Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

биогеоценологиялық стационарлар ұйымдастырды.1947жылы КСРО ҒА ғылыми қызметкерлерінің «КСРО-ның табиғи-тарихи аудандары» ұжымдық еңбегі жарық көрді. 1955 жылы ландшафттану бойынша Бүкіл одақ кеңес Ленинградта ұйымдастырылды. 1961 жылы Ленинградта КСРО-ның ландшафттық картасын жасау басталды. (Масштаб 1:4000000).

1964 жылы бұл жұмыстардың нәтижесі туралы Лондондағы ХХ Гео­графиялық конгресте баяндама жасалды.

1962-1963 жылдары Ленинград және Москва университеттерінің бір­лесуімен ландшафттық картаға түсіру жөніндегі әдістемелік құрал жасалды.

Ал,1965 жылы ландшафттанудан тұңғыш оқу құралы жарық көрді.

Москва университетінде барлық құрылық ландшафттарын жүйелеу жөнінде үлкен жұмыс жүргізілді. Осының нәтижесі ретінде 1964 жылы – «Дүние жүзінің физикалық географиялық атласы» жарық көрді.

Шет елдерде ХХ ғ. 40-50 жж. ландшафттану туралы батыс герма­ниялық, австриялық, швейцариялық географтар көп еңбектер жазды.

Ландшафт экологиясы – 60-жылдарда Германияда жақсы қалып­тасты. Ол ауыл шаруашылығы мен гидромелиоративтік мақсаттарға сәйкес дамыды.

50 жылдардан бастап ландшафттық зерттеулер Польшада, одан кейінірек басқа елдерде дамыды.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Ағылшын тілді елдерде ландшафт туралы ілім оншама кең таралмаған. АҚШ-та, Австралия мен Канадада қолданбалы аумақтық зерттеулерде (ауыл шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру, орман ресурстарын, топырақты зерттеу) 40-жылдардан бастап ландшафттық түсірулерге ұқсас әдістемелер қолданылды.

Ландшафт дамуының қазіргі кезеңдері

Қазіргі кезең деп аталатын уақыт ХХ ғ. 60 жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты қамтиды. КСРО-да 50-60 жылдарда ландшафттық зерттеулер кең ауқымда жүргізілді.

Ландшафттану ғылымының алдына өмір жаңа мәселелер әкелді. Бұл –ғылыми техникалық прогреспен байланысты болды.

Осыған орай, ХХ ғ. 60 жылдардан бастап ғалымдар ландшафттың құрылымын, өмір сүруі мен динамикасын, оларға техногендік әсер туралы көбірек зерттей бастады.

1974 ж, Пермь қаласында өткен VІІ Бүкілодақтық ландшафттану кеңесінде ландшафт динамикасы туралы қаралды.

Ландшафттану ғылымына көп еңбек сіңірген (1905-1978) бұл жаңа бағытты құрылымдық динамикалық бағыт деп атады. КСРО ҒА Сібір бөлімшесінің география институтында ң басшылығымен алғашқы ландшафттық-географиялық стационарлар құрылды.

1958 жылы – Шығыс Забайкальеде, 1964-1967 жж. – Сібір тайгасында, Саянда, Минусинск қазаншұқырында стационарлық зерттеу жұмыстарын ұйым­дастырды.

1964 жылы КСРО ҒА – Курск стационарын ұйымдастырды.

Ландшафт геохимиясы бағыты 60 жылдардан бастап дамыды. Оның негізін салушылар , т. б. ғалымдар болды.
Табиғи территориялық кешендерге функциональдық динамикалық зерттеулер жүргізу үшін ландшафт геохимия­сының зерттеу әдістемелерінің маңызы зор.

Ландшафт геофизикасының негізін салушылардың бірі – .

Ландшафттанушылардың биотикалық және абиотикалық компоненттер арасындағы заттық-энергетикалық айналымға, ландшафттың биологиялық өнімділігіне қызығушылықтары күшейді.

Ландшафттық зерттеулерде жүйелік әдістеме кеңінен қолданылды. ландшафттану ғылымына «геожүйе» ұғымын енгізді.

Табиғи территориялық кешендер қасиеттеріне зерттеулер жасалды (бір­тұтастық, сатылық, ұйымдасушылық, құрылым, өмір сүру, жағдай, тұрақтылық; т. б.).

Кибернетикалық ұғымдар ландшафтты табиғи-территориялық кешендерді өзін-өзі реттей алатын жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік берді.

Ландшафттық-географиялық болжам жасау жұмыстарын (МГУ, ЛГУ, КСРО ҒА – Сібір бөлімшесінің география институты) кеңінен жүргізілді.

Ландшафттық зерттеу әдістемелері көбейді. Дәстүрлік әдістемелерге (далалық зерттеу әдісі, картаға түсіру) жаңа әдістемелер қосылды (мате­матикалық статистика, космостық түсіру, математикалық жобалау т. б.).

