Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Антропогендік ландшафттарға тұңғыш классификация жасаған В. Л. Котельников (1950), 1951 ж. ландшафттарды ежелгі, аздап өзгерген және мәдени ландшафттар деп бөлді. Антропогендік ландшафттар классификациясымен айналысқан ғалымдар – (1955), (1958) және (1961).
(Ландшафттану негіздер және физикалық-географиялық аудандастыру, 1965) шаруашылық қызметінің әсер ету деңгейіне байланысты ландшафттарды өзгерген және шартты өзгермеген ландшафттар деп бөлді.
Өзгерген ландшафттар мынандай түрлерге бөлінеді:
1. Әлсіз өзгерген – адамның шаруашылық қызметі жекелеген компоненттеріне әсер еткенімен, негізгі табиғи байланыстары бұзылмаған.
2. Бұзылған (қатты өзгерген) – ұзақ уақыт шаруашылықта пайдаланылып, кешендік құрылымы бұзылған, эрозия, дефляция, батпақтану, тұздану, ластану сияқты негативті үрдістер байқалған ландшафттар.
3. Қайта жаңарған – табиғи байланыстары қоғам қажеттілігіне байланысты ғылыми негізде мақсатты түрде өзгерген, мәдени ландшафттар.
1980 ж. жарық көрген “Табиғи ортаны жақсарту” атты ғылыми еңбегінде мәдени ландшафттың мәні, оны ұйымдастыру мен басқарудың принциптері туралы идеяларды нақты қарастырды.
Аталған жұмыстар 70-жылдарда қазіргі ландшафттанудың жаңа бағыты – антропогендік ландшафттану дамыды.
Антропогендік ландшафттану ғылымын дамытуда көп еңбек сіңірген
. Ол бұл мәселе бойынша көптеген еңбектер жазды, табиғи-антропогендік үйлесімділік принципін ұсынып ұсынып, антропогендік ландшафттар классификациясын жасады.
Табиғи негізде қалыптасқан антропогендік ландшафттар даму барысында табиғи заңдылықтарға бағынады. ң көзқарасы бойынша антропогендік ландшафттар табиғи территориялық кешендердің генетикалық қатарларының біріне жатады, сондықтан оларды ландшафттануда қолданылатын әдіс-тәсілдермен зерттеу қажет. Антропогендік ландшафттарды зерттеу мен картаға түсіруде оларды классификациялау маңызды орын алады.
ң классификациясында антропогендік ландшафттар:
1. Мазмұны бойынша: ауыл шаруашылық. өндірістік, су, орман, селитебті, беллигеративті (соғыс кезінде пайда болған), жол ландшафттары;
2. Генезисі бойынша: техногендік, егістік, пирогендік, жайылымдық-дигрессиялық, рекреациялық-дигрессиялық ландшафттар;
Бұл екі негізгі классификациядан басқа қосымша классификация ұсынды.
3. Адамның табиғатқа әсер ету қөлеміне байланысты:
– адамзат жаңадан жасаған антропогендік неоландшафттар (қорғандар, бөгендер, карьерлер);
– өзгерген антропогендік ландшафттар (емен тоғайының орнындағы қайыңды орман т. б.).
4. Пайда болуының мақсатты бағыты бойынша:
– мақсатты шаруашылық қызметінің нәтижесінде пайда болған ландшафттар (егістікті қорғайтын орман жолақтары, бөгендер, су қоймалары);
– адамның шаруашылық қызметінің әсерінен белсендігі артқан табиғи процестердің нәтижесінде пайда болған ландшафттар (жыртылған егістіктегі жыралар, су қоймасының маңындағы батпақтар).
5. Өмір сүру ұзақтығы мен өзін өзі реттеу дәрежесі бойынша антропогендік ландшафттар:
– ұзақ мерзімдік, өзін-өзі реттейтін (қорғандар, үйінділер);
– көпжылдық, жартылай реттелетін (орман көшеттері, су қоймалары);
– қысқа мерзімдік, реттелетін (егістік жердері, бақтар) болып бөлінеді.
6. Шаруашылық маңызы, бонитеті бойынша:
– мәдени немесе конструктивтік (егістікті қорғайтын ағаштар жолағы, бақтар);
– акультуралық-антропогендік бедленд, пайдалануға жарамсыз жерлер болып бөлінеді.
