Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Шөгінділерді құрғақ, сусымалы, сумен шайылмайтын өнім жай-күйіне дейін сорғытуға термикалық құрғату арқылы, сонымен бір мезгілде оларды сорғытумен және тұрақтандырумен қол жеткізіледі. Термикалық құрғатылған шөгінділердің ылғалдылығы 45-50%-дан аспауға тиіс.

8.5. Метантенкаларда ашытқан газдың шығуына кемінде 8–10 м3/м3, құрамында метан бар ашытылған шөгіндінің шығуына кемінде 50-60% қол жеткізген жөн. Аэробтық ашытылған шөгіндіні сүзудің шартты кедергісі 60–100·1010 см/г аспауға тиіс.

Метантенкалардағы шөгіндінің анаэробтық ашуы 2 негізгі кезеңге бөлінеді (схеманы Баркер ұсынған): ацидогенез (рН қышқыл ашуы 5-тен төмен) және метангене) рН сілті 7,6-дан төмен емес 8,5-ке дейін).

1-кезең, ацидогенез гидролизисден (ферментациядан) басталады. Гидролизис нәтижесінде жоғары молекула құрамдастары энергия көздері және жасушалық көміртек ретінде пайдалануға жарамды өнімдерге айналады. Ацидогенез өнімдері төмен молекулаға жеңіл бөлінетін органикалық молекулалардың жоғары шоғырлануы болып табылады. Ацидогендік облигаттық (қатаң) және факультативтік (ауыспалы жағдайларда тіршілік етуге қабілетті) анаэробтардың мынадай ферменттері болады: протеолитикалық пен липолитикалық, уролитикалық пен целлюлозолитикалық (қанттар) ацидогенез кезеңінің аяқталу өнімдері төменгі майлы қышқылдар.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

2-кезең, метандық ашу сілті ортасын талап етеді рН 7,6–8,5. 1-кезеңнің өнімдері көміртек диоксиді және метан түзілумен қайта өңделеді. Метаногендер өсудің шамалы жылдамдығына ие болады.

Метандық ашуды метан кезеңінің қолайсыз жағдайларына өте сезімтал қатаң аэробтар қамтамасыз етеді.

Метандық ашудың анаэробтар ингибиторлары:

- - рН - 5–6 немесе 8–8,5 –ден астам,

- - аммиак - 100 мг/ дм3 азотқа есептегенде,

- - күкірткөміртек - 250 мг/дм3 астам,

- - цианид - 5 мг/дм3,

- - формальдегид - 100 мг/дм 3астам ,

- - никель - 200 мг/дм3 астам,

- - трихлорметан — 1 мг/дм3 астам.

Қолайсыз факторлар әсер еткен жағдайда метантенканың қышқылдануы болады: қышқылдардың, спирттің, күкірткөміртектің, меркаптанның иісі шығады; метандық ашу тоқталады.

8.6. Метантенкаларды талдамалы бақылау қатты, сұйық және газдық кезеңдерде орындалады.

Нақты ылғалдылығы бойынша шөгіндіні тиеуге тәуелді болатын метантенкалардың жұмысы 1 кг-дан күлсіз заттан газдың шығуы және ашуы бойынша және 1 м3 –ге келетін күлсіз құрғақ зат бойынша бағаланады. Метантенкаларды оңтайлы тиеуді асырған кезде шөгіндінің ашу пайызы төмендейді. Метантенкалардың жұмысына сондай-ақ тиелетін шикізаттың сапасы әсер етеді: коагуляциядан және флокуляциядан және артық белсенді лайдан кейін шөгіндінің арақатынасы, олардың ылғалдылығы, күлділігі және химиялық құрамы (майлардың, белоктардың және көміртектерінің құрамы). Шөгіндінің химиялық құрамы өзгерген кезде, әсіресе майлардың құрамы төмендеген және белок құрамы ұлғайған жағдайда газдың шығуы төмендейді. Ашу процесі газдың шығуынан басқа лай сұйықтығы бойынша бақыланады және бағаланады, одан май қышқылдарының мөлшері, сілтілігі және аммоний тұздарының азоты айқындалады. Процесс бұзылған жағдайда сілті және аммоний тұздарының азоты төмендейді, ал май қышқылдарының құрамы көтеріледі.

