экологиясы туралы түсініктер пайда болды.

20-шы және 30-шы жылдар арасында Кеңес географиясы бұл ғылымның теориялық жағына көбірек көңіл бөле бастады. ің “КСРО-ның ландшафттық-географиялық зоналар” еңбегі 1913жылы жарық көрді. Бұл кітапта ең алғаш рет ландшафтқа толық анықтама берілді.

бойынша ландшафт – бір-бірімен кеңістікте байланысқан элементтердің табиғи кешендерінен құралған күрделі аумақтық жүйе.

Ол оның мынадай сипаттарын бөледі:

– жер бетінің заңды түрде эпифацияларға, жергілікті жерлерге бөлінуі;

– барлық жүйенің пайда болуы және даму бірлігі;

– эпифациялар арасындағы терең байланыс;

– барлық кешенге ортақ заңдылықтар.

Раменский эпифацияларды аралық кешенге – қоныстарға біріктіреді.

Қарастырылған кезеңде шетелдік географияда күшті гуманитарлық бағыт­тағы хорологиялық концепция қалыптасты.

ІІ дүние жүзілік соғыстан кейінгі ландшафттану

1947 жылы ІІ Бүкілодақтық географтар съезінде ландшафттық зерттеулер жұмысын қорытындылап баяндама жасады. Сол кездегі алдыңғы қатарлы Рига, Львов, Ленинград университеттері ландшафттық зерттеулер жүргізді.

Алдыңғы қатарлы университеттердің оқу жоспарларына «Ландшафттар туралы ілім» деген пән енгізілді. Бұл пәнде ландшафт морфологиясы, фациялар мен қоныстарды бөлу принциптері, оларды жүйелеу, ландшафттық картаға түсіру әдістемелері қарастырылды.

1944-1946 ж. ландшафт геохимиясының негізін жасады. Ландшафт геохимиясы ландшафттағы химиялық элементтер миграциясын, вертикальды және горизонтальды географиялық өзара байланыстарды зерттейтін ландшафттанудың жаңа бағыты болды. Ландшафттануға енген жақын жаңа бағыт биоценология ің есімімен тығыз байланысты. Ол енгізген «биогеоценоз» термині фация ұғымымен сәйкес келеді, бұл ұғым бойынша басты назар биокомпоненттердің қоршаған ортамен заттық энергетикалық байла­нысына аударылады.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27