Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Оңтүстік Алтайдың таулы-орманды ландшафттары биік тектоникалық көтерілім аймақтарына (1400-2300 м) тән болып келеді.
Жылы кезең 90-нан 150 күнге дейін созылады. Жауын-шашынның мөлшері 500-ден 800 мм-ге дейін. Ауаның жылдық орташа температурасы теріс (Марқакөл -4◦, -4,5◦). Абсолюттік максимум 29-35◦, ал минимум -53-55◦С. Топырағы күлгін типке жататын қара топырақ, өсімдік жамылғысы самырсын, балқарағай және шыршадан құралған. Оңтүстік Алтайда қайың ормандары төмен белдеулерде таралған.
Оңтүстік Алтайдағы орташа биікті таулардың таулы-далалық ландшафттары Нарым және Күршім жоталарының, Қасқажал, Қарақойтас тауларының аумағында таралған. Ландшафттың бұл типі 1300-2000 м биіктіктердегі орталық жоталардың оңтүстік экспозицияларында орналасқан. Бұл ландшафт типінің климаттық жағдайлары алдыңғы ландшафт типіне қарағанда өзгешерек. Вегетациялық кезеңдегі жылы температуралар жиынтығы 1900-2200◦.
Оңтүстік Алтайдың таулы-далалы ландшафттарында қара топырақ типтері көп аумақты алмайды, олар тек солтүстік экспозицияларда шөптесінді-бұталы өсімдіктер астында таралған. Ал оңтүстік беткейлерінде көбінесе ксероморфты сілтілі топырақ кездеседі.
Оңтүстік Алтайдың ландшафттық дифференциациясының бір ерекшелігі – тұйық қазаншұңқырлар кешендерінің болуы. Олардың көбі тектоникалық жарылым сызықтарының бойымен бағытталып орналасқан. Олар: Шыңғыстау, Катон, Медведка, Нарым қазаншұңқырлары. Олардың ландшафттарының қалыптасуына жер бедерінің тосқауылдық әсері, жер асты суларының жақын орналасуы және климаттық жағдайлар әсер етеді. +10◦С-тан асатын температуралар жиынтығы 2000◦-қа дейін, шілденің орташа температурасы -17 -19◦, қаңтарда -20◦. Өсімдік жамылғысында астық тұқымдастар мен әртүрлі шөптесін өсімдіктер және бұталар мен жекелеген ағаш өсімдіктер кездеседі.
Зайсан қазаншұңқыры ландшафттары
Зайсан тауаралық ойысының ланшафттық құрылымы ұзақ уақыт бойында қалыптасты. Оның аумағында ланшафттық келесі типтері орналасқан: шөл, шөлейт, далалық және сайлық ландшафттар.
Шөл типті ландшафттар ойыстың 40% дайын алып жатыр. Зайсан ойысының орталық бөлігі өте құрғақ, ыстық климатпен ерекшеленеді. Шілденің орташа температурасы 22%, абсолют максимум 38-40◦. +10◦-тан жоғары температуралар жиынтылығы 2800-3000◦ жылына 120-170 мм жауын-шашын түседі, аязсыз күндер саны 130-150. Қаңтардың орташа температурасы – 18-20◦, абсолют минимум – 51◦.
Жауын-шашынның аздығы мен жоғары булануға байланысты ауданда өзен торы жиі болғанмен, олардың суы Зайсан көліне жете бермейді.
Топырағы сортаң сұр топырақ, өзен бойларында шалғынды жеңіл саздақты топырақ түрлері кездеседі. Өсімдік жамылғысында бетеге, жусан, селеу, ши, шеңгел, мия, түлкіқұйрық, жүзгін, сафора кездеседі.
Зайсан ойысындағы шөл ландшафттарының ішінде Қызылқұм, Айғырқұм, Бөкен құмды массивтері өз табиғатымен ерекшеленеді. Қара Ертіске тікелей ұласатын Қара Ертіс және Ақжан құмдары қияқты-еркекшөпті-жусанды өсімдіктерімен сипатталады. Төбелі құмды массивтерде жүзгіннің 40 түрі кездеседі.
Шөлейт типті табиғи кешендер Зайсан ойысының 30,4%-дай жерін алып жатыр. Абсолют биіктіктері 600-800 м. Литологиялық құрамы әр түрлі: төрттік кезеңнің жыныстарымен бастап, эрозиялық жұрнақтарда палеозойлық жыныстар да кездеседі.
Климаты шөл типіне ұқсас: өте құрғақшылығымен ерекшеленеді. Көп өзендері, арналары жаз маусымында кеуіп қалады.
Топырағы ашық-каштан топырақ, өсімдік фонын ксерофитті, псаммофитті және фреатофитті өсімдіктер құрайды. Өсімдік жабындысы 30-да 80%-ға дейін, орташа биіктігі – 10-30 см. Олар: жусанның бірнеше түрлері, бетеге, шайқұрай жапырақты спирея. Аталған табиғат кешені Құлынжон, Бөкен, Көкпекті, Бұғаз, Базар, Қарабұға, Ұласты, Қандысу өзен аралықтарының аллювиальды, аллювиальды-пролювиальды жазықтарын алып жатыр.
