Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Абиотикалық факторлпар | Биотикалық факторлар |


ОБТ бойынша белсенді лайға арналған жүктелім | Автохтты микрофлора және фауна |
Сарқынды сулардың химиялық құрамы | Аллохтты микрофлора және фауна |
Токсиканттар | Жыртқышдың « құрбандардың өзара қарым-қатынастары |
Қоректік заттардың теңгерімділігі | Репродукциялардың жылдамдығы |
Биотоптың мөлшерін айқындайтын құрылыс түрі (аэрация кезеңі, гидравликалық жүктелім) |
Кислород |
Лай қоспасын араластыру |
Температура, рН |
9.3.-сурет. Белсенді лайдың дамуын айқындайтын экологиялық факторлар.
Жасушадан тыс биополимерлердің жинақталуы белсенді лайға бірден – бір қасиет береді, атап айтқанда: ластаушы заттардың қолайсыз әсерінен және мынадай трофикалық тізбектің түрлерінің жеуінен организімді қорғайды; екінші тұндырғыштардағы тазартылған судан оны бөліп алуға жәрдемдесе отырып жүйедегі лайдың массасын сақтайды; тазартудың бірінші кезеңіндегі заттарды белсенді лаймен лайлайтын сору процесін күшейтеді. Гель түзудің қолайлы процесі биологиялық тазарту ұзақтығына және үш кезеңде өтетін толық биологиялық тазарту процесін аяқтайтын эндогенді қоректену кезеңінің қолайлылығына байланысты.
Бірінші кезеңде сарқынды сулар белсенді лайлармен араласқаннан кейін бірден оның бетінде ластаушы заттарды жұтып алады және оларды ірілендіреді (органикалық заттарды алып жүретін бөлшектерді ірілендіру), оған қоса сорып алу белсенді лайдың полисахаридті гельдің көмегімен хемосорумен де биосорумен де қамтамасыз етіледі және лайдың үлкен бетінің арқасында оның бір грамы 0 м2 алады. Осылайша сарқынды суларда ластаушы заттарды тазартудың бірінші кезеңінде оларды судан белсенді лаймен механикалық алуға және аса тез ірітіп-шірітетін органиканың биототықтырғыш процесінің басталуына орай жойылады. Түсетін ластаушы заттардың жоғары құрамы жоғары оттекжұтқыштықтың бірінші кезеңінде жәрдемдеседі, бұл аэротенктердегі сарқынды сулардың түсу аймақтарындағы оттекті түгелдей дерлік тұтынуға алып келеді. Бірінші кезеңде 0,5–2,0 сағатта ластайтын ОБТ5 көрсеткіштерін сипаттайтын органикалық заттардың құрамы 50–60 % төмендейді.
Толық биологиялық тазартудың екінші кезеңінде ластаушы заттардың биосоруы жалғасады және оларды экзоферменттермен (белсенді лаймен қоршаған ортаға шығарылатын ферменттермен) белсенді тотықтыру жүреді. Ластайтын заттардың шоғырлануының төмендеуінің арқасында тазартудың бірінші кезеңінің аяғына қарай саябырлаған лайдың белсенділігі қалпына келе бастайды. Бұл кезеңде оттекті тұтыну жылдамдығы процестің басындағыға қарағанда азырақ және суда еріген оттегі жинала бастайды. Екінші кезең жақсы болған жағдайда экзоферменттермен ОБТ5 көрсеткіштерімен сипатталатын ластайтын органикалық заттарды 75 %-ға дейін тотықтандырады. Бұл кезеңнің ұзақтығы тазартылатын сарқынды сулардың құрамына байланысты әр түрлі болады және 2,0- ден 4,0 сағатқа дейінді құрайды.
Тазартудың үшінші кезеңінде ластаушы заттардың эндоферменттермен (жасуша ішінде) тотығуы, тотығуы қиын қоспалардың толық қышқылдануы, амонды тұздар азотының нитриттер мен нитраттарға айналуы, белсенді лайды жаңғыртулар болады. Әсіресе осы кезеңде (белсенді лайдың жасуша ішілік қоректену кезеңі) бактериалдық жасушалар шығаратын полисахаридті гельдің түзілуі болады. Оттегін тұтыну жылдамдығы қайтадан өседі. Аэротенктердегі процестің жалпы ұзақтығы тұрмыстық үшін 6–8 сағ. құрайды және тұрмыстық пен өндірістік сарқынды суларды бірлесіп тазартқан кезде 10–20 және одан астам сағатқа дейін ұзаруы мүмкін. Үшінші кезеңнің ұзақтығы осылайша, тұрмыстық сарқынды суларды тазартқан кезде 4–6 сағ. құрайды және 15 сағатқа дейін ұзара алады.