Ең алдымен тиеудің қажетті көлемін есептеген жөн, бұл тиеудің тәуліктік шамасы.

Шаманы есептеу үшін мынадай айқындамалар мен есептер шығарылады. Шөгіндідегі (белсенді лайдағы) күлсіз құрғақ заттың мөлшерін айқындайды.

Qбез. = qо(100 – Ро) (1 – Sо)/100, мұндағы: Qбез - шөгіндідегі (белсенді лайдағы) күлсіз құрғақ зат, т; – бір айда тиелетін шөгіндінің (лайдың) мөлшері, м3; Ро – тиелетін шөгіндінің ылғалдылығы, %; – тиелетін шөгіндінің бірлік үлестеріндегі күлділігі.

Одан кейін тиелетін шөгіндінің шамасын айқындайды:

d = (qо + qи ) ×100/(mW), мұндағы: d – метантенкаларға тиелетін шөгіндінің тәуліктік шамасы, %; - бір айда тиелетін шөгіндінің мөлшері, м3; - бір айда тиелетін белсенді лайдың мөлшері, м3; m - бір айдағы күндердің саны; W - метантенканың көлемі, м3.

Түскен және ашытылған шөгінділер үшін аптасына екі рет күлділік пен ылғалдылық өлшенеді. Бастапқы шөгінділердің ылғалдылығы мен күлділігін, сондай-ақ тиелетін шөгіндінің шамасын (%) біле отырып, күлсіз зат бойынша метанкенкаларға тиеу шамасын есептейді. Бұл шама бір тәулік ішіндегі метантенканың 1 м3 –не келетін күлсіз заттың килограмымен өлшенеді. Тиелетін шөгінділердің түріне және олардың ылғалдылығы мен күлділігі бойынша сипаттамаларына қарай Dбез шамасы кең шектерде ауытқиды: ашудың мезофильді режимі үшін 1,5-тен 6-ға дейін, ал термофильді режимі үшін 2,5-тен 12 кг/(м3 тәулік.) дейін.

Күлсіз зат бойынша тиелетін шөгіндінің шамасы:

Dбез = (Qбез + Ибез) 100/(mW),

мұндағы: Dбез - күлсіз зат бойынша тиелетін шөгіндінің шамасы, кг/м3; Qбез – бір айдағы шөгіндінің күлсіз құрғақ затының мөлшері, т; Ибез - бір айдағы лайдың күлсіз құрғақ затының мөлшері, т; m - бір айдағы күндердің саны; W - метантенканың көлемі, м3.

Ашу процесінде органикалық зат 35-тен 55%-ға дейін газ бен ыдырау өнімдерін лайға шығара отырып ыдырайды. Қазіргі заманғы түсінік бойынша ашу газдары май, белок, көмірсу сияқты қосылыстарға айналады, ал шөгінділердің қалған органикалық құрауыштары ыдырау кезінде ыдырау өнімдері ерітілген фазаға (лай суына) өтеді. Ашу нәтижесінде шөгінділердің ылғалдылығы мен күлділдігі өседі. Газдар неғұрлым көп май тәріздіс заттар ыдыраған кезде, неғұрлым аз белок тәріздес заттар ыдыраған кезде түзіледі.

Шығатын газдың мөлшері былайша есептелінеді: май тәріздес заттар ашыған кезде ыдыраған заттардың 1 г-нан 1250 см3 дейін газа шығады. Газ құрамында 68% метан және 32% көмірқышқыл газ болады. Осындай құрамдағы газдың тығыздылығы 1,05 г/дм3 құрайды. Демек, 1 г май тәріздес заттар ыдыраған кезде газ шығарылады (массасы бойынша)

1,25 ´ 1,05 = 1,31 г/г.

Түзілген газ массасының бастапқы заттың массасынан артық болуы ашу реакциясына суды қатысуымен түсіндіріледі. Май тәріздес заттар химиялық жолмен 100% ашымайтыны анықталған болатын. Май тәріздестердің ашу шегі 70%. Сондықтан метантенкаларға тиелетін май тәріздестердің 1г. ыдырау кезінде газдар барынша көп түзілуі мүмкін 1,318 ´ 0,7= 0,92 г/г.

