Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
4.12. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға токсикологиялық бақылау өткізу тасталатын сарқынды сулардың қауіптілігін ерте анықтау есебінен табиғатты қорғау іс-шараларына шығындарды азайтуға мүмкіндік береді және өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын және сарқынды суларға түсетін анағұрлым қауіпті токсиканттарды селективті іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
4.13. Тұтынушылардың су бұрғыш жүйесіне санкцияланбаған тастаулар нәтижесінде тазарту құрылыстарын ластаушы заттарды бірден тастау кезінде немесе тазартуға түскен сарқынды сулардағы ластаушы заттардың шекті концентрациясынан артуы нәтижесінде мынадай іс-шараларды дәйекті өткізу қажет:
- кәсіпорын диспетчеріне хабарлау;
- болған оқиға туралы табиғатты қорғау органдарына хабарлау қажет;
- тазарту құрылыстарының механикалық бөліктеріндегі тұнбаларды жиірек түсіре отырып және артық белсенді лайдың түсуін тоқтата отырып белсенді лайға түсетін жүктемені азайту;
- табиғатты қорғау органдарының келісімі боынша сарқынды суларды тазарту жабдықтары мен құрылыстардың істен шығуына қауіп төнген кезде биологиялық тазарту құрылыстарынан түсетін сарқынды суларды айналма су құбыры бойынша беру (аэротенктер, қайталама тұндырғыштар);
- аэротенктерге ауа беруді ұлғайту;
- мұнай өнімдері тасталған кезде мұнай өнімдерін қабылдау камераларынан, механикалық тырмалардан, құмұстағыштардан, бастапқы тұндырғыштардан жинау жөнінде шаралар қабылдау қажет;
- сарқынды сулардан олардың ластануына талдау жүргізу үшін сынамасын алу.
4.14. Ластаушы заттардың апатты тастандыларымен туындаған тазартудың сапасы бұзылған жағдайда, сарқынды сулардағы және белсенді лайда жиналып қалған токсиканттар мен биологиялық әдіспен қиын қышқылданатын өнеркәсіптік ластаушы заттарды анықтау және жою, елді мекендердегі су бұру жүйесіне тастаудан бұрын өнеркәсіптік кәсіпорындардың сарқынды суларынан оларды тікелей локальды жою жөнінде іс-шаралар әзірлеу қажет.
4.15. Белсенді лайға уытты әсер ету бұзушылықтарының себебі ретінде мысалы, кәсіпорындар гальваникалық жабындылармен жабу кезінде пайдаланатын металлдар белгіленген жағдайда, сарқынды сулардан металдарды бөліп алудың қазіргі заманға сай технологияларын енгізу ұсынылады. Ауыз суды дайындағаннан кейін пайдаланылған флокулянттар мен реагенттерді кәрізге тастауға жол берілмейді. Сарқынды сулардан майлар мен мұнай өнімдерін қанағаттандырарлық алып тастауды қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар әзірленеді, өйткені тазартуға түскен сарқынды сулардағы майлармен және мұнай өнімдерімен үйлескен жоғары концентрацияланған металлдардың болуы белсенді лайдың ісінуіне және\немесе көпіршіктенуіне әкеп соғады. Бастапқы тұндырғыштардың жұмысы оңтайланады.
4.16. Егер уытты сарқынды сулардың түсуі тіркеліп, токсиканттар белсенді лаймен биологиялық нашар қышқылданатыны, онда тек қана сорбцияланып, жинақталатыны (мысалы формальдегидтер, металлдар, гербицидтер) белгілі болса, токсиканттардың апатты түсу кезеңіне сарқынды сулардың регенераторлардағы белсенді лаймен байланысы жойылады және қайтарымды лайдың регенераторларға түсуі тоқтатылады. Қайтарымды лай уытты сарқынды сулардың түсуін тоқтатқанға дейін аэротенктерге беріледі. Уытты сарқынды сулардың түсуі тоқтағаннан ке йін аэротенктерден шыққан токсиканттар жиналған белсенді лай пайдаға асырылады, ластандырғыштарды биологиялық қышқылдандыру үшін регенераторлардан шыққан лай пайдаланылады. Регенераторларды жұмыстан алып тастау белсенді лайдың дозасын (масса бойынша) азаюына және лайға жүктеменің ұлғаюына әкеп соғады, сондықтан, тазартудың осындай кестесін қысқа мерзімге (1–2 тәуліктен кем емес) және апатты тастау уақытына ғана пайдалануға жол беріледі.
