Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Ландшафт өмір сүруі көптеген элементарлық процестерден құрала­ды: Мысалы: жаңбыр жаууы, судағы газдың еруі, топырақ ерітіндісінің капиллярлар бойымен көтерілуі, булану, фитосинтез, микроорганизмдердің органикалық массаны ыдыратуы т. б.

Барлық элементарлық процестер синтезі ландшафттың өмір сүруін қалыптастырады.

Әрбір элементарлық процесстің өзіндік физикалық, химиялық, биология­лық, т. б. сипаты бар.

Мысалы: ағыстың физикалық сипаты – судың ауырлық күшінің әсерімен қозғалысы. Оның сонымен бірге гидрологиялық, геоморфоло­гиялық, геохимиялық сипаттары да бар.

Геожүйе компоненттерінің өзара әсер ету механизміндегі негізгі құрамдас бөліктер: ылғал айналымы, минералдық айналымы немесе геохимиялық айналым, масса айналымы. Ландшафттағы ылғал айналымы.

Су ағыстарының күрделі жүйесі ландшафт бойындағы қан жүргізетін тамырлар тәрізді.

Ылғал ағыны арқылы:

– ландшафт блоктары арасындағы минерал алмасуы;

– ерітінділер мен коллоидтердің пайда болуы;

– химиялық элементтердің тасымалдануы мен аккумуляциясы;

– химиялық және биохимиялық процестердің жүруінің жүзеге асырылады.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Ландшафттағы ылғал қорын жауын-шашын, су буының конденсациялануы құрайды.

Ылғалдылықтың шамасы мен құрылымы әр түрлі ландшафттар үшін бөлек болады және энергия мен қамтамасыз етілуге және мөлшеріне, зоналық және азоналық заңдылықтарға байланысты.

Ағыс жиынтығының шамасы – ылғал ағыны шығуының көрсеткіші болып саналады.

Ылғал мөлшерінің шамасы экваторлық, муссондық тропиктер мен суб­тропиктерде жоғары, ал ішкі континент аралық облыстар мен пассаттық циркуляция басым тропиктік аймақтарда төмен болып келеді.

Ішкі ландшафттық ылғал айналымында биота, немесе орман ландшафттары үлкен рөл атқарады. Ағаштардың бұтақтары мен бастары жылдық жауын-шашынның 20 % өзіне сіңіріп алады (қарағай – 140-150 мм, шыршалы ормандар – 200-230 мм, экваторлық ормандар 500 мм-ге дейін).

Дегенмен, биологиялық ылғал айналымының басты бөлігі – транспирация.

Топырақтағы ылғалдың негізгі массасы өсімдіктер арқылы транспирация­ланады. Атмосферадағы ең көп ылғал шығаратын экваторлық орман, жалпақ жапырақты суббореальдық орман екі еседей аз, ал суық климатта транспирация күрт азаяды.

Өсімдік қабаты қалың ландшафттарда транспирация физикалық буланудан едәуір жоғары, сондықтан, ылғалдың басым бөлігі атмосфераға транспирациия арқылы шағарылады. Тек экваторлық ылғалды ормандар арқылы жер бетінен буланатын ылғалдың 62 %-ы атмосфераға шығарылады. Егер ағаштың сіңіріп алатын ылғалын да есептейтін болсақ, биота, тұтасымен алғанда, атмосфера мен жер беті геожүйелер арасындағы ылғал айналымының 70-80 % қамтамасыз етеді.

Биогендік зат айналымы.

Биогеохимиялық цикл немесе «кіші биологиялық айналым» – геожүйе өмір сүруінің негізгі бөліктерінің бірі.

Оның негізін – өнімділік процесі, яғни продуценттер (жасыл өсімдіктер) арқылы органикалық заттардың жасалуы құрайды.

Фотосинтез кезінде жасалатын органикалық заттардың жартысына жуығы CO2 тотығып, атмосфераға қайтады. Қалған фитомасса таза алғашқы өнім болып саналады. Оның бір бөлігі трофикалық тізбекке түседі (фитофагтар арқылы).

Бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткенде биомасса 2-3 деңгейге азаяды.

Ландшафт өмір сүруіндегі биогендік тізбектің басты көрсеткіштері:

– фитомасса қоры мен жылдық алғашқы өнім массасы;

– қураған және аккумуляцияланған өлі органикалық заттар мөлшері.

Биогендік айналым белсенділігі алғашқы таза өнім мөлшерінің фитомасса қорына қатынасы мен анықталады, немесе тірі фитомасса­ның өлі органикалық заттарға қатынасы арқылы.

