Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

2.  Фация дегеніміз не?

3.  Фациялық деңгейде қандай ландшафттық зерттеулер жүргізіледі?

4.  Фацияның қандай түрлері бар?

5.  Жергілікті жер, қоныс түсініктеріне анықтама бер.

Әдебиеттер:

1.  Исаченко негіздері. Алматы, Мектеп, 1996.

2.  Арманд о ландшафте. М., Мысль, 1975.

3.  Беручашвили измерения ландшафта. М., Наука, 1986.

ЛАНДШАФТ ГЕОХИМИЯСЫ МЕН ГЕОФИЗИКАСЫ

Геохимия ғылымы ХХ ғ. алғашқы жылдарынан бастап дамыды. Геохимия геология ғылымымен бірлесе дами отырып, мынандай салалар пайда болды: литосфера геохимиясы, шөгінді жыныстар геохимиясы, үгілу бетінің геохимиясы. Кейінірек оның құрамында гидросфераға және оның құрамдас бөліктеріне байланысты мынадай салалар қалыптасты: мұхиттар геохимиясы, жерасты сулар геохимиясы. Геохимия биосферада: биосфераның химиялық құрылымы, геохимиялық экология пәндері арқылы қолданылады. Биосфера гео­химиясымен ең көп айналысқан академик . 1926 жылы шыққан «Биосфера» туралы екі томдық еңбегінде биосферадағы тірі және өлі заттардың химиялық құрамы, химиялық элементтердің миграциясы туралы көп мәселелерді қарастырды. XX ғ. 20-30 жж. Геохимия ландшафтану ғылымына енді. Ландшафтану геохмиясының негізін қалаушылар – ,
, , . Геохимия ғылым ретінде химияның заңдарына сүйенеді.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Ол заңдар ландшафтыдағы механикалық, физикалық, химиялық заңдылық­тарын ашып, химиялық элементтерінің миграциясын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ландшафт геохимиясы геохимия ғылымының дамуына да өз үлесін қосты.

– Ландшафттағы химиялық элементтердің вертикальды миграциясының заңдылықтары ашылды.

– Ландшафттағы ең маңыздысы геохимиялық үдеріске сипаттама берді.

– Ландшафттағы химиялық элементтердің, су, биогендік миграцияларының заңдылықтары анықталды.

– Ландшафттың элементарлық түрлері анықталды. Мысалы: фация.

– Ландшафтты құрайтын жеке компоненттерінің арасындағы геохимиялық байланыстың жеке түрлерін анықтады.

Геохимияның ланшафттанумен бірігуі көптеген ғылыми теориялық мәселелердің шешілуіне көмектесті.

Академик ің тірі заттардың ландшафттағы жетекші рөлі туралы көзқарасы геохимиялық әдістер қолдану арқылы негізделді. Ландшафт геохимиясы күрделі ғылым. Ол геология, география, ландшафттану және жалпы химия ғылымдарының интеграциясының нәтижесінде құрылды.

Ландшафттық-геохимиялық зерттеу әдістемелерінің негізгі мазмұны мыналар:

– Элементарлы ландшафттардың негізгі компонентерінің химиялық құрамына талдау жасау (негізгі компоненттері: тау жыныстары, тропикалық өсімдіктер және жануарлар).

– Ландшафтты құрайтын элементтердің тік немесе вертикальды гео­химиялық қималарын салыстыру. Ландшафттың геохимиялық зерттеу әдістеме­лері көптеген ғалымдардың еңбектерінде қолданылды. Олар: ,
, , және т. б. Геохимиялық зерттеу әдістемелері көптеген ғылым салаларында қолданылады: минерология, гидрология, геология ғылымдарының зерттеу жұмыстарында. Көптеген талдау­лардың нәтижелері есептеу математикасының жоспарлау әдістемесін жоба­лаудың әдіс тәсілдерін қолданды. Ландшафтының геохимиялық зерттеу жұмыс­тары мақсаты мен бағытына байланысты әр түрлі мазмұнда жүргізілді. Мысалы: пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары, адамдар мен жануарлардағы эндимикті аурулардың себептерін іздеу. Милиоративтік санитарлық курорттық т. б.

Ландшафттық геохимиялық зерттеудің бірнеше түрлері, бағыттары:

– Ұйымдастыру кезеңі.

– Ландшафттық геохимиялық қима жасау және материал жинау.

– Химияның спектральдық минералогиялық, т. б. зерттеу жұмыстары.

– Далалық және лабороториялық жұмыстардың математикасын өң­деу және зерттеу аумағының ландшафттық геохимиясының картасын түсіру.

Ландшафт географиялық қабықты түзетін заттардан пайда болағандықтан, олардың құрамындағы химиялық элементтер литосферадан, атмосферадан, гидросферадан және биосферадан жинақталады.