4.17. Аэротенктердің аралық типін пайдалану кезінде максималды регенерация мен масса бойынша лай дозасын қолдай отырып, олар ығыстыру режиміне ауысады. Лай көпіршектенген жағдайда, лайдың жасы 9 тәуліктен аспайтын, бірақ кемінде 5 тәулік ұсталады. Токсиканттардың белсенді лайға әсерінің зардабын жою және оны қалпына келтіру процесін тездету үшін аэротенктер қанағаттандырарлық жұмыс істейтін тазарту құрылыстарынан әкелінген, 1 м3 аэротенкке белсенді лайдың 1 дм3 келетін сау лаймен жұқтырылады.
4.18. Процестің бұзылуы жиі қайталанған жағдайда, тазарту жүйесінің аэробтылығы артады, ол үшін ауаның дискілік керамикалық диффузорлары бар қазіргі заманға сай қорғалған аэраторларға пневмоэкструзия әдісімен жағылған, полипропиленнен жасалған диспергирлейтін қабаты бар полимерлі тесілген құбырдан жасалған құбырлы аэраторларды ауыстыру қажет. Бұл диффузорлар жеңіл регенерацияланады және аэротенктердегі аэробтылық тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік береді.
4.19. Микрофлораның ферментативті белсенділігі алкирлейтін агенттермен тұнбаны стимуляцияландыру жолымен лайды кейіннен А қосымшасында баяндалған ұсыныстарға сәйкес селекцияландыра отырып артады. Лайды мутагендермен активтендіру нәтижесінде, токсиканттарға, қоректік заттардың жетіспеуіне, субстраттардың артық болуына жақсы бейімделген, аллохтондық, патогендік, жіп тәрізді бактериялардың дамуына бәсекелі басым болуына мүмкіндігі бар, гель құраушы сапрофитті бактериялар популяциялары қалыптасады.
4.20. Лайдың индуцияланған активациясы ластаушы заттарды алу жылдамдығы мен тереңдігін ұлғайтудың және лайдың ылғал беретін ерекшелігінің тұрақты күшті әсерін қамтамасыз етеді. Мутагенез – белсенді лай бактерияларындағы гетертрофты микрофлораның генетикалық аппаратына стресстік ықпал ету жолымен бактериалдық популяцияның жаңа модификациясын құруға мүмкіндік беретін, мутациялық өзгерісті басқарудың тиімді әдісі. Қандай да бір қосымша іс-шараларсыз мутагенез 2–3 аптаның ішінде лайдың көпіршектенуін және ісінуін болдырмауға мүмкіндік береді. Химиялық мутагендермен үш рет өңдеуден өткен соң (қалауынша супермутагендерді пайдалану) белсенді лайда субстраттар мен токсиканттардың артық көлемде болуына жақсы бейімделген бактериялар, түрлі ферменттерді синтездеудің және өзінің биомассасын ұлғайтудың активтендіру мүмкіндігі бар бактериялар қалыптасады. Гетеротрофты бактериялардың мұндай популяциясы белсенді лайдағы аллохтонды, патогенді, сондай-ақ жіп тәріздес бактериялардың дамуын бәсекелік басым болу ерекшелігіне ие болады. Белсенді лайдың қасиетін жақсарту үшін химиялық мутагенез әдістерін пайдалану (флокул құру, өсу, токсиканттарға тұрақтылығы, ылғал беру ерекшелігі және т. б.) белсенді лай микроорганизмдерінің тұқым қуалаушылық алуандығын анағұрлым арттыруға және биологиялық тазарту сапасын анағұрлым жақсартуға мүмкіндік береді. Химиялық мутагендер физиологиялық, атап айтқанда лайдың ферментативті белсенділігін арттыруда, жағымсыз факторларға оның тұрақтылығын арттыруда көрінген, жаңа, сирек кездесетін пайдалы мутациялардың пайда болуына мүмкіндік береді. Мутация нәтижесінде жай белсенді лай ажыратылмайтын субстраттарды қышқылдандыруға мүмкіндік беретін, жаңа ферменттер пайда болуы мүмкін.
