Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Сарқынды суларды нитрификациялап тазартуға барлық құрылыстар арналмаған. Лайдың шамалы мерзімі, аэрацияның қысқа кезеңі болатын жоғары жүктемедегі құрылыстар оларды жақсылап пайдаланғанда жаз уақытында шамалы нитрификациялауды қамтамасыз ете алады, бірақ бұл ерекше жағдай.
Су бұру жүйелеріндегі тазарту құрылыстарының басым көпшілігі ластаушы органикалық тектес заттарды оларды кейіннен нитрификациялап толығымен қышқылдандыру технологиясын қолдана отырып салынған. Осындай құрылыстардың тиімсіз жұмыс істеуінің негізгі себебі (оларды қанағаттанарлық пайдалану жағдайында) тазартылатын сарқынды суларда күрделі қышқылданатын ластаушы заттардың, ксенобиотиктердің және токсиканттардың болуы.
6.4. Тиімді нитрификациялау әрқашанда қолайлы процесс бола бермейді және лай үлпектерінің газ тәріздес азоттан жарылу, тұндырғыштың бетіне қалқып шығу және тазатылған сумен шығарылу себебінен екінші тұндырғыштарда денитрификациялау нәтижесінде тереңдетіп нитрификациялауды қамтамасыз ететін биологиялық тазарту құрылыстарында тазартылған сарқынды сулардың сапасын нашарлатуға алып келуі мүмкін. Жаз мерзімінде температуралық режимінің ауысуы бұл құбылысты тереңдетеді. Осы орайда оғаш жағдай туындайды, қаншалықты тазарту жоғары және нитрификациялау процестері терең болса, денитрификациялау себебінен екінші тұндырғыштардан лайды артық шығару нәтижесінде су айдындарын соншалықты ластау қауіпі пайда болады.
Лайға үлестік жүктемелердің төмендеуі (лайдың бір грамм құрғақ затына келетін БПК көрсеткішімен көрсетілетін органикалық ластаушының мөлшері) тазарту тиімділігін арттыруға, нитрификациялауды күшейтуге мүмкіндік береді және денитрификациялау өршуін ушықтандырады.
Осылайша екінші тұндырғыштарда аэрациялық жағдайлар нашарлаған кезде (ерітілген оттегінің құрамы 1 мг/дм3 кем) жақсы нитрификациялайтын белсенді лай үшін әсіресе жазғы маусымда су қабаты жақсы жылитын күндізгі уақытта денитрификациялау құбылыстары байқалуы мүмкін. Екінші тұндырғыштарда денитрификациялау процесі біздің байқауымыз бойынша бірнеше факторлармен ушығады:
- сарқынды суларда қолайлы денитрификациялау әлеуеті кемінде 3,5-тен 8,0-ге дейін (оңтайлысы 4-6) (бастапқы тұндырудан кейін сарқынды судағы жалпы азотқа ОБТ5 арақатынасы);
- аэротенктерде тиімді нитрификациялау нәтижесінде түзілетін газ тәріздес азоттың – нитриттер мен нитраттар (NO2, NO3) түзілуі үшін донорлардың және олардың жоғары құрамда болуы;
- лайдың елелулі шағы;
- екінші тұндырғыштардағы судың температурасы (оңтайлысы 10–35 °С)
- рН (оңтайлысы 10–35 °С);
- белсінді лайдың шоғырлануы.
Аэротенктерге түсетін сарқынды сулардағы денитрификациялау әлеуеті кемінде 3,5 болуға тиіс, ал оның мәні 4 және 6-дан одан жоғары болған кезде денитрификациялау процесі одан әрі тиімді өтеді. 2-ге тең болатын денитрификациялау әлеуеті денитрификациялау процесінің ойдағыдай болуы үшін қолайсыз жағдай туғызады.
Екінші тұндырғыштарда денитрификациялаудың пайда болуына тазартылған суда жазғы маусымда температура 16–25 ºС кезінде нитраттардың (NO3–N) 5–8 мг/дм3 құрамы әсер етеді.