Зайсан ойысында ландшафттардың далалық типі шектеулі таралған (4,6%). Далалық типтің табиғи кешендері абсолют биіктіктері 800-1000 м аралығында болып келетін көтеріңкі аллювиальды - пролювиальды жазықтарда кездеседі. Бұл жерлерді күңгірт каштан топырағында өсетін спирея, қараған және астық тұқымдас өсімдіктер таралған.
Бұл жазықтар Батыс және Шығыс Тарбағатай, Маңырақ, Сауыр, Оңтүстік Алтай және Қалба жоталарының бойымен созылып жатыр. Жер беті тегіс, аласа төбелі, құрғақ өзен арналарымен тілімделген.
Климаттық көрсеткіштері: +10◦-тан асатын температуралар жиынтығы 2400- 2800◦, жылдық орташа жауын - шашын мөлшері -350 -370 мм, аязсыз күндер саны 140-160. Климаты құрғақ, жылы.
Өсімдік жамылғысын қарағанды - астық тұқымдастар (селеу, бетеге, тырса), селеулі-жусанды - бетегелі, бетегелі-жусанды ассоциациялар құрайды. Өсімдік жабындысы 80-85% , биологиялық өнімділігі – 5ц/га. Бұл аумақтарда суармалы егіншілік жерлердің негізгі массивтері орналасқан.
Зайсан ойысының 20%-дай жерін сайлы типке жататын табиғи кешендер алып жатыр. Бұл ландшафт типі Зайсан тау аралық қазаншұңқырындағы көптеген өзендердің бойындағы аллювиальды жазықтарды алып жатыр. Мұнда жартылай гидроморфты және гидроморфты топырақтар (шалғынды-каштан немесе шалғынды - қоңыр) таралған. Жеткілікті ылғалдану жағдайында қияқөлең, қамыс және шалғынды-шөптесінді өсімдіктер өседі. Кей бөліктерінде талды бұталар, итмұрын, терек, көктерек кездеседі.
Тау жиектерінің ландшафттары үш подкласқа бөлінеді: аласа, орта биіктікті және биік таулар. Зайсан ойысын қоршап жатқан тау жоталары екі табиғи зонада орналасқан: Қалба таулары мен Оңтүстік Алтай жоталары-дала зонасында, ал Сауыр, Маңырақ, Тарбағатай – шөлейт зонада.
Биіктік ландшафт зоналарының құрылымы тау жоталарының макроэкспозицияларына байланысты. Зайсан ойысына Сауыр мен Тарбағатайдың солтүстік және Оңтүстік Алтай мен Қалба тауларының оңтүстік беткейлері қарайды. Осыған байланысты әр түрлі экспозициялардағы радиациялық баланс, термикалық режим мен жауын-шашын мөлшері де әртүрлі. Зайсан ойысын солтүстік және оңтүстік жағынан таулар қоршап жатқандықтан, мұнда батыс ауа массаларының циркуляциясы басым.
Жер бедеріне байланысты климаттың осы ерекшеліктері биіктік ландшафт зоналары мен белдеулерінің құрылымынан көрінеді. Тау алды жазықтарында шөлейт ландшафттары, ал аласа таулар мен орта биікті тауларда да (1000-2000 м) далалық ландшафттар таралған. Биіктік ландшафттық белдеулігі орографиялық гипсометриялық және морфоқұрылымдық ерекшеліктерге байланысты қатты өзгереді. Тарбағатайдың солтүстік беткейлеріндегі әлсіз тілімделген тау алды және аласа таулы жер бедерлері біртіндеп орта биіктікті тауларға ауысады. Сауыр мен Тарбағатайда 1000 м биіктікке дейін таулы каштан топырағында жусанды-бетегелі, бұталар араласқан өсімдік жамылғысы бар төбелі-жонды аласа таулар таралған. Нарым мен Күршім жоталарында бұл зона 850 м, ал Қалба тауларында 500 м биіктікке дейін орналасқан.
Жер бедерінің әр түрлі микроформалары, жондар мен төбелердің беткей экспозициялары, жер бедерінің тілімделу дәрежесі, көтерілім биіктігі, ежелгі тегістелу беттерінің болуы ұсағырақ табиғат кешендерін: қоныстар мен фацияларды бөлуге мүмкіндік береді.
Сауыр-Тарбағатай тауларының ландшафттары
Сауыр-Тарбағатай таулары Алтайдан оңтүстікке қарай орналасқан көрші тау жоталарымен бірге біртұтас тау жүйесін құрайды. Солтүстігінде Зайсан қазаншұңқыры, ал оңтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры жатыр.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 |


