Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Құмның фракциялық құрамын микроскоппен неғұрлым дәл анықтауға болады, окуляр-микрометр арқылы құм бөлшектерінің диаметрі анықталады. Ол үшін микроскоппен кемінде 10 г құмды қараған жөн. Бұл ретте қанның формалық элементтерінің зертханалық есептегішін пайдалану жайлы, ол арқылы әртүрлі диаметрдегі құм бөлшектерінің пайыздық арақатынасы белгіленеді. Микроскоппен шөгіндідегі басқа да қосылыстардың болуы көзбен анықталады (құм қиыршықтары емес).
Құм ұстағыштардағы құмның пайыздық құрамын анықтау. Есептік әдіс: шөгіндінің 187,2 құрғақ затында 89.08 г таза құм болады. Шөгіндідегі құмның құрамын анықтайық.

Жұмыс журналында тіркейді:
Құмның ылғалдылығы, % | 44,2 |
Күлділігі, % | 66,1 |
Құмның құрамы, % | 47,5 |
Дымқыл құмның көлемдік массасы, кг/дм3 (т/м3) | 1,3 |
Фракциялық құрам:
Құмның фракциясы, мм | Фракциялардың үлестік құрамы, % |
1 | 4,1 |
0,5 | 4,2 |
0,25 | 54,4 |
< 0,25 | 37,3 |
Бірінші тұндырғыштардың және метантенкалардың шөгінділеріндегі құмның құрамын анықтау. Мензуркаға бірінші тұндырғыштардан және метантенкалардан 250–500 см3 шөгіндіні онда құмның болжанып отырған құрамына қарай алады. Шөгіндідеқұм қаншалықты аз болса, өлшемдер жасау үшін мензуркаға шөгіндінің соншалықты үлкен көлемі алынуға тиіс. Мензурканы толтыру бірнеше дүркін (5-6) жүргізіледі, талдауға арналған шөгіндінің сынамасы бар ыдыстың ішіндегісі әр сайын жақсылап шайқалады. Мұқият араластыру және мензурканы бөлшектеп толтыру құмның тез шөгіну есебінен қате жібермеу үшін қажет, өйткені құм түбіне жеңіл жетеді.
Шөгіндіні мензуркадан сыйымдылығы 1000 см3 фарфор ыдысына ауыстырады, оған алынған шөгіндінің көлеміне тең келетін көлемде су құбырының суын қосады, бұл ретте ыдыстың түбінде кей кезде қалатын құмды шаю үшін судың бір мөлшерімен мензурканы шаяды. Ыдыстың ішіндегіні ағаш күрекшемен 3 мин бойы аналдырып араластырады, одан кейін ыдысты 3-5 мин тыныштықта қалдырады. Сосын суы бар шөгіндіні сондай сыйымдылықтағы екінші фарфор ыдысына құяды. Бірінші ыдыстың түбінің ортасында негізінде құмнан және бірнеше мөлшерде органикалық қоспадан тұратын қара түсті шөгінді қалады. Органикалық қоспаны кетіру үшін бірінші ыдысқа шамалы мөлшерде су құяды, шөгіндіні араластырады және қалқылмалы зат бар судың жоғары қабатын екінші ыдысқа ауыстырады. Болмашы мөлшерде су қалған құмды тесіктері 0,5 мм елеуіш арқылы сыйымдылығы 200 см3 фарфор ыдысына өткізеді.
Елеуіштен өткен фракциялар қыл жаққыш арқылы көлемі 1000 см3 Лисенко ыдысына құмның көлемдік сипаттамаларын алу салынады.
![]()
![]()
Елеуіштегі фракцияларды сумен фарфорлы тостағанда шаяды және елеуіште қалған ірі құмды ыдыста өсімдік шөгінділерден жуады, ол тығыздылықтар әртүрлі болғандықтан оңай орындалады, ал жуылған ұүм Лисенко ыдысына ауыстырылады. Екінші ыдысқа құйылған сұйылтылған шөгіндіні қайтадан 3 минут айналдырып араластырады, содан кейін 3 минут тұндырады да сұйықтықты ағызады.
