Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхиттық шараларға бөлінуі ландшафттарды бөліктерге бөлетін зандылықтың негізгі факторы болып саналады. Басқаша айтқанда, климат мұхиттан қашықтаған сайын континентті, немесе, мұхитқа жақындаған сайын теңіздік климат болып қалыптасады. Климаттың ерекшеліктеріне қарай ландшафтының басқа да, әсіресе биогендік құрамдас бөліктері секторлық (бөлік) бағытта бөлінеді. Жылу мен ылғалдың бойлық бағыттардағы әр түрлі мөлшерлерде бөлінулерінің айқын мысалдарын Исландия минимумы мен Сібір максимумдарының әсерлерінен көруге болады. Мұхиттар мен құрлықтардағы ауа массасының климатқа тигізетін әрекетіне қарай Еуразия құрлығының ландшафтысы төрт бөлікке бөлінеді. Алғашқысына Батыс Еуропа жатады. Мұнда Атлант мұхитының әрекеті байқалады. Екіншісі – Шығыс Еуропа. Бұл бөлікте ауа массасының батыстан шығысқа қарай ауысуы айкын байқалғанымен, ландшафтының қалыптасуында континентті ауа масса­сының әрекеті басым болады. Үшіншісі – Орта және Шығыс Сібір жерлерін қам­тып, Сібірлік бөлікке жатады. Мұнда ландшафт мәңгі тоң жағдайында қалып­тасқан. Төртінші – Шығыс бөлігі муссонды ауа массасымен ерекше көзге түседі.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Жер беті жыныстарының литогенді құрамы жер асты және топырақтағы судың режимін топырақ қабатының тұздылығын, механикалық құрамдарын түрлендіре түседі.

Атап айтқанда, жазық жерде жер беті жынысының литогенді құрамы саздақты, құмды келеді. Соған орай сазды жынысты жерде зоналы ландшафтыны сор, құмды жынысты жерде шағылдар ерекше көріктендіреді.

Тауда жер беті жынысының литогендік құрамы өте күрделі болады. Ол тасты шөгінді жыныстар мен жанартаулық құрамдас бөліктердің қатпарлы-жақпарлы қабаттарынан, кесектасты блоктарынан тұрады. Сондықтан жер беті жыныстарының топырақ пайда болатын қабаты жартасты, қорымтасты, қиыршықтасты болып келеді.

Жер беті жыныстарының осындай әр түрлілігі сол өңірдің ландшафты­сын күрделендіреді. Халқымыз табитаттың осындай ерекшеліктеріне үлкен мән берген. Бұған Қызылтас, Сарытау, Ақшоқы, Қарақия, Ақжон сияқты көптеген жер аттары дәлел бола алады. Таулы аймақтар жыныстық айырмаларымен бірге асқар биік, керілген кең, сом тұлғалары арқылы ландшафтты айқындап тұратын тосқауыл рөлін атқарады. Тау жоталарының жел өтіне бағытталған беткейлері сырттан келген ауа ағымының ылғалын тосып қалады да, гумидті ландшафты­ның қалыптасуына қолайлы жағдай туғызады, ал желдің ығындағы беткей­лерде аридті ландшафтысы қалыптасады. Мәселен, Іле Алатауының терістігі гумидті ландшафт, ал оның қарсысындағы Күнгей Алатауының күнгей беткейі желдің ығында жатқандықтан, аридті болып келеді.

Тау жоталарының ландшафтысын айқындауға тигізетін әсері барлық географиялық белдеулерде бірдей бола бермейді, ол ауа массасы айналымының бағытына, таудың биіктігіне, орналасқан жеріндегі климат жагдайына байланысты болады. Еуразияның шығысындағы таулар меридиан бағытында орналасқандықтан, Тынық мұхиттан муссонды тосады да, Арктиканың суық ауа массасының ауысуына әсер етпейді. Орал таулары онша биік болмағандықтан, батыстан соғатын желдің де, Сібір антициклонының да екпінін баса алмайды. Іле Алатауы мен Алтай тауларының биіктік айырмасы болмаса да, қарсы беткейлі лан беткейлерінің ландшафттық белдеулері бір-біріне тіптен ұқсамайды, ал Алтай тауларының ылғалы жеткілікті болғандықтан, ондағы қарсы беткей ландшафт айырмасы онша күрделі емес.