шаруашылық бағыты бойынша антропогендік ландшафттарды кластарға бөлуді ұсынады (ауыл шаруашылық, өндіріс, орман ландшафттары). Ал олардың ішінде шаруашылық іс әрекетіне байланысты подкластар бөлінеді. Мысалы, ландшафттардың ауыл шаруашылық класы егістік, шалғындық-жайылымдық, бақшалық болып, өндіріс ландшафттары – карьерлік-үйінділер, рекультивацияланған ландшафттар подкласына бөлінеді.
XX ғ 80 жылдарында антропогендік ландшафттарды далалық зерттеу әдістемелері жасалып, олардың классификациясы нақтыланды, сонымен қатар, оларды картаға түсіру тәсілдері пайда болды.
Жер бетінде адамзаттың тіршілік әркеттерінің нәтижесінде тікелей әсерге ұшыраған жерлер планетаның 20 %-ын, ал жанама әсерге ұшыраған жерлер 60 %-дан астамын құрайды.
Антропогендік ландшафттарды зерттеу планетамыздағы табиғи ресурстық әлеуеттің өзгеру масштабына баға беруге, қоршаған ортаның дамуы мен динамикасына болжам жасауға, табиғатты пайдаланудың жағымсыз әсерінің алдын алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында антропогендік ландшафттарды зерттеумен
, , никова, А. А. Өтеев т. б. ғалымдар айналысты.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Антропогендік ландшафттанудың негізін салушы ғалымдар кім?
2. Мәдени ландшафт ұғымы.
3. классификациясы бойынша антропогендік ландшафттар қандай түрлерге бөлінеді?
4. Қазақстан Республикасында антропогендік ландшафттарды зерттеумен шұғылданған ғалымдар кім?
Әдебиеттер:
1. Голованов . М., Колосс, 2005.
2. Джаналиева ландшафтоведение. Алматы, Қазақ университеті, 2001.
3. Колбовский . М., Академия, 2008.
4. и др. Основы ландшафтоведения. Минск, Высшая школа, 1986.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАНДШАФТТАРЫ
Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде Атлант және Тынық мұхиттарынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан Қазақстан Республикасы қоңыржай белдеудің орталық және оңтүстік ендіктерін (55°26' және 40°59' с. е. аралығын) алып жатыр. Оның Жер көлемі 2,72 млн км2. Жерінің ауданы Орта Азия республикалары – Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан жерлерінің аумағынан 4 есе үлкен. Жерінің аумақтылығына байланысты Қазақстан ландшафттары әр алуан болып келеді. Республика аумағында жылу режимі әр маусымда әр түрлі, климатының қалыптасуына қыста арктикалық, жазда тропиктік массалары әсер етеді.
Жер бедерінде әр текті жазықтар мен әртүрлі биіктікті таулардың кездесуіне, климаттың континенттілігіне байланысты Қазақстан ландшафттарының өзіндік сипаты анықталады.
Республика аумағы төрт ландшафттық зонаға бөлінеді:
1 Қоңыржай белдеудің орманды далалық ландшафттық зонасы;
2 Қоңыржай белдеудің далалық ландшафттық зонасы;
3 Қоңыржай белдеудің шөлейт ландшафттық зонасы;
4 Қоңыржай белдеудің шөл ландшафттық зонасы.
Қазақстан ландшафттары жазық жерлер және таулы жерлер ландшафттық кластарына бөлінеді.
Жазық жер ландшафттары. Республика жерінің 90%-ы жазық. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км-ге, батыстан шығысқа қарай 3000 км-ге созылып жатыр. Аумағында 201 ландшафт түрлері қалыптасқан. Олардың жартысынан астамын аридті табиғи-аумақтық кешен құрайды.
Орманды дала ландшафттары
Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарының территориясын қамтиды. Орманды дала зонасының басты ерекшелігі – орман және дала өсімдіктерінің үйлесімді бірлігі болып табылады. Бұл ландшафттық зонаның климаты қоңыржай континенттік болып келеді. Жылдық жауын-шашынның мөлшері 250-400 мм шамасында. Жауын-шашынның 60%-ы жаз айларына сәйкес келеді. Ең мол жауын-шашын шілде айында жауады. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы – 120-145 күн, қуаңшылық жылдардың қайталануы – 20-30% 10°С-тан жоғары оң мәнді температуралардың жылдық қосындысы 2100°-1900°. Ылғалдану коэффициенті – 0,77-0,56. Жылу мен ылғалдылықтың мөлшеріне қарай орманды дала ландшафттары қоңыржай белдеудің астық тұқымдас өсімдіктері мен техникалық дақылдардын өсіруге қолайлы болып келеді. Жаз кезінде оңтүстік-батыстан соғатын аңызақ желдер мәдени өсімдіктер үшін үлкен қауіп туғызады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 |


