Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Қайталама тұндырғыштарға түсетін гидравликалық жүктемені лай индексін, лайдың шығарылуын, аэротенктерден шығатын судағы лайдың концентрациясын және тұндырғыштардың типін ескере отырып, мына формула бойынша есептеген дұрыс:
![]()
мұнда: K - тұндыру аймағы көлемінің пайдаланылу коэффициенті және: радиалды тұндырғыштар үшін - 0,4, тік тұндырғыштар үшін - 0,35, перифериялық шығатын тік тұндырғыштар үшін - 0,5, көлденең тұндырғыштар үшін - 0,45 деп қабылданған; H – тұндырғыштағы ағыс бөлігінің тереңдігі, м; I – аэротенктерден шығатын судағы белсенді лайдың индексі, см3/г; a - аэротенктерден шығатын судағы лайдың дозасы, г/дм3; b – қайталама тұндырғыштардан кейін тазартылған судағы салынды заттардың мөлшері, мг/дм3.
Мысалы. К = 0,4, H = 6 м, a = 1,5 г/дм3, I = 100 см3/г, b = 15 мг/дм3.
.
Тұндырғыштың бетіне және суағарға түсетін гидравликалық жүктемені есептеу кезінде қайтарымды лайдың рециркуляцияланатын ағынының көлемін қосымша ескеру қажет.
Сарқынды сулар бастапқы тұндырғыштарға қарағанда қайталама тұндырғыштарда әдетте біршама ұзақ тұрады; олардың тұну уақыты 1,5- тен 2,5 сағатқа дейін құрайды. Дымқыл тұнбаға қарағанда белсенді лай шөгінділерге анағұрлым сезімтал және оның қайталама тұндырғыштарда болу уақыты 30–40 минуттан аспауға тиіс, бұл тұндырғыштың түбінен және шұңқыршалардан лайды жинау мен айдаудың әлдеқайда жетілдірілген жүйесін қолдануды талап етеді.
Тұндырғыштардағы белсенді лай іс жүзінде аноксидті жағдай қалыптасатын тығыздалған қабатта іріп-шіру процесіне аса бейім. Тұндырғыштағы тығыздалған қабаттың биіктігі тұнбаны тиеудің режиміне қарай тік тұндырғыштарда 0,2-ден 2,0 м-ге дейін және радиалды тұндырғыштарда 0,5-тен 1,0 м-ге дейін құрауы мүмкін. Қайталама тұндырғыштарды пайдалану процесінде лайдың шөгу қабатының оңтайлы биіктігін белгілеп ұстап отыру өте маңызды. Қыс мезгілінде лай қабатының биіктігі тұндырғыш тереңдігінің 25%-ын құрауы мүмкін, ал жаз мезгілінде 10 %-дан аспайды. Тұндырғыштарда лай жинақталып, лайдың шөгу қабатының оңтайлы биіктігі асып кеткен жағдайда қайтарымды лайдың ылғалдылығы азаяды, бірақ оның концентрациясы ұлғаяды, бұл салынды заттардың артық шығарылуына ықпал етуі мүмкін. Тұндырғыштан артық лайдың жиі-жиі шығарылуы және қайтарымды лайдың өте белсенді циркуляциясы артық лай ылғалдылығының артуына алып келеді, бұл тұнбаны өңдеу және утилизациялау бойынша құрылыстардың қажетті көлемдерін ұлғайтады. Басқаша айтқанда, егер қайталама тұндырғыштан оңтайлы мөлшерден көп лай алынатын болса, онда аэротенкке судың