Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Геожүйелер арасындағы байланыстар. Негізінен энергия айналымы, зат айналымы, ақпарат алмасуы жатады.

Геожүйелер бөліктері арасындағы байланыстары:

– бір жақты немесе екі жақты

– тура немесе кері болуы мүмкін.

Геожүйедегі зат және энергия айналымының жиынтығын оның өмір сүруі деп атайды. Оны «біртұтас физикалық географиялық процесс» деп атады.

Ландшафттардың өмір сүруі көптеген элементарлық процестерден құралады. Мысалы: жаңбыр жаууы, судағы газдың еруі, топырақ ерітіндісінің капилярлар бойымен көтерілуі, булану фотосинтез микроорганизм­дердің органикалық массаны ыдырытуы т. б.

Аталған барлық элементарлық процестер синтезі ландшафт өмір сүруін қалыптастырады.

Әрбір элементарлық процесстің өзіндік физикалық, химиялық, биологиялық т. б сипаты бар. Мысалы: ағыстың физикалық сипаты судың ауырлық күшінің әсері мен қозғалысы, оның сонымен қатар гидрологиялық, геоморфологиялық, геохимиялық сипаттары да бар.

Ландшафт тұрақтылығы: сыртқы жағдайлардың әсерінен құрылымы мен өмір сүру жағдайын сақтау қасиеті.

Өзін-өзі реттеу () ландшафттық өмір сүру үрдісінде қалыпты жағдайын, режимін және компонеттер арасындағы байланысты сақтау қабілеті.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Дәстүрлі ғылыми түсінік бойынша динамика – бір нәрсені сыртқы немесе ішкі факторлардың әсерінен болатын қозғалыс, өзгеріс, даму үрдістері.

Табиғы (ландшафттық ) геожүйелер толық динамикалық жүйелерге жатады. Сондықтан геожүйелер тұрақты түрде дами отырып өзгеріске ұшырайды.

Ландшафт динамикасы мәселелерінің зерттеулін тарихи бірнеше кезең­дерден тұрады.

Адамзаттың уақыт және даму түсініктерін ежелгі антикалық ғылым өнімдерінің И. Ньютонның, И. Канттың, Ч. Дарвиннің, Ч. Лайельдің,
ң, А. Гумбольдтың, К. Риттердің, К. Маркстің және
Ф. Энгельстің еңбектерінен кездестіреміз.

Ландшафт динамикасын зерттеудің төрт кезеңі бар.

1. ХIX ғ аяғы 1941 ж. ландшафт дамуының негізі заңдылықтары танып білу мен алғашқы далалық зерттеулер мен байланысты (ң,
ің, ң, ң, ­тың, ң, ің, ің, ің еңбектерімен байланысты).

2. 1942-1960 жж. ландшафт дамуының негізгі заңдылықтары туралы теориялық түсініктерді нақтылау мен алғашқы кезенді физикалық географиялық және биоценологиялық стационарлардың пайда болуы (ң,
ң, ң, ің, ің, ң, ң еңбектері).

3. 1961-1991 жж. жүйелік әдістемесі негізінде ландшафт динамикасы мен өмір сүруін зерттеу және алғашқы ландшафттық стационарлардың пайда болуы. Ландшафт геохимиясы, геофизикасы мен биофизикасының қалыптасуы
(ң, ң, ің, ң, ң, ң, ң еңбектері).

4. 1992 ж. қазіргі уақытқа дейінгі ландшафт динамикасын зерттеудің теориялық қорытындысын шығару мен оны зерттеудің жаңа әдістемелерін жасаумен байланысты (ң, ң, ң, ң, ң, ң еңбектері).

Ландшафт динамикасының бірнеше негізгі түрлері бар:

Өмір сүру динамикасы – онда басты рөлді зат және энергия айналымының сыртқы орта ырғақтары мен (планетарлық күн энергиясы) байланысты геожүйелердің қайтымды жағдайын ырғақты өзгерісі атқарады.

Даму динамикасы – бұлар циклдер мен олардың байланысты жекелеген геожүйелердің қайтымсыз даму стадиялары.

Эволюция динамикасы – ландшафттардың жердің геологиялық тарихы барысындағы өзгерістерімен сипатталады.