6.5. Денитрификациялау көп сатымен жүзеге асырылады. Негізінде оны денитрификациялаушы бактериялар: Thiobacillus denitrificans, Pseudomonas fluorescens, Ps. aeruginosa, Nitrococcus қамтамасыз етеді. Нитраттарды электрон акцепторы ретінде денитрификатор - микроорганизмдер пайдаланады. Олардың қалыпты тірлігі үшін оттегі жоқ жағдайлар талап етіледі. Рұқсат етілетін температура 5-тен 50 ºС дейін, оңтайлы 10–35 ºС рН аралығы 6,0-9,0, ең жоғары мәндерге денитрификациялау тиімділігі рН 7,0-7,5 кезінде жетеді.
Поллютантардың уытты әсеріне денитрификаторлар нитрификаторларға қарағанда қатты сезімтал бола алмайды. Денитрификациялау кезінде 1мг азотқа нитраттар ыдырауы кезінде – 2,86 мг және нитриттер ыдырауы кезінде - 1,73 мг оттегі бөлінеді.
Тереңдетіп нитрификациялауды қамтамасыз ететін барлық құрылыстарда нитрификациялау-денитрификациялау процесі тұрақты түрде орын алады, өйткені биологиялывқ тазартудың әртүрлі учаскелерінде анаэробтық аймақтар әрқашанда болады. Биологиялық тазарту құрылыстарында денитрификациялау процесі оң нәтижелі болып табылады, өйткені суды қышқылданған азот түрлерінен айыруға мүмкіндік береді. Нитрификациялауды және денитрификациялауды үйлестіре отырып органикалық емес азоттың құрамын 90%-ға дейін, ал жалпы азотты 80-95%-ға төмендетуге болады. Бірақ тазартудың әдеттегі схемасында денитрификациялау негізінде екінші тұндырғыштарда болады (әсіресе жазғы маусымда жиі) және белсінді лай үлпектерінің едәуір мөлшерде шығарылуымен өтеді. Бұған екінші тұндырғыштардың түбінде лай массасында түзілетін газ тәріздес азот әсер етеді. Бұдан басқа еркін азот қауыздардың ішінде түзіледі, оларды жарады, ұсақтайды және жүзбелі заттардың шығарылуы одан сайын үдейді, өйткені жыртылған үлпектер нашар флокталады және екінші тұндырғыштарда іріленеді.
Денитрификациялау тереңдетіп нитрификациялауды қамтамасыз етуге арналмаған тазарту кешенінің екінші тұндырғыштарында байқалуы мүмкін. Мұндай кешен жазғы маусымда судың температурасы 25 ºС жоғары болған кезде лайдың шамалы мерзімі жағдайында жұмыс істейді. Осы жағдайда денитрификациялау процесін бақылау кезінде екінші тұндырғыштардағы судың температурасын өлшеп тұру қажет, өйткені күндізгі сағат 12-ден кейін оларда судың шайқалмайтын қабаты едәуір жылуы мүмкін.
6.6. Екінші тұндырғыштардағы денитрификациялауды төмендету жөніндегі іс-шаралар ретінде лай шығуын болдырмау мақсатында аэротенктерде нитрификациялауды басатын іс-шараларды ұсынуға болады, атап айтқанда:
- аэротенктерге ауаны беруді азайту;
- жүктемелерді ұлғайту (аэротенктерде белсенді лайдың жұмыстық мөлшерін төмендету немесе бірінші тұндырғыштардан дымқыл шөгіндіні анағұрлым сирек шығару);
- нитрификациялаушы бактериялар ысырабын көтеру және лай мерзімін төмендету мақсатында шығарылатын артық лайдың көлемін арттыру.
Нитрификациялауды басу үшін лайдың мерзімін 6 тәуліктен кем ұстау қажет, бірақ оның оңтайлы мәндерін тәжірибелі жолмен ғана нақтылау мүмкін болады.
Денитрификациялау есебінен азот қосылыстарының ысырабын ескеру үшін биологиялық тазартуға түсетін және тазартылған сулардағы құрамында азот бар барлық қосылыстардың мөлшерін қосып, азот балансын шығарады.
Үлгі. Мөлдірленген суларда NH4–N 25 мг/дм3 мөлшерінде болады, NH4–N - 2,2 мг/дм3, NО2–N - 0,1 мг/дм3, NО3–N - 19,5 мг/дм3, барлық жиынтықта - 21,8 мг/дм3, құрамында азот бар қосылыстардың қанағаттанарлық балансын куәландырады. Егер мөлдірленген, тазартылған сарқынды суларда амонды азоттың құрамы мынадай мөлшерде болса: NH4–N - 2,0 мг/дм3, NО2–N - 0,5 мг/дм3, NО3–N - 8,0 мг/дм3, жиынтығында 10,5 мг/дм3, онда баланстың жоқтығы және азот қосылыстарының ауқымды ысырабы туралы қорытынды жасауға болады.