Эндогенді қоректену фазасының қолайлылығы жүктеме шамасымен, белсенді лайдың мерзімімен және оның аэротенктерде болу уақытымен айқындалады. Белсенді лайдың мерзімін ұлғайту, оның тазалау жүйесінде болған уақытын, оған меншікті жүктемесінің түсуі эндогенді қоректену фазасын ұзартады және оның өтуі үшін қолайлы режим жасайды, бұл белсенді гель түзуге, белсенді лайдың үлпектерін ірілендіруге оның флокулирлейтін қасиетін жақсартуға жәрдемдеседі. Жүктемені кенеттен ұлғайту, белсенді лайдың мерзімін қысқарту, тазартуға түскен суда болатын уытты заттар ферментативтік тотықтандыру процесіне, тұтастай эндогенді қоректену фазасына да бәсеңдететін әсер етеді. Осылайша үлпектердің флокуляциясы, ал тиісінше тазарту тиімділігі түсетін сарқынды сулардың сипаттамасына, тазартудың технологиялық процесін жүргізу талаптарына және аэротенктердегі гидродинамикалық күштердің әсеріне байланысты болады.
Белсенді лайдың биоценозы осы сарқынды суларға аса төзімді тиісті тағамдық қажеттіліктерімен бактериалдық штаммдардан қалыптасады, қарапайымдылардың сан алуандығы органикалық ластаушы заттардың жіктеу дәрежесімен айқындалады. Тазалау тиімділігі көп құрмдастағы ферментті жүйелердің бар болуымен қамтамасыз етіледі. Тазалау жүйесінде бір мезгілде неше түрлі субстраттардың көп санын тотықтыруға қабілетті организмдер болуы шарт. Аралас құрамды сарқынды суларды тазартқан кезде ластанудың жекелеген түрлеріне бейімделген себінділердің алдындағы көптеген алуан – түрлілігімен белсенді лайдың артықшылығы осында.
Белсенді лай организмдерінің бай алуан-түрлілігі (қарапайымдылардың 25 түрінен кем емес) аэротенктің биологиялық жүйесінің қолайлылығы, тазартудың жоғары тиімділігі және уытты сарқынды сулардың зиян келтіретін әсеріне биоценоздың орнықтылығы туралы куәландырады.
Биоценоз құрылымындағы өзгерістер гетерогендік сукцессия (қоғамдастықтың ішкі даму процестерінің әсерінен және қоршаған ортаның өзгеруінің нәтижесінде бір биотоптың шеңберінде туындайтын бір биоценозды екіншісіне жүйелі ауыстыру) заңдарына сәйкес болады. Белсенді лай табиғи биоценоздармен салыстырғанда ерекше үлкен дәрежеде ішкі даму әсерінен де антропогенді әсерге тап болады. Белсенді лайды қоршаған ортаның ұдайы өзгеретін жағдайлары қоғамдастықтың күрделену жағына да оңайлату жағына да бейімделуі үшін алғышарттар жасайды. Белсенді лайда сукцессиондық процестер білімі әсер ететін факторларды жедел анықтауға, сарқынды суларды тазалау процесінде болатын өзгерістерді болжауға және тиісінше бұл процесті басқаруға жәрдемдеседі.
Басқа да су топтарындағыдай белсенді лай биоценозы әрекетінің сипаттамасы түр-тұқымының әр алуандығын төмендетуде байқалады. Қолайсыз әсерді сезгіш түрлері мүлдем жоғалып кетуі немесе санын күрт төмендетуі мүмкін, ол кезде орнықтылары одан да көбейе түседі. Егер қолайсыз фактордың әрекеті өссе немесе көпке дейін сақталса, биоценоздың барлық жаңа түрлері қозғалады және нәтижесінде ең төменгі түр-тұқымды әр түрлілігі кезінде тұрақты түрлерінің ең көп саны байқалады.
Биоценоздың күрделенуі оған барлық аса жетілген түрлері, жыртқыштарға дейін рет-ретімен кіргізумен сүйемелденеді: зооглейлер ® жіпшелі бактериялар ® ұсақ талшық тасушылар ® ұсақ бақалшық амебалар ® серкін жүзетіндер ® кірпікшелі ішперде® бекітілген және соратын инфузориялар ® коловраткалар ® құрттар ® су кенелері ®үшінші трофикалық деңгей топтары (9.8-кесте). Белсенді лай биоценозының өзгешелігі органикалық ластаушы заттар бойынша жүктемемен және олардың ыдырау тиімділігімен айқындалады.