Қолданбалы ландшафттық зерттеулер аясы кеңейді. Бұрын негізгі қол­данылуы ауыл шаруашылығы болса, енді оған сәулеттік жобалау, ірі қалалар маңын тиімді пайдалану, курорттық аудандар ұйымдастыру, ландшафттық-рекреациялық зерттеулер, ландшафттық-инженерлік және ландшафттық-мелиорациялық зерттеу жұмыстары қосылды. Шығыс Германияда ланшафттық зерттеулер көп бағытта жүргізілді, олар:

– негізгі ұғымдар мен терминдерді жасау;

– табиғат кешендерге шаруашылық қызметтерінің әсерін зерттеу;

– ландшафттық әлуетке баға беру (ландшафт кешендерінің қоғамдық қа­жеттілікті өтеу қабілеті);

– ландшафтты тиімді пайдалану үшін шаралар ұйымдастыру бағыттарында жүргізілді.

Польшада жерді ландшафттық картаға түсіру мен аудандастыру жақсы дамыды.

Батыс Германияда ландшафттану бағыты экология, геоэкологиямен тығыз байланысты.

Бертранның еңбектерінде «ландшафт», «геожүйе», «ланд­шафт таксономиясы» мәселелері кең қарастырылған.

Басқа елдер де ландшафттануға көп қызығушылық таныта бастады (Нидерланды, Дания, Финляндия, Испания, Греция, Үндістан, Жапония, Канада, Бразилия).

Ландшафттану бойынша халықаралық бірлестіктер пайда болды.

Польшада (1966) физикалық-географиялық аудандастыру бойынша социалистік елдер симпозиумы өтті.

1974 жылы бесінші симпозиумда ландшафт экологиясы бойынша халықаралық ассоцияция құру идеясы пайда болды (JALE, 1981 жылы Нидерландыда бұл ассоцияциясының 1-ші конгресі өтті).

«Ландшафттарды қорғау» түсініктемелік сөздігі жасалды. (М., 1982, КСРО ҒА).

Сонымен, ландшафт туралы ілімнің негізгі идеялары халықаралық масштабта дамыды. Әр елдердің мамандары қазіргі кездің негізгі мәсе­лелерін шешу - адамзатты қоршаған ортанының жағдайын жақсартумен байланысты екендігін, ол үшін ландшафттық- географиялық теорияларға сүйену қажет екендігін біледі.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1.  ің ландшафттану ғылымына қосқан үлесі қандай?

2.  «Ландшафттық зона» терминін ғылымға енгізген кім?

3.  Алғашқы аудандастыру сызбасын жасаған қай ғалым?

4.  Ландшафт геохимиясы мен ландшафт геофизикасының негізін салушыларды ата.

5.  Шет елдерде ландшафттану ғылымы қалай дамыды?

Әдебиеттер

1.  введение в физичекую географию. Киев, «Знание», 2001.

2.  основы ландшафтоведения и физико-географическое районирование. М., Высшая школа, 1991.

3.  Гвоздецкий проблемы физичекой географии, М., Высшая школа, 1979.

4.  , Макаров ландшафтоведения в СССР. М., Высшая школа, 1988.

5.  Исченко географических идеи. М., Наука, 1971.

ЛАНДШАФТ ТҮЗУШІ ФАКТОРЛАР

Ландшафт белгілі бір зандылық бойынша әрекет ететін көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады, дамиды. Қалыпты жагдайда ландшафт құрайтын факторлардың әрекеті белгілі бір шеп бойымен қайталана береді де, ландшафтты құрайтын құрамдас бөліктер бірімен-бірі үйлесім тауып, динамикалык, тепе-тендік қалпын сақтайды. Кейде барлық факторлар: ауа ылғалдылығы, температуралық режим, жауын-шашынның жылдық мөлшері, топырақ құнарлылығы, т. б. орташа жылдық көрсеткіштерінен ауытқымаса да, ландшафт өзгерісінен төтенше құбылыс байқалып қалады. Мысалы, қайсыбір жылдары күтімге қарамастан жеміс бақтары өнім бермейді. Зерттеген кезде сол жылдары жемістер гүлдеп, тозаңданарда ауа райының қолайсыздығынан жәндіктер дер кезінде ұшпай қалып, гүлдеген жеміс бақтар ұрықтанбай өнімсіз өседі екен. Сондықтан да жәндіктердің ұрықтандырушы әрекеттері жемістердің өнім беруіндегі шешуші фактордың рөлін атқарады. Тағы бір айта кететін жайт – төтенше әрекеттесетін фактордың рөлі ландшафтының құрылымы күрделенген сайын жойыла береді. Мысалы, жазық жердегі аңызақ пен қара суыққа байланысты болатын жұт таулы жерде еш уақытта байқалмайды. Өйткені тау бедерінің кедір-бұдыры мен биіктігінің әр түрлілігі аңызақ желдің арынын, қара суықтың ызғарын басады. Тау беткейінде байқалатын температуралық және ылғал инверсиялары да ландшафт құрамдас бөліктерінің тепе-теңдік жағдайының сақталуына қолайлы әсер етеді. Ландшафтының түзілуі әр уақытта геологиялық-геоморфологиялық факторлардың әрекет етуінен басталады. Олардың сипаты азоналы болып келеді. Геологиялық-геоморфологиялық факторларға жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхит шараларына бөлшектенуі, жер беті жыныстарының құрамы, құрлық бетінің жасы, бедері, тау жоталарының биіктігі, беткейлерінің көрінісі, еңістігі т. б. жатады.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27