Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Дала зонасы аумағындағы жер бедерінің генетикалық әртектілігі мен жылу және температуралық жағдайдың әртүрлігі келесі ландшафт түрлерін ажыратуға мүмкіндік береді:

1 Шығыс Еуропалық ландшафт типі Жалпы Сыртты, Орал тау алды жазықтары мен Каспий бойы ойпатының жайпақ акумулятивті жазықтарын алып жатыр. Егістік жерлер үшін қолайлы болып келеді.

2 Батыс Сібірлік ландшафт типі Батыс Сібір ойпатының көлді-ылдилы, қолатты жазықтарында таралған.

3 Ұсақ шоқылы ландшафттар аздаған мөлшерде тосқауылдық-орографиялық рөл атқарады.

4 Торғайлық ландшафт типі сатылы жер бедерімен ерекшеленеді. Шалғынды, сортаңды аумақтар жиі кездеседі. Ауыл шаруашылығында қосымша мелиоративтік шараларды қажет етеді.

5 Ормандық-далалық аңғарлық ландшафт типі алювийлі топырақ қабатымен, орманды, бұталы, шалғынды өсімдік жамылғысымен сипатталады.

Шөлейт зона ландшафттары

Шөлейт зона дала мен шөл зонасының аралығындағы өтпелі зона болып табылады. Ол батыстан шығысқа қарай Қазақтың ұсақ шоқысының орталық және оңтүстік бөлігімен, Торғай төрткүл өлкесі мен Каспий бойы ойпатының солтүстігін ала созылып жатыр.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Шөлейт зонаның негізгі ерекшелігі – ландшафттарының әр алуандығы мен өзіндік ерекшеліктерінің болуы, гидротермиялық режимінің күрделілігі және өсімдік-топырақ жамылғысының әртүрлігі. Шөлейт зонаға жалпы алғанда, құрғақ әрі шұғыл континентті климаттық жағдай, гумус қабаты аз ашық қоңыр және қоңыр топырақ, сортаң және сор жерлер, жусанды – астық тұқымдас өсімдіктердің сирек жамылғысы тән болып келеді. Бұл зона батыстан шығысқа қарай 2900 км-ге созылып жатыр. Қазақстан аумағының 23%-ын құрайды. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 280-180 мм, 10°С-тан жоғары температуралар жиынтығы 2900-3300°С, вегетациялық кезең ұзақтығы 170 күн­нен астам. Ылғалдану коэффициенті – 0,28-0,20.

Шөлейт зона ландшафттары: қызғылт қоңыр сортаңды және карбонатты топырақтағы жусанды-бетегелі, жусанды-көделі – еркекшөпті шөлейттер. Құмды массивтері бар жазық жерлер, ашық қызғылт қоңыр топырақтағы жусанды-бетегелі-бозды шөлейттер, жер бедері толқынды-аңғарлы саздақты қабаттық жазықтар, төбешікті-қырқалы, эолды жазықтардағы құмды топырақтардағы жусанды-көделі еркекшөпті шөлейттер болып табылады.

Мұнда ландшафттардың Шығыс Еуропалық, Торғайлық, Орталық Қа­зақстандық және аңғарлық орманды-шалғынды типтерін бөлуге болады.

Шығыс Еуропалық тұрпаттағы ландшафттар Каспий бойы ойпатының сазды жайпақ жазықтары мен Орал тау алды үстіртінің мергельді, жонды жазықтарында қалыптасқан. Ландшафттың Торғайлық тұрпаты көлді-қолатты және сор, сортаң кешендерге тән болып келеді.

9-сурет – Шөлейт зона ландшафттары

Орталық Қазақстандық типтегі ландшафттар ксероморфтық сипатта дамыған. Көбінесе шөлейт зонаның лндшафттары жайылымдық жерлер есебінде пайдаланылады.

Шөл зонасының ландшафттары

Шөл зонасы Қазақстандағы жазық жерлер аумағының шөлейт зонасынан оңтүстіктегі бөлігін алып жатыр. Шөл зонасының Қазақстандағы аумағы 117 млн га, республика жерінің 40%-дан артығын алып жатыр. Каспий бойы ойпатының оңтүстігін, Маңғыстау түбегін, Үстіртті, Солтүстік Арал маңын, Бетпақдаланы, Сырдария бойын, Қызылқұм мен Мойынқұмды, Солтүстік және Оңтүстік Балқаш маңын қамтиды. Шөл Іле өзенінің, Балқаш және Зайсан көлдерінің тау аралық жазықтарында да кездеседі.