артық көлемі қайтып келеді, ал егер кем алынатын болса, онда көп шөккен лай тұндырғышта жиналып, тазартылған судың сапасы төмендейді. Сондықтан, қайталама тұндырғыштың технологиялық жұмыс режимін лайдың тұру деңгейі жобалық режимге сай келетіндей етіп белгілеу қажет. Қайталама тұндырғыштардың жұмыс тиімділігі нақты гидравликалық жүктеменің оның жобалық шамаларына сәйкестігіне және оның біркелкі бөлінуіне, сондай-ақ тұнбаны жоюдың уақтылы, үздіксіз және біркелкі режиміне байланысты болады. Тұнбаның уақтылы жойылуы фотоэлементтері бар арнайы датчиктердің немесе қолдан жасалған бақылаушы эрлифтілердің көмегімен тұндырғыштардағы тығыздалған қабаттың деңгейі бойынша бақыланады. Тұнбаның оңтайлы шөгу деңгейін қайтарымды лай дозасының шамалары бойынша бақылауға болады. Құрылыстарды пайдаланудың тәжірибесі мынаны көрсетті: қайтарымды лайдың дозасы 4–6 г/дм3 болған кезде қайталама тұндырғыштардан салынды заттарды шығару шамамен 15 мг/дм3 құрайды, қайтарымды лайдың дозасы 6 г/дм3 болған кезде салынды заттарды шығару 15-тен 20 мг/дм3-ге дейін ұлғаяды. Қайтарымды лайдың концентрациясы 8 г/дм3-ға жеткен кезде (ол қалалық сарқынды суларды тазартатын типтік құрылыстар үшін шекті концентрация болып табылатын сияқты) қайталама тұндырғыштардан салынды заттарды шығару елеулі (40 мг/дм3-ға дейін) ұлғаяды.
Қайталама тұндырғыштардан салынды заттардың ең аз шығарылуын қамтамасыз ету кезінде лайдың барынша ықтималды мөлшері тазарту жүйесіне қайтып келетіндей етіп, қайтарымды лайдың оңтайлы дозасын әрбір тазарту құрылысында экспериментальды түрде белгілеу керек. Қайтарымды лайдың дозасын құрғақ зат бойынша зертханада анықтау біршама ұзақ уақыт алатын болғандықтан, оны анықтау тәулігіне бір рет орындалады, ал жедел бақылау үшін қайтарымды лайдың массасы бойынша дозасы мен лайдың көлемі бойынша дозасы арасында корреляциялық тәуелділікті белгілеу қажет.
Лайдың дозасын көлемі бойынша анықтау өте қарапайым 30 минуттық рәсім, оны операторлар ауысым сайын (тәулігіне екі немесе үш рет) орындай алады және артық лайды тиеу жөнінде немесе қайталама тұндырғыштарды пайдалану кезінде қайтарымды лай циркуляциясының қарқындылығы жөнінде шешім қабылдау үшін осы деректерді басшылыққа ала алады.
Қайталама тұндырғыштарға салынды заттар бойынша жүктемелерді оларға түсетін сарқынды сулардағы белсенді лайдың концентрациясы бойынша бақылау қажет. Аэротенктен шығатын судағы лайдың 1,5–2,0 г/дм3-нан аспайтын дозасы оңтайлы болады. Сол кезде қайталама тұндырғыштан салынды заттарды шығару өзге қолайлы жағдайларда 5-тен 10 мг/дм3-ге дейін құрайды.
