Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Адам әрекеті ландшафтыны құрайтын құрамдас бөліктердің бәріне бірдей әсер етпейді. Антропогендік факторлар ландшафтының геологиялық негізін, жер бедерін, климаттың басты элементтерін түбірлі өзгерте алмайды.

Адам әрекетіне байланысты, негізінен, ландшафтының өзен жүйесі, жылу және ылғал балансы, топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өзгереді. Бірақ адам әрекеті тоқталысымен, ландшафт табиғи жағдайын қалпына келтіруге тырысады. Бұдан антропогенді жолмен қалыптасқан туындылы ландшафтының да территориялық табиғат кешендер қатарына жататындығын түсіну қиын емес.

Антропогенді фактор нәтижесінде жаңа сипатқа ие болатын ландшафт құрамдас бөліктерінің тұрақтануы ортаның экологиялық жағдайынан үйлесім тапқанда ғана байқалады. Олардың құрамдас бөліктер тізбегінен орын алуы тарихи жағдайлармен ландшафтының өздігінен даму ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Құбылыстар мен процестерге жер бетінің жыралануын, топырақ жамылғысының шайылуын, құм шағылдардың көшпелі құм жондарына айналуын, т. б. жатқызуға болады. Жанама әсер ететін адам әрекеті негізінен ландшафт құрамдас бөлікті байланыстарын бұзады. Олар алғашқыда көзге көрінбейтін табиғат құбылыстарын қоздырады да, ұзақ уақыттардан кейін ғана нәтиже береді. Көпшілік жағдайда ландшафтының қалпына келмейтін өзгерісін тудырады.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Антропогенді ландшафтысы табиғи ортамен үйлеспейтін географиялық кешендер қатарына жатады. Олардың зат айналымына қатыспайтын қалдықтар­дан тазаруы, түлеп жетуі тек қана адам әрекетіне байланысты болады, өздігінен қалпына келе алмайды. Табиғи жолмен ұдайы дамып күрделене беретін географиялық кешендерге қарағанда, антропогенді ландшафтының жас шағын болмысынан айқын ажыратуға болады.

Антропогенді ландшафтының қандай түрін болсын ұдайы жаңғыртып отырмаса, бірте-бірте жойылып кетеді. Мәселен, республикамыздағы өткен ғасырларда гүлденіп көркейген Отырар, Сығанақ сияқты оазис­терді атауға болады. Олар моңғол шапқыншылығына байланысты жер­мен жексен болып кеткен. Демек, жоқтан бар жасау қиын да, бардан жоқ жасау оңай. Сондықтан ел игілігіне жұмсалып отырған егін жайлардың, саялы демалыс орындарының даму жолдарын ұдайы зерттеп, ерекшеліктерін танып-біліп, оларды аздыратын табиғат құбылыстарына қарсы шара қолдану бүгінгі таңдағы ғылыми-практикалық мәселелер қатарына қойылып отыр.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1.  Геологиялық – геоморфологиялық факторға не жатады?

2.  Тау беткейлерінің тосқауылдық әсері деген не?

3.  Аэротермикалық градиент деген не?

4.  бойынша жер бетінің биіктік белдеулігі қалай жіктеледі?

5.  Географилық зоналардың периодты заңдылығын түсіндір.

6.  Биотикалық факторлар ландшафт тұзілуіне қалай әсер етеді?

Әдебиеттер

1.  наука о ландшафте. М., Мысль, 1975.

2.  Марцинкевич ландшафтоведения. Минск, Высшая школа, 1986.

3.  Неклюкова жер тану. Алматы, Мектеп, 1980.

4.  Молдағұлов Н. Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафт географиясы. Алматы, Рауан, 1994.

5.  Джаналиева ландшафтоведение. Алматы, Қазақ университеті, 2001.

ЭПИГЕОСФЕРАНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЖІКТЕЛУІ

Физикалық-географиялық таралудың дифференциацияның жер бетінде екі деңгейі бар:

– аймақтық;

– жергілікті (локальді) таралу.

Аймақтық дифференциация мынандай факторларға байланысты

– Күн энергиясы

– Жердің ішкі энергиясы.

Екі фактор да кеңістік пен уақытта бірдей байқалмайды. Олар екі географиялық заңдылықты – азоналылық пен зоналылықты анықтайды.

Ендік зоналылық дегеніміз – физикалық-географиялық процестердің, компоненттер мен табиғи кешендердің (геожүйелердің) экватор­дан полюстерге қарай заңды өзгерісі.

