Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Ландшафт геофизикасының салалары: ландшафт радиофизикасы, ландшафт оптикасы. Бұлар табиғи территориялық кешендегі зондылауда қолданылады.

Ландшафт геофизикасы ғылыми пән болып табылады. Оның негізін салған ғалымдар: , , . Ландшафт геофизикасы ландшафт геохимиясымен тығыз байланысты. Олар биомасса мен оның өнімділігін биологиялық айналымды, су миграциясы мен ылғал айналымын бірігіп зерттейді. Ландшафт геофизикасы терминін алғаш рет ұсынған. Ландшафт геофизикасының зерттеу жұмыстары СССР ғылым академиясының география институтында, Тынық мұхит география институтын­да, Львов және Киев университетінде XX ғ 60-70 жылдарынан бастап жүргізді. 1971 жылдан бастап МГУ-дың география кафедрасында ландшафт гео­физикасынан лекция оқыла басталды. Ландшафт геофизикасынан тұңғыш рет 1972-1974 жылы оқулықтар шығарылды.

Табиғи территориялық кешен кеңістік және уақыт категорияларымен сипатталады. Бұлар объектілер мен құбылыстарды сипаттайтын нақты шамалар болып табылады. Өйткені ландшафт кеңістікте таралып уақыт бойынша өмір сүреді.

Табиғи территориялық кешен горизонтальды шекаралары бірнеше түрге бөлінеді: дивергентті, конвергентті, градиентті, процестік

Дивергентті шекараға белгілі бір ағынды бөлетін шекараларға жатады (су, мен заттар ағыны).

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Конвергентті шекараға керісінше ағындардың бірігу аймақтарында болады. Бұлар ойыс жерге сәйкес.

Градиентті шекараға ландшафт параметрлерінің ең жоғарғы өзгеру зоналары сәйкес келеді. Мысалы: құрлық пен мұхит арасындағы, орман мен дала зонасы арасындағы шекара.

Процестік шекара ландшафттағыағы құбылыстың, үрдістің өзгерісін көрсетеді.

Ландшафттардағы шекаралар түрлері:

– нақты (мұхит бойынша);

– анық (құрлық бойынша);

– экотонды (биіктік бойынша);

– аралық (бір табиғи кешен басқа екінші табиғи кешен арасында шек болуы мүмкін).

Табиғи территориялық кешендердің вертикальды шекарасы ғылым­да аз зерттелген. Оны зерттеген ғалым . Ол ландашфттың жоғары шекарасы ретінде ауа райы мен климат қалыптасатын атмосфераның төменгі қабатын (0,8-2 км) алады.

жоғары шекара ретінде ауа райының және желдің қалыптасатын биіктігін алады, төменгі шекара ретінде 4 метрге дейінгі тереңдікті алады.

жоғары шекараның әр жерде әр түрлі болатындығын айтады.

Табиғи территориялық кешеннің негізгі қасиеттері байқалатын аудан оның аумағы болып саналады. Яғни, олар бірнеше түрге бөлінеді:

1) тропиктік және субтропиктік ормандар

2) қоңыржай белдеу ормандары

3) орманды тундра және субэкваторлық ормандар

4) қоңыржай және субтропиктік белдеулердегі аралас және орта биіктіктегі ормандар

5) бұталы және шөптесінді өсімдік формациялары

6) тропиктік және арктикалық шөлдер және шөлейттер.

Ландшафтта табиғи территориялық кешеннің уақыт бойынша өзгеруі екі шекара арқылы байқалады: бастапқы, соңғы.

Барлық ландшафттар өмір сүруі бойынша үш топқа бөлінеді: қысқа орташа, ұзақ мерзімді өмір сүретін ландшафттар.

– Өмір сүру уақыты қысқа ландшафттарға он жылға дейінгі фация жатады. Олардың өзгеруі геоморфологиялық үдеріске байланысты.

– Өмір сүру уақыты мың жылға дейінгі уақыт. Көбінесе таулы жерлер жатады. Ол тек қана геоморфология емес топырақ және басқа компоненттер.

– Мың жылдан асатын ландшафтылар жатады. Бұлар көбінесе жазық жерлерде кездесетін ландшафтылар.

Географияда соңғы жылдарда табиғи территориялы кешендердің уақыт бойынша көп көңіл бөлінеді. және Таргульян жылы географияға «сипаттамалық уақыт» деген ұғымды енгізген және оны ең маңызды үрдістер мен құбылыстарға байланысты жіктеді. Осыған байла­нысты бірнеше қорытынды жасауға болады:

– Жоғары жиілікті уақыт тербелістері бір тәуліктің ішінде болатын құбылыстарға тән. Мысалы: температурасының ылғалды желдің жыл­дамдығының өзгерісі.