Тазартуға түсетін сарқынды суларда азот қосылыстары қалыпты құрамда болған кезде екінші тұндырғышта 2–3 мг/дм3 аспайтын мөлшерде ысырапқа жол беріледі. Құрамында азот бар қосылыстардың ауқымды ысырабы екінші тұндырғыштардағы денитрификациялау туралы куәландырады, ол олардың белсенді лайдың елеулі шығарылуымен жалғасады. Егер де құрамында азот бар қосылыстардың ысырабы тазартылған су сапасының нашарлуына алып келмесе, онда денитрификациялау нәтижесінде қышқылданған азот түрлерін жою процесін оң нәтижелі ретінде қарауға болады. Тазарту құрылыстарындағы құрамында азот бар қосылыстардың балансын жалпы азотты (Кьельдаль бойынша) есепке алмастан талдауға болады, егер су бұру жүйесінде (сарқынды сулар биологиялық тазарту құрылыстарына түскенге дейін) белок қосылыстарын аммонификациялау процесі қанағаттанарлық жағдайында жүзеге асырылса. Мұндай жағдайда биологиялық тазартуға түсетін сулардағы азот аммиак және аммоний азоты түрлерінде болады. Ол болмаған жағдайда белок қосылыстарының аммонификациясы тазарту құрылыстарының анаэробтық учаскелерінде өтеді және сарқынды сулардағы құрамында азот бар зарттардың балансын жалпы азот құрамы туралы деректерді есепке алмастан есептеу мүмкін емес. Сондықтан биологиялық тазарту құрылыстарындағы құрамында азот бар заттардың айналу процестері туралы дұрыс қорытынды шығару үшін құрылыстардың барлық тізбектеріндегі Кьельдаль бойынша жалпы азоттың, амонды азоттың, нитриттер мен нитраттар азотының құрамын қамтитын деректерді талдау қажет.
6.7. Тереңдетіп нитрификациялау көптеген жағдайларда сарқынды суларды тазарту процесінде олардың рН төмендеуімен жалғасады. Органикалық ластаушы заттарды әдеттегі биохимиялық қышқылдандыру процестерінде белсенді лай организмдерінің тірлігі нәтижесінде тазартуға түсетін сарқынды сулардың рН салыстырғанда тазартылған рН біршама сілтілейді. Тазартылған суда 15,0–30,0 мг/дм3 және одан жоғары нитраттар құрамының болатын тереңдетіп нитрификациялау кезінде рН біршама төмендейді, бұл әсіресе жазғы кезеңде байқалады, нитрификациялау процесі температураның көтерілуінен қарқын алады. Тазартылған суларда рН елеулі төмендеуі (бірлікке және одан жоғары) жылдың жылы кезеңінде қазылған шұңқырлардан қосымша жүктмелер алатын құрылыстарда амонды азоттың жоғары мөлшері себебінен болады. Бұл амонды азоттың қышқылдану нәтижесінде сілтінің бұзылуына байланысты. Аммоний тұзы физиологиялық қышқылға ие. Бактериялық жасушалар аммиакты тұтынғаннан кейін ортада минералды аниондар жинақталады:

рН төмендеуі СО2 бөлінуін немесе байланысуын негіздейтін сілті ортаға тәуелді. Сілтінің төмендеуі бір аммоний ионы екі бикарбонат ионын байланыстыратын арақатынас бойынша есептеледі. Демек сілті шығыны мг қышқылданған азотқа 2 × 51/14 = 7,3 мг құрайды.
Лайдың осы қасиеттерімен оттек жағдайлары нашарлау кезінде денитрификациялауды қамтамасыз ететін нитрификациялау-денитрификациялау технологиясы ұсынылады.