Түрлі факторлардың әсерінен болған, олардың ішінде негізгілерін үлес жүктемесі деп санаған жөн болатын жиынтық тиімділік үш негізгі түрге бөлінуі мүмкін әр тазарту құрылысы үшін: а. органикалық ластарды толық тотықтыруда жұмыс істейтін; б. толық тотықтыруда жұмыс істейтін; в. кейіннен нитрификациялаумен толық тотықтыруда жұмыс істейтін ерекше белсенді лайды қалыптастырады. Әр түрдің шеңберінде тазартылатын сарқынды сулардың ерекшелігімен және құрылыстарды пайдалану режимімен байланысты түрлі модификациялар болады.
Толық тотықпау режимінде жұмыс істейтін биологиялық тазарту құрылыстарында, әдеттегідей, жоғары үлес жүктемелері бар (белсенді лайдың 1 грамына 400–600 мг ОБТ). Бұл ретте биоценоз талшық тасушылар, бақалшықты амебалар, жіпті бактериялар, ірі еркін жүзетін инфузорияларр, «бентосты» раковиналық амебалар, ұсақ түйнекті аяқтар тәрізді қарапайымдыларының нашар түр-тұқымдардың әр-түрлілігімен және жекелеген топтардың сандық артықшылығымен қалыптасады (5–13 түрлі). Лай үлпегінде бактериялар саны шама бірлігінде тірі клеткалардың жоғары қоспасының деңгейінде. Лай үлпегі едәуір қалыптасқан, ірі, тығыз. Кең экологиялық икемді барлық түрлер. Экологиялық жағдайлар су айдынының полисапробты аймағына сәйкес келеді. Құрылыстардың тотықтырушы қуаттарын жүктеген кезде қалпына келтіруші процестердің көп болуына жол бермеу. Ластаушы заттарды сорбциялау және тотықтандыру теңгерімі, белсенді лайдың биоценоздарында биологиялық тепе-теңдік бұзылады, бұл әдетте жіпті организмдердің шамадан тыс дамуына алып келеді (46, 47-суреттер). Мұндай биоценоз қолайсыз факторларға төмен орнықтылыққа және түңілу факторларының әсерінен жекелеген түрлерінің ысыраптарын табиғи қалпына келтірудің төмен әлеуетіне ие. Жүйенің жұмыс істеуінің бұзылуына, бұзылу қабілетін төмендетуіне, тазалау сапасының төмендеуіне алып келеді. Нәтижесінде мұндай топтар ортаға көбірек тәуелді болады, үйлесімсіз, тұрақсыз жұмыс істейді нәтижесінде төмен сапалы тазартылған суды қалыптастырады.
Лайға жүктемелер 250–300 мг/г дейін жүктемелер төмендеген кезде ерітілген органикалық заттарды толық тотықтандыру қамтамасыз етіледі. Осындай құрылыстар әдетте аралас құрамның (тұрмыстық және өндірістік) сарқынды суларын таратады. Тіршілік ету ортасын әртекті, көп компонентті ластау лай организмдеріне мүмкіндік береді және үздіксіз өзгеріп отыратын жағдайлардың кең спекторындағы тетіктің қажетті деңгейін сақтайды. Осындай тазарту құрылыстарындағы биоценоздар түрлері бойынша әр түрлі, динамикалық, ширақ және сыртқы әсерге сақ ден қояды. Тазартудың дұрыс өткен процесі кезінде лайдың сандық үстем түрлері жоқ, мұндай үстемдік аз болады. Лай үлпегіндегі бактериялар саны азаяды, қарапайымдылар түрлерінің саны өседі және кемінде 15–20 құрайды. Орташа жүктелген экологиялық жағдайлары суайдынындағы b-, a-мезосапробты аймақтарға сәйкес келеді. Суды тазартуға түскен ерітілген органикалық ластанулардың құрамын арттыра отырып, сондай-ақ олардың сорбциялары мен тотықтануының арасындағы теңгерімнің қайта-қайта туындаған бұзушылығы кезінде биоценоздарда белсенді лай үлпегімен байланысты да, еркін диспергирленген бактериялардың жалпы санын және бактериялардың морфологиялық түрлілігін арттырумен сүйемелденетін өзгерістер болады. Бір мезгілде мұнымен қарапайымдылардың түр-тұқымының әр – түрлілігі қысқартылады, тұрақты түрлерінің саны өседі. Мысалы, түссіз талшық тасушылардың бір жасушалы және бекітілмеген формаларының саны өседі (шоғырланған және бекітілген талшық тасушылар нәрлілігі аз сарқынды суларда және өзгеше ластаушы заттар болған кезде дамиды), сонымен қатар жіпті бактериялар мен бақалшықты амебалар саны өседі. Белсенді лайда еркін жүзетін инфузорийлер көп болады, сонымен қатар инфузорийлардың бекітілген формалары экологиялық үйлесімді түрлерімен берілген (ерітілген органикалық заттардың жоғары құрамына, оттегі жетіспеушілігіне және т. б. төзімді), коловраткалар, құрттар. Жыртқыштардың саны ең аз немесе олар мүлдем жоқ.