Тау беткейлерінің көрінісі де ландшафт айырушы фактордың рөлін атқарады. Күнгей беткейге күн сәулесі көп түсетіндіктен, жылу балансы артып, ылғал балансы кемиді, жылу мен ылғал баланстарының ауытқуы артады да, ландшафтысы аридті бағытта, ал теріскей беткейде жылу балансы кеміп, ылғал балансының артуына байланысты жылу мен ылғал қатынасы үйлесімді болғандықтан, ландшафтысы гумидті бағытта дамиды. Тау беткейлері көрінісінің айырмасы қоңыржай белдеуде ғана айқын байқалады, ал ыстық және суық белдеулерде онша жақсы байқалмайды. Ыстық белдеуде күн сәулесі жер бетіне 66-90° бұрышпен түскендіктен, қарсы беткейлердің жылу балансында айырма болмайды. Суық белдеуде күн көкжиектен онша биікке көтерілмейді, сондықтан одан келген жылу мөлшері мардымсыз болады. Осыған байланысты қарсы беткейлердің жылу балансы айырмасының практикалық мәні жоқтың қасы. Көптеген жағдайда тау беткейлерінің циркуляциялық және инцоляциялық әрекеті қатар дамиды. Мұндайда тау жоталарының ландшафт айыру әрекетінің қарқынын арттырып, қарсы беткейлердің ландшафт айырмасы айқындала түседі.

Тау жоталарының ландшафт айыру әрекетінің қарқыны тау беткейлерінің еңістігіне де байланысты. Беткейлері жатық, Карпат таулары ландшафтысының айырмашылығы шамалы. Тянь-Шань тауларының беткейлері тік, еңіс болғандықтан, етегіндегі жазықтардан тік көтерілген ауа тез суынады да, шық нүктесі белдеуіндегі (1600-2200 м) бұлттылықты, жауын-шашын мөлшерін молайтады. Шық нүктесі белдеуінің үстіндегі ауа құрамында ылғал өте аз болады, ол қарсы беткейге ылғалсыз құрғақ күйінде ауысады. Бұл айтылғаннан Тянь-Шань тауларының қарсы беткей ландшафтысының ұқсас құбылыс болмайтындығын түсіну қиын емес.

Таулы аймақтардың тектоникалық-эрозиялық және эрозиялық жолдармен тілімденулері де ландшафтының бөлінуіне әсер ететін фактор. Тау эрозиялық процестер нәтижесіндс тауаралық жазықтарға, тауіші аңғарларына бөлінеді. Таулардың бастапқы беткейлерінен қосалқы беткейлер туындайды. Оларға байланысты тауаралық және таулы аңғарлы ауа айналымы күшейеді, климат инверсиясы жиіленеді. Осылайша қосалқы беткейлердің өзіне тән климаты қалыптасады. Олар территориялық табиғат кешендерін түрлендіріп отырады.

Ландшафтының территориялық бөлшектенуіндегі жер беті биіктерінің атқаратын рөлін өткен ғасырдың өзінде-ақ -Тян-Шанский мен
тұжырымдап, биіктік зоналылық деген атпен ғылымға енгізген. Ол кездегі биіктік зоналылық туралы түсінік жалпы ұғым шегінен шығып кете алмады. Кейіннен жер беті биіктігінің әсері жан-жақты зерттелді де, биіктік белдеуі деген атпен жалпы географиялық зандылық дәрежесіне дейін көтерілді. Соңғы жылдардағы биіктік белдеуі туралы тұжырым айтқан ғалымдардан
мен і атауға болады.

Ландшафтының биіктік белдеуі аэротермикалық градиенттің әсеріне және атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің биіктік артқан сайынғы өзгерісіне байланысты болып келеді. Тауда әрбір 1000 м биіктеген сайын күн радиациясының қарқындылығы 10% артады, бірақ жердің ұзын толқынды радиациясының жылдам артуына байланысты ауа температурасы әрбір 100 м биіктеген сайын 0,5-0,6°-қа кемиді. Тау беткейлерінде ауаның қозғалыс бағыттары күрделенеді, шық нүктесі төмендейді, ауадағы су буы тез арада сұйық түрге айналып, тау беткейлеріне түсетін жауын-шашын мөлшерін арттырады. Тау беткейлерінің биіктігі артқан сайын беткейлі гравитациялық процестердің (опырылып құлау, сел, қар көшкіні, т. б.) қарқыны артады. Осылайша ландшафтының басқа құрамдас бөліктерінің өзгерістері де өзіндік сипатқа ие болады. Жазық жерлердің биіктік белдеуі ландшафтысының зоналық ырғағына күрделі өзгеріс енгізбейді.

Айтылғандарға талдау жасағанымызда таудағы биіктік белдеудің жазықтағы зоналықтан ерекше бөлініп тұратындығын түсіну қиын емес. Таудың биіктік белдеуі мен жазықтың зоналылығының айырмасын төмендегіше жүйелейді:

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27