Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
1,
мұнда: Q – тазартылатын сарқынды сулардың орташа тәуліктік көлемі, м3/тәу; Bосв – бастапқы тұндырғыштардан кейін мөлдірлетілген судағы салынды заттардың мөлшері, мг/дм3; Lосв – бастапқы тұндырғыштардан кейін мөлдірлетілген суда шайқалған тұнбадағы БПКтол, мг/дм3.
Мысалы. «К» қаласындағы құрылыстардың деректерін: сарқынды сулар шығысы - 95170 м3/тәу, мөлдірлетілген судағы ОБТтол-ның және салынды заттардың мөлшері тиісінше 146,8 мг/дм3 және 87 мг/дм3 деп алсақ, лайдың орташа тәуліктік өсімін аламыз:
,
тазартылатын сарқынды сулардың шығысын ескере отырып:
95170 м3/тәул ∙ 144 г/м3 = 10 849 380 г/тәул = 10,850 т/тәул.
Келтірілген мысалда лай өсімінің есебі ҚНжЕ 2.04.03-85-де ұсынылған формула бойынша орындалды. Алайда, келтірілген формула жоғары жүктемедегі құрылыстарда лай өсімін есептеу үшін ең қолайлы болып табылады.
Осы формуланы төмен жүктемедегі құрылыстарда лай өсімін есептеуге пайдалану кезінде көтеріңкі нәтижелер алынады, өйткені төмен жүктеме кезінде және аэрациялау ұзаққа созылғанда өсімнің айтарлықтай азаюына лайдың өздігінен қышқылдану процестері әсер етеді, олар ұсынылып отырған есептеулерде ескерілмейді.
Сонымен қатар, бұл формулада қайталама тұндырғыштардан белсенді лайдың шығарылуы ескерілмейді, ол әдетте сарқынды сулардың құбылып отыратын ағыны жағдайында орташа алғанда 10–20 мг/дм3 құрайды. Құрылыстарды жобалау кезінде осы формуланы қолдану өзін-өзі ақтайды, өйткені лайдың өсімін асырып көрсететін есептеулердің нәтижесінде құрылыстардың тұнбаны сақтау және өңдеу бойынша шамалы запасы болады. Тазарту құрылыстарын пайдалану жағдайында кәдеге жаратуға жіберілетін лайдың қажетті мөлшерін анықтау үшін белсенді лай өсімін есептеу кезінде алынған нәтижеден қайталама тұндырғыштардан шығарылатын салынды заттардың массасын әрқашан қосымша шегеріп тастау керек.
Мәселен, тазартылған сулардағы салынды заттардың мөлшері 20 мг/дм3 (г/м3) болған кезде шығару есебінен тәулік сайынғы шығындар мынаны құрайды:
95170 м3/тәул ∙ 0,002 г/м3 = 1903400 г/тәул = 1,9 т/тәул.
Төмен жүктемедегі құрылыстар үшін лайдың өздігінен қышқылдану (эндогенді қышқылдану) есебінен тәулік сайынғы шығындарды қосымша ескеру керек. Өйткені, лайдың өздігінен қышқылдануы температураға байланысты екендігі белгілі және: 17 ºС температура кезінде ол лайдың жалпы биомассасының - 4%-ын; 13 ºС - 3%-ын; 8 ºС - 2%-ын құрайды. Температура 13 ºС кезінде тәулігіне 10849 кг-ға шаққандағы лайдың өздігінен қышқылдануы есебінен шығындарды есептейік. Олар шамамен тәулігіне 325,47 кг немесе 0,3 т құрайды.
Демек, «К» қаласының құрылыстарындағы лай өсімінің нақтыланған шамасы мынаны құрайды: 10,949 – 1,9 – 0,3 = 8,650 т/тәу.