Ашу үшін шөгіндімен бірге жіберілетін көмірсу тәріздес заттар үшін 1 грамнан 790 см3 газ болуы қабылданған, ол мынадай құрамда: 50% метан, 50% көмірқышқыл газ. Бұл қоспаның тығыздылығы 1,25 г/дм3. Көмірсу тәріздес заттардың ашу шегі 62,5% құрайды. Демек, осы заттардың 1 г ыдыраған 0,62 г газ түзіледі.

Белок тәріздес заттар ашу кезінде газдардың шығуы 704 см3/г. Газдардың құрамы: 71% метан және 29% көмірқышқыл газ, газдардың тығыздылығы 1,01 г/дм3. Ашу шегі 48% құрайды. 1г белок тәріздес заттардан 0,34 г газ пайда болады.

Шөгіндінің газдар ашу кезінде ешқандай органикалық құрауыштары түзілмейтініне орай ықтимал барынша жоғары шығатын газдарды немесе ашу шегін теориялық есептеу оңай:

А = 0,92ж + 0,62у + 0,34б,

мұндағы: ж – май тәріздес қосылыстар, у – көмірсу тәріздес қосылыстар, б – белок тәріздес қосылыстар 1 г тиелетін шөгінге граммен берілген.

8.7. Шөгінділердің химиялық талдауын тоқсанына 1 рет немесе айына 1 рет зерттеу кезеңінде алынатын орташа сынамалардан жүргізіледі, ылғал анықталғаннан кейін қалған құрғатылған шөгінділер пайдаланылады (аптасына 1-2 рет):

- газ түзейтін құрауыштар;

- фосфаттар:

- СПАВ;

- жалпы азот.

Ашу газының мөлшерін есепке алу автоматты тіркеу аспаптарымен үздіксіз жүргізіледі.

Газдардың құрамын он күнде немесе айына 1 рет тексереді. Метанды, Н2, СО2, N2, О2 және басқаларын анықтайды. Егер процес тұрақты өтіп жатса, онда Н2 құрамы (ашудың 1-фазасының өнімі) 2%-дан аспауға, СО2 - 30–35%-дан аспауға, N2 - 1–2% аспауға тиіс, О2 болмауға тиіс (процесс қатаң анаэробтық), метан - 60–65%. Егер газдардың арақатынастары өзгерілсе, онда ашу режимінің бұзылғанын білдіреді.

Метантенка қышқылданған кезде (процесс ацидогенез кезеңінде тоқталады) метан мөлшерінің пайызы төмендейді, көмірқышқыл газының пайызы ұлғаяды. Тұнба суының химиялық құрамы да өзгереді. Онда көптеген мөлшерде қышқыл фазасының өнімдері төмен молекулалық май қышқылдары (ТМҚ) пайда болады және карбонат пен гидрокарбонат қосылыстарымен айқындалатын тұнба суының сілтілігі төмендейді.

Лай суын аптасына 1-3 рет бақылайды ( шөгінділердің ылғалдылығын айқындау кестесі бойынша).

Ашудың тұрақты режимі болған кезде тұнба суындағы ТМҚ құрамы 5–15 мг-экв/ дм3 деңгейінде болады, а сілті шамасы - 70–90 мг-экв/. Барлық органикалық қышқылдардың жиынтығы сірке қышқылының эквиваленті арқылы, ал сілті гидрокарбонат-ионның эквиваленті арқылы айқындалады.

Бұдан басқа тұнба суында аммоний тұздарының азотын (белок қосылыстарының ыдырау өнімі) айқындайды, аммоний тұздары азотының қалыпты жұмысы кезінде 500-ден 800 мг/ дм3дейін құрайды.

Талдау деректері бойынша есептер жасалады:

- пайызда көрсетілген тиелетін шөгіндінің шамалары және күлсіз зат бойынша шамалар;

- шөгіндінің күлсіз затының ыдырауы Рбез (ылғал мен күлсіз өзгеруі бойынша, сондай-ақ газдың шығуы бойынша Рг ескерілген);

- 1 кг тиелген құрғақ заттан және 1 кг ашыған күлсіз заттан газдың шығуы;

- будың 1 м3 шөгінге жұмсалуы.