Сонымен қатар, қайталама тұндырғыштың жұмысын салынды заттардың шығарылуы бойынша (жақсы жұмыс істеген кезде ол шамамен 10 мг/дм3 құрайды), жойылатын тұнбаның ылғалдылығы бойынша (нормасы 99,4–99,7%) және ерітілген оттегінің мөлшері бойынша бақылап отыру қажет. Қайталама тұндырғыштың қалыпты жұмыс істеуі үшін ондағы ерітілген оттегінің концентрациясы кемінде 2 мг/дм3 құрауға тиіс. Осы талап сақталған жағдайда аэротенкке сапасы жақсы қайтарымды лай түседі және бірден ластаушы заттарды белсенді қышқылдандыруға кіріседі. Егер ерітілген оттегінің қайталама тұндырғыштағы концентрациясы аумалы концентрациядан 0,5 мг/дм3-ге кем болса, онда лай шіріп, тұндырғыштың бетіне шығуы мүмкін, қайтарымды лайдың жай-күйі нашарлап, регенераторлардың жұмысы бұзылады. Оттегі организмдердің тек тыныс алуына ғана қатыспайды, ол метаболизм өнімдері мен токсиндерді шығарады (қайталама тұндырғышта бұл өнімдер лай үлпектеріне жинақталады). Қайталама тұндырғыштардағы оттегіні тұтыну аэротенктерге қарағанда аз, өйткені лайға түсетін жүктеме үлкен емес. Алайда лаймен адсорбцияланатын және аэротенктерде нашар қышқылданатын (лай қайталама тұндырғышта ұзақ жатқанда) ластаушы заттардың (суспензия және коллоидт түрінде) үлкен концентрациясы бар өнеркәсіптік ағындар жағдайында ластаушы заттар қайталама тұндырғышта қышқылдануды жалғастыра береді. Бұл ретте токсиндер, анаэробты ыдыраушы және метаболизм өнімдері қайталама тұндырғыштарда нашар шығарылады және лай шіриді. Яғни қайталама тұндырғыштан лайдың рециркуляциялану дәрежесі өнеркәсіптік уытты сарқынды сулар жағдайында тек лайдың қайталама тұндырғышқа шөгу жылдамдығымен ғана анықталуға тиіс, бұл лайдың оттегісіз ортада болуының ең аз кезеңін қамтамасыз етеді.
5.106. Қайталама тұндырғыштар ондағы тұндырылатын заттардың қасиеттері бойынша бастапқы тұндырғыштардан принципті түрде ерекшеленеді. Егер бастапқы тұндырғыштарда тұнба шірімей біршама уақыт жататын болса, ал қайталама тұндырғыштарда шамалы ғана жатса болды шіри бастайды және аэрация жүйесі бүкіл жүйе бойынша нашарлайды. Шіруші қайтарымды лай тазарту жүйесін әлісіретеді және нәтижесінде оның әсері едәуір төмендейді.
Сондықтан қайталама тұндырғыштардан лайды кетіру жүйесі орташа тәуліктік емес, күнделікті ең жоғары жүктеме жағдайларында жұмыс істеуді көздеуге тиіс және ол дүркін-дүркін емес (кейде кенттердегі өнімділігі шағын құрылыстарда электр энергиясын үнемдеу үшін рұқсат етіледі), тәулік бойы жүзеге асырылуы керек.
Тиелетін және қайтарымды лайдың ылғалдылығы кең ауқымда 99,2-ден 99,7%-ға дейін өзгеріп отыруы мүмкін, бұл лайдағы құрғақ заттың 3-тен 8 г/дм3-ге дейінгі мөлшеріне сай келеді. Қайтарымды лайдың ылғалдылығы мен құрғақ затын анықтаудың нәтижелері бір-біріне сәйкес болуға тиіс, бұл орындалған өлшемдердің дұрыстығын жанама тексеру болып табылады.
Мысалы. Егер тұнбаның ылғалдылығы 99,2 % құрайтын болса, онда тұнбаның құрғақ затының массасы (в г/дм3) мынаны құрауға тиіс:![]()
.
Жауын-шашынды жинаудың ең жетілдірілген жүйесі радиалды қайталама тұндырғыштарда болады, ол лайқырғыштары және лайсорғыштары бар жүйеге бөлінеді. Тік тұндырғыштардағы лайды кетіру жүйесінің кемшіліктері туралы жоғарыда айтылған болатын. Радиалды тұндырғыштарды көлденең тұндырғыштармен салыстырған кезде радиалды тұндырғыштарда бір орталық тіректе орналасқан қырғыштар мен лайсорғыштар шынжырлы немесе тележкалы механизмдерге қарағанда істен сирек шығады. Лай көлденең тұндырғыштарға қарағанда радиалды тұндырғыштарда тез әрі біркелкі жиналады және алынады.
Лайдың радиалды тұндырғыштың түбінде болу уақыты қырғыш құралының жылдамдығына, қанаттардың немесе лайсорғыштардың санына, сондай-ақ радиус бойынша қырғыштар мен лай шұңқыршасына дейінгі қырғыштар арасындағы қашықтыққа немесе лайсорғыш қанаттарының ұзындығына байланысты. Тұндырғыштың перифериялық бөлігінің түбінде лай шөгінділерінің болуы салынды заттарды шығарудың ұлғаюына әсер етеді, өйткені орталық құбырдан түсетін сарқынды сулардың гидравликалық ағындары тұндырғыштың перифериясына бағытталған және қабырғаға шөккен лайды тұндырғыштың бетіне шайып шығарады.