Әдетте осындай жуудан кейін ыдыстың түбінде ұсақ құмның өте шамалы мқлшері бқлінеді. Екінші рет бқлінген құммен бірінші жағдайдағы сияқты көлемін өлшеу Лисенко ыдысына ауыстырады.
20 минут тұндырғаннан кейін шөгіндіні алақанға сәл соғып тығыздайды, ал ыдысты оның осіне тік айналдырған және шөгіндінің беті тегістелген соң оның көлемі өлшенеді. Тұндырылған шөгіндіні Лисенко ыдысынан алдымен көлемі 250 см3 бірінші фарфорлы тостағанға ауыстырады, ондағы артық суды электр плитасында абайлап буландырып шығарады, бұл ретте қара түске боялған шөгінді сұрғылт түске айналады. Одан кейін суытылған және мұқият араластырылған шөгіндіні сыйымдылығы 50 см3 екі ыдысқа (алдын ала құрғатылған және өлшенген) ауыстырады. Шөгіндіні құрғатқыш шкафта 105–115 °С тұрақты массаға дейін құрғатады, соңғы суытылғаннан және өлшенгеннен кейін оны (сол ыдыстарда) 4 сағат бойы муфельдік пеште 600 °С күйдіреді, суытады және қайтадан өлшейді.
Құмның мөлшерін (%) шөгіндінгің құрғақ затына мынадай формула бойынша есептейді:

мұндағы: а – күйдірілген құмның алынған массасы, г; V –талдауға бастапқыда алынған шөгіндінің көлемі, см3; с —100 см3 шөгіндідегі шөгіндінің құрғақ затының массасы, г; 100 — ауыспалы коэффициент, %; 100 — с шамасын 1 см3-ға ауыспалы коээфициент.
Екі өлшемде алынған құм құрамының шамасындағы айрмашылық 1%-дан аспауға тиіс. Түпкілікті нәтижеге екі мәннің орташа мәні алынады.
Үлгі. а = 0,6 г, V = 500 см3, с = 5 г/100 см3 шөгінді.
![]()
Нәтижелер жұмыс журналына жазылады.
Дымқыл шөгіндінің, белсенді лайдың, сарқынды сулар шөгіндісі қоспасының ылғалдылығы мен күлділігін анықтау.
Мұқият араластырғаннан кейін бірінші тұндырғыштардағы шөгіндіні немесе лай қоспасын (аэротенктердегі, қайтымды лайдағы, метантенкалардағы) екі тигльге (алдын ала құрғатылған және өлшенген) орналастырады. Дымқыл аспалардың массасы кемінде 50 г құрауға тиіс. Шөгіндімен толтырылған тигльдер өлшенеді. Одан кейін шөгіндіні су немесе құм қызбасында буландырады. Буландырған соң шөгінді бар тигльдерді құрғатқыш шкафта 105–115 °С температурада тұрақты массаға дейін құрғатады. Соңғы суытылғаннан және өлшенгеннен кейін тигльдерді 4 сағат бойы муфельдік пеште 600-700 °С күйдіреді, суытқаннан кейін өлшейді. Өлшем нәтижелерін журналға жазады және екі тигльдің әрқайсысындағы шөгіндінің ылғалдылығы мен күлділігін есептейді. Екі өлшемдегі ылғалдылық пен күлділіктің есептлеген мәндерінің арасындағы айырмашылық 1 %-дан аспауға тиіс. Түпкілікті нәтижеге екі өлшемнің орташа мәні алынады.