8.8. Лай тығыздағыштардың жұмысы тығыздалған белсенді лайдың ылғалдылығы бойынша (96,5–97,5 %) бағаланады, ол лайдың сапасына және лай тығыздағышта болған уақытқа байланысты (12 сағаттан аспайтын, өйткені ұзақ болған кезде лай шіри бастайды). Лай индексі 100 мг/дм3 астам

ұлғайған жағдайда тығыздағыштардың жұмысы нашарлайды, бұл шөгіндіні өңдейтін барлық құрылыстардағы жұмыстардың бұзылуына алып келеді.

8.9. Тығыздағыштардың жұмысы тығыздалған шөгіннің ылғалдылығы және ағызылатын судағы жүзбелі заттардың құрамы бойынша бағаланады, ол тығыздағышқа жіберілетін ашыған шөгіннің мөлшері мен сапасына байланысты. Тығыздағыштардың қанағаттанарлық жұмысы кезінде ағызылатын судағы жүзбелі заттардың құрамы 1,5 г/дм3 аспауға тиіс, термофильді ашыған шөгін және лай қоспасының ылғалдылығы - 95,5%.

Тығыздағыштардың жұмысы бұзылған жағдайда ағызылатын судағы жүзбелі заттардың құрамы 3 г/ дм3 асады, бұл биологиялық тазарту құрылыстарына жүктеменің өсуіне алып келеді. Мұндай жағдайларда тығыздағышты ажырату, шөгіннен тазалау және шөгін бойынша жүктемені жобаға қарағанда 2 есе төмендетіп қайтадан пайлалануға қосу керек.

8.10. Вакуум-сүзгілердің жұмысы алынған кэк өнімділігі мен ылғалдылығы бойынша бағаланады. Вакуум-сүзгілердің өнімділігі түсетін шикізаттың сапасына байланысты: ашыған шөгіндідегі дымқыл шөгіннің және белсенді лайдың, ылғалдың және күлдің арақатынасы. Вакуум-сүзгілердің неғұрлым жоғары өнімділігі (35 кг/м2/сағ.) метантенкаларда ашыған дымқыл шөгінді беру кезінде алынуы мүмкін. Ашыған шөгіннің және лайдың қоспасында белсенді лайдың құрамы көбейген кезде өнімділік төмендейді. Тығыздалған шөгіннің ылғалдылығы ұлғаюына орай вакуум-сүзгілердің өнімділігі төмендейді. Вакуум-сүзгілердің 20–22 кг/м2/сағ. болатын орташа өнімділігі тығыздалған шөгіннің ылғалдылығы 95–95,5%, темір хлорының шамасы 4,5–6% және әк сүтінің шамасы 13–18% болған кезде алынады. Вакуум-сүзгіге жіберілетін шөгіннің ылғалдылығы 94–94,5%-ға дейін төмендеген кезде өнімділік 30–35 кг/м2/сағ. дейін көтеріледі, жіберілетін шөгіннің ылғалдылығы 96%-дан астам көтерілген кезде өнімділік 12–15 кг/м2/сағ. дейін төмендейді.

8.11. Барабанды құрғатқыштардың жұмысы құрғатылған шөгіннің өнімділігі, ылғалдылығы және мөлшері бойынша бағаланады. Өнімділік негізінде құрғатқышқа түсетін кэктің ылғалдылығына және газдың жұмсалуына байланысты. Егер газ шілтерлері құрғатқышқа жіберілетін түтін газдарының температурасын көтерілмесе, онда кэк ылғалдылығының көтерілуімен құрғатылған шөгіннің ылғалдылығы ұлғаяды.

8.12. Бақылау кезінде алынған материалдарды зертхананың және цехтардың қызметкерлері ай сайын кестеге жиынтықтайды, олардың негізінде тоқсандық, жартыжылдық, тоғыз айлық және жылдық есептер құрылады, осы есептерде талдау деректерін негізгі пайдалану көрсеткіштерімен (судың түсуімен, ауаның, электр энергиясының жұмсалуымен және т. б.) байланыстырады және жоспарлы тапсырмалармен салыстырады.

Шөгіндіні өңдеу үшін қазіргі заманғы жабдықты пайдалану кезінде өндірушінің ұсынымдары басшылыққа алынады. Шөгіндіні өңдеу құрлыстарының шартты жүктемелерін (өнімділігін) жобада, паспорттық деректерде, осы әдістеменің материалдардында көзделген мәндерден 10%-дан астам арттыру олардың технологиялық тиімділігін төмендетуге әкеледі.