Радиалды тұндырғыштарда түбінің тегіс еместігіне немесе тұнба шөгінділері аймақтарының болуына байланысты (лайсорғыш тұндырғыштың перифериялық аймағына дейін жетпейді, қырғыштардың беті бұзылған және т. б.) тұнба тұндырғыштың түбінде белгілі бір аймақта әркелкі жинақталуы мүмкін, бұл оның ашып, қалқып шығуының, сондай-ақ қайтарымды лай қасиеттерінің нашарлау себебі болып табылады. Мұндай жағдайда тұндырғыш босатылып, шөгінділер тазартылады, себептер мүмкіндігінше жойылады. Кейде лай шөгінділерін жою тұндырғыштарды елеулі реконструкциялауды талап етеді. Мысалы, лайсорғыш бортқа дейін бірнеше метр жетпейтін болса, онда тек тұндырғыштың центрінде ғана тұнба жақсы кетіріледі, ал периферияда лайдың тұрақты шөгінділері байқалады. Осы кемшілікті лайсорғыштарды лайқырғыштармен ауыстыру арқылы түзетуге болады.
Сарқынды суларды тазарту сапасының нашарлауының ең жиі себептерінің бірі — белсенді лайдың қайталама тұндырғыштардан артық шығарылуы. Мұның себептері алуан түрлі, ал ықпал ететін факторлар соншалықты олардың ішінен қайсысы негізгісі, қайсысы екінші дәрежелі екендігін бөліп-айыру қиын. Салынды заттардың қайталама тұндырғыштардан артық шығарылуы тек тазарту сапасын нашарлатып, соның салдарынан осы сарқынды суларды қабылдайтын су қоймасын ғана ластап қоймайды, сонымен бірге тазарту сапасының бұзылуына және кәдеге жаратылатын тұнба сапасының нашарлауына (оның ылғалдылығының артуына) алып келеді. Лайдың артық шығыны нәтижесінде оның қажетті өсімі азаяды, бұл аэротенктердің қышқылдану қуаттылығының кемуіне, белсенді лайдың метаболизм деңгейінің және оның сарқынды сулардың жағымсыз әсеріне орнықтылығының төмендеуіне алып келеді.
5.107. Салынды заттардың қайталама тұндырғыштардан артық шығарылуына ықпал ететін негізгі факторларға мыналар жатады:
- құрылыстарға түсетін гидравликалық жүктеме, ол қайталама тұндырғыштарға келетін сарқынды сулардың жоғары мөлшерінен туындауы мүмкін;
- қайталама тұндырғыштардың конструкциялық кемшіліктері (мысалы, суағызар тарақтар деңгейінің көденең жазықтықтан ауытқуы) немесе олардың қанағаттанарлықсыз техникалық жай күйі (барлық жұмыс істеп тұрған тұндырғыштар арасында ағындардың әркелкі бөлінуі, суағарлардың бұзылуы, суағызар тарақтардың бітелуі, орталық құбырдың ақаулары және шағылдырғыш қалқанның дұрыс орнатылмауы); осы аталған себептер ұштасып та орын алуы мүмкін;
- сарқынды сулардың тазарту құрылыстарына әркелкі түсуі және гидравликалық ең жоғары жүктемелердің туындауы;
- белсенді лайға түсетін үлестік жүктеменің ерітілген органикалық ластаушы заттардың мөлшері бойынша артуы, осының нәтижесінде олар аэротенктерде тиімсіз қышқылданады және қосымша қышқылдану процесі қайталама тұндырғыштарда оттегі болмаған жағдайда жалғасады, бұл белсенді лайдың шіруіне, үлпектердің диспергирленіп, олардың тұндырғыштардан шығарылуына алып келеді;
- тұнба үлпектерінің дефлокуляциясына, организмдерде тыныс алу ферменттерінің құрсалуына, ластаушы заттардың биологиялық қышқылдану процесінің бұылуына алып келетін уытты заттардың әсері, бұл жиынтығында лайдың оттегі сіңірушілігі процесінің бұзылуына алып келеді және қайталама тұндырғыштардағы тұну процесін бұзады;