Апаттар динамикасы – жер тарихындағы ірі масштабты апатты жағдайлардың нәтижесінде (төрттік мұз басуы, ірі жер сілкіністері мен жанартау атқылаулары) географиялық қабықта болған қайтымсыз өзгерістерге байланысты. Географиялық қабықтың негізгі ерекшеліктерінің бірі – үздіксіз қозғалыс, өзгеру және жаңару болып табылады. Географиялық қабықтың дамуы – төменгі сатыдан жоғары қарай бағытталған қозғалыс. Диалектикалық материализмнің негізгі заңдарының бірі бойынша, даму – біртіндеп жинақ­талатын сандық өзгерістерден сапалық өзгерістерге секірмелі түрде өтетін күрделі үрдіс.

Географиялық қабықтың даму тарихында оның құрамдас бөліктерінің үздіксіз, тұрақты әрі жасырын сандық өзгерістерінің бірнеше салыстырмалы түрде алған ұзақ кезеңдерін бөліп қарастыруға болады. Географиялық қабықтың дамуындағы спираль тәрізді сипатқа байланысты, оған тән құбылыстардың ырғақтылығын қарастыруға болады. Географиялық қабықтың дамуына жылы және суық климат дәуірлерінің алмасуы тән. Жылы әрі ылғалды климаттық жағдайлардың куәсі – көмірдің, әктастың, бокситтің, темір және марганец кең орындары болып табылады.

Қазіргі уақытта географиялық қабық дамуының 200-250 млн жылдық, 40-60 млн, 40-50 мың, 1850, 11 жылдық ырғақтары болатынына көз жеткіздік. Табиғи үрдістердің ырғақтылығы туралы ілімнің негізін салушы Е. Брикнер (1890). Бұл концепцияны жасауға зор үлес қосқандар , М. Миланкович,
және т. б.

Ең жоғарғы сатыдағы ырғақтар күн жүйесінің Галактикалық ауырлық орталығын толық бір айналым жасағанда, 40-50 млн. Жылдық ырғақтар галактикалық жылдың өзіндік маусымы ретінде саналады. Үшінші сатыдағы ырғақтар күн радиациясының мөлшері мен құрамының өзгерістеріне байланысты, 1850 жылдық ырғақтар Жердің құйылымдық күштерінің өзгерісімен, ал 11 жылдық ырғақ күн белсенділігінің өзгерісімен байланысты Ландшафттық даму формаларын алғаш рет зерттеп, тұжырымдады. Ол ландшафт өзгерістерін қалпына келетін қайтымды және қалпына келмейтін қайтымсыз типтерге жіктеді.

Ландшафттың қалпына келетін өзгерістері тәуліктік, маусымдық, жылдық, ғасырлық, дәуірлік ырғақты табиғат құбылыстары мен апатты оқиғаларға байланысты болады. Мысалы, төрттік мұз басуы.

Қалпына келетін өзгерістерді кезеңдік және циклді деп бөледі.

Кезеңді өзгерістер жыл сайын белгілі бір тұрақты уақыт өлшемінде қайталана береді. Оның тәуліктік және маусымдылық ырғақтылы байқа­лады. Тәуліктік ырғақ жердің өз осін айнала қозғалуына байланысты. Тәулікті ырғақты жылу балансының, температурасының, абсолют және салыстырмалы ылғалдылықтың, фотосинтез процесінің, тірі ағзалар белсенділігінің т. б. тәулік барысындағы өзгерістері арқылы анықтауға болады. Маусымдық ырғақ жердің күнді айнала қозғалуына байланысты. Маусымдық ырғақ климат элементтерінің, гидрологиялық құбылыстардың, топырақ жамылғысы өзгерістерінен, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі әрекетінің өзгерістерінен анық байқалады. Ландашафты дамытушы табиғи үрдістердің маусымдық динамикасы негізінен жылы мен ылғал режимінен жыл бойында бірдей болмайтындығына байланысты. Жылу мен ылғал режимінің өзгеруіне байланысты минералды және органикалық заттар балансы, органикалық заттардың өнімділігі, қорлануы, шіруі биологиялық айналымы, топырақ құрамындағы тұздың бір қабаттан екіншісне өтуі жыныс қабаттарының химиялық механикалық және органикалық үгілуі, биоциноздар финофазаларының дамуы маусымдар ауысқан сайын өзгереді. Маусымдық ырғақ әр бір нақтылық ландшафттың құрылымдық ерекшеліктерне қарай әрбір географиялық белдеулер мен зоналарында түрліше байқалады және әртүрлі факторларға байланысты болып келеді.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27