Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Ландшафттанудың негізін салушылардың бірі ландшафтқа мынадай анықтама береді: “Ландшафт – зоналық және азоналық белгілері бойынша бөлінбейтін, біртекті геологиялық фундаментпен, жер бедерінің біркелкілігімен, ортақ климаттық жағдайымен, гидротермиялық жағдайларының, топырақ, биоценоз т. б. компоненттерінің біркелкі үйлесімімен сипатталатын генетикалық жағынан біртұтас жүйе (География және қазіргі уақыт. Л., 1982, 39 б.).
“Ландшафт” терминінің, аймақтық типологиялық, жалпы деп аталатын үш сипаттамасы бар.
Аймақтық сипаттамасы бойынша ландшафт географиялық картада нақты атауы мен географиялық орыны бар қайталанбайтын, нақты географиялық кешен болып саналады. Бұл көзқарасты , ,
, , және т. б. қолдайды. Ландшафттарды зерттеудегі аймақтық тәсіл ландшафттанудың ландшафт морфологиясы, ландшафт динамикасы, ландшафттық картаға түсіру әдістемесі, ландшафт систематикасы, қолданбалы ландшафттану сияқты көптеген салаларының дамуына әсерін тигізді.
Типологиялық сипаттама бойынша (, , В. А. Дементьев) – ландшафт табиғи-территориялық кешеннің типі немесе түрі болып саналады. Типологиялық әдістеме ТТК-ларды орта және ұсақ карталарға түсіруде қолданылады.
“Ландшафт” терминінің жалпы анықтамасы пен ковтың еңбектерінде кездеседі. Олар ландшафт синонимі ретінде табиғи территориялық кешенді қарастырады. Мысалы: Алтай таулары ландшафттары, Кавказ ландшафттары т. б. Мұндай көзқарас ғылыми географиялық әдебиеттерде кеңінен қолданылады.
Табиғи-территориялық кешендер күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырылады. Олардың элементтеріне табиғи компоненттер және төменгі дәрежедегі ТТК-лар жатады.
Ландшафт – күрделі табиғи - территориялық кешен, оны мынандай жағдайлар сипаттайды: 1) табиғи компоненттерінің болуы; 2) ұсақ ТТК-лардан құралуы;
3) табиғи компоненттер мен ТТК-лар арасындағы байланыстар жүйесінің болуы. Табиғи компоненттер мен ТТК-лардың ландшафт аумағындағы орналасуы мен тәртібі оның құрылымы деп аталады. Ландшафттың вертикальды және горизонтальды құрылымы болады. Оның құрылымы компоненттер мен (вертикальды) ұсағырақ ТТК-лар (горизонтальды) арасындағы өзара байланыстар жиынтығы ретінде қарастырады. Тұрақты байланыстар ландшафттың біртұтастығы мен бірлігін қамтамасыз етеді. Ландшафт құрылымы мен құрамы үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Әрбір ландшафттың тік қимасында географиялық қабықтың барлық сфералары – литосфера, атмосфера және гидросфера, биосфера көрсетілген. Бұл сфералар фрагменттерін табиғат компонеттері деп атайды. литосфера компонентін – жер қыртысы, гидросфераның – су, биосфераның – өсімдік пен жануарлар деп есептейді. Литосфера, атмосфера және гидросфера компоненттерін көп жағдайда геома деп, ал биосфераны – биота деп атайды.
Табиғат компоненттерін элементтер құрайды. Мысалы, жер қыртысының элементтеріне – геологиялық құрылым, тау жыныстарының литологиялық құрамы, тектоникалық жағдай, жер бедері; атмосфера элементтеріне – ауа массалары, атмосфералық циркуляция, климат; өсімдік элементтеріне өсімдік формациялары, қабаттылық жатады. Ландшафт элементтері жеке сфералардың өзара байланысы мен дамуы нәтижесінде қалыптасады.
Ландшафт қалыптасатын негізді геологиялық фундамент құрайды. Платформа фундаменті тереңге майысқан аймақтарда оны құрайтын тау жыныстары ландшафтқа үлкен әсер ете қоймайды. Шөгінді қабаттардың ежелгі тереңде орналасқан бөліктерінің де әсері аз. Ландшафтқа ең көп әсерін тигізетін төрттік кезеңнің тау жыныстары.
Ландшафт аумағында геологиялық жыныстар салыстырмалы түрде алғанда генетикалық біртектілігімен және литологиясының біркелкілігімен сипатталады.