Зоналылықтың бірінші себебі – күн радиациясы мен жердің шар тәрізділігі Жердің шар тәрізділігіне байланысты күн сәулесінің түсу бұрышы экватордан полюстерге қарай азая беретіндіктен, Жер бетіндегі жылу мөлшері де сол бағытта өзгереді. Бұлардан басқа қосымша факторлар да зоналылыққа өз әсерлерін тигізеді. Соның бірі астрономиялық фактор – Жер мен Күннің арақашықтығы. Күннен алыстаған сайын экваторлық және полярлық ендіктердегі күн сәулесінің мөлшерінің әсері жоғала береді.

Плутондағы температура – 2300С, Жерге қарағанда жылу 1600 есе аз түседі. Керісінше, Күнге тым жақын орналасқан Меркурий планетасы күн жылуын Жерге қарағанда 6,7 есе көп алады.

Аталған осы екі шеткі жағдайда да су сұйық күйде бола алмайды, яғни тіршілік дамымайды. Жер – Күнге қатысты ең қолайлы орналасқан планета.

Жер массасының (5976х1021кг) да рөлі бар. Ол атмосфера қабығын ұстап тұр. Атмосфера қабаты күн энергиясының трансформациясы мен таралуының маңызды факторы болып табылады.

Жер осінің еңкіштігі (66033’) де зоналылыққа өз әсерін тигізеді. Бұл фактор маусымдық өзгерістерді қалыптастырады.

Егер Жер осі эклиптика жазықтығына перпендикуляр болғанда, әр параллель жыл бойында бірдей мөлшерде жылу алар еді де, Жер бетінде маусымдық ауысу болмас еді.

Жердің тәуліктік айналымы – ауа массаларын солтүстік жарты шарда оңға, оңтүстік жарты шарда солға бұрылуы – зоналылық схемасына қосымша күрделілік әкеледі.

Жер бетінің біркелкі болмауы – материктер мен мұхиттардың болуы. Жер бедерінің, тау жыныстарының әркелкілігі күн энергиясының математикалық дәлдікпен таралуына кедергі болады.

Күн энергиясының зоналы түрде таралуының салдарлары

1. Жер бетіндегі радиациялық баланстың (В) зоналы таралуы. Күннен таралатын сәулелік энергия жылу энергиясына айнала отырып, негізінен атмосферадағы жылу мен булануға жұмсалады. Осыдан барып радиациялық баланс та зона бойынша өзгереді.

Дегенмен, түсетін радиацияның ендік бойымен таралуы біркелкі емес екендігін байқаймыз. Теория бойынша радиациялық баланс экваторда жоғары болуға тиіс, бірақ оның максималды мөлшері 20-300 ендіктерде, экватор үстіндегі радиациялық баланстың азырақ болуына дағы бұлттылықтың жоғары болуы әсер етеді. Құрлық бетіне қарағанда, мұхит үстінде радиациялық баланс жоғары, өйткені оның шағылыстыру қабілеті жоғары.

2. Жылудың ендік бойымен біркелкі таралмауының бір салдары – ауа массаларының, атмосфера циркуляциясы мен ылғал айналымының зоналылығы болып табылады.

Жер бетінде төрт түрлі ауа массаларының типтері бар: экваторлық (жылы ылғалды), тропиктік (жылы құрғақ), қоңыржай немесе бореальдық (салқын, ылғалды) және арктикалық, соған орай қысымы мен тығыздығының әртүрлі болуы – массасының циркуляциясын (айналымын) тудырады.

Егер Жер өз осінен айналмағанда, атмосферадағы ағымының схемасы өте қарапайым болар еді. Экватордың маңынан көтерілген полюстерге қарай қозғалып, тропосфераның жер бетіне таяу орналасқан қабатында қайтадан экваторға қарай бағытталар еді.

Жердің қозғалысына байланысты, бұл схема өзгешерек. Трапосферада осыған байланысты бірнеше циркуляциялық зона қалыптасқан.

Экваторлық зона (төменгі қысым, штиль, ағымының көтерілуі). Тропиктік – (жоғарғы қысым, құрғақ шығыс желдерінің басым болуы), қоңыржай – (төменгі қысым, батыс желдерінің басымдылығы), полярлық (төменгі қысым, шығыс желдерінің басымдылығы) және үш аралық зона бар: субарктикалық, субтро­пиктік, субэкваторлық. Сонымен, әр жарты шарда жеті циркуляциялық зона бар.

Күн жылуының зоналық таралуы Жердің жылулық белдеулерінің болуын қамтамасыз етеді. Бірақ, Жер бетіндегі температурасының континуальдық сипаты жылулық белдеулердің нақты жүйесін анықтауға мүмкіндік бермейді. Негізінде мынандай белдеулер бар

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27