4.21. Әдістің экологиялық қауіпсіздігі мутагендермен тікелей байланыста лайдың кішкентай көлемі болатындығымен қамтамасыз етіледі (20 литрден көп емес); өңдеуден кейін супермутагендер бұзылады. Мутагенезге қарағанда белгілі бір қауіп тудыратын бактериялардың генетикалық модификациясымен (БГМ) мутагенезді шатастыруға болмайды
4.22. Белсенді лайдың тапшылық көруі ОБТ5 100 мг/дм3 кем көрсеткіштерімен сипатталатын органикалық ластаушы заттары бар сарқынды сулардың аэротенкке түсуі кезінде байқалады. Сарқынды сулардағы органикалық заттардың жетіспеуі белсенді лай үшін ондағы биогендік қорек элементтерінің дисбалансымен күшеюі мүмкін (азоттың, фосфордың, темірдің, күкірттің және т. б. жетіспеуі). Сонымен қатар белсенді лайда тұнбаның жіп тәріздес ісінуі дамиды, бұл осы себептердің үйлесуінде ғана емес, сонымен қатар олардың бөлек әсер етуінде де байқалуы мүмкін. Тұнбаның мұндай ісінуі оның қышқылдандыру мұмкіндігінің азаюы мен тұнба өсуінің тоқтауы, демек, белсенді лайға меншікті жүктеменің ұлғаюымен сүйемелденеді. Мұндай ісінулерге ұрындыратын, активтендіретін факторлары:
- артық лайды бастапқы тұндырғыштарға беру;
- реагенттердің есебінен немесе дұрыс пайдаланбаған кезде бастапқы тұндырғыштардағы органикалық заттардың артық алынуы;
- тазартудың технологиялық кестесінде преаэраторлардың, биокоагуляторлардың бар болуы болып табылады.
4.23. Сарқынды суларда құрамында көміртегі бар органика мен биогенді қорек жетіспеген жағдайда, мынадай іс-шаралар қолданылады:
- аралық типті аэротенктерді пайдалану кезінде, олар мүмкіндігінше максималды лай регенерациясы мен масса бойынша дозаны қолдай отырып, ығыстыру режиміне ауысады;
- бастапқы тұндырғыштарда тұнбалар ацидофикациясы технологиясы енгізіледі (2-қосымша).
Шөгінділердің ацидофикациясы лайды тез қышқылданатын органикамен қоректендіруге ғана емес, сонымен қатар шөгінді көлемін 1,5 есе азайтуға мүмкіндік береді. Бастапқы тұндырғыштардағы шөгінділердің ацидофикациясы – тұнбаның ісінуіне және\немесе тұнбаның көпіршіктенуіне қарсы күрестің жақсы әдісі Шөгіндінің ацидофикация технологиясы жай, экономикалық тұрғыдан қол жетімді және тазарту құрылыстарының техникалық персонал күштерімен оңай енгізіледі.
4.24. Бастапқы тұндырғыштардағы шөгінділердің ацидофикациясы технологиясын енгізуден бұрын оларды жетіспейтін қоректі элементтерімен қоректендіру қажет. Ең жақсы қорек болып ет комбинаттарында сойылған малдың қаны болып табылады. Сондай-ақ химиялық тыңайтқыштармен қоректендіруге болады. Азот жетіспеген жағдайда – хлорлы аммониймен, несеппен (мочевина), аммоний сульфатымен, аммоний нитратымен, фосфор жетіспеген жағдайда – жай суперфосфатпен, 0,1% ортофосфорлы қышқылдың ерітіндісімен. Аммиакты суды суперфосфатпен бірге қолдануға болмайды, өйткені рН мәні артық болған жағдайда, ерітілмейтін тұздардың пайда болуы мүмкін.
4.25. Егер артық лайды тазартуға түскен сарқынды сулардың ағынына беру технологиясы пайдаланылса, артық лайды құрылыстың «басына» беруді болдырмау немесе артық лай көлемінен 20%-дан аспай беру қажет. Белсенді лай ісінуі ұзақ болған жағдайда, артық лайды бастапқы тұндырғыштарға беруден толығымен бас тарту қажет.
