Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Биогенді заттар – организм әрекетінен жер бетінде пайда болған химиялық қосындылар, екіншісі: тіршілік үшін қажетті химиялық қосылыстар.
Биологиялық тепе-теңдік – биологиялық жүйенің динамикалық күш-қуат тұрақтылығын сақтау.
Биом – белгілі бір аймақта тіршілік ететін өсімдіктер жануарлар түрлері.
Биомасса – түзілген органикалық заттар мен барлық даралар жиынтығында түзілген энергияның жалпы мөлшері немесе бір түрге түрлер тобына жататын организмдердің белгілі бір жер көлеміндегі массасының жалпы саны.
Биосфера – жер ғаламшарындағы тіршіліктің таралған аймағы.
Бор кезеңі – жалаңаш тұқымды өсімдіктер көптеп жойылып, жабық тұқымдылар кең өріс алды. Теңіз суы кейін шегініп, өсімдіктер қурап азая түсті. Осының салдарынан алып бауырымен жорғалаушылар ортаның қолайсыздығынан жойылып, олардың орнына құрылым дәрежесі әлде қайда жоғары омыртқалылар, құстар мен сүтқоректілер шықты.
Гумидті климат – (латынның humidus – ылғалды деген сөзінен шыққан) – аса ылғалды климат – мұнда түскен бүкіл ылғалдың булануы үшін күн жылуы жеткіліксіз болады, артық ылғал су ағынын түзеді.
Гумидті ландшафт – ылғалды ландшафт – климаты жылы және ылғалды жерлердегі ландшафт.
Геохронология – Жер қыртысын құраушы тау жыныстарының жасын және жүйелік қалыптасу уақытын зерттейтін ғылым саласы.
Геохронологиялық кесте – Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының және жануарлар мен өсімдіктер даму тарихы қалыптасқан жасы туралы кесте.
Даму – организмнің немесе оның жеке бөліктері мен мүшелерінің уақыт өткен сайын күрделеніп өзгеру құбылысы.
Жерсіндіру – өсімдіктер мен жануарларды жаңа орта жағдайларына үйретіп бейімдеу құбылысы.
Жаңартылатын қорлар – биологиялық қорлардың қалпына келтірілуі. Мысалы: орманды қорғап, күтіп, жаңа ағаштар отырғызып, қалпына келтіру, т. с.с.
Зат айналымы – биосфераның пайда болуы және оның тұрақтылығы, әрі біртұтастығы, барлық организмдер мен айналадағы орта арасындағы болатын биологиялық айналым. Олар: продуценттер, косументтер және редуценттер арқылы жүзеге асырылады.
Консументтер – тұтынушылар, дайын органикалық заттарды пайдаланып қоректену, оларды бір түрден екінші түрге айландырады да жер бетіндегі тіршіліктің жагдана түсуіне жағдай жасайтындар.
Қызыл қоңыр топырақ – тропиктік саванна топырағы. Қара шірігі аз. Суармалы жағдайда өсірілген мұндай топырақтарда дақылдардан мол өнім алуға болады.
Қызыл топырақ – ылғалды тропиктік және субтропиктік елдердің құрамында темір мен алюминий көп, қарашірігі аз топырақ. Қызыл топырақтың беткі қабаты қоңыр күнгірт реңді, одан тереңіректе қызыл немесе қызғылт сары реңді болады.
Қорықтар – табиғи құбылыстар барысында адам әректіне жол бермейтін аймақтар немесе табиғатта жойылу қалпына келтірумен айналысаын ғылыми мекеме.
Қуаңшылық зона – климат жағдайларына байланысты қуаңшылық жиі болып тұратын зона.
Литосфера – жердің сыртқы қатты қабығы, тіршілік таралған жердің беткі бедері.
Орман зонасы – орман ландшафтары басым болатын географиялық зона. Мысалы: қоңыржай белдеулеріндегі орман зонасы.
Оазис, жазира – шөл мен шөлейттегі тущы суы бар көгелды алқап, оазис үлкен су көздері мен құдықтардың маңында, өзен жағалауында ұшырасады.
Орманды дала – қоңыржай климаты және субтропикалық белдеуде кездесетін табиғи аймақ.
Өздігінен реттелу – клетканың қалыпты құрамының тұрақтылығын сақтау құбылысының өздігінен жүруі.
