Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
есептеледі.
мұндағы: g - шөгіндіні, лайды асып қою, г; а – кептірілгенге дейінгі шөгіндісі бар бюкстің массасы г; b – кептірілгеннен кейінгі шөгіндісі бар бюкстің массасы, г.
в) Дымқыл шөгіндінің, белсенді лайдың күлділігі абсолютті құрғақ затқа қатысы бойынша проценттермен көрсетіледі. Шөгіндінің (лайдың) кұлділігі Z, %, мынадай формула бойынша:
,
есептеледі.
мұндағы: а – балқытылғаннан кейінгі аспалы тигельдің массасы, г; b - тигельдің бастапқы массасы, г; g - шөгіндінің (лайдың) аспасы, г; p – шөгіндінің (лайдың) гигроскопикалық дымқылдығы, %.
с) Өлшемдер нәтижелерінің қолайлылығын бақылау кезінде X тең Z, %, және 8.3.- кесте бойынша дәлдік көрсеткіші қолданылады.
d) Өлшемдердің нәтижелері ресімделеді.
Әдісті зертханада іске асыру кезінде өлшемдер нәтижелерінің сапасын бақылау осы қосымшаның 8.1, 8.2 әдістерінде көрсетілгендерге ұқсас жүзеге асырылады.
8.4. Тұнба үстіндегі судың мөлдірлігін айқындау әдістемесі
Тағайындау және қолдану саласы. Әдіс лай қоспасын 2 сағат ішінде тұндырғаннан кейін тұнба үстіндегі судың мөлдірлік дәрежесін айқындауға арналған.
Әдістің қағидаты. Әдіс лай үстінденгі сулардың бағандары арқылы жарық өткізуді көзбен көріп айқындауға негізделеді. Белгілі бір мөлшер мен үлгінің шрифті деп есептелуі мүмкін сантиметрлерде көрсетілген су бағанының биіктігі мөлдірлік шарасына қызмет етеді.
Метрологиялық сипаттамалар. Барлық регламенттелген талаптарды сақтау және осы әдіске күмәнді мәннің (және оны құрайтындардың) дәл сәйкестігіне талдау жүргізу кезінде өлшемдердің нәтижелері 8.4.-кестеде келтірілген мәндерден аспайды.
8.4.-кесте
Мөлдірлік өлшемдерінің диапозоны | Дәлдік көрсеткіші (қателікке қатысты шекаралар), Р=0,95 кезінде± d, % | Қайталама көрсеткіші (қайталаманың орташа шаршылық ауытқуына қатысты), σr, % | Ұдайы өндіріс көрсеткіші (ұдайы өндірістің шаршылық ауытқуына қатысты), σR, % | Қайталаманың шегі, r, % Р = 0,95, n = 3 |
1 - 30 аралығы | 10 | 3 | 5 | 10 |
Өлшемдердің құралдары, ыдыстар. Осы әдіс бойынша айқындамалар жүргізу үшін мынадай өлшемдер құралдары, ыдыстар мен материалдар қолданылады:
- Снеллен цилиндрі (түбі тұнық) диаметрі 50–70 мм, көлемі 1000 см3; судың түбінен градуирленген, шкаланың ұзындығы 400 мм, шкаланы бөлу бағасы 10 мм (ГОСТ 1770); Снеллен цилиндрі жоқ болған жағдайда оны шыныны үрлеу шеберханасында жасауға болады;
- сыйымдылығы 2000, 5000 см3 (ТУ ) шыны сауыттар мен банктер;
- қолөнермен шыны құбырлардан (екі ұшы бар сифоннан) жасалған, резина түтікпен жалғастырылған сифон;
- Снелленнің шрифті № 1 (8.1-сурет).
Ескерту: метрологиялық және техникалық сипаттамалары бар жоғарыда келтірілгендерден нашар емес басқа өлшем құралдары мен материалдарды пайдалануға жол беріледі.