- аэротенктер мен қайталама тұндырғыштардағы оттегінің жетіспеушілігі; аэротенктердегі лай қоспасында ерітілген оттегінің жетіспеушілігі белсенді лайдың қышқылдану қабілетінің төмендеуіне және қайталама тұндырғыштарда оның оттегіге деген қажеттігін арттыруға алып келеді; қайталама тұндырғыштарда ерітілген оттегінің жетіспеушілігі кезінде белсенді тұнба шіри бастайды, лай үлпектері диспергирленеді, қалқып шығып тұндырғыштардан шығарылады;
- қайталама тұндырғышқа салынды заттардың массасы бойынша артық жүктеме; салынды заттар бойынша жұмыс жүктемесінің ең жоғарғысын емес ұдайы төменгі есептік жүктемесін ұстап отыру қажет, бұл қайталама тұндырғыштан шөккен лайды уақтылы жоюға және қайтарымды лайдың оңтайлы концентрациясын ұдайы ұстауға тікелей байланысты:
,
мұнда: Nраб – қайталама тұндырғышқа салынды заттар бойынша жұмыс жүктемесі, г/сағ×м2; qвход – тұндырғышқа түсетін сарқынды сулар шығысы, м3/сағ; qвозвр - циркуляциялық лай шығысы (қайталама тұндырғыштан регенераторларға), м3/сағ; F - қайталама тұндырғыштың жұмыс бетінің алаңы, м2; a – белсенді лайдың дозасы, г/дм3; Nmax - қайталама тұндырғышқа түсетін ең жоғарғы есептік жүктеме;
- қайталама тұндырғыштың түбінде тұнба шөгіндісінің пайда болуы, бұл тұндырғыш түбінің тегіс еместігімен, лайсорғыштардың нашар жұмыс істеуімен, лайдың уақтылы шығарылмауымен, сондай ақ лай алаңдары болмағанда немесе алаңдарды үнемдеу жағдайында лайды утилизацияға тиемегендіктен оның жүйеде кешіктірілуімен байланысты болуы мүмкін;
- белсенді лайдың флокуляциялық және седиментациялық қасиеттерінің бұзылуы.
5.108. Белсенді лайдың седиментациясының (шөгуінің) бұзылуы белсенді лайдың индексімен сипатталады. Белсенді лайдың флокуляциясының бұзылуы – бұл тұндыру кезінде лай үлпектерінің бірігу процесінің бұзылуы. Лай қоспасы 1000 см3 цилиндрде 30 минут тұндырылған кезде белсенді лайдың қалыпты флокуляциясы жағдайында оның барлық бөлшектері шөгу кезінде бір-бірімен біріге (жабыса) отырып бір мезгілде, бірқалыпты шөгеді; лай үсті суы лайдың ұсақ диспергирленген үлпектерінсіз мөлдір болып қалады. Флокул құрау бұзылған кезде белсенді лайдың әрбір жеке бөлігі басқа бөлшектерге қарамастан, өзіне тән жылдамдықпен өз бетінше шөгеді. Лай үсті суы лайлы, лайдың жекелеген бөлшектері көп кездеседі.
Лайдың седиментациялық және флокуляциялық қасиеттерінің бұзылуы лайдың ісінуіне, яғни оның көлемінің организмдердің талшықты формаларының (хламидобактериялар, сапрофитті саңырауқұлақтар, цианобактериялар) шамадан тыс көбеюі есебінен ұлғаюына байланысты туындауы мүмкін. белсенді лайда талшықты микроорганизмдердің жинақталуы нәтижесінде қайталама тұндырғыштардан салынды заттарды шығарудың ұлғаюы норманың 30-дан 400 %-ға дейін құрайды және ісіну қарқындылығына, қайталама тұндырғыштардың нашар седиментацияланатын лай қоспасын тазартылған судан бөліп алатын техникалық мүмкіндіктеріне байланысты.
