Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

1. Ыстық (орташа жылдық температурасы 20◦C жоғары)

2. Екі қоңыржай (ең жылы айдың температурасы 20◦C -10◦C)

3. Екі суық (ең жылы айдың температурасы 10◦C тан төмен)

4. Циркуляциясының зоналылығымен ылғал айналымы тығыз байланысты. Ол жауын-шашынның таралуы арқылы көрінеді.

2-сурет – Жердің жылу белдеулері

Оның үш максимумы (экваторлық, 2 қоңыржай), 4 минимумы (2 тропиктік және 2 полярлық) бар.

Жауын-шашынның мөлшері табиғи процестер мен ландшафттың ылғалмен қамтамасыз етілуін толық көрсете алмайды. Дала зонасында 500-600 мм жауын-шашынның жеткіліксіз деп табылса, тундрада 400 мм. жауын-шашын артық болып есептеледі. Бұл жерде булану деген теория­лық ұғым бар. Бұл көрсеткішті ең алғаш рет енгізген . Кейінірек Ленинград климатологы
ылғалдану коэффициенті көрсеткішін ұсынды.

К= жш/б; мұнда к – ылғалдану коэффициенті жш – жылдық жауын шашын мөлшері, б – булану мөлшері. 1905 жылы ол бұл көрсеткішті Еуропалық Ресейдің зоналарын сипаттауда қолданды. Әр зонада оның мәні әр түрлі болып келеді:

– тайга мен тундрада – к 1-ден артық;

– орманды далада 1-0,6

– дала зонасында – 0,6-0,3

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

– шөлейт зонада – 0,3-0,12\

– шөл зонасында – 0,12-ден төмен.

– к=1болғанда – ылғалдану жеткілікті, түскен жауын-шашынның барлығы толық буланып, «пайдалы» жұмыс жасайды.

– к-1-ге таяу – өсімдік қабатының өнімділігі жоғары.

– к 1 – ылғалдану жеткіліксіз, әдетте орман өсімдіктері болмайды. Биология­лық өнімділік төмен, топырақ тұзданған.

К 1 – ылғалдану жоғары, батпақтану үрдісі байқалады.

пен зоналылықтың периодтық заңдылығын жер бетінің радиациялық балансы мен жауын шашынның жылдық мөлшерін байланыстыра отырып, құрғақшылық индексін есептеп шығару арқылы құрас­тырды. пен формуласы бойынша құрғақшылық индексі К=R/L қатынасы арқылы анықталады, мұнда: R – радиациялық баланс; L – ішкі жылу булануға бөлінетін жылу мөлшері.

Физикалық мәні бойынша құрғақшылықтың радиациялық индексі Высоцкий мен Григорьевтің ылғалдану коэффициентіне жуық.

2. Азоналылық, секторлық және ландшафттық зоналар жүйесі.

ің өзі табиғат зоналарын параллельдер мен шектел­ген тұтас жолақ түрінде ғана болады деп ойлаған емес.

Өйткені, табиғат математика емес, зоналылық дегеніміз тек сызба – нұсқа немесе заң ғана. Ландшафттық зоналарды одан әрі зерттеу барысында оның кейбір ерекшеліктері ашылды:

– кей зоналар материктің шеткі бөліктерінде (мысалы, жалпақ жапырақты ормандар зонасы) орналасқан;

– кейбіреулері, керісінше, ортада (шөлдер, далалар) орналасқан.

– кей жерде зоналар меридиан бойымен (Солтүстік Американың орталық бөлігіндегі дала зонасы)

– таулы аймақтарда ендік зоналылық мүлдем болмайды.

Осы аталған фактілер 30 жылдары географтарды тығырыққа тіреп, олардың кейбіреулері зоналылық тіпті де жалпы географиялық заңдылық емес, тек жекелеген жазық жерлердегі сирек жағдайлар деп есептеді.

Шындығында зоналылық заңдылығын мүлдем теріске шығаруға бол­майды, тек ол жер бетінің әр бөліктерінде әртүрлі байқалады. Белгілі бір атмосфералық қысым жағдайында су 100 градуста қайнайды, атмосфералық қысымды сәл өзгертсең, ол заңдылық өзгеріп шыға келеді. Сонымен, табиғатта бірнеше заңдар бар, зоналылық соның бірі ғана. Тек ол арқылы бүкіл физикалық-географиялық дифференциацияның табиға­тын түсіндіруге болмайды. Жердің ішкі энергиясы мен тектоникалық жағдайына байланысты болып келетін азоналылық заңдылығы да бар.