1,0
ауыз судың ғылыми санитарлық бағасы және сумен жабдықтау көздері
санитарлық сараптаманың ең күрлделі проблемаларының бірін білдіреді
1,0
ауыз судың ғылыми санитарлық бағасы және сумен жабдықтау көздері
санитарлық сараптаманың ең күрлделі проблемалардың бірін білдіреді
1,0
ауыз судың ғылыми санитарлық бағасы және сумен жабдықтау көздері
санитарлық сараптаманың ең күрлделі проблемаларының бірін білдіреді
8.1.-сурет. Снелленнің № 1 шрифт мөлдірлік өлшемі кезінде судың бағандары арқылы оқу үшін пайдаланудың ыңғайлылығына қарай бірнеше рет қайталанды.
Өлшемдерді орындау:
1. Алынған тұнба қоспасының сынамасын бөлменің температурасына дейін жеткізеді, мұқият араластырады. Сынаманы сыйымдылығы (1–1,5) дм3 шыны ыдысқа құяды және 2 сағат тұндырады. Тұндыру кезінде әрбір 30 минут сайын сауытты тұнба бірқалыпты айналу үшін тіке осьті айналдыра бұрайды. Құйылған судың орта бөлігін тұндырғаннан кейін Снеллен цилиндрінде сифондайды. Алынған сифон көлеміне тең судың алғашқы бөлігін тастап, Сифонды жуады. Құйылған суды таңдау кезінде сифон шыны қабырғаға немесе шөгіндіге соқтығыспауға, сондай-ақ су бетінде қалқитын бөліктерді қамтуға тиіс.
2. Мөлдірлікті Снелленаның сумен толтырылған цилиндр арқылы Снелленаның стандартты шрифтін оқумен айқындалады, Цилиндрдің 2 см қашықтыққа орналасқан шрифті бар. Шрифті оқу жарық жақсы түсірілген, біркақ тікелей күн сәулесі түспейтін бөлмеде жүргізіледі. Су бағандары бастапқыда Снеллен цилиндрі бетіне дейін ілпілдетіп толтырылғандықтан, оны төгу есебінен реттеледі.
3. Өлшемдердің рәсімін қайталайды.
Нәтижелерді өңдеу:
- қолайлылықты бақылау кезінде X тең П, см, және 8.4.-кестесі бойынша дәлдік көрсеткішін қолданады.
- өлшемдердің нәтижелерін ресімдейді.
4. Өлшемдер нәтижелерінің сапасын әдістеме зертханасында іске асыру кезінде бақылау осы қосымшаның 8.1, 8.2 және 8.3 әдістерінде көрсетілгендерге ұқсас жүзеге асырылады.
9-қосымша
Аэротенктері бар құрылыстардағы биологиялық тазарту процесін
гидробиологиялық бақылау жөніндегі басшылық
9.1. Белсенді тұнбады гидробиологиялық талдау
Гидробиологиялық талдау микроскоптың, белсенді лай биоценозының жай-күйі мен құрылымдық ерекшеліктерінің көмегімен бағалауға негізделеді, оның организмдерінің жекелеген топтардың тазартылған сарқынды сулардың құрамы мен ерекшелігіне, сондай-ақ құрылыстарды пайдалануды өмірлік қамтамасықз ету талаптарының, реттелетін режимдерінің сапалық өзгерістері мен сандық таралуына ден қою қабілеті бар.
Белсенді лайды гидробиологиялық талдау лайдың массалық шоғырлануының (мөлшерінің) сол бір сынамасындағы, белсенді лайдың индексіндегі, тұндырылатын судың тиісінше биомассаның сапасын, лайдың седиментациялық ерекшеліктері мен оның сарқынды суларды биологиялық тазарту тиімділігін анықтайтын тазартылған судан бөлінетін қабілетін сипаттайтын күлділігі мен мөлдірлігін айқындаумен міндетті түрде толықтырылады.