5.89. Биомасса балансын ескере отырып, лай өсімін есептеудің бірнеше формуласы кездеседі, олар сарқынды сулардың шығысын, жүктемелерді, биомассаның жиналу жылдамдығын, лайдың өздігінен қышқылдану жылдамдығының константын және т. б. ескереді.
Нақтырақ айтқанда, бұл формулалар тек аэротенк-араластырғыштарға ғана жарамды, ал сарқынды сулардың аэротенктің басынан аяғына жылжуына қарай өтіп жатқан процестердегі өзгерістерге байланысты аэротенк-ығыстырғыштар үшін теңгерімді есептеу өте күрделі. Дегенмен, осыны біле тұра, «К» қаласының аэротенк-ығыстырғыштары бар құрылыстарындағы лай өсімін осындай формулалардың бірімен есептеп көрейік:
,
мұнда: Өс – белсенді лай өсімі, кг/тәу; Q – сарқынды сулар шығысы, м3/тәу; Y- кәдеге жаратылатын органиканың биомассаға айналу жылдамдығын ескеретін көрсеткіш, кг/кг (есептеу кезінде өлшемсіз шама ретінде ескеруге болады); Lпост – тазартуға түсетін сарқынды сулардағы ОБТ5 көрсеткішімен сипатталатын органиканың мөлшері, г/м3; Lочищ - дәл сол, тек тазартылған сарқынды сулардағы, г/м3; 10-3 кг/г – г-ды кг-ға ауыстыратын тұрақты коэффициент.
Кәдеге жаратылатын органиканың биомассаға айналу жылдамдығын ескеретін көрсеткіш (Y, г/г) мына формула бойынша есептеледі:
,
мұнда: N – ОБТ5 бойынша лайға түсетін жүктеме, кг/кг; B – лайдың жасы, тәул; kd – эндогенді қышқылдану жылдамдығының константы, ол 0,025-тен 0,075 тәул–1-ке дейін құрайды, әдетте есептеулерде 0,06 тәул–1 деп алынады.
Мысалы. «К» қаласының құрылыстарында лайға ОБТ5 бойынша жүктеме және лайдың жасы тиісінше 0,367 г/г және 3,59 тәул құрайды, сонда осы шамаларды қойып мынадай нәтиже аламыз:
Y = 0,367 г/г / 1 + 0,06 тәул–1 ∙ 3,59 тәул = 0,3020 г/г
.
Сонымен, біз бірінші формула бойынша көтеріңкі нәтиже, ал екінші формула бойынша төмендетілген нәтиже алдық. Нақты өсім алынған шамалардан біршама аралық көрсеткішті. Аэротенк-ығыстырғыштар үшін бірінші формула бойынша алынған нәтижені дұрыс болады деп есептеген жөн, дегенмен оны сәл аз шамада қабылдау керек. Келтірілген мысалдардан анық болып отырғандай, лай өсімін есептеуге арналған мінсіз формула жоқ, сонымен бірге өсімнің мөлшерлі сипаттамасы құрылыстарды пайдалану кезінде аса маңызды, өйткені ол өңдеуге және кәдеге жаратылуға кететін биомасссаны анықтау үшін пайдаланылады. Пайдалану кезінде лайдың өсімі жүйеден шығарылатын, яғни тазартылған сумен бірге шығарылатын және лайтығыздағыштарға немесе тұнбаны өңдейтін басқа да құрылыстарға айдалатын, сондай-ақ өздігінен қышқылдану процесінде жоғалған лай массаларын қосу жолымен есептеледі. Бұл ретте лай өсімінің есептік шамалары бағдарлы шама ретінде пайдаланылады.
5.90. Белсенді лайдың регенерациясы. Қайталама тұндырғышта тұндырылатын белсенді лайдың негізгі массасы қайтадан аэротенкке айдалуы қажет. Бұл циркуляциялық белсенді лай, ол аэротенкке регенератор арқылы түседі. Әдетте, қайталама тұндырғышта лай циркуляцияға қажетті мөлшерден көп жиналады, сондықтан оның артық мөлшері кәдеге жаратылуға жіберіледі.