Биота өнімділігі географиялық факторлармен қатар, түрлердің биологиялық ерекшеліктерімен де анықталады. Фитомасса қорының көп мөлшерін орман береді, оның ішінде ең өнімдісі – мәңгі жасыл секвоя ормандары. Ал, жалпы заңдылық бойынша, жылу мен ылғал арақатынасы үлкен рөл атқарады. Бұл жерде секторлық, биіктік белдеулік, зоналылық анық байқалады.

Ландшафт өнімінің көп бөлігі жыл сайын тіршілігін тоқтатып, бұзылуға ұшырайды. Органикалық массаның бұзылу жылдамдығы күн жылуының артуы­мен байланысты. Жылуға байланысты органикалық заттардың негізгі бөлігі топырақ гумусына айналады.

Кесте – Өсімдік жамылғысының ылғалдану дәрежесіне байланыстылығы ( бойынша)

Шалғынды қара топырақты далада оның қоры 600-1000 т/га, жасыл жапырақты орман топырағында 300 т/га, тайгада 100 т/га, тундрада 70 т/га.

Өлі органикалық заттармен биомасса қоры өсімдік ағзасындағы негізгі қоректік зат болып саналады және биота тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Биологиялық айналымның ең төменгі деңгейі – полярлық және тундралық ландшафттарға сәйкес келеді.

Зоналылыққа байланысты биогендік химиялық элементтердің жұм­салуы әртүрлі.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1.  Геомассалар дегеніміз не, олардың түрлері қандай?

2.  Ландшафт өмір сүруін қалай түсінеміз?

3.  Ландшафт динамикасын зерттеудің кезеңдерін ата.

4.  Ландшафт динамикасының түрлерін ата.

5.  Ландшафттың қалпына келетін өзгерістері қандай?

6.  Брикнер циклі дегеніміз не?

7.  Консервативті, реликтілі, прогресті және регресті ландшафт дамуы түрлері.

Әдебиеттер

1.  Мамай ландшафтов, М., Изд. МГУ, 1992.

2.  Базилевич О. С. и др. Географическое закономерности структуры и функционирование экосистем. М., Наука, 1986.

3.  Солнцев организация ландшафтов. М., Прогресс, 1991.

4.  Молдағұлов Н. Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафт географиясы. Алматы, Рауан, 1994.

АНТРОПОГЕНДІК ЛАНДШАФТТАНУ

Адамзат пен оны қоршаған табиғи орта арасындағы байланыс туралы мәселе географияда үнемі қарастырылып келеді. Антикалық кезеңнің ірі географтары адамзат қоғамы және адамдардың шаруашылық қызметі көп жағдайда аумақтық климаттық ерекшеліктеріне байланысты екендіктерін айтқан болатын. Қайта өрлеу дәуірінде бұл идеялар одан әрі дамыды. Француз ғалымы Ж. Боден Жер бетіндегі халықтар ерекшелі­гінің климат, жер бедері, топырақ құнарлылығы сияқты факторларға байланыстылығына талдау жасаған болатын. XIX ғ. бұл көзқарастарды Ф. Ратцель толықтырды, осылай географиядағы антропоцентрлік бағыт қалыптасқан еді. Ратцельдің мемлекетті белгілі бір аумақты қажет ететін ағза ретінде қарастыруы географиядағы геосаяси көзқарастардың қалыптасуына әсер етті.

Сонымен қатар, XIX ғ. табиғат пен қоғам арасындағы байланыс туралы жаңа көзқарас пайда болды. 1844 ж. К. Маркс “Неміс идеологиясы” еңбегінде адамзат пен табиғат арасындағы тығыз байланыс туралы өз көзқарасын білдірді. Оның идеяларына Ф. Энгельс өзінің “Табиғат диалектикасы” атты еңбегінде қолдау білдірді.

Табиғат пен адам арасындағы байланыс туралы орыс ғалымдарының географиялық зерттеулерінің ішінде ің, ң еңбектерін атап көрсетуге болады. Олардың ғылыми жұмыс­тарында топырақтың, климаттың, жер бедері мен өсімдік жамылғысының адамзат қызметінің нәтижесінде өзгеріске түсуіне терең талдаулар жасалған.

1915 жылы “Географияның пәні мен міндеттері” еңбегінде тек адам аяғы баспаған ландшафттарды ғана табиғи ландшафттар деп атауға болады деді.

30 жылдарда географияда “мәдени ландшафт” ұғымы кең тарады.

Мәдени ландшафт идеялары О. Шлютердің, ің еңбектерінде қарастырылады. ің “Жерді кешенді топырақ – ботаникалық зерттеуге кіріспе” атты еңбегі антропогендік ландшафт морфологиясы туралы тұңғыш еңбек болды.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27