Шөгінділерді кәдеге жарату термикалық құрғату және шөгінділерді жағу процестерін қатар қолданып оларды өңдеу кезінде ішінара жүзеге асырылуы мүмкін, мысалы, метантенкаларда шөгінділерді ашыту кезінде ашыған газдарды алу және олардың отын ретінде пайдалану.

Жойылатын, оның ішінде кәдеге жаратылатын және станцияларда сақталатын шөгіннің мөлшерін түзілетін шөгінге қатысты жоспарлау (жылына шөгіннің құрғақ затына пайызбен есептегенде) тазартқыш құрылыстардың шөгінділерді шығару үшін көлікпен қамтамасыз етілуі тұтынушылардың болуы және басқа да жергілікті жағдайлар ескеріле отырып жоспарланады.

9. Сарқынды сулардың және шөгінділердің сынамаларын алу

9.1. Сарқынды суларды биологиялық тазарту процесін басқару сарқынды сулар сапасын талдамалы бақылаудың дәйекті деректеріне негізделуге тиіс. Дәйекті талдамалы ақпаратпен қамтамасыз етуде сарқынды сулардың сынамаларын алу рәсімдері маңызды рөл атқарады. Сынамаларды алу кезінде жіберілетін қателер талдамалы өлшемдердің нәтижелерін елеулі бұрмалауы мүмкін, бұл тазартқыш құрылыстарды пайдалану кезінде қабылданатын шешімдердің дұрыстығына теріс әсер беруі мүмкін.

Сынамаларды алудың негізгі шарты: репрезентативтік сынамаларды алу (ағылшын тілінен representative – көрнекі, үлгілі). Зерттелініп отырған ортаның сапасы айқындалатын көрсеткіш бойынша ең жоғары дәрежеде сипатталатын, қандай да бір факторлардың әсер етуінен үлгі және бұрмаланбаған болып табылатын сынама репрезентативтік деп есептелінеді.

9.2. Сынамаларды алудың негізгі міндеттері:

- сарқынды суларды тазарту процесін жедел басқару мақсатында сарқынды сулардың сапасын бақылау;

- тазартқыш құрылыстардың немесе олардың жекелеген тізбектерінің тиімсіз жұмыс істеу себептерін анықтау;

- неғұрлым ластанған, қауіпті сарқынды сулардың көздерін сәйкестендіру;

- табиғи су айдындарына ластаушы заттарды төгудің белгіленген нормативтерінің сақталуын бағалау;

- жаңа тазартқыш құрылыстарды жобалау және қолдағы барларды реконструкциялау үшін деректер алу.

Судың сынамасы – судың әртүрлі қасиеттерін зерттеу мақсатында үздіксіз немесе кезең-кезеңмен алынатын белгілі бір су массасының үлгі бөлігі.

Алынған сынама оның ластануының талданып отырған көрсеткіштерін неғұрлым толық көрсетуге тиіс.

Сарқынды сулардан алынатын сынама кездейсоқ болуға тиіс емес. Сынама ластанудың сипаты мен көлемін дұрыс көрсетуге тиіс. Сарқынды сулардың құрамы тәуліктегі сағат, күндер, апта, жыл бойынша, ал өндіріс технологиясы ауысқан немесе онда қандай бір өзгерістер болған жағдайда – жылдар бойынша құбылмалы келеді. Сынамаларды алуды осы қызмет түріне аккредиттелген тазартқыш құрылыстардың зертханасы, мердігер, қосалқы мердігер жүзеге асыруы мүмкін.

9.3. Сынамаларды алу жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді.

Сарқынды сулардың сынамаларын жоспарлы алу және олардың құрамын бақылау тазартқыш құрылыстарды бақылау кезінде талдамалы бақылау кестесінде белгіленген кезеңдікпен жүзеге асырылады. Талдамалы бақылау кестесін Қызмет берушінің судың сапасын бақылау зертханасы өндірістік-технологиялық қызметпен бірлесіп құрайды, Қызмет берушінің жауапты тұлғасы бекітеді, қоршаған ортаны қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы аумақтық бақылаушы ұйымдармен келісіледі (4-қосымша). Өндірістік сарқынды сулардың сынамаларын алу орнын белгілеу тәртібі, Тұтынушылардың су бұру жүйесінен сынамалар алу кезінде іс-әрекеттерді орындау елді мекендердің су бұру жүйелеріне өндірістік сарқынды суларды құю алдында олардың сынамаларын алудың әдістемелік нұсқауларында айқындалады. Су бұру қызметін Тұтынушылар үшін талдамалы бақылау кестесі Қызмет берушімен келісіледі, сонымен бір мезгілде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсетуге шарттар жасалады.