Лайдың регенерациясы толыққанды өту үшін, үш негізгі шартты орындау қажет: регенераторға мөлдірлетілген сарқынды сулар түспеуге тиіс; оған тікелей қайтарымды лай жіберілуге тиіс (аэротенктермен салыстырғанда, ол белсенді лайдың әлдеқайда жоғары концентрациясын қамтамасыз етеді); аэротенктердің дәліздеріне қарағанда, регенераторға ауа екі есе көп берілуге тиіс.
5.91. Регенерация жүйесінің мәні мынада: лайдың регенерация сатысында ластаушы заттардың жалпы қышқылдану процесінен мынадай жеке процестер бөлініп шығады: 1) лайда жиналған күрделі қышқылданатын органиканың қышқылдану процесі және ерітілмеген қоспаларды тазартылатын судан толық кетіру процесі; 2) белсенді лайды қалпына келтіру процесі. Сондықтан, аэротенктерде 2-ден 6 сағатқа дейін созылатын ластанулардың қышқылдану процесімен салыстырғанда, регенерация лайдың жүйеде болу уақытын 8-18 және одан да көп сағатқа дейін ұлғайтуды қажет етеді.
Лайдың регенерация процесі арқасында (егер ол қанағаттанарлық қамтамасыз етілетін болса) белсенді лайдың қышқылдану қасиеттері қалпына келе бастайды және мыналардың:
- лайда шоғырланған биоқышқылдануға инертті токсиканттардың (металлдар, пестицидтер және т. б.);
- толық және ішінара қышқылданатын токсиканттардың (мұнай өнімдері, СПАВ);
- лайда жиналып, күрделі қышқылданатын биоқолжетімді заттардың (фенолдар және осы сияқты) лайға қолайсыз әсері инактивацияланады.
Осы заттардың барлығы регенерация процесінде немесе қышқылданады немесе лайда жиналады және инактивацияланады. Регенерация тетігі әлі толық анық емес, алайда түсетін ластаушы заттардың жиналу процесін лайда болдырмау (регенераторға сарқынды сулар берілмейді) және берілетін оттегінің молдығы есебінен:
- токсиканттар бөгеп тастаған лайдың тыныс алу пигменттері мен ферменттерінің қалпына келуі;
- биополимерлі геледе инертті токсиканттардың жиналуы;
- дәйекті гидролиз және лайдың жүйеді ұзақ уақыт болуы есебінен күрделі қышқылданатын органиканы тұтыну өтетіні белгілі.
ҚНжЕ 2.04.03-85 талаптарына сәйкес 150 мг/дм3 тең және одан көп ОБТтол бар сарқынды сулар түскен кезде, сондай-ақ зиянды өнеркәсіптік қоспалар болған жағдайда міндетті түрде регенерацияны қолдану қажет.
5.92. Регенератор жеке тұруы мүмкін немесе аэротенктің бір, екі, үш дәлізін алып жатуы мүмкін.
Регенерация үшін аэротенктердің жалпы көлемінен қандай көлемінің бөлінгеніне қарай регенерация пайызы белгіленеді. Егер үшдәлізді аэротенкте регенератор үшін бір дәліз бөлінген болса, онда жүйе лайдың 33% регенерациясы жағдайында, егер төртдәлізді аэротенкте регенератор үшін барлық дәліздер көлемінің жартысы бөлінетін болса, онда жүйе лайдың 33% регенерациясы жағдайында жұмыс істейді. Екідәлізді аэротенк-ығыстырғыштардың сарқынды суларды бөліп-бөліп кіргізетін конструкциялары кездеседі, мұнда регенерация пайызын 20-дан 75 %-ға дейін өзгертуге болады. Бірақ мұндай құрылыстардағы регенерацияны толыққанды деп есептеуге болмайды, өйткені регенератордағы лай тазартуға түсетін сарқынды сулармен тікелей қарым-қатынасқа түседі.