4.26. Концентрациясы жоғары органикалық заттары бар ағындар биологиялық тазарту құрылыстарына түскен жағдайда (ОБТ5 более 500 мг/дм3), тазарту сапасының бұзылуына әкеп соғатын факторлар: отттегінің жетіспеуі, белсенді лайдың төмен концентрациясы мен төмен жасы, тазартылатын сарқынды сулардың температурасының көтерілуі, РН үйлесімді мағынасынан ауытқуы болып табылады. Құрылыстардың тез қышқылданатын органикалық заттармен шамадан тыс тиелген жағдайда, лайға түсетін жүктемені азайту жөнінде іс шараларды ластаушы заттардың концентрациясы белсенді лайдан артық жұмыс істеу мүмкіндігінен артпайтындай етіп өткізу қажет. Бұл белсенді лай концентрациясының ұлғаюымен және оның ферментативті қышқылдану мүмкіндігінің артуымен қамтамасыз етілуі мүмкін, бұл өз кезегінде жүйенің жеткілікті аэробтылығымен қамтамасыз етілуі мүмкін:
- аэротенктерге түсетін сарқынды сулардың тез араласуын қамтамасыз ету. Аралық типтің аэротектерін пайдаланған кезде олар масса бойынша лайдың максималды дозасын қолдай отырып, араластыру режиміне ауысады. Аэротенктердегі сарқынды суларды тез араластыру ірі көпіршікті және ұсақ көпіршікті аэрацияның байланысымен, ал одан да жақсысы – белсенді лайды механикалық бұлғауышпен бір уақытта араластыра отырып, ұсақ көпіршікті аэрацияның байланысымен қамтамасыз етуге болады;
- микрофлораның ферментативті белсенділігін лайды кейіннен селекциялай отырып, алкилирлеуші агенттермен стимуляциялауды арттыру
- лайдың белсенділігін алкирлейтін агенттермен оны кейіннен селекциялай отырып, қарқындатумен микрофлора ферментативтігін арттыру (химиялық мутагенез әдісі);
- белсенді лайға меншікті жүктемені азайту үшін, тазарту құрылыстарының механикалық бөлігінің жұмысын жақсартатын іс-шаралар өткізіледі (сарқынды сулардың аэрация кезінде, бастапқы тұндырғыштардан лайды жиі түсіріп отыру, резервтерді қосу және т. б.).
4.27. Қайтарымды белсенді лайды сутегі асқын тотығымен өңдеу жақсы нәтижелер береді. Белсенді лайдың жұмыс істейтін дозасы лайдың рециркуляция пайызын ұлғайту және оның пайдалануға бағытталған көлемін азайту жолымен артады. Лай дозасын тұрақты түрде арттыру үшін аэротенктерде биомасса тасығыштары орнатылады. Сонымен қатар тазарту негізгі екі топқа бөлінетін лайдың бірнеше түрлі ценоздарымен жүзеге асырылады: өлшенген жай-күйдегі және биотаспа тасығыштарда белгіленген белсенді лай ценозы. Тасығыштардағы белсенді лайдың жасы үздіксіз жойылатын және жаңаратын өлшенген жай-күйдегі лайға қарағанда көп. Мұндай түрлі жастардың үйлесуі реакторда қышқылданудың жоғары жылдамдығын ұстап тұруға, – жас лайды пайдаланған жағдайда, лай жасын 8–9 тәулік бойы ұстап тұрған жағдайда белсенді лайдың нитрафикацияланатын және седиментациялық ерекшеліктерін жақсартуға мүмкіндік береді. Лай концентрациясының және жалпы биомассаның өсуі лайға түскен жүктемені азайтуға, сонымен қатар жіп тәріздес бактериалді ісінудің басылуына және тазарту сапасының жақсаруына әкеп соғады.
4.28. Биомасса тасығыштарын пайдалану қажеттілігі туралы мәселені шешу кезінде кейбір шектеулерді ескеру қажет. Биомасса тасығыштарын:
- тазарту құрылыстарында ұсақ тесікті торларды алдын ала орнатусыз қолдануға болмайды. Нашар жойылатын қоқыстар тасығыштарды бітейді, олардың ішінде шіриді, бұл сарқынды сулардың екінші рет ластануына әкеп соғады;
- капронды тар көзді маталармен, балық аулау ауларымен және т. б. тасығыштарды бітеліп қалудан сенімді қорғаусыз, бастапқы тұндырғыштар мен майұстағыштары жоқ құрылыстардың жұмысы қанағаттандырарлық болған жағдайда да қолдануға болмайды;
- мұнай өнімдерімен, тоң майлармен, майлармен ластанған сарқынды суларды тазартатын құрылыстарда (мұнай өндіретін зауыттар, тамақ өнеркәсібі, май экстрациялық зауыттар және т. б.) қолдануға болмайды.
