Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Арктика мен экваторлық ормандар да маусымдық ырғақ онша бай­қалмайды. Жер шарының қалған белдеулерінде жылдың төрт мезгілі мен фазалары түгелдей байқалады да, суық жерлерде жылу балансы шөл мен шөлейтте ылғал балансы негізгі факторы рөл атқарады.

Маусымдық ырғақ Қазақстан жерінің ландшафтарындада анық байқалады соған орай шаруашылық салаларын орналастыру мен жыл мезгілдеріне байланысты ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізудің белгілі бір жүйесі қалыптасқан.

Территориялық табиғат кешендерінің жуық шамамен өлшенетін ырғағын цикл деп атайды. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, 11 жылдық цикл күн белсенділігінің минимуым кезеңіне сәйкес келуі мүмкін.

Күн белсенділігінің жер табиғатына әсері туралы көптеген зерттеулер жүргізген академик 15 жасынан бастап осы мәселемен шұғылданған. Ғалым табиғи ырғақтылыққа байланысты ландшафттағы өзгерістерді алдын ала болжау арқылы анықтаған. Университет кітапханасында ің «Земное эхо солнечных бурь» атты еңбегі бар.

Климаттың толық бір циклі 30-35 жылды қамтиды. Осы кезеңде ылғалды және қоңыржай жылдар жылы әрі құрғақ жылдар мен ауысады. Бұл циклді Бринкнер циклі деп атайды. Ландшафт дамуның әр бір циклі 1800-1900 жылға жетеді. Көп ғасырлық ырғақтылықты 3 фазаға бөледі:

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

трансгрессиялық фаза ылғалды, қоңыржай салқын климаттық жағдаймен сипатталады 300-500 жылдық өлшеммен өлшенеді;

регрессиялық фаза құрғақ жылы болады, 600-800 жылға созылады;

өтпелі фаза 700-800 жылды қамтиды. Оның регрессиялық фазадан трансгерссиялық фазаға өтуі анық байқалады.

Көп жылдық ырғақтылықты О. Петерсон астрономиялық тартылыс күшімен байланыстырады, әрбір 1800 жылда Күн, Жер және Ай бір түзу сызықтың жазық бойында орналасып, гидросферадағы су массасының тепе-теңдігін бұзады. Бұл жағдай жер беті температурасның өзгерісіне әкеліп соғады. Мұндай астраномия­лық тартылыс күшінің максимумы б. э.д. 2100, 360 және б. д. 1433 жылдарында байқалған.

Толық зерттелмеген ырғаққа геологиялық циклділікті жатқызуға болады. Жер тарихы геохронологиялық кестеде 5 эрамен сипатталады (архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайназой).

Әрбір геологиялық циклдің өзіндік ерекшеліктері бар. Эралар миллиондаған жылдар мен өлшенеді. Жер бетіндегі ландшафт бөліктері, биоценоз осы ұзақ уақыттардың ішінде үнемі өзгеріске түсіп отырды.

Жердің даму тарихында 200 млн жылға созылған каледон (кембрий, ордовик және силур), 150-190 млн жылға созылған герцин (девон, карбон, перм), 2400 млн жылға созылған альпі (мезозой-кайнозой) кезеңдерде геологиялық ырғақты анық байқауға болады. Жердің даму тарихындағы бұл кезеңдер 30-40, 10-15 млн жылдар мен өлшенетін 2-3 қатардағы циклдерге бөлінеді. Әрбір геологиялық циклдер өзіндік ерекшелігі бар тірі ағзалар дүниесі дамыған. Тірі ағзалар бір жағынан пайда болып көбейсе екінші жағынан қырылып, жойылып отырған. Мысалы, балықтар (силур, девон), қосмекенділер (карбон, триасс, юра, бор), сүтқоректілер және құстар (мезозой, кайнозой) дәуірлеріне бөлінеді. Өсімдіктер дүниесі балдырлар (ортаңғы девонға дейін) папоротниктер тәрізділер (ортаңғы пермьге дейін), ашық тұқымдылар (ортаңғы борға дейін) дәуірлеріне бөлінеді.

геологиялық циклді, атап айтқанда, тектогенездің циклділігін жоғары мантиядағы минералдардың тығыздына байланысты түсіндіреді.

