Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар

Государственные нормативные документы в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, жилищных отношений и коммунального хозяйства

САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАРТУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫНА ТЕХНИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

МЕТОДИКА ПРОВЕДЕНИЯ ТЕХНОЛОГИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ РАБОТЫ СООРУЖЕНИЙ ПО ОЧИСТКЕ СТОЧНЫХ ВОД

Ресми басылым

Издание официальное

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

Агентство Республики Казахстан по делам строительства

и жилищно-коммунального хозяйства

Астана 2011


АЛҒЫ СӨЗ

1. ӘЗІРЛЕГЕН:

«Қазақ Суарнажоба» АҚ, б.ғ.д. (. Мәскеу қаласы, РФ).

2. ҰСЫНҒАН:

ҚР құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Ғылыми-техникалық саясат және нормалау департаменті.

3. ҚАБЫЛДАНҒАН ЖӘНЕ ҚОЛДА-НЫСҚА ЕНГIЗIЛГЕН МЕРЗIМI:

ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 29.12.2011 жылғы № 000 бұйрығымен 01.05.2012 бастап.

4. ОРНЫНА:

Бірінші рет

ПРЕДИСЛОВИЕ

1. ПОДГОТОВЛЕН:

АО «Казахский Водоканалпроект», д. б.н. (, г. Москва, РФ).

2. ПРЕДСТАВЛЕН:

Департаментом научно-технической политики и нормирования Агентства по делам строительства и жилищно-коммунального хозйства РК.

3. ПРИНЯТ И ВВЕДЕН

В ДЕЙСТВИЕ:

Приказом Агентства по делам строительства и ЖКХ РК от 01.01.2001г. № 000 с 01.05.2012г.

4. ВЗАМЕН:

Впервые

Осы мемлекеттік нормативті ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі Уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.

Настояший государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован, и распространён в качестве официального издания без разрешения Уполномоченного государственного органа по делам архитектуры, градостроительства и строительства РК.

МАЗМҰНЫ

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

1. Жалпы ережелер………………………………………………………………………………….2

2. Нормативтік сілтемелер. 2

3. Терминдер мен айқындамалар. 2

4. Сарқынды суларды биологиялық тазарту құрылыстары жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету 7

5. Аэротенктермен биологиялық тазарту құрылыстары жұмысын технологиялық талдау 16

6. Сарқынды суларды биологиялық тазарту процестерінде азот пен фосфор қосылыстарын жою технологиясы.. 60

7. Тазартылған сарқынды суларды зарарсыздандыру құрылыстары.. 80

8. Сарқынды сулардың шөгінділерін өңдеу құрылыстары.. 81

9. Сарқынды сулар мен шөгінділердің сынамаларын алу. 85

10. Биологиялық тазарту құрылыстарындағы жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы.. 105

1-қосымша. Белсенді лайды мутегендің өңдеу. 111

2-қосымша. Дымқыл шөгіндінің ацидофикациясын қамтамасыз ету үшін радиальдық бастапқы түндырғыштарын реконструкциялау. 115

3-қосымша. Аэротенктері бар құрылыстардағы сарқынды суларды зертханалық бақылау кестесі……………………………………………………………………………………………..118

4-қосымша. Нитрификация-денитрификация процесінің нәтижелілігін зертханалық бақылау кестесі 121

5-қосымша. Нитрификация–денитрификация және дефосфотация процестерінің нәтижелілігін биологиялық әдіспен зертханалық бақылау кестесі 122

6-қосымша. Аэротенктері бар құрылыстардағы сарқынды суларды зертханалық бақылау кестесі……………………………………………………………………………………………..123

7-қосымша. Сарқынды сулар шөгінділеріндегі негізгі көрсеткіштерді айқындау………….124

8-қосымша. Белсенді лайды гидрохимиялық талдау: Белсенді лайдың массалық шоғырлануын, белсенді лайдың индексін, дымқылі шөгінді мен белсенді лайдың күлділігін, лайлы судың тұнықтығын айқындау 132

9-қосымша. Аэротенктері бар құрылыстардағы биологиялық тазарту процесін гидробиологиялық бақылау жөнінде басшылыққа алатын құрал. 140

9.1. -қосымша. Гидробиологиялық және бактериологиялық талдаулардың өндірісіне арналған спирт шығысының нормалары (кесте) 177

9.2. -қосымша. Биологиялық талдаулардың өндірісіне арналған уақыт нормалары (кесте) 178

9.3.-қосымша. Сынамаларды іріктеп басқарудың құжатталған рәсімі (кесте) 179

9.4. -қосымша. Биологиялық тазарту құрылыстарындағы лай биоценозының көріністі әртүрлілігі 180