4.29. Қалалық су бұру жүйесінің биологиялық тазарту құрылыстары, ережеге сай, қалалардағы су объектілерін ең ірі ластандырғыштар болып табылады. Тазартылатын сарқынды сулар көлемі бойынша, олардың су пайдаланушылар арасында көш бастайтыны күмәнсіз. Сонымен қатар олар ластандырғыш заттарды өндірмейді, керісінше, су бұру жүйесіне тасталатын ластаушы заттарды қуатты биологиялық қышқылдандыру функциясын, сондай-ақ суаттардың тазартылмаған өндірістік сарқынды сулардан ластануынан қорғаныс барьері функциясын атқарады. Бұл құрылыстардың мәнін су объектілерінің экологиялық жағдайы үшін қайта бағалау қиын және олардың сәтті жұмыс жасауы үшін коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бірлескен күштері ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бірлескен күштері қажет.
4.30. Белгіленген талаптарға сай су объектісіне ластаушы заттарды тастау нормативінен асып кеткен жағдайда, қызмет көрсетуші бұзушылықты тіркеп, себептерін анықтап және апат жағдайы және су объектілерінің ластану деңгейі туралы ҚР ҚОҚМ аумақтық органдарына (тәулік ішінде) хабарлау қажет. ҚОҚМ үлгіні параллельді іріктеу мерзімін белгілейді және апат жағдайына кінәлілерді анықтауға тікелей қатысады. Тазарту құрылыстарының басшылығына эколгиялық бақылаудың аумақтық органдарына Тұтынушылардың «Елді мекендердегі су бұру жүйесіне сарқынды суларды қабылдау ережелерінде» тіркелген бұзушылықтар жағдайын тергеуде көмек сұраулары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту үшін ұсынулары қажет.
5. Биологиялық тазарту құрылыстары жұмысын технологиялық талдау
5.1. Құрылыстарда өтетін процестерге байланысты тазарту әдістері: сарқынды суларды механикалық, физико-химиялық және биологиялық тазарту болып бөлінеді.
Механикалық тазартуларға: торлар, құмұстағыштар, ротациялық барабандар, екі қабатты, тік, көлденең және радиалды тұндырғыштар жатады. Биологиялық тазартуларға: жер асты сүзгі алаңдары, суландыру алаңдары, биологиялық тоғандар, биологиялық лагуналар, биофильтрлер, аэротенктер жатады.
5.2. Сарқынды сулардың сапасына және олардың биодегредациясына бейімділігіне байланысты оларды тазартудың анағұрлым қолайлы әдісін пайдаланады. (1-сурет).

1-сурет. Сарқынды суларды тазартудың үйлесімді әдісін таңдау кестесі.
5.3. Сарқынды суларды биологиялық тазарту – суды ондағы минералды заттардан тұрпайы қоқыстардан, ластаушы заттардан, органикалық заттардан және қоспалардан суаттар үшін зиянсыз концентрациялаудан бұрын (оларға тазартылған сарқынды суларды тастау кезінде) босату. Биологиялық тазартудың анағұрлым таралған әдісі құрылыстардағы сарқынды суларды аэротенктермен тазарту болып табылады. Осы құрылыстардағы сарқынды суларды тазартудың биологиялық процесі мына дәрежелерден тұрады: сарқынды суларды қабылдау, тегеурінді басу, тазарту буындары бойынша тасымалдау және бөлу, сарқынды суларды қоқыстардан, құмнан босату, бастапқы тұндырғыштарды салынды бөлшектерден тазарту, органикалық заттарды қышқылдандыру; немесе органикалық заттарды қышқылдандыру және нитрификациялау; немесе аэротенктерде нитрификация-денитрификация және дефосфотациялау, қайталамаі тұндырғыштарда белсенді лайды тазартылған судан бөліп алу, сарқынды суларды зарарсыздандыру, тұнбаны құрғату.
