Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

қазақстан республикасының білім және ғылым МИНИСТРлігі

С. АМАНЖОЛОВ атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік университеті

Г. Б. ЗАБЕНОВА

ЛАНДШАФТТАНУ

Оқу құралы

Өскемен, 2012

ӘӨЖ 911.5(075.8)

КБЖ 26.82я73

З – 12

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ әдістемелік кеңесімен баспаға ұсынылған

№4 хаттама 21 ақпан 2012 ж.

Пікір жазғандар:

, география ғылымдарының кандидаты

, техника ғылымдарының кандидаты

, география ғылымдарының кандидаты

З – 12 Ландшафттану: Оқу құралы. – Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2012. – 118 б.

ISBN 978-601-7303-65-5

Аталған оқу құралы автордың 20 жылға жуық география мамандығы бойынша білім алатын студенттерге оқыған дәрістерінің негізінде құрастырылған.

Оқу құралының мақсаты – болашақ географ, эколог, ландшафт дизайнері мамандарын классикалық ландшафттанудың негіздерімен, оның қазіргі бағыттарымен, ландшафттық зерттеу объектілерімен, сонымен бірге Қазақстанның және Шығыс Қазақстанның табиғи ландшафттарының аймақтық құрылымымен таныстыру болып табылады.

ӘӨЖ 911.5(075.8)

КБЖ 26.82я73

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

ISBN 978-601-7303-65-5

 

© Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2012

© , 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ............................................................................................................. 4

Ландшафттың тарихы.................................................................................. 11

Ландшафт түзуші факторлар....................................................................... 20

Эпигеосфераның аймақтық және жергілікті (локальды) жіктелуі.............. 35

Биіктік белдеулігі және ландшафт жіктелуінің орографиялық және құрылымдық петрографиялық факторлары........................................................................... 43

Ландшафттар морфологиясы....................................................................... 47

Ландшафт геохимиясы мен геофизикасы.................................................... 52

Ландшафт динамикасы мен дамуы.............................................................. 60

Антропогендік ландшафттану..................................................................... 73

Қазақстанның ландшафттары...................................................................... 78

Шығыс Қазақстан ландшафттары............................................................... 95

Далалық ландшафттарға зерттеу жүргізу әдістемесі.................................. 114

ГЛОССАРИЙ.................................................................................................... 120

ӘДЕБИЕТТЕР................................................................................................... 124

КІРІСПЕ

Жердің географиялық қабығының құрамына литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера кіреді. Аталған сфералар бір-бірімен үздіксіз байланыста болғандықтан, ондағы зат және энергия айналымы барлық табиғи үрдістерге негіз болып саналады. Табиғаттағы зат және энергия айналымының нәтижесінде географиялық қабық уақыт өткен сайын дамып, өзгеріп отырады, бұл оның құрылымдық күрделенуіне әкеледі. Табиғи компоненттер – ауа массалары, су, топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі - табиғи территориялық кешендер (ТТК) мен табиғи аквальдық кешендерді (ТАК) құрайды.

Ең күрделі табиғи кешен - Жердің географиялық қабығы, ол материктер мен мұхиттардан құралады. Материктер өз кезегінде өзінен кейінгі ұсақ табиғи территориялық кешендерге – физикалық-географиялық аудандарға, облыстарға, провинцияларға т. б. жіктеледі. Жалпы алғанда, географиялық қабықты үш аспектіде зерттеуге болады:

– жеке табиғат компоненттері бойынша;

– біртұтас жүйе ретінде;

– табиғи-территориялық кешендер жүйесі ретінде

Табиғат компоненттерінің әрқайсысын геология, климатология, гидроло­гия, топырақтану және т. б. ғылым салалары зерттейді. Ал географиялық қабықты біртұтас жүйе ретінде қарастыра отырып, оның даму заңдылықтары мен заңдарын жалпы физикалық география мен жалпы жертану зерттейді. Табиғи-территориялық кешендердің құрылымын, өзара байланысын, табиғи ресурстары мен шаруа­шылық жағдайын аймақтық физикалық география зерттейді.

Ландшафттану – физикалық географияның ұсақ территориялық кешен­дерді – жергілікті жерлерді, қоныстарды, фацияларды зерттеумен айналысатын саласы.