Бақылушы ұйымдармен бірлесіп жоспарлы сынамалар алу кестесі қосымша жасалады. Бірлесіп жоспарлы сынамалар алу сынамаларды қосарлас алу әдісімен жүзеге асырылады немесе Қызмет беруші орта тәуілік сынаманы алады және оны бақылаушы ұйыммен екіге бөледі (біржолғы сынамаларда талданатын көрсеткіштерді – мұнай өнімдерін, майларды, бактериялық талдауды қоспағанда). Мұндай бақылау инспекциялық тексеру жүргізу және екі зертханада жасалған өлшемдердің дұрыстығын арттыру мақсатында жүзеге асырылады, яғни өлшемдер қателіктерін анықтау есебінен анықтаулар нәтижесіндегі айырмашылықты барынша төмендету болып табылады.

Сарқынды суларды жоспардан тыс бақылау:

- алдындағы тексеру актісіндегі ескертулердің орындалуын бағалау жүргізу кезінде; ластаушы заттарды қоршаған ортаға немесе кәріз жүйесіне авариялық тастау кезінде; сынамалар алу актісінде тіркелген сынамаларды алу рәсімі бұзылған кезде;

- бақылаушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Сарқынды суларды жоспардан тыс тексеру мемлекеттік бақылау органдары бұйрықтарының негізінде жүргізіледі, онда тексерудің мақсаты, міндеттері, тексеру жүргізетін жауапты тұлға және тексеруді бастау және аяқтау күні көрсетіледі.

Сарқынды сулардың сынамаларындағы құрауыштардың құрамын бақылау үшін өлшемдер орындаудың аттестатталған, санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың аумақтық органдарымен және метрологиялық қызметпен келісілген әдістемелері пайдаланылады.

9.4. Біржолғы сынамалар судың қажетті мөлшерін бір рет алу жолымен алынады. Оларды ластаудың тұрақсыз көрсеткіштерін айқындау үшін алады, мысалы - еритін сулфидтер және сульфаттар (сынамаларды алғаннан кейін екі сағаттан артық сақтауға рұқсат берілмейді), газдар (оттек, күкіртсутек және т. б.), ерітілген металдардың, фенолдардың, қалдық хлордың және кейбір басқалардың түрлері; сақтау мен консервілеуге болмайтын сынамалардың көрсеткіштерін айқындау үшін, мысалы – рН (ИСО әдісі бойынша), бактериялогиялық көрсеткіштер, ерітілген оттек және т. б.; талдаулар үшін алынған сарқынды сулардың жалпы көлемінен (құймай және құйып алмай) сарқынды сулардың сынамалары бойынша айқындау қажет көрсеткіштер үшін, мысалы – мұнай өнімдері, майлар.

Біржолғы сынамаларды арнайы зерттеулер үшін де алады: мысалы, жаңа жабдықтың жұмысын сипаттау, кәріз жүйелеріне авариялық тастандыларды анықтау, ең жоғары жүктемелерді айқындау, өзгерістерді көзбен көріп анықтау (мысалы, сарқынды сулардың қандай да бір ластаушы заттар болғанда боялуы) және қажет болған жағдайда бұзушылықтардың себептерін айқындау және т. б. үшін алады.

9.5. Құрамдас (орташа, құрама) сынамалар тең бөліктерден құрылады, мысалы, орташа тәуліктік, олар сарқынды сулар ластануының жалпы көрінісін дәл көрсетеді. Орташа сынама уақыттың тең белгілі бір аралықтарында алынған сарқынды сулардың тең көлемдерінен құрылады. Егер сарқынды сулардың тәулік ішіндегі төгіндісі ластушы заттарды құрамы бойынша да, көлемі бойынша да елеулі ауытқыса, онда тәулік ішінде тазартуға түсетін сарқынды сулардың көлемін, алынатын көлем сарқынды сулардың көлеміне тепе-тең болатынын ескере отырып орташа тепе-тең сынамаларды алу дұрыс болады.