6.8. Тазартылған суларда сан алуан азот түрлерінің құрамы басты негізде тазарту құрылыстарының жұмыс істеуінің технологиялық өлшемдеріне байланысты (лайға органикалық ластаушы заттар бойынша жүктеме, аэрация кезеңі, лайдың мерзімі, толық қышқылдану мен ішінара нитрификациялауды қамтамасыз ететін дәстүрлі режим кезінде (лайға органикалық ластаушы заттар бойынша бір грамм лайға тәулігіне 0,2–0,3 г ОБТ5 жүктеме кезінде (40%-дан аспайтын аммонийі тұзының төмендеуі болады және шамалы мөлшерде нитраттар (3–4 мг/дм3) түзіледі. Негізінде ұзартылған аэрация режимінде жұмыс істейтін шағын жүктелетін құрылыстарда тазартылған суда нитраттардың жоғары құрамы -15 мг/дм3 және одан астам, тиісінше аммоний тұзының төменгі шоғырлануы байқалады.
6.9. Сарқынды сулардан биогенді элементтерді тереңдетіп жоюдың неғұрлым перспективалық әдісі аэробтық және анаэробтық процестерді үйлестіре отырып, дәстүрлі биологиялық тазартуға негізделеді. Азотты тереңдетіп тазарту нитрификациялау-денитрификациялау әдісі арқылы қол жеткізіледі.
Тазарту құрылыстарын қалыпты пайдалану жағдайларында механикалық және биологиялық тазартудың әртүрлі тізбектерінде аэробтық, микроаэрофильдік, жартылай анаэробтық және шартты анаэробтық жағдайлары болады. Азот пен фосфорды биологиялық әдіспен тереңдетіп жою технологиясын пайдалану кезінде әртүрлі аймақтарды жасанды жасау болжанады, олар оттегімен қамтамасыз етілуі бойынша үш негізге бөлінеді: аэробтық, анкосидтік және анаэробтық, олардың әрқайсысы белгілі бір микробиологиялық процестерді іске асыру үшін ерекше шарттармен сипатталады.
Бастапқы аэробтық аймақ (2-сурет) органикалық ластаушы заттарды кейіннен нитрификациялап жоюға арналған аэротенктер бар барлық құрылыстарда болады. Осы аймақта тазартудан өткен сарқынды суларда ОХТ, ОБТ көрсеткіштерімен сипатталатын органикалық заттардың құрамы және амонды азоттың құрамы төмендейді, ал құрамында азот бар минералды қосылыстар –нитриттердің, нитраттардың құрамы ұлғаяды. Осы аймақтағы қышқылдандыру процестері негізінде аэробтық жағдайларда микроаэрофильдермен, ал ауаның ұсақ көпіршікті диффузорларын пайдаланған кезде және лайға органикалық ластаушы заттар бойынша жүктеме кезінде – аэрофилдармен жүзеге асырылады.

2-сурет. Аэротенктердегі аэробтықтың әртүрлі аймақтары
Аноксидтік аймақта (2-сурет, б) еркін оттек болмайды, өйткені ауа лай қоспасына берілмейді және оның араласу жылдамдығы төмен батырылатын механикалық араластырғыштармен қамтамасыз етіледі, бірақ ол ниттраттар түрінде химиялық байланысқан сипатта болады (егер нитриттердің құрамы 0,5 мг/дм3). Қолайлы жағдайларда аноксидтік аймақ – бұл белсенді денитрификациялау аймағы болып табылады.
Аноксидтік аймақтағы денитрификациялау қосымша жеңіл қышқылданатын органиканың берілуімен қарқын алады. Аноксидтік аймақта микроаэрофилдер және факультативтік анаэробтар болады.
Анаэробтық аймақта (2-сурет, в) оттек еркін түрде, химиялық байланысқан түрде де болады. Денитрификациялау процесі жалғаса береді және өз жасушаларында полифосфаттарды жинақтауға қабілетті организмдер биомассасының көбеюі орын алады, сондай-ақ олардың кейінгі екінші аэробтық аймақта фосфаттарды жұту қабілеті күшейеді, ол азот пен фосфорды тереңдетіп алу технологиясын іске асыру кезінде анаэробтық аймақтан кейін болады. Осы кезеңде фосфаттардың құрамы сарқынды суларда көтеріледі, ал нитраттар мен нитриттердің мөлшері төмендейді. Анаэробтық аймақтағы белсенді лайда факультативтік және облигаттық (қатаң) анаэробтар болады. Анаэробиоз кезеңіндегі ортада жеңіл қышқылданатын органика неғұрлым көп болса, кейінгі екінші аэробтық аймақта фосфоржинақтаушы бактериялар биомассасының өсімі соғұрлым көп болады және жасушаларда полифосфаттар көп сақталады, демек фосфаттар сарқынды сулардан белсенді лайдың биомассасына көп өтеді (2-сурет, г).