Шөл зонасы атмосфералық жауын-шашынның өте аз мөлшерімен, буланудың көптігімен, мен топырақ температурасының тәуліктік және жылдық ауытқуының едәуір мөлшерімен және беткі тұрақты ағыстың болмауымен сипатталады. Сонымен қатар топырақтың беткі горизонттарында көп мөлшерде тұз жиналады, өсімдік қабаты сирек, көбінесе ксерофитті, сортаң топырақта өсетін түрлер кездеседі. Шөл ландшафттарындағы ылғалдану коэффициенті 0,22-0,10, жауын-шашынның жылдық мөлшері 190-120 мм. 10°С-тан жоғары, оң мәнді температуралардың жылдық жиынтығы 3200-4200°С, вегетациялық кезең 200 күннен астам.

Қазақстанның қазіргі шөл зонасы ұзақ геологиялық дәуірлер бойы жер қыртысының майысу аймақтары болды. Соның нәтижесінде теңіздік және құрылықтық шөгінді жыныстардың қалың борпылдақ қабаты қалыптасты. Олардың кезектесіп келуі теңіз басуы мен қайтуының бірнеше рет қайталанғанын дәлелдейді.

Қазақстанның шөл зонасында жер бедері мен субстрат ерекшелігіне қарай шөлдердің бірнеше типі қалыптасқан, олар: құмды, сазды, тасты, сортаң және лесстік-сазды шөлдер.

10-сурет – Сазды шөлдер

Құмды шөлдер Каспийден Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауына дейінгі үлкен аумақты алып жатыр.

Құмды жер бедері әр алуан болып кезеді: қырқалы, шағылды және төбелі құмдар. Құмды шөлдер қысқы жайылым ретінде пайдаланылады.

Сазды шөлдер. Бетпақдала мен Үстірттің аумағында орналасқан. Бұларда топырақ қабаты қалыптаспаған. Сазды, тақыр жерлер кейде құмды массивтер арасында да кездеседі. Жауын-шашынды мезгілдерде тақырлар беті батпаққа айналады, ал құрғақ кезеңдерде көпжақты жарықшалармен тілімделеді. Тақыр жерлер – шөлдердегі тіршілік дамымаған аумақтар болып саналады.

Тасты шөлдер көбінесе шөл зонасында орналасқан тау жоталарының етегіндегі жазықтарда орналасқан.

Тасты шөлдерде жауын-шашын мен еріген қар сулары қиыршық тасты-құмды қабаттан тереңге оңай сіңеді, сол себепті өсімдіктердің өсуіне жеткілікті ылғал болмайды. Тасты шөлдерде төрткүл жұрнақтар мен күмбезді шоқылар кездеседі.

Сортаңды шөлдер тайыз тұзды көлдердің кеуіп қалған орындарында таралған. Сор жерлердің айналасында галофитті өсімдіктер өседі. Сортаңды шөлдер кейде сазды-қиыршықтасты шөлдермен ұштасады. Сор қабыршақтары­ның астындағы борпылдақ тұз бен шаң қабаты жиналған.

Лесстік – сазды шөлдер (адырлар) Қазақстанның Оңтүстігі мен Оңтүстік Шығысындағы тау алды төбелерінде таралған. Олардың сыртқы бейнесіне жер асты және жер беті суларының бірлескен еріту әсері ықпал етеді. Шөлдердің бұл түрлері кейде суармалы егіншілік үшін пайдаланылады.

Шөл зонасындағы ландшафт түрлері әр алуан. Оларға қоңыр топырағында қара жусан, бұйырғын, изен, астық тұқымдастар, жонды-белесті акумулятивті жазықтар, сұр-қоңыр топырақтағы сортаңды – жусанды шөлдер, шөлді адырлар, тақырлар, сусымалы құмдар, тұзды көлдер жатады.

Шөл ландшафттары негізінен жайылым ретінде пайдаланылады. Қолдан суарылатын аумақтарда бау-бақша, күріш өсіріледі.

Таулы аймақтар ландшафттары

Қазақстан жерінің 10%-дайын таулар алып жатыр. Тау ландшафттары биіктік белдеулігі және экспозициялық факторлардың әсерімен қалып­тасқан.

Биіктік белдеулігі ендік зоналылыққа байланысты. Қазақстанның белгілі бір ендік зоналылығының аумағында орналасқан таулар белдеулер санымен, олардың орналасу биіктігімен және басқа да өзіндік ерекшеліктерімен сипат­талады. Алтайдан Тянь-Шаньға дейін биіктік ландшафт зоналығының құрылымдық өзгерісінің заңдылығы байқалады. Барлық биіктік зоналары оңтүстікке қарай біртіндеп биіктей түседі, әрі құрылымдық өзгерісінің заңдылығы байқалады. Барлық биіктік зоналары оңтүстікке қарай біртіндеп биіктей түседі, әрі құрылымдық сипаты да күрделене береді. Мысалы, орман өсімдіктерінің төменгі шекарасы Қалба жотасы мен Оңтүстік Алтайдың солтүстік беткейлерінде 700-300 м-ден басталса, Жоңғар Алатауының солтүстік беткейлерінде 1200-1400 м-ден жоғары орналасады.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27