Ландшафттағы химиялық элементтер негізгі және қосалқы элемент­тер болып бөлінеді.

Негізгілері: оттегі, кремний, алюминий, темір, кальций, натрий, калий, марганец, көміртегі, сутегі, азот, күкірт, фосфор, хлор элементтері.

Менделеев кестесіндегі қалған элементтер қосалқы элементтер болып табылады.

Ландшафттағы химиялық элементтер белсенділігіне байланысты екі топқа бөлінеді.

1-белсенді түрде (тез) орын ауыстыратын элементтер (Ca, Na, Mg, Al, Fe, P, S, Cl, K, Mn, Zn, Co, Ni, Va, O, H, C, N т. б.).

2-орын ауыстыру белсенділігі төмен элементтер: цирконий, рутений, радий, тантал, торий, платина, литий, ниобий т. б.

Ландшафттағы химиялық элементтердің орын ауыстыруы көптеген фактор­ларға байланысты.

Олар: 1) элементтің химиялық қасиеті (оның химиялық реакцияларға түсіп, тұз, қышқыл, оксид түзуі); 2) химиялық таралуы (географиялық ортаға байланыстылығы); 3) қандай заттың құрамында болатындығы (шақпақ тасты жыныстардың кристалдық торы берік болғандықтан, ондағы химиялық элемент баяу, немесе нашар орын ауыстырады).

Ландшафттағы химиялық элементтердің орын ауыстыруы мына жолдармен жүреді:

– механикалық;

– биологиялық;

– ауа;

– су арқылы.

– Механикалық орын ауыстыру ағын су, жел, мұздық, жанартау, гейзер арқылы жүзеге асырылады.

Жер беті ландшафттарын түзетін химиялық элементтер үздіксіз механика­лық орын ауыстырады, олардың қарқыны: тау жыныстарының литосфералық, минералдық құрамына, үгілгіштігіне, шайылғыштығына байланысты болады.

– Биогендік орын ауыстыру екі түрлі процестің нәтижесінде жүреді:
1) фотосинтез; 2) хемосинтез.

Жоғарғы сатыдағы жас өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездік бактериялардың күн энергиясын сіңіріп, су және минералдық заттардың көмегімен күрделі органикалық заттар түзуін фотосинтез процесі деп атайды.

CO2+H2O=C(H2O)+O2+120 ккал/моль.

Микроорганизмдердің тотығу барысында бөлінген энергияны пайдаланып, көмірқышқыл газынан, судан, минералды заттардан органикалық заттар түзуін хемосинтез деп атайды.

Биологиялық зат айналымының барысында ландшафт жаңарып, жетіледі. Биологиялық әдіс айналымының қарқыны ландшафттағы жетімсіз және артық элементтерге байланысты болады.

Жетімсіз элементтер: O, N, P, K, Ca, Mg, Cu, Co, J, F, Mo, Zn, Mn т. б.

Артық элементтер: Cl, S, Na, Cu, Ni, Fe, F т. б.

– Ландшафтты қоршаған ауада орын ауыстыратындарға: O, H, C, N, J кіреді, бұлармен бірге ауаға түрліше жолдармен HCO3, SO4, Cl, Ca, Mg, Na кіреді.

– Сумен химиялық элементтердіңорын ауыстыруы – олардың ерігіштігіне байланысты.

Тез еритін элементтер: S, Cl. Гипс, мирабилит, ас тұзы тез ериді (ылғалды климаттық белдеулерге S пен Cl жетімсіз болады).

Орташа еритіндерге: Ca, Mg, Na, F жатады.

Суда нашар еритін элементтерге: Si, K, P жатады.

Әр түрлі ландшафт типтерінде белгілі бір химиялық элементтер жинақ­талады: оларды типоморфты химиялық элементтері деп атайды. Мысалы: шөл, шөлейт: Cl, S, Na; орман зонасы: Ca, Al, Fe; тундра: H, Al, Fe.

Ландшафт геофизикасы табиғи территориялық кешендерге тән үрдістер мен құбылыстардың жалпы физикалық қасиеттерін зерттейтін ландшафттанудың бөлімі. Ландшафт геофизикасының зерттеу пәні табиғи территориялық кешендердің жалпы физикалық қасиеттері, үрдістер мен құбылыстар, олардың элементарлық бөлшектері және кеңістік пен уақыт бойынша өзгеретін басқа да құрылымдар.

Ландшафт геофизикасының негізгі міндеттері: 1. Табиғи территория­лық кешендердегі құбылыстар мен үрдістердің ерекшеліктері мен заңдылықтарын зерттеу. 2. Табиғи территориялық кешендердің өзара байланысын зерттеу.

Ландшафт геофизикасының тәжірибелік мәні: ресурстық геомас­саларды зерттеу және анықтау. Ресурстық геомассаларға фитомасса, зоомасса, ылғал­дылық жатады.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27