1. Өлшем құралдары мен көмекші құрылғылар:
- бинокулярлық микроскоп 50-1350х ТУ 3-3-986, ТУ 3-3-777 немесе соған ұқсастар;
- «Люмам» люминесцентті сериялы микроскоп 50-1425х ТУ ;
- стереоскопиялық микроскоп (МБС) 3,5-88х ТУ ;
- өлшеу сыщзғышы бар микрометр;
- объект-микрометр ГОСТ 7513;
- фазалық контраст әдісімен қадағалауға арналған құрылғы КФ-5 ТУ ;
- жалпы мақсаттағы зертханалық таразылар ГОСТ 24104;
- жалпы зертханалық мақсаттағы кептіргіш электр шкафы ГОСТ 13474;
- рН-метр үлгісіндегі рН-155 ГОСТ 25.7416.0171 немесе соған ұқсастар;
- дабыл беру сағаттары ТУ;
- кварцталған шыныдан жасалған бактерицидті шам ТУ ;
- сынамаларды сақтайтын тоңазытқыш;
- Кольвитца, Горяева есеп камералары ТУ 42816, тереңдігі 0,1–1,0 мм болатын Том;
- көлемі 500–700 см3, кез келген үлгінің сынаматаңдағышы, мысалы, ГОСТ 6859-72 бойынша;
- судың температурасын өлшеуге арналған металл жиекті термометрлер, жиексіз шкалалық термометрлер ГОСТ 2045;
- сынамаларды машинамен тасуға арналған ұяшықты немесе тығыздалған жәшіктер (жеңілдетілген түрі);
- медициналық, зертханалық центрифуга ТУ ;
- сұйықтықты зертханалық ыдысқа құюға арналған аппараттар ТУ ;
- резина грушалар (әртүрлі);
- препарат жасауға арналған инелер;
- жұмсақ және қатты шымшуырлар;
- мембранды сүзгілер (тесігінің көлемі 2–10 мкм);
- сандық салмақты талдауға арналған күлсіз қағаз сүзгілер;
- көлемі 18х18 мм және 24х24 мм (қалыңдығы 0,15–0,17 мм-ден аспайтын) микропрепараттарға арналған жабынды шыны ГОСТ 6672, заттық шыны (қалыңдығғы 1,1–1,4 мм-ден аспайтын) ГОСТ 9284;
- Петри құтысы, ГОСТ 25336;
- зертхханалық құтылар Н-2-100, В-2-100 ГОСТ 25336,
- өлшеу колбалары 2-25-2, 2-50-2, 2-100-2, 2-500-2, ГОСТ 1770;
- сыйымдылығы 1, 2, 5 см3 2 класс дәлдіктегі шыны тамызғылар ГОСТ 20292;
- шағын тамызғылар 0,1 см3, 0,2 см3 ГОСТ 20292;
- су ішіндегі сорғылар ГОСТ 25336;
- сынамаларды іріктеу мен сақтауға арналған қажалған немесе бұрандалы тығыны бар сыйымдылығы 500–3000 см3 шыныдан немесе полиэтиленнен жасалған бутылдар ТУ 6-19-45;
- тазартылған су ГОСТ 4220;
- медициналық мақта ГОСТ 1177.
2. Фиксация және қарапайым бояма реактивтер.
Есірткі қосылған препараттар:
- этильді 96° спирт (этанол) х. ч. ТУ 7;
- 4–10%-тік суда ерітілген формалин ТУ 3;
- 0,1%-тік суда ерітілген сірке қышқылы ГОСТ 61-75;
- 0,1%-тік суда ерітілген сірке қышқылы никель сульфаты ТУ 5;
- 2%-тік суда ерітілген новокаин (фармацевтикалық препарат);
- 10%-тік суда ерітілген изерцин (левомепромазин) (фармацевтикалық препарат);
- 20 см3 тазартылған судағы 5 г екі мәрте сублимированды йодтың Утермеле бекіткіші (ГОСТ 41г калий йодын ерітеді (ГОСТ 4232), 50 см3 тазартылған су және 5 г натрийдың сірке қышқылын қосады (ГОСТ 199), алынған ерітіндіні қажалған тығыны бар күңгірт шыныдан жасалған склянкада 1 айдан астам уақыт сақтайды.