5.4. Тазарту станциясының жұмысын технологиялық талдау сарқынды сулардың саны мен сапасын анықтаудан басталады. Сарқынды сулар станцияға әркелкі түседі, бұл тәуліктік, сағаттық және жалпы әркелкі коэффициенттерімен бағаланады. Жеке құрылыстар жұмыстарының технологиялық көрсеткіштері орта тәуліктік ағысы бойынша есептелетіндіктен, талдау кезінде сарқынды сулардың түсі әркелкі екендігін ескеру қажет. Сарқынды сулардың ластану концентрациясы одан да көп ауысады: жазда, ережеге сай, концентрация қыс мезгіліне қарағанда төмен болады. Кейде ластаушы заттардың концентрациясы жаз айында көтерілгенін байқаймыз, бұл қалада ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесін жөндеу жұмыстары үшін өшіруге байланысты. Ластаушы заттардың концентрациясы жексенбі күні және мереке күндері, өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істемеген кезде кенет азаяды.
5.5. Талдау нәтижелерін жұмыс күндері және мереке күндері салыстыру тұрмыстық сарқынды сулардың құрамы туралы және олардың құрамына өнеркәсіптік сарқынды сулардың әсері туралы көрініс береді. Сарқынды сулардың сағаттық сынамаларын талдау, ластаушы заттардың концентрациясы тәуліктердің сағаттары бойынша өзгеріп отыратындығын көрсетеді (тәуліктік сынамада өлшенген заттар 200 мг/дм3 құраған жағдайда, олардың құрамы сағаттық сынамада 50–ден 350 мг/дм3-ге дейін ауысады). Түсетін және тазартылған сарқынды суларды талдау нәтижелерін бағалау, станцияның есепті өнімділігімен сарқынды сулардың ағысын, жобалық деректерері мен өткен жылдың сол кезеңінде анықталған талдаулар нәтижелерін салыстыру станцияның және оның жеке құрылыстарының жұмысын толығымен бағалауға мүмкіндік береді.
5.6. Сарқынды сулар шығыстарын өлшеудің анағұрлым жиі қолданылатын әдістері үш топқа бөлінеді:
- өлшеу науалары мен суағарлардың көмегі;
- қалтқылардың, зырылдауықтардың көмегімен тірі қиманың алаңын және дәл сол қимадағы су ағысының орташы жылдамдығын өлшеу;
- өлшеу аспаптары – шығын өлшегіштерімен.
5.7. Сарқынды сулардың шығынын өлшеудің сол немесе басқа әдісін таңдау өлшеудің талап етілген нақтылығын ескеру қажет. Анағұрлым нақты өлшемді қазіргі заманға сай шығын өлшегіш аспаптары береді. Сарқынды сулардың шығынын тұздың және бояғыштардың көмегімен өлшеу әдістерін қолдануға болмайды, өйткені олар күрделі, көп еңбек етуді қажет етеді және ағындар турбуленттік боялған ағындар қозғалысының жылдамдығына әсерін ескермейді.
5.8. Кең құрылыстарға сарқынды сулардың нақты түсу уақыты мына формула бойынша анықталады:
t = V/Q,
мұндағы: V – сарқынды сулармен толтырылған көлемді ескере отырып, құрылыстың жұмыс көлемі, м3; Q – тазарту құрылыстарына түсетін сарқынды сулардың шығыны, м3/сағ.
Нақты құрылыстарға арналған есептік формулалар әр құрылыс бойынша бөлімдерде берілген.
5.9. Түсетін сарқынды сулардың әркелкілігінің коэффициентін есептеу мысалы 2 – 5 кестелерде көрсетілген.
2-кесте. Сарқынды сулардың әр айға шығынын анықтау
Айы, жылы | Шығыны, м3 | Айы, жылы | Шығыны, м3 |
I. 2010 | 261040 | VIII. 2001 | 279840 |
II. 2010 | 361597 | IX. 2001 | 248899 |
III. 2010 | 348942 | X. 2001 | 364740 |
IV. 2010 | 290679 | XI. 2001 | 395720 |
V. 2010 | 371064 | XII. 2001 | 395720 |
VI. 2010 | 334243 | I. 2002 | 423459 |
VII. 2010 | 385278 | II. 2002 | 339820 |
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 |