10-қосымша. Сынамдалрды іріктеу хаттамасының үлгісі 187

11-қосымша. Сынамаларды іріктеу актісінің үлгісі 188

12-қосымша. Сынамдарды іріктеп басқарудың құжатталған рәсімі………………………...189

13-қосымша. Сынамаларды іріктеу, өлшемдерді орындау, сапаны бақылау процестерінің өзара байланыс сызбасы…………………………………………………………………………190

14-қосымша. Әдістемені әзірлеу кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, нұсқау-әдістемелік және анықтамалық-ақпараттық құжаттар………………………………………...191

САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАРТУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫНА ТЕХНИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

МЕТОДИКА ПРОВЕДЕНИЯ ТЕХНОЛОГИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ РАБОТЫ СООРУЖЕНИЙ ПО ОЧИСТКЕ СТОЧНЫХ ВОД

Енгізу уақыты – 01.05.2012 ж.

1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 000 қаулысымен мақұлданған, тұрғыни үй-коммуналдық шаруашылықты 2020 жылға дейін жаңғырту бағдарламасына сәйкес, негізгі мақсат тұтынушыларды коммуналдық қызметтердің тиісті сапасымен, тыныс-тіршілік жүйелерінің жұмыс істеуінің сенімділігін және тұрғыни үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Осы сарқынды суларды тазарту жөніндегі құрылыстардың жұмысына бақылау жүргізу Әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) тұрғыни үй-коммуналдық шаруашылық саласында құқықтық реттеу негіздеріне және көрсетілген Бағдарламаның міндеттерін іске тасыру шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленген.

Әдістеме аэротенктері бар биололгиялық тазарту құрылыстарының жұмыстарын технологиялық бақылау тәртібін, жұмыстың негізгі параметрлдерін есептеу әдістерін және бақылау-талдау өлшемдерінің нәтижелерін бағалауды қамтиды.

Әдістеме елді мекендердің су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындар (ұйымдар) үшін арналған және регламенттік жұмыстарды жүргізу кезінде міндетті сипаты бар.

2. Нормативтік сілтемелер

Осы Әдістемеде ҚР нормативтік құжаттарына, сондай-ақ 14-қосымшаға сәйкес нұсқаулық-әдістемелік және анықтамалық-ақпараттық материалдарға сілтемелер пайдаланылған.

3. Терминдер мен айқындамалар

Әдістемеде мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

Анаэроб – оттегісіз ортада өмір сүруге қабілетті организм. Оларды оттегісіз ортада тұрақты өмір сүретін облигатты және оттегісіз де, ол болған кезде де өмір сүруге қабілетті (қалалық кәріз бен бастапқы тұндырғыштардағы және т. б. организмдер) факультативті анаэробтар деп ажыратады.

Аноксия – бос оттегінің болмауы (оттегі басқа заттармен байланысқан түрде кездеседі, мысалы, нитраттар мен нитриттердің құрамында).

Антагонизм – организмдерге әсер етуші химиялық заттар қосындысының әсері олардың жеке алғандағы әрекеттерінің қосындысынан кем болғанда, бір-біріне бейтарап ықпал ететін химиялық заттардың өзара іс-қимылы.

Антагонистік организмдер – өздерінің өзара іс-қимылы арқылы өздерінің тыныс-тіршілігіне қысым жасайтын немесе оны тежейтін организмдер (метаболиттердің бөлінуі, қорекке бәсекелесу және т. б.)

Антропогендік (техногендік) жүктеме – адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға ықпал ету дәрежесі.

Асфиксия – тұншығу, тыныс алудың тоқтауы, оттегінің жетіспеушілігі. Белсенді лай организмдерінде аэрация жетіспегенде немесе токсиканттардың әсерінен туындайды.

Аэроб – оттегі бар ортада өмір сүруге қабілетті организм.

Аэробты тұрақтандыру – ұзақ аэрация процесінде белсенді лайдың минералдануы.

Бақыланатын көрсеткіштер – су объектісі мен қайтарылатын (сарқынды) суларды шығарудағы су сапасының белгіленген нормаларының сақталуын тексеру кезінде бақылауға жататын судың құрамы мен қасиеттерінің көрсеткіштері.

Белсенді лай – антропогендік ластанған суларды аэрациялау кезінде биосорбциялау, биохимиялық қышқылдандыру және бактерияларды жұту нәтижесінде сарқынды сулардан ластаушы заттарды жоятын гетерофтар, хемотрофтар, гель өндіруші бактериялар, қарапайым және көпжасушалы жануарлар тіршілік ететін жасанды өсірілетін биоценоз.

