Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Бақылау нүктесі картаға түсірілгенде міндетті түрде нөмірі күнделікке тіркеледі. Аумақтың қандай әкімшілік ауданға жататыны да көрсетіледі. Нүктенің орналасқан жерін сенімді бағдар болып табылатын географиялық объектіге қатысты белгілейді.

ТТК-ның литогендік негізін зерттегенде оның жер бедерінің макро-, мезо- және микро формалары, морфометриялық көрсеткіштері (абс. биіктігі, ұзындығы, ені, ауданы) көрсетіледі. Аумақтың геологиялық құрылымы жақын маңда орналасқан опырылымдар, бұрғылау скважиналардың көмегімен анықталады. Сипаттамада горизонттардың қалыңдығы, олардың түсі, механикалық және минерологиялық-петрографиялық құрамы, қабаттасу жағдайы, карбонаттылығы, генезисі көрсетіледі.

Ылғалдану жағдайы мен дәрежесі грунт суларының деңгейімен, бұлақтармен анықталады. Нүктені сипаттау бланкасында су режимінің түрі, ылғалдану дәрежесі көрсетіледі. Егер нүкте биік жер бердері формасында орналасса (жон, жота т. б.), ылғалданудың атмосфералық түрі, ал ойыс жерлердегі фациялардың дамуына грунт сулары әсерін тигізетіні белгілі.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Ландшафт компоненттерінің маңызды түрлерінің бірі – қар қабаты. Қар қабатын зерттеудің маңызы зор, себебі ол көптеген аудандарда ылғалдану көзі болып табылады, топырақты тоң қабаты пайда болудан сақтайды.

ТТК аумағында топырақ жамылғысын зерттеу топырақтанудың жалпы әдістемелерінің көмегімен жүргізіледі. Топырақ кесіндісінде генетикалық горизонттар өлшеніліп, олардың түсі, ылғалдық дәрежесі, механикалық құрамы, құрылымы, тығыздығы, құрамындағы қиыршық жыныстар, карбонаттылығы анықталады. Соңында далалық жағдайда анықталған топырақтың атауы беріледі де топырақ үлгісі алынады.

Фация фитоценозын зерттеуде оның аумағына байланысты таңдалып алынады. Әдетте, шалғынды фитоценозды сипаттағанда 100 мг, орман фитоценозына 400-1000 мг жер алынады.

Зерттелетін алаңдағы флоралық тізім жоспар бойынша жасалады: астық тұқымдас, бұршақ тұқымдас, әртүрлі шөптер т. б. Сонымен бірге 1 м2 немесе 100 м2 аумағындағы түрлер саны анықталады. Түрлердің сандық қатынасы Друденің шкаласы бойынша анықталады.

1. Sol (solitarius) ‑ өте аз, бірлі-жарым;

2. Sp (sparsae) – аз, сирек;

3. Cop1 (copiosus) – анда-санда;

4. Cop2 (copiosus) – жеткілікті;

5. Cop3 (copiosus) ‑ өте көп;

6. Soc (sosiahus) – аса мол, артық мөлшерде.

Раменский торы бойынша шөптесін өсімдіктердің жабынды мөлшері (%) анықталады. Олардың тіршілік жағдайы (жақсы, қанағаттанарлық, жаман), биіктігі өлшенеді. Өсімдіктердің фенологиялық фазасын зерттеудің де маңызы зор (вегетациялық, гүлдеу, жеміс беру, қурау кезеңдері). Бұл құбылыстардың себебін анықтау қажет.

Өсімдік қауымдастығының аты әдетте екі немесе үш атаудан тұрады. Бірінші – эдификатор, одан соң соэдификаторлар аталады. Орман фитоценозын сипаттау флоралық құрамын, шөптесінді-бұталы жамылғысын, мүкті-қыналы жамылғысын, соңынан ағаштар ярусын зерттеумен аяқталады. Ағаш ярусын сипаттау флоралық тізім мен түрлердің сандық арақатынасын құрастырудан басталады. Оның формуласын анықтау 10 балдық жүйемен жүргізіледі. Мысалы: 6қ + 4қ + ш формуласы әр 10 ағаштың 6-уы қарағай, 4-уі қайың, ал шырша бірлі-жарым, сирек кездесетінін көрсетеді. Сонымен бірге ағаш өсімдіктерінің өнімділігін зерттеу мақсатында ағаштардың діңінің диаметрі, биіктігі өлшенеді.

ТТК-ны зерттеудің соңында оның шаруашылық маңызы, эрозиялық процестер, адамзаттың анторпогендік әсері анықталып, аумақты тиімді пайдалану жолдары көрсетіледі.