Қазіргі заманғы биологиялық тазарту құрылыстарында күрделі қышқылданатын өнеркәсіптік қоспалардың елеулі мөлшері болған жағдайда тазартудың жоғары сапасын және биологиялық реакторлардың орнықты жұмысын қамтамасыз ету үшін регенераторларға аэротенктер көлемінің кемінде 50%-ын бөлу қажет.
Регенераторларды қолдану аэротенктердің өнімділігін арттыруға алып келеді, бұған мыналар себеп болады:
- регенератордағы белсенді лайдың дозасы аэротенкке қарағанда 2-3 есе көп, сондықтан қышқылдану қарқынды өтеді;
- түсетін сарқынды сулардың қолайсыз әсерінен аэротенктерде басылып қалған белсенді жұмыс істейтін бактериялардың саны ұлғаяды;
- лайға түсетін үлестік жүктеменің төмендеуі, гелеқұраушы микрофлора қасиеттерінің жақсаруы, флокулдардың қалыптасуы және микроорганизмдердің талшықты фопмаларының ығыстырылуы есебінен лайдың седиментациялық сипаттамалары жақсарады;
- ауа берудің артуы лайдың араласуын және оны оттегімен жабдықтауды жақсартады;
- регенераторы бар жүйеде аэротенктердің қышқылдану қуаттылығы жоғары, лайдың жалпы массасы және оның жасы үлкен, демек авариялық шығындыларға және токсиканттарға лайдың орнықтылығы жоғары және нитрификациялауға болады.
Сонымен бірге, регенераторлары бар жүйелерде лайдың өсімі төмендейді және оның ылғал беруші қасиеттері жақсарады, артық лайды кәдеге жарату сатысында мұның елеулі маңызы бар.
5.93. Регенерацияның толыққындылығы құрылыстарды қанағаттанарлық пайдалану және ең алдымен артық белсенді лайды қайталама тұндырғыштардан уақтылы шығару арқылы қамтамасыз етіледі. Тіпті оңтайлы жағдайдың өзінде де ол регенераторға көтеріңкі оттегісіңірушілігімен келіп түседі, өйткені ол қайталама тұндырғыштың түбінде болады (метаболизмнің жоғары деңгейіне және үлпек ішінде әртүрлі газдардың жиналуына байланысты лай шамалы шөгінділерге де шыдай алмайды). Қайталама тұндырғыштардан оттегісіңірушілігі жоғары болатын белсенді лайдың регенераторларға түсуіне байланысты, тіпті регенераторларға ауаның қарқынды берілгені де олардағы ерітілген оттегінің мөлшерін аэротенктерге қарағанда көп ұлғайтуға мүмкіндік бермейді. Қайталама тұндырғыштардағы шөгінділер неғұрлым елеулі болған сайын (қайтарымды лайдың циркуляциясы бұзылған кезде), регенераторда ерітілген оттегінің тапшылығы соғұрлым көп байқалады.
5.94. Рециркуляциялық лай. Биологиялық тазарту құрылыстары арқылы сарқынды сулар ағынының жылдамдығы мынадай: белсенді лайдың айтарлықтай елеулі бөлігі тазартылған сумен бірге су қоймасына шығарылады. Тазартылатын сарқынды сулардың көлемін және тазартылған судағы салынды заттардың мөлшерін ескере отырып, олардың қанша шығарылғаны есептеледі. Аэротенктердегі белсенді лай биомассасының қажетті мөлшерін үздіксіз ұстап отыру үшін ішінара рециркуляция, яғни биомассаны тұндырғыштан аэротенкке қайтару қажет, бұл араластыру жылдамдығының микроорганизмдердің өсу жылдамдығынан асып кетпейтін жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қайталама тұндырғыштардан шығарылып, регенераторға бағытталған қайтарымды лайдың көлемі тазартылатын сарқынды сулардың 30-дан 70%-ға дейінгі мөлшерін құрайды. Әрбір тазарту құрылысы үшін бұл көрсеткіш жеке болады және есептеу арқылы рециркуляция дәрежесі ретінде айқындалады:
,
мұнда: R – тазартылатын сарқынды суларының шығысына шаққандағы қайтарымды лайдың рециркуляциялық қатынасы; I – лай индексі (аэрация аймағының аяқ жағынан алынған сынамада айқындалады), см3/г.