Ландшафттану ғылымының негізгі міндеттері – табиғи-территориялық кешендерді зерттеу, оларды картаға түсіру болып табылады. Сонымен бірге, табиғи-территориялық кешендердің қалыптасу тарихын, зерттеу нәтижесін, даму заңдылықтарын анықтау, ландшафттық болжам жасау да пәннің негізгі міндет­теріне жатады.

Ландшафттанудың салыстырмалы түрде алғандағы жаңа міндеттері – табиғи ландшафттардың аумақтық таралуы мен бірігуін зерттеу, яғни ландшафттық аудандастыру – ландшафттық карта құрастырудың негізі болып саналады.

Ландшафттанудың тәжірибелік міндеттеріне – ТТК табиғи ресурстарын зерттеу, оларды тиімді пайдалануға, қорғауға ұсыныстар беру де жатады.

Ландшафттану ғылымы өзінің даму барысында көптеген принциптер мен әдістемелерге сүйенеді. Оларды қалыптастыруда үлкен үлес қосқан ғалымдар – , , және т. б. барлық ландшафттанушы ғалымдар объективтілік принципіне сүйенеді, өйткені табиғатта объективті түрде өмір сүретін географиялық қабықтың табиғи-территориялық кешендері зерттеледі.

ТТК жасы мен даму тарихын анықтайтын генетикалық немесе тарихи принциптің де маңызы зор. Ландшафттануда, сонымен қатар, барлық табиғи-территориялық кешендерді біртұтас жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін жүйелік принцип қолданылады. Ең үлкен әрі күрделі жүйе болып табылатын географиялық қабықтың құрамына одан төменгі сатыдағы табиғи-территориялық кешендер – ландшафт, қоныс, жергілікті жер, фация кіреді.

Ландшафттық зерттеу жұмыстары далалық, стационарлық, математикалық, ТТК математикалық жобалау, жүйелеу, тарихи және т. б. әдістемелер қолдану арқылы жүргізіледі. Қазіргі уақытта зерттеу әдістемелерінің қатарына аэрофотоуреттер мен ғарыштық түсіру материалдарын қолданатын арақашықтық зондылау әдістемесі де енгізілді.

Ландшафттық зерттеу жұмыстарының ауқымы өте кең, соның нәтижесінде оның әртүрлі ғылыми бағыттары қалыптасты. Олардың қатарына ландшафттар геофизикасын, қолданбалы ландшафттануды, антропогендік ландшафттануды жатқызуға болады. “Ландшафт” термині немістің “die Landschaft” деген сөзінен шыққан, мағынасы “көрініс”, “пейзаж” дегенді білдіреді. Бұл термин неміс геогра­фиялық әдебиетінде XIX ғ. басында пайда болды. Орыс географиясында бұл атау табиғи - территориялық кешеннің синонимі ретінде пен Г. Ф. Мо­розовтың еңбектері арқылы бекіді. Осыған байланысты, ландшафтқа түрлі анықтамалар берілді, солардың ішінде толық анықтама берген : “Ландшафт – геологиялық фундаменті, жер бедері, климаты бір текті болып келетін және тек сол ландшафтқа тән кеңістікте заңды түрде қайталанып отыратын негізгі және қосымша қоныстардан тұратын, жаратылысы біркелкі болып келетін табиғи-территориялық кешен (Географиялық ландшафттың морфологиялық құрылымы. М., 1962, 44 б.). Бұл анықтамада ландшафттың негізгі ерекшеліктері ескерілген: 1) бұл генетикалық бірлігімен, яғни, пайда болуы мен дамуы ортақ болып келетін аумақ; 2) оның аумағында геологиялық құрылым жер бедері мен климат салыстырмалы біркелкілігімен сипатталады, осыған байланысты оның биогендік компоненттерінің заңды түрде қайталанып отыратын жүйесі қалыптасады;
3) әрбір ландшафт өзге ландшафттардан өзінің құрылымымен, яғни өзін құраушы ұсақ ТТК-лар жиынтығымен ерекшеленеді. Бұл ұсақ құрылымдық элементтер бір-бірімен генетикалық және динамикалық жағынан байланысып, біртекті табиғи территориялық кешен құрайды.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27