Камералық кезең. Қорытынды кезеңнің негізгі бөлігі – ланшафттық картаға түсіру мен есеп жазу болады. Ол үшін далалық материалдар өңделіп, жинақталады (ТТК-ның компоненттерінің кестесі, зертханалық сараптама қорытындылары және т. б.).

Есепте анықталып, бөлінген ТТК-ларға сипаттама беріледі.

Зерттеу қорытындылары есепте әртүрлі кестелер, графиктер, салыстырмалы қималар арқылы көрсетіледі.

Есептің құрамына әртүрлі фотосуреттер енгізудің маңызы зор, олар мәтіндік материалдарды толықтырып тұрады. Камералық кезеңде ландшафттық картаның негізінде әртүрлі қолданбалы карталар құрастырылады. Қолданылуына байланысты мұндай карталарды инвентаризациялық, болжамдық, бағалау, ұсыныстық карталар деп бөледі.

Инвентаризациялық карталар тұтынушының талабына сәйкес құрас­тырылады. Бағалау карталары ТТК-ның белгілі бір шаруашылық мақсатына жарамдылығын көрсетеді. Ал болжамдық карталар табиғи даму мен антропогендік әсер жағдайындағы ТТК-да мүмкін болатын өзгерістерді анықтайды. Ұсыныстық карталардың мазмұны олардың пайдалану бағытына байланысты құрастырылады.

Тақырып бойынша сұрақтар

1.  Табиғи кешендерді зерттеу кезеңдері қандай?

2.  Ландшафттық қима түсіру әдістемесі

3.  Фитоцинозды зерттеу әдістемесі.

4.  Ландшафттық карталар типтері.

Әдебиеттер

1.  введение в физичекую географию. Киев, «Знание», 2001.

2.  Мукитанов проблемы теоретизации географии. Алматы, Наука, 1978.

3.  Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы, 2010.

4.  Молдағұлов Н. Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафт географиясы. Алматы, Рауан, 1994.

ГЛОСАРИЙ

Антропогендік ландшафт (гректің antropos – адам, genos – тегі деген сөздерінен шыққан) – адамның іс-әрекетінің нәтижесінде өзгеріске ұшыраған табиғи ландшафт.

Аридті климат – қуаңшылық климат – шөл мен шөлейтке тән климат. Мұнда ауа райы үнемі ашық, температура өте жоғары, ылғалдылық аз, жоғары температураның тәуліктік ауытқуы өте жоғары.

Аридті ландшафт – қуаңшылық ландшафт – құрғақ, жылы немесе ыстық континенттік климат жағдайында қалыптасатын климат.

Абиотикалық факторлар – тірі организмге ықпал етуші температура, ылғал, жарық, жер бедері, топырақ пен су қасиеті сияқты бейорганикалық әсерлер кіреді.

Агрохимия – ауыл шаруашылық дақылдарының жоғары өнімін арттыру үшін өсумдіктердің қоректенуін, егістіктегі әр түрлі зиянкестерден қорғайтын химиялық препараттарды қолдану, топырақ химиясын ондағы өтетін химиялық және биохимиялық құбылыстарды зерттейтін ғылым саласы.

Агроценоз – антропогенді әсерлер нәтижесінде қалыптасқан және белгілі бір егін егіп пайдаланытын дақылдар бірлестігі.

Бейімделу – организмдер мен олардың органдарының (ішкі және сыртқы) құрылысы мен бет бейнесінің, атқаратын қызметінің эволюциялық даму жолында қоршаған ортаның алуан түрлі жағдайына бейімделуі.

Бентос – сулы ортаның тұбінде тіршілік ететін организмдер жиынтығы.

Бентофаг – сулы ортаның түбінде тіршілік еттетін өсімдік және жануарлармен қоректенетін организмедер.

Биогеоценоз – зат пен энергия алмасу негізінде организмдерді және өлі қосындыларды біріктіретін табиғи жүйе бірлестігі.

Биокөрсеткіштер – 1. Тіршілік ету ортасындағы өзгерістерді немесе ластану дәрежесін анықтауға мүмкіндік жасайтын бір түр дараларының тобы.
2. Қоршаған ортада пайдалы қазбалардың бөлу ерекшеліктерін білдіретін түрлер.

Биоценоз – тіршілік жағдайы бірыңғай ортаға бейімделіп өмір сүретін организмдердің тұрақты табиғи жүйесінің бірлестігі.

Ботаникалық бау – жер шарындағы өсімдіктер әлемінің байлығын, колекциясын жинау, оларды өсіру арқылы ғылыми зерттеулер жүр­гізілетін, оқу-үйренуге маманданған қолданбалы ғылыми мекеме.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27