– Орта жиілікті бір жылға дейінгі болатын құбылыстарға тән. Бір жылдың ішіндегі өсімдіктер өзгерісі, өсімдіктер өседі, өнеді.

– Төменгі жиілікті бір жылдан асатын уақыттың ішінде болатын ормандағы ағаш фитомассасының өзгерісі, топырақтың өзгерісі. Табиғи территориялы кешеннің жағдайы деп белгілі бір уақыт аралығындағы табиғи компоненттердің баланстық жағдайын айтады. Табиғи территориялы кешенді мына түрлерге бөлуге болады: 1) қысқа мерзімді жағдай тәулік ішіндегі; 2) орташа уақыттық жағдай (бір тәуліктен бір жылға дейінгі уақыт, жыл маусымдағы); 3) ұзақ (бір жылдан артық, климатты циклдермен байланысты).

Уақыт пен кеңістік табиғи территориялы кешеннің ең маңызды физикалық қасиеттері. Табиғи территориялы кешеннің нақты шекаралары жер бетінде анық байқалады. Одан төмен немесе жоғары табиғи территориялы кешен арасындаға өзгерістер азая түседі. Ландшафтының төменгі шекарасы кейде топырақ пен негізгі жыныстардың арасында, кейде шөгінді жыныстар мен грунд суының арасында жүргізіледі. Табиғи территориялы кешен өзінің өмір сүру уақыты бойынша жүргізілген құбылыстар мен үдерістерге талдау жасау арқылы, табиғи территориялы кешеннің жағдайын айшықтауға болады.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1.  Ландшафт геохимиясы мен геофизикасының негізін салушы ғалымдарды ата.

2.  Ландшафттық – геохимилық зерттеу әдістемелері және бағыттары қандай?

3.  Ландшафттағы белсенді элементтерге не жатады?

4.  Химиялық элементтер миграциясы қандай жолдармен жүргізіледі?

5.  Ландшафт геофизикасы не зерттейді?

6.  Табиғи – территориялық кешендер шекараларының қандай түрлері бар?

Әдебиеттер

1.  Беручашвили ландшафта. М., Высшая школа, 1990.

2.  Касимов ландшафтов. М., Наука, 1999.

3.  Молдағұлов Н. Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафт географиясы. Алматы, Рауан, 1994.

4.  основы ландшафтоведения и физико-географическое районирование. М., Высшая школа, 1991.

ЛАНДШАФТ ДИНАМИКАСЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

Ландшафттың құрылымы және өмір сүруі.

Табиғаттағы кез келген материалдық жүйелер сияқты ландшафтқа да өзгеріс, даму, қозғалыс сипаттары тән болып келеді. Территориялық табиғат кешендерін құрайтын құрамдас бөліктердің қандай түрі болсын – заттық объект, олар белгілі бір заңдылықтар бойынша бір-бірімен әрекеттесу арқылы күрделене түседі. Демек, оларды тек даму процессі арқылы танып, білуге болады.

Ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, территориялық табиғат кешендерін құрайтын құрамдас бөліктерді былайша жіктеуге болады:

– геогенді құрамдас бөліктер: жер қыртысы, климат, су бөліктері;

– энергетикалық құрамдас бөліктер: күн энергиясы, жердің ішкі энергиясы;

– биогенді құрамдас бөліктер: өсімдіктер, жануарлар, топырақ.

Осы құрамдас бөліктер өздеріне тән заңдылық бойынша өзгеріп, дамиды. Ландшафт жүйесінің даму, динамика бойынша құрылымын геомассалар анықтайды. Геомассалар белгілі бір массасы мен атқаратын қызметі мен кеңістік және уақыт бойынша өзгеру жылдамдығы мен сипатталатын табиғи денелер.


5-сурет – Геомассалар түрлері

Геомассаларға:

– аэромассалар – (ауа массалары)

– фитомассалар (өсімдік массалары)

– зоомассалар (тірі ағзалар массалары)

– мортмассалар (өлі органикалық заттар массалары)

– литомассалар (тау жыныстыры массалары )

– педомассалары (топырақ денелері массалары) жатады.

Табиғи территориялық кешеннің вертикальды қимасында геомассалар ара қатынасын сипатталатын бір текті қабаттарды геогоризонттар деп атады. Олардың негізгілері: аэрогоризонт, аэрофитогоризонт, педогоризонт, литогоризонт т. б. Геомасса және геогоризонт ұғымдары элементарлық геожүйе-фацияға арналған, яғни ландшафттық алғашқы вертикальды байланыстарын зерттеуге арналған.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27