Формулада 1000 коэффициентті текше дециметрден текше сантиметрге ауыстырады және мынадай өлшемдері болады см3/дм3; aорт – лайдың орташа дозасы, г/дм3, ол аэротенктер мен регенераторлардың барлық дәліздеріндегі лайдың массасы бойынша дозасын ескере отырып есептеледі:
,
мұнда: W1, W2, W3 - аэротенктер мен регенераторлар дәліздерінің көлемі, м3; a1, a2, a3 — әрбір дәліздегі белсенді лайдың дозасы, г/дм3.
Мысалы. 
тазартылатын сарқынды сулардың жалпы көлемінен.
Келтірілген мысалдан көрініп отырғандай, неғұрлым лайдың орташа дозасы төмен және белсенді лайдың индексі жоғары болған сайын, соғұрлым лайдың үлкен көлемін регенераторға қайтару қажет болады. Мәселен, егер лайға түсетін үлестік жүктеме ұлғайып, оның седиментациялық қасиеттері тіпті лайдың ісінуіне дейін нашарлайтын болса, лайдың барынша көп мөлшерін жүйеге қайтару қажет. Егер құрылыстарда рециркуляция пайызы есептелгеннен кем ұсталатын болса, онда қайталама тұндырғыштардағы лай тығыздалып, іріп-шіритін болады, ал аэротенктерде лайдың төмен концентрациясы есебінен үлестік жүктеме арта түседі. Егер рециркуляция пайызы есептелгеннен артық ұсталатын болса, лайды айдауға кететін энергия шығыны артады, ал қайталама тұндырғыштардағы лай тығыз болмайды. Екі жағдайда да қайталама тұндырғыштардан салынды заттарды шығару артып, тазартудың сапасы нашарлайды.
Мысалы. Жұмыс істеп тұрған тазарту станцияларының бірінде рециркуляцияның есепті пайызы 46% құрады, бұл ретте лайды нақты қайтару 24% кезінде салынды заттарды шығарудың мөлшері - 28 мг/дм3, 66% кезінде - 15–16 мг/дм3, ал 50% кезінде (есепті пайызға ең сай келеді) 12 мг/дм3 деп белгіленді.
5.95. Белсенді лайдың жасы. Тазартудың тиімділігі белсенді лайдың құрылымы мен биологиялық қасиеттеріне байланысты екендігі белгілі. Лай үлпекдарының құрылымы – бұл жинақтылық, тығыздық, мөлшер мен флокурлаушы қасиеттер. Лайдың биологиялық қасиеттері – ондағы тіршіліктің мөлшері мен сапасы, ферменттік белсенділік, организмдердің типтері, түрлер алуандығы және т. б.
Лайдың белсенді қасиеттері оның жасына байланысты. Белсенді лайдың жасы лай үлпекдарының «аэротенк – қайталама тұндырғыш» жүйесінде болуының орташы уақытына =. Оның шамасы лай өсімінің жылдамдығына кері пропорционалды. Лайға жүктеме неғұрлым көп түскен сайын, соғұрлым оның өсімі де және пайда болатын артық лайдың көлемі де көп болады, ол тиелетіндіктен тез алмасады, яғни лайдың жасы азаяды. Лайды шығару артқан жағдайда оның өсімі азаяды, қышқылдану қасиеттері нашарлайды және субсрат алудың жылдамдығы қысқарады: лайдың жасы ұлғаяды. Сонымен, органикалық ластаушы заттар бойынша белсенді лайдың жүктемесінің артуына және қайталама тұндырғыштардан лайдың артық шығарылуына ықпал ететін барлық қолайсыз факторлар ең алдымен белсенді лайдың жасына әсер етеді.