Ол – жер бетінің құрлықтар мен мұхиттарға бөлінуіне байланысты.

Жер бетінің 71%-ын – Дүниежүзілік мұхит, 29%-ын – құрлықтар алып жатыр, ал солтүстік жарты шардың құрлық 39%-ын, оңтүстік жарты шардың 19%-ын ғана алып жатыр (Полярлық асимметрия заңдылығы).

Сондықтан, ландшафттық зоналар солтүстік жарты шарда көбірек дамыған.

Азоналылықтың сонымен қатар қосымша факторлары да бар:

1. Құрлық және су бетінің физикалық қасиеттерінің әркелкі болуы (жылу сиымдылығы мен шағылыстыру қабілеттерінің бірдей болмауы).

2. Құрылық пен мұхит үстіндегі массаларының әркелкілігі (континент­тік, теңіздік).

3. Мұхит ағыстары. (Суық ағыстар су температурасын төмендетіп қана қоймай, климаттың құрғақ болуына әсер етеді) (Перуан, Бенгель, Калифорния ағыстары).

4. Қысым орталықтарының ауысуы. Қыста Берген қаласындағы қаңтардың орташа температурасы 0 градус болса, Магаданда – 40 градусты көрсетеді. Бұған әсер ететін Азиялық бөліктегі Сібір антициклоны екендігі белгілі. Жазда орталық Якутияда Скандинавия жағалауына қарағанда 4-5 градусқа жылы. Өйткені Сібір антициклоны жазда өз әсерін жоғалтады.

Осыдан барып климаттың континенттілігі деген ұғым туады.

1959 жылы континенттілік формуласын есептеп шығарды:

к=Аж+Ат+0,25Д0 / 0,36j+14*100 мұнда:

к – континенттілік мөлшері (%);

Аж – температурасының жылдық амплитудасы;

Ат – температурасының тәуліктік амплитудасы;

Д0 – ең құрғақ айдағы ның салыстырмалы ылғалдығының жетімсіздігі.

j – географиялық пунктің ендігі

Материктердің ішкі бөліктеріне қарай ауа массалары ылғалдылығын жоғалтады.

Тайга зонасында мұхит маңы мен континент ішілік ландшафттар әртүрлі ылғал алады, тропиктік, субтропиктік белдеулерде де солай.

Мұхиттан ылғал мен жылудан басқа әртүрлі тұздар келіп түседі.
импульверизация деп атайтын бұл процесс көптеген аридты облыстардың тұздануына әкеліп соғады.

Мұхиттан құрлық ішіне қарай өсімдік, топырақ және жануарлар дүниесі де өзгеретіндігі бұрыннан белгілі жағдай. Оны 1921 жылы меридиандық зоналылық деп атады, ондағы негізгі фактор – ылғалдылық. Меридиандық зоналық қазіргі уақытта секторлық деген терминмен аталады.

материктерді үш секторға бөледі: батыс, орталық және шығыс Секторлық Еуразия материгінде анық байқалады. (Ол батыстан шығысқа қарай 16000 километрге созылып жатыр). Батыстағы тұрақты мұхиттық ағынына, Шығыс Сібір мен Орталық Азиядағы континенттік ауаның басымдылығына және материктің шығысындағы муссондық циркуляцияға байланысты үш түрлі бойлық секторлары анық байқалады.

Оның ең аз байқалатын жерлері – полярлық және экваторлық аймақтар. Ал ең көп байқалатын аймақтары – қоңыржай, тропиктік және суб­тропиктік белдеулер ландшафттарында. Сонымен, секторлық пен ендік зоналылықтың қиылысуы ландшафттық зоналар жүйесін тудырады.

Ландшафттық зоналар жүйесі дегеніміз – белгілі бір құрлық секторының аумағына тән ландшафттық зоналардың қатары. Олар континенттік және мұхиттық болып бөлінеді.

Континенттікке тән зоналар: шөл, шөлейт, дала зоналары.

Ал мұхиттық секторға – әртүрлі белдеулердегі орман ландшафттары сәйкес келеді. Сонымен қатар, батыс және шығыс мұхиттық секторлардың өз айырмашылықтары бар. Батыс секторға қарағанда шығыс сектор біркелкі әрі мол ылғалданған болып келеді.

Зоналық секторлар ерекшеліктері әр түрлі физикалық-географиялық көрсеткіштерден байқалады (булану, фитомасса, биологиялық өнімділік т. б.). Аталған үш ландшафттық зоналар жүйесі біріне-бірі біртіндеп, зоналардың сыналап кіруімен сипат алады.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1.  Ендік зоналылық дегеніміз не?

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27