- Бояғыштар:
- бейтарап қызыл индикатор ТУ 5;
- глицерин араластырылған Люголя сұйықтығы (3 см3 тазартылған су, 94 см3 глицерин ч. д.а. ГОСТ 6259, 1 г кристаллды йод ч. д.а. ГОСТ 4159, 2 г х. ч. йодты калий ГОСТ 4232);
- йод ч. д.а. ГОСТ 4159, 0,3%-тік және 1%-тік спирт ерітіндісі;
- акридинді күлгін гидрохлорид ТУ — витальды люминесцентті бояғыш;
- метильдік көкшіл ч. д.а. ТУ 6-09-29;
- метильдік жасыл ТУ ;
- азотқышқылды күміс ч. д.а., х. ч. 2%-тік су ерітіндісі ГОСТ 1277.
а. шыны цилиндрдегі лайды көзбен көріп зерттеу;
б. организмдердің түрлерін, кіші түрлерін (ұсақ талшықтасығыштарды, бактериялардың колонияларын аса жоғары жүйелік рангалармен шектеледі) айқындау;
в. сандық есеп әдістерінен алынған тұжырымдардың дәлдігін талап етуіне орай әрбір түрдің санын айқындау;
г. индикаторлық организмдердегі функциональдық жай-күйді, ішкі құрылым ерекшеліктерін, морфологиялық өзгерістерді сипаттау;
д. биоиндикаторларға тән кейбір көлемдерді (егер микроскопиялық зерттеулер жүргізілген жағдайда, олардың белгілі ұсақталғаны анықталса, сондай-ақ көріністі диагностикасын нақтылау үшін) айқындау;
е. лайдың осы сынамасына келген биоиндикаторларды организмдердің тән топтарына бөлу (бөлудің негізгі өлшемдері – бұл биоиндикаторлардағы қоректік қажеттілігі, олардың ерітілген кислородтың шоғырлануына қатынасы, бейімділік-экологиялық иілгіштігі, тіршілік ету қабілеті ретінде ұғынылатын және қоршаған орта өзгерістерінің кең диапозонында уытты сарқынды сулардың ықпалындағы тұрақтылыққа бейімделу);
ж. биоценоздың қорытынды бағасы, оны айқындалған үлгілердің біріне жатқызу, белгіленген үлгінің сипаты;
з. гидробиологиялық қорытынды дайындау.
Цилиндрде көзбен көріп зерттеу |
¯
Таксондарды айқындау |
¯
Әрбір түрдің сандық мәнін айқындау |
¯
Индикаторлық организмдердің функциональдыұқ жай-күйін сипаттау |
¯
Индикаторларға тән мөлшерлерді анықтау |
¯
Индикаторлық топтар бойынша жіктелімдер |
¯
Биоценоздің түрін және оған тән ерекшеліктерді анықтау |
¯
Тұжырымдар, қорытындылар |
9.1.-сурет. Ггидробиологиялық талдау.
Орындалған рәсімнің әрбір талданған сынамы бойынша жұмыс журналына жазады, белсенді лай ретінде гидрохимиялық талдаулардың және технологиялық есеп айырысулардың деректерімен салыстырады.
Лайды микроскоппен зерттеу алдында шыны цилиндрде көзбен көру кезінде оның ерекшелігін сипаттау қажет. Лай шөгіндісін тұндырылған 30 минуттан кейін көлемі 1 дм3 цилиндрде өлшейді, тұндыру жылдамдығы, белсенді лай үлпегінің түсі өлшенеді. Лайдың табиғи түсі бурыл-қоңыр, қою ет сорпасына ұқсайды. Қара дақтары бар қошқыл, топырақ тәрізді лай лай қоспасын жаман араластырудың және кислородтың жетіспеушілігінен немесе жаман айналуының және лайдыің жүрмеу (лайдың жатып қалуының, бүгілуінің). салдарынан болуы мүмкін. Лайдың иісі қандай да бір химиялық заттардың иісіне ұқсамайтын, саз балшықты болуға тиіс. Иіс топырақты, шіріген, аптекалық, мұнай өнімдерінің иісі, хлорфенольді. боллуы мүмкін. Тығыздаған кезде үлпек тәріздес болып келеді, тазартылған сұйықтықтың нақты шекарасымен бірге шөгінді жүргізіледі немесе массалардың үзіктері байқалады, флокуляция (жиынтықты немесе диспергирленген үлпек және лай суын лайлайды) тез немесе баяу өтеді.