Егер сарқынды сулардың аэротенкте болу уақыты 3-тен 30 сағатқа дейінгі аралықта құбылып отыратын болса, онда белсенді лайдың болу уақыты біршама көп болады және тәулікпен есептеледі. Басқаша айтқанда, егер сарқынды сулар аэротенк арқылы бір рет қана әрі біршама жылдам өтетін болса, пайда болатын биомасса қайталама тұндырғышқа бірнеше рет оралады және нәтижесінде оның жүйеде болу уақыты тазартылатын сарқынды сулардың болу уақытына қарағанда едәуір көп болады.
Белсенді лайдың үлпекдарына мынадай талаптар қойылады: олар судан ластаушы заттарды алып отыруға тиіс, ал өздері тазартылған судан шөгінді арқылы жақсы бөлінуі қажет. Осы екі қасиеттің бір-бірімен байланысуы міндетті емес.
Жас, белсенді өсіп жатқан үлпектер ластаушы заттарды тез алып отыруға қабілетті, бірақ тұну қасиеттері жеткіліксіз болуы мүмкін; сонымен бірге жақсы шөгетін лай ластаушы заттарды ферментативті қышқылдатудың төмендетілген күшіне ие бола алады. Тазарту құрылыстарының іске қосылған кезеңінде бактериялар шашырап орналасады, кейін үлпектерге жабысады, олар лайдың жасымен бірге дамиды. Кейде күрделі өнеркәсіптік ағындарды тазарту кезінде үлпекдар мүлдем пайда болмайды (өйткені лайда осы ластауларды тазартуға қабілетті, бірақ флокуляцияға қабілетсіз бактериялардың түрлері басым болады). Мәселен, құрамында фенолы бар сарқынды суларды тазарту кезінде аэрация фенол мөлшерінің елеулі төмендеуіне алып келеді, бірақ белсенді лайдың үлпектері бұл ретте ұсақ болады, ал майдаланған бактериялар судың лайлануына және тазартылған суларда БПК көрсеткішімен сипатталатын органикалық ластаушы заттар мөлшерінің артуына ықпал етеді. Мұндай суларды биотоғандарда қосымша тазартқан жөн.
Үлпектер өсіп қартаюына қарай, олар көп жағдайда өлі жасушалардан және жинақталған инертті газдардан тұрады (өлі жасушалар да өздерінің энзимдерімен суды тазартады, бірақ жақсы әрі ұзақ тазарта алмайды). Жақсы қышқылдануды тек белсенді тірі жасушалар ғана тудыра алады. Сонымен, үлпектердің негізгі белсенділігі олардың қартаюына қарай төмендей бастайды, үлпектердің мөлшері ұлғайып, ластануларды жақсы сорбциялайды, токсиканттардан биополимерлі гелімен жақсы қорғалған, тұндыру кезінде тазартылған судан жақсы бөлінеді, алайда қартаюшы үлпектерде белсенді тірі жасушалардың салыстырмалы мөлшері төмендейді, тиісінше ластанулардың қышқылдану күші де төмендейді. Лай үлпектерінің мөлшері ұлғайған кезде жекелеген бактериялық жасушаларға оттеттегінің баруы нашарлайды, лайдың қышқылдану қабілеті төмендейді және метболиттерді шығару қиындайды, яғни жасушалардың қоршаған ортамен масса алмасуы нашарлайды.