Осылайша екінші аэробтық аймақ азот пен фосфорды жою циклын аяқтайды. Лай қоспасы аэроленеді. Осы аймақта белсенді лайдың фосфаттарды «қомағайланып» жұтуы және олардың тазартылған судан қарқынды алынуы басталады. Фаультативтік анаэробтар, микроаэрофилдер болады. Сарқынды суларды дәстүрлі биологиялық тазартуда жоғарыда аталған барлық кезеңдерді реттілікпен пайдалану азот пен фосфорды тереңдетіп жоюды қамтамасыз етеді, бірақ бұл әдіс биогендік заттарды жоюдың күрделі, сондай-ақ пайдалану шығындары бойынша анағұрлым қымбат әдісі болып табылады,
6.10. Шығындарды қысқарту қажеттілігі, сондай-ақ табиғи су айдындарының гүлденуін болдырмау үшін сарқынды сулардан тым болмағанда бір биогендік элементті жою жеткілікті, су пайдаланушыларға нитрификациялау-денитрификациялау әдісін ғана неғұрлым жиі қолдануға түрткі болады, сонымен барлық азот түрлері жойылуы қамтамасыз етіледі.
Қолданыстағы тазартқыш құрылыстарда нитрификациялау-денитрификациялау әдісімен азотты тереңдетіп жою технологиясын енгізу кезінде қанағаттанарлық денитрификациялауды қамтамасыз ететін негізгі факторларға мән берген жөн. Тазартылатын сарқынды суларда жеткілікті
денитрификациялау әлеуеті болуға тиіс. Сарқынды сулардың нитрификациялау және денитрификациялау әлеуетін әртүрлі құрамдағы сарқынды сулардың нақты үлгісінде қараймыз. Сол бір сарқынды сулар нитрификациялау да, денитрификациялау да әлеуетіне бір мезгілде ие бола алады және нитрификациялауға жақсы қабілеті жағдайында денитрификациялау қабілеті болмауы мүмкін және керісінше. Бұл нитрификациялаудың және денитрификациялаудың қарама-қайшы қышқылдану мен қалпына келу жағдайларын талап етуіне байланысты. Тазартқыш құрылыстардағы сарқынды сулардың әртүрлі құрамының үлгісі нитрификациялау және денитрификациялау мәндері бойынша 8-кестеде келтірілген.
Сарқынды сулардың нитрификациялау немесе денитрификациялау әлеуетін талдау тазартқыш құрылыстарды жобалау, реконструциялау кезеңінде немесе құрамында азот бар қосылыстарды жоюдың тиімді процестерін күшейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу кезінде өткізіледі. Мұндай талдау азот қосылыстарын жою процестерін жеделдету үшін нақты сарқынды сулардың сапасын және олардың нитрификациялау немесе денитрификациялау бейімділігін ескере отырып оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
8-кесте. Әртүрлі құрамдағы сарқынды сулардың нитрификациялау және денитрификациялау әлеуетінің мәндері
Бірінші тұндырғыштардан кейін сарқынды сулардағы ОБТ5 және жалпы азоттың құрамының арақатынасы, | Әлеует | |
Нитрификациялық (норма 0,5 және 6,5-тен аспайтын) | Денитрификациялық (норма кемінде 3,5 және 8,0 дейін) | |
| жақсы | қанағаттанарлық |
| Оңтайлы | Оңтайлы |
| қанағаттанарлық | жақсы |
| Оңтайлы | Оңтайлы |
| Нашар | Өте жақсы |
8-кестеде көрсетілген 5-нөмірдегі жағдай үшін сарқынды сулардың мәндерін қарайық. Биологиялық тазартуға түсетін сарқынды сулардағы ОБТ5 –тің азотқа арақатынасы 7,4 құрайды. Бұл мән нитрификациялау әлеуеті ретінде өте жоғары болып табылады, өйткені оңтайлы шама 0,5-тен 6,5-ке дейінгі аралықта тұрады. Демек осы сарқынды суларды тазарту кезінде тиімді нитрификациялауды қамтамасыз ету үшін аэрацияның көтеріңкі кезеңін, белсенді лайдың ауқымды мерзімін, бірінші тұндырғыштардың (белсенді лайға жүктемені төмендету үшін) және екінші тұндырғыштардың (аэротенктерде лайдың неғұрлым жоғары шоғырлануын ұстап тұру үшін) тиімді конструкцияларын және т. б. көздеу қажет.