Үлгі. Бір өлшем нәтижелерінің жұмыс журналына жазылуы:
| Масса, г | |||
тигльдің | дымқыл шөгіндімен тигльдің | құрғақ шөгіндімен тигльдің | күйдірілген шөгіндімен тигльдің | дымқыл аспаның |
25,0214 | 75,0200 | 26,9228 | 25,4607 | 50,0 |
8-қосымша
Белсенді лайды гидрохимиялық талдау: Белсенді лайдың массалық шоғырлануын, белсенді лайдың индексін, дымқыл шөгінді мен белсенді лайдың күлділігін, лайлы судың тұнықтығын айқындау
Белсенді лайды гидрохимиялық талдау дербес немесе гидробиологиялық талдаумен кешенді түрде орындалады. Бірдей сынамадағы белсенді лайдың гидробиологиялық талдауы лайдың және гидрохимиялық айқындамалар: лайдың көлемі мен салмағы бойынша мөлшері, лайдың индексі, лай үстіндегі судың мөлдірлігі орындалады. Гидрохимиялық айқындамалар белсенді лайдың негізгі ерекшеліктерін сипаттайды: тұтас үлпектер, седиментация, үлпектерді диспергирлеуді және олардың тұнғаннан кейін сұйықтықтың бетіне қалқып шығу бейімділігін, минералдандыру дәрежесін қалыптастыру. Тұтастай алғанда, белсенді лайдың осы ерекшеліктері өзінің бетінде тиімді сорбирлеуге және ластаушы заттарды қышқылдауға, сонымен бірге, оларды ағын сулардан алуға оның қабілетін айқындайды, сондай-ақ тұндыру кезінде тазартылған судан бөлінеді.
Белсенді лайдың, дымқыл шөгіндінің технологиялық регламентінің нормаларына сәйкестігін айқындау және сарқынды суларды тазартуды технологиялық процеспен басқару үшін өлшемдердің нәтижелерін пайдалану мақсатында өлшемдер жүргізіледі.
8.1. Белсенді лайдың массалық шоғырлану өлшемдерін орындау әдістемесі
Тағайындау және қолдану саласы. Белсенді лайдың массалық шоғырлануын айқындау әдістемесі аэротенктерден, жинақталған аэротенктер арналарынан, регенераторлардан, зертханалық жағдайларда қайтарымды лайды беру құбырларынан алынған барлық сынамалар бойынша белсенді лайдың мөлшерін өлшеуге арналған.
Әдістің қағидаты. Әдіс тұндырылған қоспаның белгілі бір мөлшерін сүзуге, кейіннен кептіруге және шөгіндіні өлшеуге негізделеді. Белсенді лайдың г/дм3 көрсетілген құрғақ затын сипаттайды.
Метрологиялық сипаттамалар. Барлық регламенттелген талаптарды сақтау және осы әдістемеге қате мәнінің (және оны құрайтындардың) дәл сәйкестігіне талдау жүргізу кезінде өлшемдердің нәтижелері 8.1.-кестеде келтірілген мәндерден аспайды.