Лайдың оңтайлы жасы үлпектердің белсенділігін де, сондай-ақ олардың шөгуге қабілеттіліген де ескереді. Жас үлпектер нашар флокулданады, кәрі үлпектер онша белсенді емес, бірақ жақсы шөгеді. Ең оңтайлысы осы шектердің аралығында жатыр.
5.96. Тазарту құрылыстары лайдың барынша мүмкін концентрациясында жұмыс істеуге тиіс, осы ретте үлпектердің ерітілген оттегімен жеткілікті жабдықталуы да, қайталама тұндырғыштардың қанағаттанарлық жұмысы да қамтамасыз етіледі.
Тазартылған судың сапасы ластаушы заттардың концентрациясынан және түсетін судың шығысынан тұрақты тәуелсіз бола алады. Бұған лайдың тұрақты жасын ұстап отыру арқылы қол жеткізуге болады, бұл тек гидравликалық жолмен, атап айтқанда, артық лайдың қажетті мөлшерін жүйеден шығару арқылы қамтамасыз етіледі. Түсетін сарқынды сулардағы ластаушы заттар концентрациясының құбылуы лай өсімінің артуымен, тиісінше оның концентрациясының артуымен және осылайша лайға түсетін тұрақты жүктеменің сақталуымен қалпына келеді.
5.97. Жоғары жүктемедегі құрылыстар жасы 2-3 тәуліктен аспайтын лайды ішінара тазартуға жұмыс істейді. Нитрификация және лайдың үлкен жасы (6–12 тәулік) лайға түсетін төмен жүктемеге байланысты.
Жасы 8 тәуліктен аспайтын тұнба кейіннен нитрификациялай отырып, органикалық заттардың терең минералдануын қамтамасыз етеді. Сарқынды сулардың құрамы неғұрлым күрделілірек болған сайын, ластаушы заттардың қанағаттанарлық қышқылдауын қамтамасыз ету үшін лайдың үлкен жасы соғұрлым қажет болады. Мәселен, синтетикалық каучукты өндіру кезінде сарқынды суларды өңдеуге қажетті лайдың жасы 20-30 тәулікті құрайды, ал поливинилді спиртті өндіруге лайдың жасы 50 тәуліктен асуы қажет.
Лайдың жасын есептеу үшін бірнеше формула ұсынылған, солардың ішінде ең көп қолданылатын формула лайдың жасын оның жалпы санынан және оның тәуліктік өсімінен жеке алып анықтайды (ол кез келген жағдайда тәулікте беріледі):
Аспайтын тұнба = аорт ∙ Т / тұнба өсімі × 1000,
мұнда: Т - аэрация кезеңі, ч; aорт – тұнбадың орташа дозасы, г/дм3; тұнба өсімі, мг/дм3; 1000 коэффициенті грамды милиграмға айналдырады және оның өлшемі мг/г.
Егер тұнба өсімі г/дм3-де берілсе, онда формулада 1000 коэффициенті болмайды.
Мысалы. Тазартылатын сарқынды сулар шығысы -м3/тәул, белсенді лайдың орташа дозасы - 1,1 г/дм3, аэрация кезеңі - 8,9 сағат, лайдың орташа тәулікті өсімі - 114,04 мг/дм3 немесе 0,114 г/дм3 болатын қаланың биологиялық тазарту құрылыстарындағы лай жасының есебі.
Аспайтын тұнба = 1,1 г/дм3 ∙8,95 сағ / 0,114 г/дм3 ∙ 24 сағ/тәул
Яғни, бұл қаланың тазарту құрылыстарында бір тәулікте жалпы массадағы белсенді лайдың 27,8%-ы (100 %: 3,59 тәул) жаңарады дегенді білдіреді.
Жаңарудың мұндай пайызы біршама үлкен және оған лайдың төмен жасы есебінен қол жеткізіледі. Толық қышқылдану режимінде жұмыс істейтін құрылыстарда лайдың жалпы массасының 12–13 %-ынан аспайтын мөлшерін жаңарту қажет.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 |