Орташа жүктелген белсенді лайлардан төмен жүктемелілерге көшуі белсенді лайдың флоктау қасиетінің жақсаруымен; полисахаридті гельді жасыру қабілетін арттырумен; жекелеген түрлерінің сандық артықшылығы болмаған кезде құрылымын күрделендіріп және түрлерімен қанықтыру; қолайсыз факторлардың оның іс - әрекетінің аясында биоценоздың тұрақтылығын және нақтылығын арттыру; тазартудың сапасын арттыруға жәрдемдесетін белсенді лайдың тотықтырғыш қуатын арттыру заңдылықтарымен сүйемелденеді.
80–150 мг/г үлестік жүктемелер кезінде құрамында азоты бар ластаушылардың толық тотықтануы және нитрификациялауы қамтамасыз етіледі. Экологиялық жағдайлар су айдынының b-мезосапробтық аймағына сәйкес келеді. Ерітілген органикалық заттарды тазартуға түсетін толық тотықтандыру, оларды сорғыту мен тотықтандырудың бұзылмаған теңгерімі, белсенді лайға төмен жүктемелер және нитрификациялаудың дамыған процесі кезінде белсенді лайды нитрификациялайтын – аса экологиялық жетілген биоценоз қалыптасады. Лайдың нитрификациялайтын үлпегі ірі, тұтас, жақсы шөгінген, газ көпіршігімен толтырылған, денитрификациялау процесімен келтірілген лайдың өздігінен флотациясы байқалады. Биоценозда организмдердің, тікелей үлпектермен байланысты. Екінші тұндырғыштарда өтетін денитрификациялау процесі белсенді лайдың артық шығарындысының есебінен тазартылған судың сапасын әсіресе, жылы күндері төмендетуі мүмкін.
Нинтрификациялайтын белсенді лайдың биоценозы тұтастай жекелеген түрлердің сансыз басымдығының жоғары таксономикалық әртүрлілігінің (қарапайымдылардың 45 түріне дейін) аса күрделі экологиялық құрылымымен сипатталады. Жіпшелі бактериялар, ұсақ түссіз талшық тасушылар, жалаңаш та бақалшықты амебалардың да ұсақ формалары іс жүзінде биоценоздан толық ығыстырылады немесе олардың саны ең төмен болады. Инфузориялардың ішінен белсенді лайдың тіршілік қабілеті жақсы ретке келтірілген, флокулирленген үлпектерімен тығыз байланысты болатын қарын кірпікті және бекітілген формалары артық. Peritricha кіші класы бірегей (Vorticella), колониалды (Epistylis, Zoothamnium, Opercularia, Carchesium) тұқымдардың бай әртүрлілігімен ұсынылған. Бақалшықты бентикалық амебалардың (Arcella, Centropyxis, Difflugia, Euglypha) фаунасы әртүрлі. Соңғы, жоғары тізбек өкілдері – жыртқыштар, бұл айырбас үдемелілігі артуының есебінен органикалық ластаушы заттардан суды тазалау дәрежесіне оң әсер етеді. Нитрифициялайтын лайда әрқашан (массалық дамуға қол жеткізбестен) жыртқыш коловраткалар, соратын инфузориялар, жабайы саңырауқұлақтармен Chaetogaster тектес құрттар. Қайта-қайта жайбасар жәндіктер кездеседі.