Ландшафтының қалпына келмейтін қайтымсыз өзгерістерін туындатушы табиғи процестер сыртқы және жағдайларға байланысты болып келеді. Ландшафттың қайтымсыз динамикасын туындатушы сыртқы факторлар күн белсенділігіне, жер полюстерінің орын ауыстыруларына байланысты болады. Қайтымсыз динамиканың ішкі факторлары жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарына, ландшафттың құрамдас бөліктерінің арасындағы қайшылық­тарына байланысты болады. Табиғи жағдайлар өзгерген сайын ландшафттың құрамдас бөліктері мен оны қоршаған орта үнемі үйлесе бермейді. Даму барысында ландшафттың құрамы мен құрылымы біртіндеп жаңа сапа жинақтайды. Ол алғашқы сандық өзгерістерден басталып, сапалық өзгерістерге көшеді. Ландшафттың мұндай өзгерістерін өздігінен даму деп атайды.

Көп жылдық зерттеу нәтижесінде ландшафт дамуын консервативті, реликтілі, прогресті және регресті деп бөледі. Консервативті ландшафт пен оның құрамдас бөліктері толығымен қазіргі жағдайға үйлеседі де, тұрақтанған құрылымымен сипатталады. Бұлардың мысалы ретінде орталық Қазақстандағы сортаң және сораң жерлерді атауға болады. Олардың консерва­тивтігі тау жыныстарының литологиялық құрамына, жер қыртысының неотекто­никалық қозғалыстарына және климат жағдайына байланысты болып келеді.

Реликтілі ландшафт пен оның құрамдас бөліктері ерте заманнан жаңа дәуірге дейін жеткен, табиғатта сирек кездесетін объектілер. Реликтілі ландшафттар белгілі бір территорияда ғана тарайды. Реликтілі ландшафттардың жойылмай сақталуы өзін өзі қорғау, жаңа орта жағдайына бейімделу заңдылығымен анықталады.

Прогресті ландшафтпен оның құрамдас бөліктері олардың дамуының тоқталмай жалғаса беретіндігін көрсетеді.

Регресті ландшафттар көбінесе антропогенді әсерге байланысты пайда болады. Сондықтан ұдайы халық шаруашылығын ландшафт жағдайын жақсартуға бағыттап ұйымдастыру қажет.

Қорытындылай келгенде, географиялық қабықпен оның құрамдас бөлік­терінің дамуы өзара зат және энергия алмасуымен, материалдық жүйелерге тән ішкі қайшылықтар күресімен байланысты болады.

Ландшафт туралы ілімнің функциялық-динамикалық аспектілері:

1) Ландшафт құрылымы түсінігінің 3 аспектісі бар:

– құрылымдық бөліктердің өзара орналасуы;

– жүйе бөліктерінің бірігуін көрсететін функциялық аспект;

– құрылымдық бөліктердің кеңістіктегі ұйымдасуы және оның жағдай­ларының уақыт бойынша реттелуі.

Ландшафттарда ішкі байланыстың 2 түрі бар: вертикальды және гори­зонтальды.

Ландшафттардың горизонтальды (латеральды) құрылымы оның морфоло­гиялық құрылымы болып табылады.

Ал, ландшафттардың вертикальды құрылымына келсек, оларды география­лық жеке компоненттер түрінде қарастырамыз (қатты фундамент, топырақ, биота т. б.).

бойынша, табиғи территориялық кешеннің элементар­лық-құрылымдық бөліктері ретінде геомассалар қарастырылады.

Геомассалар дегеніміз – белгілі бір массасы бар, өзіндік функциялық ерекшелігімен сипатталатын, кеңістікте белгілі бір жылдамдықпен қозғалатын және уақыт бойынша өзгеретін әр түрлі табиғи денелер жатады.

Олар: аэромасса, фитомасса, зоомасса, мортмасса, литомасса, гидро­масса, педомасса т. б. болып бөлінеді.

Табиғи территориялық кешеннің вертикальды қимасында геомассалар арақатынасымен сипатталатын біртекті қабаттарды геогоризонттар деп атаған.

Олардың негізгілері: аэрогоризонт, аэрофитогоризонт, морта эрагоризонт, педогоризонт, литогоризонт.

«Геомасса» және «геогоризонт» түсініктері элементарлық геожүйе фацияға арналған, яғни, ландшафттың алғашқы вертикальды байланыстарын зерттеуге бағытталған.

Геожүйелер арасындағы байланыстардың негізіне – энергия айналымы, зат айналымы, ақпарат алмасуы жатады.

Геожүйелер бөліктері арасындағы байланыстар:

– бір жақты немесе екі жақты;

– тура немесе кері болуы мүмкін.

Геожүйедегі зат және энергия айналымының жиынтығын – оның өмір сүруі деп аталады. Оны «біртұтас орфографиялық процесс» деп атаған.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27