5.109. Қайталама тұндырғыштардан салынды заттардың шамадан тыс шығарылуы Thiobacillus denitrificans, Pseudomonas fluorescens, Ps. auruginosa сияқты денитрифициялаушы бактериялар туындататын денитрифиция себебінен қайталама тұндырғыштардың бетіне лайдың қалқып шығуына да байланысты болуы мүмкін. Қайталама тұндырғыштардағы денитрификациялау аэротенктердегі (әсіресе жаз мезгілінде) терең нитрификациялау аясында өтеді. Нәтижесінде қайталама тұндырғыштың түбінде жатқан белсенді лай үлпектерінің газ тәріздес азотпен ажырауы, олардың ұсақ фрагменттерге бөліну дефлокуляциясы және тұндырғыштың бетіне қалқып шығуы байқалады. Денитрификация нәтижесінде лайдың қалқып шығуын болдырмау үшін аэротенктерде терең нитрификациялауды басу бойынша іс шаралар жүргізу керек. Бұл үшін жүйенің аэробтығын төмендетіп; шамадан тыс лай көлемі есебінен лай концентрациясын төмендету және бастапқы тұндырғыштардан тұнбаны тиеудің жиілігін қысқарту арқылы белсенді лайға жүктемені ұлғайту қажет. Қайталама тұндырғыштардан белсенді лай үлпектерін шығару өнеркәсіптік кәсіпорындардың белсенді лай үлпектерінің флокуляциясы процесіне қысым жасау немесе тек оларды одан әрі ірілендірмейтін микрофлокуляциялау қасиеттеріне ие сарқынды суларын (құрамында фенол кездесетін сарқынды сулар) тазарту кезінде орын алуы мүмкін.
Қайталама тұндырғыштардың бетінде пайда болатын көбік үлкен тұтқырлыққа ие және оның қалыңдығы 0,5-30 сантиметрге жетеді, кейде одан жаман иіс шығады. Көбіктің пайда болуы бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін:
- құрылыстарда бастапқы тұндырғыштардың немесе майларды, мұнай өнімдерін жинауыштардың жоқтығы;
- тазартылатын сулардың жалпы көлемінде балық зауыттарынан, ет комбинаттарынан, қасапханалардан түсетін сарқынды сулардың елеулі үлесі;
- парфюмерлік фабрикалардың (сабын қайнату) сарқынды суларының болуы;
- құрамында алюминий кездесетін және кейіннен ауыз суды дайындауда пайдаланылатын реагенттерді кәрізге төгу;
- тұнбаны өңдеу үшін пайдаланылатын және тазартуға түсетін сарқынды сулар ағынына берілетін лай үсті суы бар сарқынды суларға төгілетін.
Аталған себептер Nocardia amare, N. asteroides, Rhodococcus sp. сияқты актиномицеттердің, яғнисаңырауқұлақ тәріздес морфологиясы бар талшықты тармақты бактериялардың дамуын тудырады.
Актиномицеттер қою тығыз көбік қалыптастырады, ол қайталама тұндырғыштың бетін қалың қабатпен көмкеріп, белсенді лайдың шамадан тыс шығарылуына ықпал етуі мүмкін.
Актиномицеттер су қоймаларының көгеруі кезіндегі цианобактериялар сияқты қатты көгерген иісі бар ұшқыш метаболиттерді бөледі (геосмин және 2 метилизоборнеол). Көбіктің пайда болуы актиномицеттердің биологиялық үстірт-белсенді заттарды бөлуі себебінен орын алады.
5.110. Қайталама тұндырғыштардың бетінде көбіктің пайда болуымен күресу үшін шетелде үстірт қырғыштарды қолданады. Егер қайталама тұндырғыштардың бетінде көбіктің пайда болуы жиі байқалатын болса, көбікті жинау үшін лай құбыры және лайқырғыштың фермасына бекітілетін тақтай түріндегі үстірт қырғышы бар бункер орнату қажет. Тұндырғыштың бетіндегі көбікті тесік шөміштің немесе сачоктың көмегімен тазартуға болады. Биологиялық тазарту құрылыстарында көбікбасқышты пайдалану өзін-өзі ақтамайды, өйткені олардың барлығы белсенді лай жасушаларына оттегі жеткізу процесіне қысым жасайды.