Тәулік ішіндегі орташа тәуліктік және орташа тепе-тең сынамалар әдетте ір сағат сайын жеке ыдыстарға алынады, олар мұздатқышта сақталады. Орташа тәуліктік сынамалар тазартқыш құрылыстарда көлемі 200–250 см3 ыдыстарға алынады, ыдыстардың ішіндегілер тәулік өткен соң көлемі 5-6литр таза бөтелкеге құйылады, мұқият араластырылады және жеке сыйымдылықтарға талдау және сақтау үшін құйылады.

Тазартқыш құрылыстарда сарқынды сулардың сынамаларын әрбір 3-4 сағат сайын алуға рұқсат беріледі, бірақ оның біркелкі болмауы бұл ретте нашар ескерілетін болады.

9.6. Сынамаларды қосарлас алу рәсіміне қатысатын әртүрлі ұйымдардың ыдысына сынамаларды кейіннен бөле отырып, бір сынама алушы құрылығымен екі бұру түткішелері бар құйғыштар арқылы жүргізілген сынамаларды алу қосарлас деп аталады (4-сурет).

Описание: Пробы-1

4-сурет Сынамаларды қосаларас алуға арналған құйғыш

Осындай құйғыш болмаған жағдайда мұнай өнімдерінің, майлардың сынамаларын қосарлас алуды реттілікпен жүзеге асырған жөн, өйткені ыдыстың жақтарында жоғары дәрежелі олардың қатпарлану мен сіңіруінен олардағы ластаушы заттардың құрамы бойынша мұндай сынамаларды тең бөліктерге бөлу мүмкін емес. Егер қосарлас алу дұрыс жүргізілсе, алу уақыты өлшемдерді жүргізгенге дейін әртүрлі болса, онда талдау нәтижелеріндегі айырмашылықтар әбден болады. Мысалы, тазартқыш құрлыстардың зертханасында сынамалар алынғаннан кейін бірден талданады, ал бақылаушы ұйымға кейбір кездерде сынамаларды тасымалдау үшін едәуір уақыт қажет және көптеген жағдайларда талдауға сынамаларды алғаннан кейін келесі тәулікте кіріседі. Мұндай жағдайда ұшпа қосылыстарының (амонды азот, мұнай өнімдерінің жеңіл фрациялары) және жеңіл қышқылданатын қосылыстарының (фенолдар, ОБТ) құрамын талдау нәтижелері әсіресе күмән тудырады. Неғұрлым ұзақ сақталған сынамалардағы бұл көрсеткіштер төмендейді, ал фосфаттар сияқты құрауыштардың құрамы көтеріледі. Қосарлас алу кезіндегі талдау нәтижелерінің айырмашылықтарын болдырмау үшін екі зертханада сарқынды сулардың талдауын бір мезгілде жүргізу уақытын алдын ала келісу қажет.

Егер әдістемеде көрсетілген айырма аспаса (екі зертхананың нәтижелері бойынша), онда нәтиже ретінде екі зертханада алынған нәтижелер арасындағы орташа мән алынады. Екі зертханада орындалған өлшемдердің нәтижелерінде сындарлы айырма асқан жағдайда, олар сынамалардың қалдықтарын алмастырып, олардың өлшемдерін жаңадан жүргізуі тиіс. Екінші рет айырмашылық болған кезде дауды шешу үшін референттік зертханаға жүгінген жөн.

9.7. Сынамаларды алу кезіндегі әдістемелік және аспаптық құрамдастардың ақаулықтары.

Орындалған өлшемдер нәтижелерінің шынайлығына ең алдымен сынамалар алу кезіндегі әдістемелік және аспаптық ақаулықтар әсер етеді. Әдістемелік – бұл: сынама үлгісі (дәлдік немесе орта тәуліктік) сынамалар алу орнын және тереңдігін таңдаудың дұрыстығы. Әдетте тазартқыш құрлыстардың зертханаларында ең үлкен кемшіліктер бір жолғы сынамаларды алу есебінен болады, сондықтан тазартуға түсетін ластаушы заттарды бағалау кезінде әрдайым орташа тәуліктік сынаманы жүргізу орынды. Сынамалар алу орнын таңдау кезінде мынадай мән-жайларды ескерген жөн:

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35