Белсенді лайдың жасы – тазалау жүйесіндегі лайдың орташа болу уақыты, формула бойынша есептеледі, тәулікпен сипатталады. Тазалау жүйесіндегі белсенді лайдың мөлшері мен тәулік сайын жойылатын артық лай мөлшерінің арасындағы өзара байланысты көрсетеді.

Белсенді лайдың өсуі – ластаушы заттардың биохимиялық қышқылдану есебінен лай биомассасының өсуі.

Белсенді лайды регенерациялау – тазаланбаған сарқынды сулардан оқшау және интенсивті аэрация жағдайында регенераторлардағы ластаушы заттардың биосорбция мен биохимиялық қышқылдануына белсенді лайдың қасиеттерін қалпына келтіру.

Биоактивация – әлдеқайда уытты заттарды туындата отырып жүретін қоспалардың биотрансформациясы, мысалы, белсенді лайдың әсерінен металлдардың метилденуі.

Биогенді заттар – судағы организмдердің тыныс-тіршілігінде анағұрлым белсенді қатысатын заттар. Биогенді заттарға: азоттың, фосфордың, кремнийдің, темірдің қоспалары және кейбір микроэлементтердің қоспаларын жатқызады.

Биогенді элементтер – организмдердің құрамына тұрақты түрде кіретін және белгілі бір биологиялық функцияларды қамтамасыз ететін химиялық элементтер. Маңызды биологиялық элементтер – О2 (организмдер массасының шамамен 70% құрайды), С (18%), H (10%), N, P, Fe, S, Ca, K, Na, Cl. Организмдерге өте аз мөлшерде қажетті биогенді элементтерді микроэлементтер деп атайды (Mg, Mn, Zn, J және т. б.).

Биодеструкция – органикалық заттарды іріп-шіріту бойынша саңырауқұлақтар, бактериялар мен қарапайым организмдер жүзеге асыратын процесс.

Биоиндикатор – организм, түр, популяция немесе биоценоз, олардың бар-жоғына, іс-әрекетіне, жай-күйіне, құрылымына қарай олардың дамып жатқан экологиялық жағдайы туралы айтуға болады.

Биологиялық тазартудың биоиндикация процесі – белсенді лайдың биоценотикалық ерекшеліктерін есепке алуға негізделген биологиялық тазарту процесінің жай-күйін бағалау жүйесі.

Биополимерлік гель – бактерия жасушаларын сарқынды сулардың жағымсыз әсерінен қорғайтын және белсенді лайдның флокуляциялық ерекшеліктерін қамтамасыз ететін, ластаушы заттардың әсерінен белсенді лайдан бөлінетін желе тәрізді, қоймалжың зат.

Биотестілеу (биологиялық тестілеу) – стандартты зертханалық немесе далалық жағдайда тест-организмдердің физиологиялық, морфологиялық реакциялары, іс-әрекетіндегі өзгерістер, өміршеңдік өзгерістері, өсіп-өнуі бойынша химиялық заттар мен олардың қоспаларының улы әсерін бағалау.

Бихроматты қышқылдану (оттегіні химиялық тұтыну (ОХТ) – судағы тез және күрделі қышқылданатын органикалық және органикалық емес ластаушы заттардың химиялық қышқылдануы кезінде (калий бихроматының күкірт қышқылының ерітіндісімен) тұтынатын оттегі мөлшері мг О2/дм3, олардың мөлшерін сипаттайды.

Гидрохимиялық режим – су объектілерінің уақыт ішінде суының химиялық құрамының өзгеруі.

Гипоксия – гидробионттарға оттегінің аз қолжетімділігі, бұл судағы оттегінің аз болуына немесе тыныс ферменттерінің (жай немесе көп жасушалы) немесе тыныс пигменттерінің (бактерияларда) қысылуына байланысты болуы мүмкін.

Денитрификация - нитриттер мен нитраттар азоттарының оттегі болмаған немесе оның жетіспеушілігі кезінде азоттың газ түріндегі формасына (Na, N2O, N2) айналуының биологиялық процесі.

Десорбция – химиялық заттың адсорбциялы күйден қоршаған суға (кері адсорбциялық процесс) көшуі.

Екі қатарлы тұндырғыш – сарқынды суларды тұндыру мен түскен жауынды ашыту процестері біріктірілген және конструкциялық бөлек көлемде өтетін тұндырғыш.

Қоректік заттардың жасушаларға белсенді тасымалы – жасуша ішіндегі иондардың тыныс алу энергиясының есебінен концентрация градиентіне қарсы қозғалысы.