Аэротенктерде актиномицеттер көбіктің пайда болуын сирек туындатады, өйткені бұған лай қоспасының араласуы кедергі келтіреді, ал ол туындаған жағдайда онымен күресу өте күрделі. Көбіктің аэротенктерде пайда болуы тұрмыста және өнеркәсіпте жуушы құралдар ретінде қолданылатын синтетикалық үстірт-белсенді заттардың (қатаң СҮБЗ) анионды қосылыстарына байланысты жиі болып тұрады. Сондай-ақ оны мұнай-химияның, газ өңдеудің, құрамында тас-көмір шайырлары, мал шаруашылығы кешендерінде, биопрепараттар өндіретін зауыттарда қолданылатын құрамында фенолды дезинфектиктер кездесетін сарқынды сулар да туғызады. Аэротенктерде қысқаша уақытқа көбіктің пайда болуы бу-күш беретін шаруашылықтардың қазандықтарын тазарту кезінде туындауы мүмкін. Көбіктену қазандықтың суында сілтілердің, фосфаттардың, майлардың болуымен туындайды. Хлоридтер мен сульфаттар фосфаттардың колоидті қосылыстарын ірілендіре отырып, аэротенктердегі көбіктенуді төмендетуге ықпал етеді. Аэротенктерде көбіктің пайда болуы лай үлпектеріне оттегінің ауысу коэффициентін азайтады, бұл олардың ұсақтануына алып келеді. Аэротенктердегі лайдың төмен дозасы көбіктің пайда болуына ықпал етеді, мәселен, лайды молайту кезінде, құрылысты іске қосу кезінде, белсенді лайдың төмен дозасы ұсталатын құрылыстарда, сарқынды суды орталауышта аэрациялау кезінде оны әрдайым байқауға болады.
Аэротенктерде көбіктің пайда болуына қарсы күресу кезінде лайдың массасы бойынша дозасы ұлғайтылады және жүйенің аэробтығы арттырылады (көбік құраушы қосылыстарды әлдеқайда тиімді биодеградациялау үшін). Аэротенктердің бетіндегі көбікті аэротенктің үстіне орнатылған тесік құбырлар арқылы дүркін-дүркін суарып, су құбыры суының шамалы мөлшерін немесе қайталама тұндырғыштардан кейінгі суды пайдаланып кетіреді.
5.111. Аэротенктердің жұмысы тазартылған судың сапасы бойынша бағаланады (ОБТ5 = 6–8 мг/дм3, ерітілген оттегінің мөлшері 3–4 мг/дм3). Тазартылған судың құрамындағы нитраттардың аз мөлшері (0,5–1 мг/дм3) органикалық ластандырғыштардың қышқылдану процесінің аяқталғандығын көрсетеді.
Аэротенктердегі сарқынды суларды тазартудың сапасына үш маңызды фактор әсер етеді: аэрация кезеңі, белсенді лайдың концентрациясы, оның регенерация дәрежесі және ауаның шығысы. Сарқынды сулардың ағыны үлкен ауқымда өзгеретіндіктен, олардың аэрация кезеңі ауысады; аэротенкке түсетін сарқынды сулардың ОБТ-сы жоғары болған сайын, аэрация кезеңі соғұрлым үлкен болуға тиіс. Бірақ сарқынды сулардың ОБТ-сы да үлкен ауқымда өзгереді, сондықтан аэротенктердің жұмысына барлық факторлардың (сарқынды сулардың саны, сапасы және аэротенктердің көлемі) әсерін бағалау үшін жиынтығында аэротенктің 1 м3-не және лайдың ОБТ5 бойынша күлсіз құрғақ затының 1 г-на шаққандағы жүктемені анықтайды.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 |