30-минуттік тұндырылғаннан кейін тұндырылған судың сыртқы көрінісін сипаттайды. Лай бетіндегі су мөлдір, боялмаған, опалесцирлік болуға тиіс. Гидробиолог лай бетіндегі судың мөлдірлігін өлшенген және коллоидты бөлшектерден тазарту тиімділігін белгілей отырып, міндетті түрде өлшейді. Мөлдірлік ластаушы заттардың ашытылған түбіне қарай, сондай-ақ белсенді лай үлпектерінің 2 сағат ішінде лай бетіндегі судағы ұсақ шөгілердің және диспергированды бактериялардың болуына байланысты. Сарқынды сулардың құрамындағы және технологиялық режимдегі кез келген, тіпті болмашы өзгерістер оларды тазарту тазартылған судағы ұсақ үлпектердің және еркін өмір сүретін бактериялардың туындау салдарынан пайда болады, бұл тазартылған су мөлдірдігінің түсіп кетуіне алып келеді. Судың мөлдірлігі суға қаныққан аэрация соңынан алынған немесе аэротенктер арнасынан жиналған сынамада талданады. Тұндырылған судың мөлдірлігінің тәжірибесінде кез келген мәнді (екіден он сантиметрге дейінгі) қабылдауы мүмкін. 30 см және одан көп мөлдірлік кезінде барлық басқа санитарлық көрсеткіштер, әдеттегідей, таратудың жоғарғы дәрежесіне сәйкес келеді. Толық емес биологиялық тазарту мөлдірлікті қамтамасыз етеді, әдетте, 12 см-ге жуық. Мөлдірліктің сандық мәндері сынамада тұндырылған БПК сандық мәндермен түзетіледі және аэротенктердің (коллоидтық заттарды алу тиімділігі) жұмысын сипаттайды.
Гидробиолог белсенді лай индексінің шамасын есептейді және белсенді лайдың седиментациялық ерекшеліктерін сипаттау үшін оның мәнін пайдаланалды.
Белсенді лайдың индексі - бұл литрлік цилиндрде 30 минут тұндырылатын белсенді лайдың бір грамын иеленетін көлем. Төмендетілген мәндері бар белсенді лайдың индексінде күлділік үлесі жоғары, аса ауыр элементтер жасушалы заттардың жоғары минералданғаны үшін немесе ауыр салмақтардың қатысқаны үшін, коммуникациялық желілердің бітелуіне алып келуі мүмкін. Седиментациялық лай индексіне лайдың қабілеті нашарлаған кезде лай өседі, тазартылған су бұзылады және қайталама тұндырғыштардан өлшенбелі артық заттарды шығаруға алып келеді.
Қайталама тұндырғыштардан алынған тұндырманы уақтылы түсірудің технологиялық мүмкіндіктерінен, әрбір нақты құрылыс үшін биологиялық тазартудың белсенді лай индексінің өздерінің белгіленген мәндері оңтайлы болады. Тазартылған құрылыстарды жасанды биологиялық тазарту үшін оның 90 –нан 120 см3/г.-дейінгі оңтайлы мәнін есептеу шары қабылданды
Белсенді лайдың индексіне қойылатын негізгі талаптардың бірі - тазартылған құрылыстарды пайдаланудың қанағаттанарлық талаптарында көрсетілген оның мәндерінің орнықтылығы.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 |