Продуценттер (түзушілер) – күннің жарық энергиясын сіңіру арқылы бастапқы өнім болып саналатын органикалық заттарды түзетін организмдер.
Редуценттер (ыдыратушылар) – органикалық заттарды минералды заттарға ыдырататын және сол арқылы табиғатта қажетсіз заттардың жиналуына жол бермейтін организмдер.
Самум – (арабтың құм бораны деген сөзінен шыққан) Солтүстік Африка мен Аравия түбегінің шөлдеріндегі құрғақ ыстық желдің жергілікті атауы. Көбіне құм боранына ұштасады.
Сары топырақ – субтропиктік белдеудегі жалпақ жапырақты орманның топырағы. Қарашірігі 3-3,5 пайыз. Мұндай топырақтарда шәй, цитрус өсімдіктері, жүзім, эфир майлы дақылдары, темекі өсіріледі.
Торнадо – Солтүстік Америка құрлығы үстінде жаз кезінде қалыптасатын күшті атмосфералық дауыл. Аңызақ тудырумен қатар, едәуір апат келтіреді.
Тектоника – жер қыртысы құрылысын зерттейтін сала.
Шектеуші факторлар – организмдердің тіршілігіне қолайлы әсерлердің ең төменгі, әрі ең жоғарғы шегінен шығып кететін факторлар.
Шөлейтті аймақ – құрғақшылық климат жағдайларында қалыптасқан, ағын суға тапшы өзендері тұрақсыз, өсімдіктері сиректеу, құрлықтың 43 пайызын алып жатқан аймақ.
Цунами (жапон тілінен шыққан) – теңіз түбінің едәуір бөлігінің жоғары төмен қозғалысы немесе жағалауындағы жер сілкінісі салдарынан пайда болатын орасан зор теңіз толқындары.
Экожүйе – қоршаған орта арасындағы тірі организмдер мен қарым-қатынасы қалыптасқан бір тұтас табиға жүйесі.
Экотоп – организмдер бірлестігінің мекендеген жері.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Арманд о ландшафте / – М.: Мысль, 1975.-288 с.
2. Беручашвили ландшафта / . – М.: Высшая школа, 1990. – 284 с.
3. , Ландшафты Казахстана / , . – Алматы: Ғылым, 1992.
4. Голованов /, ,
. – М.: Колосс, 2005.
5. Гришанков в физическую географию / . – Киев: Знания,2001. – 249 с.
6. Гвоздецкий проблемы физической географии / .- М., Высшая школа, 1979. – 148 с.
7. Джаналеева ландшафтоведение / . – Алматы: Изд-во Қазақ университеті, 2001. – 162 с.
8. Исаченко ландшафтоведения и физико-географическое ратонирование / . – М.: Высшая школа, 1991. – 366 с.
9. , Макаров ландшафтоведения в СССР/ , . – М., Высшая школа, 1988
10. Касимов ландшафтов / . –М.: Наука, 1999. – 380 с.
12. Колбовский / . – М.: Академия, 2008. – 478 с.
13. Мамай ландшафтов / . –М.: Издательство МГУ, 1992. – 240 с.
14. Марцинкевич ландшафтоведения / ,
, . – Минск: Высшая школа, 1986. – 204 с.
15. Молдағұлов Н. Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафт географиясы /Н. Молдағұлов. – Алматы: Рн, 1994. – 128 б.
16. Мукитанов проблемы теоритизации географии / . – Алматы: Наука, 1978. – 188 с.
17. Мильков -географическое учение ландшафте и географическая зональность / . – Воронеж, 1984
18. Николаев / . – М.: Изд-во МГУ, 2000. – 208 с.
19. Чупахин география Казахстана / . – Алматы: Мектеп, 1968. – 259 с.
20. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы /
, ғана, , . – Алматы: Семей, 2010.
21. Токмагамбетов условия и естественные ресурсы Восточного Казахстана / . – Алма-Ата: Наука, 1978. – 190 с.
22. Николаев азиатских степе / . – М.: МГУ, 1999. – 282 с.
23. Неклюкова жер тану. – Алматы: Мектеп, 1980. – 341 б.
24. Үйсімбаев Б. С. Шығыс Қазақстанның географиясы / Б. С. Үйсімбаев,
Т. К. Күмісбекова, т. б. – Семей, 2000. – 136 б.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 |