Тұтастай төмен жүктемелі лайларда, бай алуан түрлілігінің есебінен лайдың қолайсыз әсерлерге бара-бар ден қою мүмкіндігі және тазартудың тиімді және тұрақты сапасын оның қолдау қабілеті ұлғаяды. Шоғырланған өндірістік сарқынды сулардың әсері кезінде биоценоз өзінің құрылымдық тұтастығын және ферментативтік тотықтану деңгейін тұрақты сақтайды. Осындай биоценозда тез қалпына келтіруге тұрақтылығы мен қабілетінің бұзылуы төтенше әсер еткен кезде ғана мүмкін: белсенді лайдың үлестік жүктемесінің күрт өсуінің, өте уытты (төтенше тастандылар кезінде) ағынды сулардың әсерінің, қоректік заттардың жетіспеушілігінің және олардың тепе-теңсіздігінің нәтижесінде болуы мүмкін.
Белсенді лайдағы сукцессионды қайта құрумен үлестік жүктемелердің өсуіне қарай лайдың флокуляциялық қасиеті тығыз байланысты. Тазартуға түсетін сарқынды сулардағы уытты қоспалар болмаған кезде белсенді лайға тұрақты жүктемелер жағдайында микробтық қауымдастың маңызды бөлігі белсенді лай үлпегімен байланысты. Лай үлпегі ірі, тұтас, жақсы флокулярланады. (49, 50-сурет). Биоценозда организмдердің, тікелей үлпектермен байланысты - жорғалайтын қарын кірпікті инфузориялардың, бекітілген инфузориялардың, нематодтардың, коловраткалардың және т. б. саны өседі.
Бірақ, уытты сарқынды суларды тазартуға түскен кезде жүктемелердің қолайсыз жағдайларында, белсенді лай үлпегінің технологиялық режимінің түрлі бұзушылықтарына белсенді лай үлпегімен байланысы жоқ бактериялардың саны майдаланады, ұсақталады. Тиісінше оларды жегіштер саны артады - еркін жүзетін инфузориялар, ұсақ бақалшық амебалар, талшық тасушылар және басқалары. Күрделі қышқылдандыратын ерекше қоспалары бар сарқынды суларды тазартқан кезде (құрамында фенолы бар, ЦБК сарқынды сулары және т. б.), лайдың жақсы флокулирлейтін үлпегі, әдетте, мүлдем қалыптаспайды және тазалау диспергирленген микрофлорамен жүзеге асырылады. Артық белсенді лайды құрылыстың «басына» берген кезде аэротенктерде тең болмайды, бұл жіптік ісінудің дамуына немесе желбезекті, керілген формаға ие болатын үлпектердің флокуляциясының бұзылуына алып келеді. (51, 52-сурет).
Белсенді лай биоценозының үш негізгі түрін сипаттау биологиялық тазарту құрылыстарының жобасында айтылған тазартудың белгілі бір сапасын қамтамасыз ететін өзгеше экологиялық жағдайларда қалыптасады. Суреттелетін жалпы заңдылықтың аясында белсенді лайдың биоценозының әр тазарту құрылысында өз құрылымы бейімделушілік қасиеттері бойынша өзгеше, өйткені сарқынды сулардың құрамы мен әрбір нақты құрылысты пайдалану режимі ерекше, ал олардың түзілісі бірнеше белгілі бір түрлердің біріне жатады. Осылайша биоценозды, оның құрылымын қалыптастыруға жобалық өлшемдер, сарқынды сулардың құрамы және тазарту құралдарын пайдаланудың технологиялық режимін сақтау әсер етеді, онда белсенді лайдың қажетті саны мен сапасын қолдау шешуші маңызға ие, олар лайдың мөлшері, лай индексі, күлділігі мерзімі, лайдың көбеюі тәрізді көрсеткіштермен айқындалады.
Органикалық ластанудың негізгі факторынан басқа белсенді лайдың биоценозының алуан түрлілігіне және функционалдық жағдайына көптеген флюктирлейтін факторлар әсер етеді, олардың жекелегендерін бөлу қиын. Әдетте олардың бәрі тығыз байланысты, бір-біріне әсерін толықтырады, жасырады және өзгертеді. Сонымен белсенді лайға жүктемелер өскен кезде, сондай-ақ лай қоспасындағы уытты сарқынды сулардың әсері кезінде оттегін жұту қабілеті бірден артады, бұл белсенді лайдың функционалдық жағдайының өзгеруіне және лай қоспасындағы оттегінің тапшылығын сипаттайтын құрылымдық өзгерістеріне алып келеді. Массадаоттегінің жетіспеушілігіне төзімді түссіз талшық тасушылар, еркін жүзетін инфузорийлер, жіпті бактериялар дамиды. Гидробиологиялық зерттеулер кезінде бекітілген инфузориялар мен коловраткаларды езу белгілері анықталады.