8.1.-кесте
Белсенді лайдың г/дм3 массалық шоғырлану өлшемдерінің диапозоны | Дәлдік көрсеткіші (қателікке қатысты шекаралар), Р=0,95 кезінде± d, % | Қайталама көрсеткіші (қайталаманың орташа шаршылық ауытқуына қатысты), σr, % | Ұдайы өндіріс көрсеткіші (ұдайы өндірістің шаршылық ауытқуына қатысты), σR, % | Қайталаманың шегі, r, % Р = 0,95, n = 2 |
0,10 - 1,0 аралығы | 25 | 7 | 12 | 19 |
1,0 - 5,0 аралығы | 12 | 4 | 6 | 11 |
5,0- 13 аралығы | 10 | 3 | 5 | 8 |
Өлшем құралдары, ыдыс, материалдар. Осы әдістеме бойынша айқындамалар жүргізу үшін өлшемдердің мынадай құралдары: материалдар және реактивтер қолданылады:
- жалпы мақсаттағы өлшеудің барынша үлкен шегіндегі зертханалық таразылар, 200 г (ГОСТ );
- массалар шамасы (ГОСТ );
- сынамалардың сақталуын қамтамасыз ететін тұрмыстық тоңазытқыш (+2 °С-тан +4 °С-қа дейін);
- кез келген үлгідегі вакуумдық сорғылар, мысалы, 1000 см3 мөлшерінде қабылдағышы бар суға төзімді шыны; (ГОСТ )
- жалпы зертханалық мақсаттағы кептіргіш электр шкафы (ТУ );
- екінші сыныпты дәлдіктегі 100 см3 араластырғыш цилиндр (ГОСТ 1770-74);
- зертханалық құйғыш (ГОСТ );
- Бунзен колбасы бар Бюхнер құйғышы (диаметрі 10 см);
- өлшеуге арналған диаметрі 30, 40 мм стакандар (бюкстер) (ГОСТ );
- қақпағы бар эксикаторлар (ГОСТ );
- ыдыстарды батырып қоюға және жууға арналған еркін көлемдегі бутылдар, кристаллизаторлар;
- мойыны бұрандалы төсемі мен қақпағы бар немесе 500, 1000, 2000, 3000 см3 сыйымдылық сынамаларын іріктеу мен сақтау үшін тегістелген тығыны бар шыны склянкалар мен банкілер (ТУ );
- диаметрі 11 см болатын күлсіз «ақ таспа» қағаз сүзгілері (ГОСТ );
- тазартылған су (ГОСТ 6709-72).
Ескерту: метрологиялық және техникалық сипаттамалары бар жоғарыда келтірілгендерден нашар емес басқа өлшем құралдарын, ыдыстар мен материалдарды пайдалануға жол беріледі.
Өлшемдерді орындау:
1. Кептіргіш шкафқа ашық нөмірленген бюкстерді оған күлсіздендірілген қағаз сүзгілер орналастырылған үшбұрышты (диаметрі 11 см болатын ақ таспа) қояды. Одан кейін, температурасы 105 °С белгілесімен, уақытты белгілейді және 1 сағат кептіреді, одан кейін температураны 120 °С-қа дейін көтереді және тағы 30 минут кептіреді. Шкафқа сүзгілерді бюкстерге салады, жабады, эксикаторда бөлменің температурасына дейін салқындатады және өлшейді.
2. Алынған лай қоспаларын оның температурасы бөлменің температурасына теңескенше зертханалық үй-жайда ұстайды. Бұдан кейін лай қоспасын мұқият араластырады, сыйымдылығы 100см3 (алдын-ала кептірілген және өлшенген) цилиндрге құяды және осы көлемді Бюхнер құйғышы арқылы су ішіндегі сорғының көмегімен қағаз сүзгі арқылы сүзеді. Лай қоспасын сүзгінің бет жағы арқылы бірдей етіп бөледі. Бұдан кейін, лай қоспасы ретінде барлығын сүзгі арқылы өткізеді, цилиндрді тазартылған шамалы сумен мұқият шаяды, сондай-ақ сүзеді.
3. Бұл жұмысты 2 реттен қайталайды.
4. Лай қоспасы бар сүзгілерді тиісті бюкстерге салады, тоңазытатын кептіргіш шкафқа орналастырады, бюкстердің қақпақтарын олармен қатар араластырады. Барлық талданған материалдарды шкафқа орналастырады, оның есігін жабады, шкафты 120 °С-қа қосады және сынамаларды тұрақты салмаққа дейін, соңғы екі өлшемдердің арасындағы айырмашылық 0,0001 г. аспайтындай етіп ұстайды. Бюкстердің бірінші өлшеміне 30 минуттан кейін өлшеу жүргізіледі. Өлшер алдында шкафты сөндіреді, әрбір сүзгіні шөгіндіні жоғалтып алмау үшін абайлап, тиісті бюкске қаттап салады және орналастырады. Бұдан кейін арнаулы щипцтердің көмегімен бюкстерді қақпақпен жабады және шкафтан эксикаторға ауыстырып салады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 |