7,4 мәні денитрификациялау ретінде өте жақсы болып табылады, өйткені ойдағыдай денитрификациялау үшін ОБТ5 қатысының шамасы жалпы азотқа неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жақсы болады. Осы сарқынды суларды тазарту кезінде денитрификациялауды қамтамасыз ету үшін сарқынды суларды араластырғыштармен қарапайым шайқау және денитрификаторға мөлдірленген сарқынды сулардың шамалы мөлшерін қосу талап етіледі.
8-кестенің 1-нөміріндегі жағдай үшін денитрификациялау процесін қарқынды ету бойынша іс-шаралар көздеу қажет, яғни денитрификаторға қалпына келтіргіштерді немесе дымқыл шөгіндінің ацидофикациясын қосу (2-қосымша); аэротенктерде аноксидтік және анаэробтық аймақтарды міндетті түрде оқшаулау қажет. Осы жағдай үшін нитрификациялау процесі қанағаттанарлық жағдайда өтеді және стандарттық жағдайларды елеулі жеделдетуді талап етпейді, өйткені нитрификациялау әлеуеті жақсы – 3,58. Нашар денитрификациялау әлеуеті кезінде органиканың жетіспеушілігі денитрификаторға органикалық қосылыстарды қосу арқылы өтелуі мүмкін, мысалы, химиялық заттарды, олардың арасында нитрификациялау үшін органикалық көмертектің ең жақсы көздері ретінде сірке қышқылы, этанол, метанол, қант, пиво өндірісінің қалдықтары болып табылады. Бірақ мұндай қосулар экономикалық жағынан ақтала бермейді, сондықтан көміртек көзі түрінде тазартылмаған немесе мөлдірленген сарқынды суларды пайдаланады немесе денитрификаторға дымқыл шөгіндінің ацидофикациясының өнімдері бар мөлдірленген сарқынды сулар беріледі.
Қалпына келтіргіштерді денитрификаторға қосудың қажетті мөлшері МакКарти бірлескен авторларымен алған эмпирикалық формуланы ескере отырып есептелінеді.
Денитрифкаторға қосу үшін метанолдың қажетті шоғырлануы (Kм):
Kм = 2,47 × N O3–N + 1,53 × NO2–N + 0,87 × O2,
мұндағы NO3–N, NO2–N — денитрификаторға берілетін судағы нитраттар мен нитриттер түріндегі азоттың мөлшері; O2 – денитрификатордағы ерітілген оттегінің шоғарлануы.
Денитрификаторға берілетін сарқынды сулардағы жеңіл қышқылданатын органиканың қажетті шоғарлануы Кст): Kст = 3,7 NO3–N + 2,3 NO2–N + 1,3 O2.
Үлгі. Тиімді денитрификациялауды қамтамасыз ету үшін сарқынды сулардағы жеңіл қышқылданатын органиканың жеткілікті болуын есептеу, егер мөлдірленген сарқынды суларда ОХТ 320 мг/дм3, органикалық заттардың жеңіл қышқылданатын фракциясы (сүзілген сынамадағы ОХТмг/дм3, NO3–N - 14,5 мг/дм3, NO2–N - 1,2 мг/дм3, денитрификатордағы ерітілген оттегінің құрамы - 0,8 мг/дм3 құраса.
Жоғарыда көрсетілген формулаға қолдағы бар мәндерді салап отырып, мынаны аламыз:
Kст = 3,7 NO3–N + 2,3 NO2–N + 1,3 O2 = 3,7 × 14,5 + 2,3 × 1,2 + 1,3 × 0,8 = 57,45 мг/дм3.
Сонымен денитрифакторға жеңіл қышқылданатын органикалық заттардың қажетті қосылуы 57,45 мг/дм3, немесе сарқынды сулардағы болатындардың 47,4 % (121 мг/дм3) құрайды. Демек, қанағаттанарлық денитрификациялауды қамтамасыз ету үшін бірінші тұндырғыштарда сарқынды суларды тұндыруды алып тастамастан денитрификаторға мөлдірленген сарқынды сулардың жалпы ағынының (40–50 %) жіберу қажет, өйткені мөлдірленген суларда жеңіл қышқылданатын органика жеткілікті мөлшерде болады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 |