Биоценоздың жағдайына аса елеулі әсер ететін факторларға, жүктемелерден басқа уытты сарқынды сулардың әсерін және лай қоспасында оттектің жетіспеушілігін жатқызған жөн.
Әсерінің жиілігіне қарай уытты сарқынды сулар түскен кезде белсенді лай үлпектерінің диспергирлену суреті және қарапайымдылардың толық жоғалып кетуіне дейін өлуі байқалады. Бұл ретте тазалауды белсенді лайдың бактериялары жүзеге асырады, ал 2 аптадан бірнеше айға дейін (уытты әсердің күшіне, ұзақтығына және жаңаруына байланысты) созылатын қалпына келтіру кезеңінде белсенді лайдың сукцессионды қайта құрылуы байқалады. Бұл ретте қалпына келудің бірінші сатысында түссіз талшық тасушылар, ұсақ жалаңаш және бақалшық амебалар, Zoogloea тұқымды бактериялар пайда болады. Содан кейін биоценоздың кеіннен, біртіндеп дамуы болады, онда экологиялық құрылым күрделенеді, таксономикалық әртүрлілігі артады және қолайсыз факторларға жоғары төзімді организмдердің саны біртіндеп төмендейді (жіпті бактериялар, үлпектермен байланысты емес және лайдың патогенді бактериялары, түссіз талшық тасушылар, еркін жүзетін инфузорийлердің ірі формалары және т. б.). Олар біртіндеп өте ұсақ еркін жүзетін инфузориялармен, жалаңаш және бақалшық амебалардың ірі формаларымен ауыстырылады (9.3-кесте).
Биоценозда қарынкірпікті инфузориялардың пайда болуы белсенді лай үлпектерінің флокуляциясын қалпына келтіру және оны тазартатын қасиеттері туралы куәландырады.
Уытты заттардың әсерінен болған бұзу іс-әрекетінен кейінгі белсенді лай биоценозының құрамы мен құрылымын қалпына келтіру мүмкіндігі мен жылдамдығы белсенді лайды қалпына келтіруге, сондай-ақ салдарын жұмсартатын және оның қанағаттанарлық жағдайын қамтамасыз ететін іс –шаралар кешенін қолдануға немесе қолданбауға байланысты (9-кесте).
Қалпына келтіру әлеуеті және токсиканттар іс -әрекетінің нақтылығы және бұзу іс -әрекеттерінен кейінгі салдар бойыншабелсенді лай мынадай топтарға бөлінеді:
1. Біршама тұрақты биоценоздар. Әдеттегідей мұндай биоценоздар рекультивациялық іс-шараларсыз табиғи жолмен және барынша қысқа мерзімде (10 күннен артық емес) қалпына келтіріледі. Бұл жақсы бейімделуу қасиеттерімен жұмыс істейтін аралас құрамның сарқынды суларын қабылдайтын құрылыстардағы белсенді лай.
2. Нашар орныққан, бірақ биоценозды табиғи қалпына келтірудің жоғары әлеуетімен. Нашар және орташа уытты әсері кезінде биоценоз өздігінен қалпына келеді, қатты бұзылған жағдайда, рекультивациялық іс – шаралар қажет.
3. Орнықсыз биоценоздар. Бұл әдетте ластаушылардың тар спекторымен сарқынды суларды тазартатын жоғары үлесті жүктемемен құрылыстардағы биоценоздар, әдетте дұрыс пайдаланбаған кездегі құрылыстар. Биоценоздың қалыпты жағдайға оралуы мұндай құрылыстарда көп уақытты (1 айдан астам) талап етеді, не мүлдем табиғи жолмен мүмкін емес және оны қалпына келтіру бойынша жұмыстар кешенін орындауы қажет.
Биоиндикаторлар | Даму талаптарының қысқаша сипаттамасы |
Биоценоздың даму бағыттары | |
Түрдің әртүрлі-лігі мен тұрақтылы-ғын арттырудың қолайлы факторлары-ның артықшылығы кезінде | Кері дамудың қолайсыз факторлары-ның артықшылығы кезінде |
| Пайда болған үлпектерді бұзатын сарқынды сулар (фенолқұрамды, ЦБК сарқынды сулар, токсиканттардың үлкен құрамы) |
¯
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 |