Жер бедері литосфераның геологиялық жыныстарымен тығыз байланысты сипаты болып табылады. Жер бедері күрделі болған сайын, ландшафт аумағында қоныстар мен фацияларды көбірек бөлуге болады. Ландшафтты бөлуде жер бедерінің генетикалық типі ең басты рөл атқарады.
Ландшафт дамуында климаттың маңызы зор. Кез келген аумақтың климаттық ерекшеліктері көптеген көрсеткіштерден – күн радиациясынан, ауаның температурасы мен ылғалдылығынан, атмосфералық жауын-шашын мөлшерінен, желдің бағыты мен жылдамдығынан құралады.
Метеорологиялық станциялар тұрақты тіркеп отыратын көрсеткіштер мезоклиматты (жергілікті климатты) құрайды.
Табиғи-территориялық кешендердің қалыптасуында судың рөлі зор. Жер асты суларының орналасу тереңдігі фациялар сипатына әсер етеді.
Өзендер мен көлдер де ландшафттардың қалыптасуы мен сыртқы бейнесіне үлкен әсерін тигізеді. Көлдер ландшафттағы табиғи процестердің сипаты мен бағытына әсер етсе, өзендер ерекше өзен бойы ландшафттарының (жайылмалар мен террасалардың) қалыптасуына жағдай жасайды.
Топырақ қабаты ТТК-ның басты элементі болып саналады. Топырақтың бір түрі ғана тән болып келетін фацияның топырақ жамылғысы біркелкі, қарапайым болып келеді.
Фациялардан өзге ТТК-лардың барлығына топырақ жамылғысының кешенділігі тән болып келеді. Мысалы, ландшафт аумағында топырақтың 2-3 типі мен 7-8 түрін бөлуге болады.
Өсімдік биосфера элементі ретінде ландшафт биотасы құрамына еніп, оның қызметін реттеуге маңызды рөл атқарады.
Өсімдік жамылғысының ең қарапайым топтары – өсімдік ассоциациялары фацияларға тән болып келеді. Қоныстарда бірнеше өсімдік ассоциацияларының жиынтығы кездеседі. Ландшафт өсімдік жамылғысын формациялар құрайды. Әдетте ландшафт аумағында 3-4 формация болады. Аумақтың зоналық ерекшеліктеріне байланысты ландшафттар аумағындағы формациялар үйлесімділігі де өзгеріп отырады.
Жануарлар дүниесі – қозғалғыш компонент, дегенмен, ТТК-ның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарына бағынады. Жануарлардың таралуы ТТК-дағы өсімдік ресурстары мен биологиялық өнімділікпен тығыз байланысты. Өсімдіктер түрі біркелкі болып келетін фациялар аумағында жануарлар мен микроағзалар өзара байланыстағы биоценоз құрайды. Қоныстар мен ландшафттарда биоценоздардың сандық және сапалық құрамы мен олардың байланысы қоршаған орта жағдайына байланысты күрделене түседі. Әр алуан ландшафттардағы жануарлар дүниесінің түрлік құрамы мен саны әр түрлі болып келеді. ТТК компоненттерінің өзара байланысы туралы мәселені нақты түрде қарастырған . Ол өз еңбектерінде қабаты мен басқа компоненттер арасында тығыз байланыс бар екендігін ашып көрсетті. Бұл идеяның одан кейінгі дамуы ің, ің, шет елдік географ-ғалымдардан
Я. Демектің еңбектерінде жазылады.
Табиғи компоненттер абиогендік және биогендік болып бөлінеді. Абиогендік (бейорганикалық) компоненттерге – геологиялық жыныстар, жер бедері, ауа, су жатса, ал биогендік (органикалық) компоненттерге өсімдік пен жануарлар дүниесін жатқызуға болады. Ал топырақ – барлық компоненттердің өзара әрекетінен пайда болады.
ЛАНДШАФТТАНУ ТАРИХЫ
ХІХ ғасырдың аяғында география тарихында күрделі кезең басталды. Табиғи қорларды (минералдық, су, орман, жер т. б.) зерттеудегі мамандану жаңа салалардың пайда болуына әкелді (климатология, топырақтану, биогеография, геоморфология т. б.). Ал нағыз географтар немен айналысу керек деген мәселе өткір пікір-талас тудырды. Неміс ғалымы А. Геттнер (1859-1941) хорологиялық концепцияны ұсынды. Хорологиялық концепция бойынша, география ғылымы табиғи аумақтарды сипаттаумен ғана айналысатын ғылым болуы тиіс. Ал кейбір географтар қоршаған ортаның мәдениетке, қоғам тарихына, саясатқа әсерін зерттеулері керек деген пікір айтты (К. Риттер және т. б.).
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 |