Ксенобиотик – қоршаған ортаның объектілеріне жағымсыз ықпал ететін, организмдер мен табиғи ортаға бөтен антропогендік (адамзат жасаған) іс-қимылдың нәтижесінде синтезделген немесе пайда болған табиғатта өндірілмейтін ластаушы зат. Ксенобиотиктерге пестицидтер, гербицидтер, синтезделген химиялық заттар мен т. б. жатады

Локальды тазартқыш құрылысы - өндірістен шыққан белгілі бір ластаушы заттарды кетіру немесе жою мақсатында оларды кәріз жүйесіне тастар алдындағы сарқынды суды тазартуға арналған құрылыс.

Метантенк – дымқыл шөгінді және артық белсенді лайдың қоспаларын анаэробты ашытуға арналған темір бетонды немесе металлды резервуар.

Минералдану – органикалық қоспалардың органикалық емес қоспаларға айналуы (оксидтерге, көміртегіге, суға және т. б.)

Нитрификацияаммонийлі азоттың алдымен нитриттерге, содан кейін нитраттарға айналуының биологиялық процесі.

Нормаланған затшектеулі қолжетімді концентрация ШҚК орналастырылған судағы қоспа.

Органолептикалық қасиеттер – сезім мүшелерінің көмегімен анықталатын және бағаланатын қоршаған орта объектілерінің қасиеттері (мысалы, дәм, иіс, түс және т. б.).

Оттегіні биохимиялық тұтыну (ОБТ) – судағы органикалық заттардың биохимиялық қышқылдануы кезінде белгіленген уақытта және нақты жағдайда микроорганизмдер тұтынатын ерітіліген оттегі мөлшері мг О2/дм3. Биохимиялық жіктелуге қабілетті тез қышқылданатын органикалық заттардың мөлшерін сипаттайды.

Оттегіні химиялық тұтыну – катализатордың болуымен түрлі қатты қышқылдандырғыштардың ықпалымен судағы органикалық және органикалық емес заттардың химиялық қышқылдануы кезінде тұтынатын оттегінің саны.

Перманганатты қышқылдану - судағы тез қышқылданатын ластаушы заттардың (органикалық және органикалық емес) химиялық қышқылдануы кезінде (калий перманганаты) тұтынатын оттегі мөлшері мг О2/дм3, олардың мөлшерін сипаттайды.

Поллютант – табиғатта пайда болған (табиғи), антропогендік іс-қимылдың немесе табиғи апаттардың (жанартау әрекеті, сел және т. б.) нәтижесінде қоршаған ортаның объектілеріне жағымсыз ықпал жасай алатын ластаушы зат. Табиғатта белсенді антропогендік іс-қимылдан бұрын металлдар мен олардың метилденген түрлері, күкіртті газ, нитраттар, нитриттер, полициклдық ароматты гидрокарбонаттар тәрізді тағы басқа поллютанттар болған.

Рециркуляция – процестің бастапқы деңгейіне қайта оралу (белсенді лайдың, сарқынды судың және т. б. аэротенкке қайта оралуы).

Сапробтылық – биологиялық ыдырайтын органиканың мөлшерімен анықталатын су ортасы қасиеттерінің кешені. Ол биоценоздардың белгілі бір құрамымен және олардың сукцессияларының кезектілігімен сипатталады. Сапробтылықтың өлшемі болмайды, әр биоценоз үшін «S» нақты индексі белгіленген.

Сарқынды суларды бірден тастау – сарқынды сулардың кенет көбейген шығынмен және/немесе ластаушы заттардың концентрациясымен кәрізге аз уақытта түсуі.

Седиментация – ауырлық күшінің әсерімен минералды және тірі салынды бөлшектердің тыныштық күйінде шөгуі.

Сорбция – химиялық, физико-химиялық және басқа іс-қимылдардың есебінен басқа заттың немесе заттар қоспаларының көлемімен (абсорбция) немесе бет жағымен (адсорбция) судан затты сіңіру процесі.

Стрессор – тірі организмдерге қатты ықпал ететін және стресс тудыратын фактор (стресс ағылшын сөзінен - қысым).

Су объектісіне затты тастаудың шекті мөлшері (ТШМ) – су сапасының нормасын қамтамасыз ету мақсатында су объектісінің сол пунктінде белгіленген тәртіппен уақыт бірлігіне бөлудің ең жоғары қолжетімді қайтарма судағы заттың массасы.

Су объектісінің ассимиляциялық қабілеті – су объектісінің суды пайдаланудың бақылау жармасындағы (пунктінде) су сапасының нормаларын бұзбастан заттардың белгілі бір массасын уақыт бірлігінде қабылдау қабілеті.

Су сапасын бақылау – су сапасының көрсеткішін белгіленген нормалар мен талаптарға сәйкестігін тексеру.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35